Қаржылық кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 18:22, реферат

Описание работы

Қаржылық кәсіпкерлік іс негізінен коммерциялық банктер мен қор биржаларында жүзеге асырылады. Осы нарық институттарына сипаттама берейік.
Коммерциялық банк – акционерлік түрдегі төлем негізінде коммерциялық ұйымдарды несиелендіретін, ақшалай салымдарды қабылдайтын (депозиттерді) және клиенттердің басқа да өтініштерін, талаптарын орындайтын қаржылай-кредиттік мекеме. Коммерциялық банктің кірісінің көзі – депозиттік пайыздық шама мен кредиттің пайыздық мөлшерінің айырмасы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық кәсіпкерлік.docx

— 105.85 Кб (Скачать)

Нарықтық және әкімшілік  реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың қажетті көлемін анықтауға  болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті  шығындары мен әкімшілік бақылауды  қолданудың шекті шығындарының теңдесу  нүктесі арқылы белгіленеді. Осы  шекараға дейін «иерархия» (фирма) пайдалы  болады, ал содан кейін — нарық  пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістің саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі, тағы басқа  әсер етеді.

Фирма теориясында  фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар болып бөлінеді. Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.

Көлденең интеграция — бір түрлі бизнеспен айналысатын  фирмалардың бірлестігі. Көлденең интеграцияның  бір түрі — диверсификация (ағылшынша діверсіфіцатіон — саналуан, көптүрлілік). Бұл , бір-бірімен технологиялық байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық концерн «Дюпон-де- Немур» химиялық тал жіп (талшық), дәрі-дәрмек, рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.

Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға  мазмұны жағынан жаңа толықтама  енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін  ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп  түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада  меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын  өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді.

Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық  кәсіпкерлер, кооперативтер, серікдестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның (адамның) компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын»  деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде — меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.

Нарықтық түсінім  жағынан «кәсіпорын» кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру — құқықтық формасы  емес, ол тек мүліктік кешен —  ғимараттардың, құрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде (мемлекеттің, муниципалдық құрылымдардың) болады, соңдықтан жұмыскерлердің арасында бөлініске түспейді.

Унитарлық кәсіпорынның бір түрі — федералдық қазыналық  кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға  болады.

Заңды тұлғаға өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.

Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі  мақсаты деп түтатын ұйымдар  жатады.

Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны  мүшелерінің арасында болуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.

Коммерциялық ұйымдардың формалары:

• шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;

• өндірістік кооперативтер;

• мемлекеттік  және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.

Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары  болады:

• толық серіктестік:

• сөнімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);

• жауапкершілігі шектелген коғам;

• қосымша жауапкершілігі бар қоғам;

• акционерлік  қоғам (ашық, жабық);

• балалық және тәуелді қоғамдар.

Кәсіпкерлік іс-әрекетпен  айналысатын және өздерінің қарамағындағы  мүліктер шамасында іс-әрекеттерінің  нөтюкесіне жауапты серіктестік  толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен  шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы  үлес салмағына пропорционалдық  түрде бөлінеді.

Егер толық серіктестіктермен  қатар осы серіктестікте бір, немесе, бірнеше мүше-салымшылар (коммандистер) болса, онда бұндай серіктестіктер сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Коммандистер шығын қауіпіне өздерінің  салымдарының мөлшерінде ғана жауапты  болады және олар осы серіктестіктің кәсілкерлік қызметіне қатынаспайды. Бұлар серіктестіктің, пайдасынан қосынды  капиталдағы өздерінің салымдарына  сәйкес бөлімін алады.

Жауапкершілігі иіектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың құны көлемінде шығындар қауіпына жауапты болады.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес , барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.

Акционерлік қоғам - жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары құнының шамасында болады.

Ашық акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады.

Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.

Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамңың жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.

Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.

Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.

Унитарлық кәсіпорын — бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.

Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық, немесе, діни мекемелер, қайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы  мүмкін.

Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемі негізінде  құрған еркін бірлестігі, тұтыну кооперативі деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызмептерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.

Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ, бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін (мысалы балауыз шам, крест, шіркеулердің тізбек бауларын жасау) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы болады. Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.

Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.

Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып бірлесуі мүмкін.[1]

Кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау  
 
Дәрістің мақсаты: Тәуекел кенеттен жағымсыз құбылыстың және оның салдары болуының жиынтық факторы ретінде анықталатындықтан, тәуекелдік ұғымен таныстыру және оның дәрежесін азайту шараларымен таныстыру. 
 
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1.  
    Кәсіпкерлік тәуекелділіктің мәні және жіктелуі
  2.  
    Тәуекелділікті сапалы және сандық талдау

 
Тақырыптың қысқаша  мазмұны 
 
 
Тәжірибеде тәуекел дегеніміз - белгілі бір құбылыстардың болуы нәтижесінде шығынға ұшырау қаупі.  
 
Тәуекел латын тілінен rescum - қауіп төну, талқандалу себебі дегенді білдіреді. Жалпы тәуекел кенеттен жағымсыз құбылыстың және оның салдары болуының жиынтық факторы ретінде анықталады, яғни ол болашақта қандай да бір құбылыстың болу мүмкіндігін білдіреді. Ол өз қолданысын барлық сфераларда ғылым мен бизнесте, банк ісі мен қаржыда табады. Тәуекелге іс жүзінде банктік операциялардың барлығы ұшырайды . 
 
Тәуекел терминінің әр түрлі анықтамалары бар. Бірақ тұтас алғанда тәуекел болуы мүмкін қауіпті сипаттайды. Яғни, осы негізде банк тәуекелі дегеніміз - банктің қандай да бір мүдделеріне төнген, болуы мүмкін (әлуетті немесе нақты) қауіп (қатер) деп айтуға болады. Қауіп дегенді әлуетті шығын көзі деп түсінуге болады. Тәуекел, өз кезегінде, шығын келтіруге әкелетін ең қауіпті оқиға мүмкіндігі дәрежесінің және сондай шығынның мүмкіндігі дәрежесінің қосындысы болып табылады. Тәуекелді қабылдау - әр істің негізі. Банктердің тәуекелдері ойлап жасалған, бақыланатын және олардың қаржылық мүмкіндіктері мен құзыреті шегінде болғанда, сәттілікке ие болады. 
 
Тәуекелдің дәрежесі артады, егер: 
 
- мәселелер аяқ астынан, күткендегіге қарама-қарсы пайда болса; 
 
- банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкеспейтін жаңа мәселелер қойылса; 
 
- басшылық қажетті және шұғыл шаралар қабылдай алмай, ол қаржылық шығынға әкелсе; 
 
- банк қызметінің қолданыстағы тәртібі немесе заң шығарушылықтың жетілмегендігі нақты жағдайларда кейбір оптималды шараларды қабылдауға кедергі келтірсе. 
 
Кәсіпкерлік тәуекелдің пайда болуының ортақ себептері бар. Сонымен қатар қазіргі кезеңде ҚР кәсіпкерлерінің тәуекелдерін талдай отырып: 
 
а) өтпелі кезеңнің экономикасының дағдарысын (яғни, өндірістің құлдырауы, көптеген кәсіпорындардың қаржылық тұрақсыздығы және шаруашылық байланыстардың доғарылуы); 
 
ә) саяси жағдайдың тұрақсыздығы; 
 
б) банк жүйесінің әлі де құрылып болмауы; 
 
в) кейбір заң актілерінің жетілмеуі және мулдем жоқ болуын, яғни құ-қықтық базаның іс жүзіндегі нақты жағдаймен сәйкес келмеуін ескеру қажет. 
 
Бақылау сұрақтары:

  1.  
    Тәуекел ұғымын қалай түсінесіз?
  2.  
    Кәсіпкерлік тәуекел дегенді ше?
  3.  
    Кәсіпкерлік тәуекелдің түрлерін атаңыз?
  4.  
    Тәуекелді азайту жолдарын атаңыз?

 
Әдебиеттер: 
 
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж. 
 
2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995. 
 
 
Дәріс №15 
 
Инвестициялық және инновациялық қызметті талдау  
 
Дәрістің мақсаты:. Инвестициялық және инновациялық қызметті талдаудың басты мақсаты және міндеттерімен танысып, негізгі түрлеріне анықтама беру.  
 
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  1.  
    Нақты және қаржылық инвестициялар
  2.  
    Инвестициялық жобаларды талдау

 
Тақырыптың қысқаша  мазмұны 
 
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. 
 
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. 
 
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. 
 
Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылык (реальный) және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді. 
 
Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) . өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады. 
 
Қаржылық инвестиция дегеніміз ~ акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады. 
 
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды қарастырайық. 
 
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі: 
 
а) қысқа мерзімдік - иелену мерзімі бір жылға дейін; 
 
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық. 
 
Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді. 
 
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысында экономикалық дағдарыстан шығуға бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін күресіп жатқан біздін еліміз үшін шетелдік инвесторлардың ролі мен маңызы өте ерекше. 
 
Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестицияларымен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске және меншік инвестицияларды уақытша ынталандырудың қажеттілгі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңнің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрмен қатысуы мен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз. 
 
Күрделі қаржы өндірісті дамытудағы инвестицияның негізі ретінде бұл жаңадан салынатын құрылысқа, кеңсйтуге, қайта құруға, техникамен қайта жабдықтау және қолданыстағы өндірісті қолдауға, сол сияқты тауар-өндірісті қосалқы қорлар жасауға, айналым қаржыларының өсуіне және материадық емес активтерге қаржы жұмсау. 
 
Инвестициялық қоржын (портфель) – бұл капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға, облигацияларға және басқа да қүнды қағаздарға жұмсалатын қаржы. 
 
Құнды қағаздарды инвестициялаудың мақсаты — процент алу, капиталды сақтау және каипталдың өсуін қамтамасыз ету. Егер де негіздісі процент алу деп есептесек, онда артықшылықты қабілетті, жаңа компаниялардың өнімділігі төмен және қауіп-катері жоғары құнды қағаздардан тұратын қоржынға беруге болады, алайда, егер, іс сәтті қалыптасса, жоғары проценттер әкелінетін болса және керісінше, егер де инвесторлар үішін ең маңыздысы капиталды сақтау және үстелуін қамтамасыз ету болса, онда белгілі компаниялардың немссе мемлекеттің азғантай тәуелдікпен және күні бұрын күтетін орташа немесе аз процентік төлемдер шығаратын, үлкен өтімділке ие болатын құнды қағаздар қоржынға қосылады.

 

 

2 тақырып Кәсіпкерлік түрлері  және ұйымдастырушылық-экономикалық  формалары  
 
Кәсіпкерлік іскерліктің негізгі классификациялық түрлері. Кәсіпкерліктің түрлері: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, ұйымдастырушылық. Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық-экономикалық түрлері: концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картель, трест, қаржы-өнеркәсіптік топтар, холдингтер. 
 
Кәсіпкерлік түрлері: корпоративті, жеке. Жеке кәсіпкерлік жетістіктері мен кемшіліктері. Шаруашылық іскерліктің формалары туралы азаматтық кодекс. Шаруашылық серіктестіктердің негізгі түрлерінің сипаттамасы: толық, серіктестік, коммандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам, тәуелді қоғам, тәуелді шаруашылық серіктестік. 
 
3 тақырып Кәсіпкерлік қызметтің рыноктық конъюктурасы 
 
Кәсіпкерлік рынок конъюктурасының талдауы. Кәсіпкерлік рынок. Кәсіпкерлік қызметте экономикалық заңдардың іс-әрекет механизмі. Кәсіпкерлік рынок конъюктурасының сипаттамасы. Кәсіпкерлік қызметтің түрі мен нысанын таңдау. Маркетингтік зерттеу. Тұтынушыға маркетингтік бағытталуы. Кәсіпкерлік мүмкіндіктері мен оның ұзақтықтарын бағалау. 
 
Кәсіпкерлік іскерліктің стратегиясының дамуының таңдауын ұйғару.  
 
 
4 тақырып Кәсіпкерлік қызметтердің экономикалық және әлеуметтік мақсаттары 
 
Кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты - пайда. Пайда түсінігі және оның құрамы. Жалпы, баланстық және таза пайда. Пайда көлеміне әсер ететін факторлар. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – кәсіпкерлік қызметтің екінші мақсаты. Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің мәні, көрсеткіштері және оны анықтаушылар. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін басқару және оның шығарылған өнімнің бәсекелестік артықшылықтарын бағалау. Шығарылған өнімнің бәсекелік артықшылықтарын бағалау. 
 
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі – кәсіпкерлік қызметтің үшінші мақсаты. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәні және оның өнімнің бәсекеге қабілеттілігінен айырмашылығы. Кәсіпорын бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі және оның әр деңгейдегі сипаттамалары. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері. Кәсіпорынның бәсекелік артықшылықтарын бағалау әдістемесі. 
 
Кәсіпкерлік қызметінің төртінші мақсаты-өнімді өткізу рыногын кеңейту. Кәсіпорынның өткізу мүмкіндіктері. Кәсіпорынның бәсекелік мінез-құлық стратегиясы. Халықтың өмір сүру сапасы. Өмір сүру деңгейі. Кәсіпкерлік қызметтің мақсаттарының арасындағы өзара байланыс. 
 
 
5 тақырып Кәсіпкерлік қызметтің ресурстық қамтамасыз етілуі  
 
Кәсіпкерлік ресурстардың түрлері. Кәсіпорын меншігінің құрамы. Жұмыс күші, оның ресурс ретіндегі спецификасы. Кәсіпорын персоналын әлеуметтік-экономикалық талдау: мәні, мақсаттары, объектілері, маңызды сұрақтары, әдістер мен әдістеме. 
 
Кәсіпорын персоналының күйін талдау. Персоналдың сандық және сапалық сипаттамаларын талдау: жұмысшылар санының абсолютті және салыстырмалы қатынасы.  
 
Кәсіпорын персоналының қамтамасыз етілуін талдау: функционалдық сипаты бойынша жұмысшылар категорияларының сәйкес келу тиімділігі, жұмысшылар мен жұмыс орындарын аттестациялау, кадрлардың жылжуы, технико-экономикалық деңгейін бағалау. Еңбек потенциалын пайдалануды талдау: ағымдылығы, еңбекті ұйымдастыру деңгейі, өндірістік аурулар мен травмотизм. 
 
Негізгі табыстар: түсінігі, құрамы, құндық бағалаудың түрлері. Амортизация Физикалық және моральді тозу. Негізгі қорлардың күйін сипаттайтын көрсеткіштер. Құрал-жабдық күйін бағалау. Негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуін сипаттайтын көрсеткіштер. Негізгі өндірістік қорларын пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер.  
 
 
II бөлім КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  
 
АСПЕКТІЛЕРІ  
 
 
6 тақырып Шығындар кәсіпкерлікте экономикалық басқару объектілері ретінде 
 
Кәсіпкерлік қызметтегі шығындар түсінігі, түрі мен құрамы. «Шығындар», «шығыстар», «өзіндік құн» ұғымдарын түсіндірудегі ерекшеліктер. Өзіндік құн: түсінігі, құрамы мен экономикалық басқарудағы мәні. Шығындар. Шығындар топтамасы. Шығындар сметасы. Калькуляция. Кәсіпорын персоналына кеткен шығындар. 
 
Шығындарды басқару. Шығындарды басқару әдістері. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігін арттырудың ішкі резервтері: мәні, қалыптасу көздері, топтамасы. 
 
Жұмыс күшін пайдалану мүмкіндігінен арылудан ішкі резервтерін бағалау әдістері мен әдістемесі. Негізгі қорларды пайдалануда шығындарды азайтудан ішкі резервтерді бағалау әдісі мен әдістемесі.  
 
Шығындарды басқару арқылы өнімді шығару көлемін оптимизациялау. Өндірістік рычагтың эффектісі. Кемімелі шығындар заңы. Маржиналды пайда. Критикалық көлем және тәжірибелік қолдануы. Қаржылық мықтылық заңы. 
 
 
7 тақырып Кәсіпкерлік қызметтің инвестициялық қамтамасыз етілуі 
 
Қазіргі кездегі инвестициялар капитал салымдарының негізгі көздері ретінде. «Инвестиция» түсінігінің мәні. Инвестициялық салымдар нысаны. Капитал жасайтын және портфельді инвестициялар. Инвестициялық салымдардың көздері. 
 
Кәсіпкерлік қызметке инвестициялық салымдарының негізделу әдісі. Кәсіпкерлік қызметке инвестициялық салымдарының тиімділігін бағалау. Ақшалай ағымдаоды дисконттау. Таза ағымдағы келтірілген құнның, шекті табыстылық деңгейінің, инвестициялық іс-шаралардың сатып алынудың дисконттық уақыты, өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру, көрсеткіштерді талдау мен болжаудың, келтірілген үлес шығындарының жалпы экономикалық тиімділіктің, инвестициялардың қайтарымдылығының әдістері. 
 
Шетелде кәсіпкерлік қызметке инвестициялық салымдардың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.  
 
 
8 тақырып Лизинг және факторинг 
 
Лизинг түсінігі. Лизинг түрлері. Лизингтік келісім механизмі: ағымдағы және қаржыландырылатын. Лизингтік келісімінің негізгі жағдайлары: келісім ұзақтығы, келісім бойынша төлемдер, сақтандыру, екі жақ міндеттері және т.б. Лизингтік операциялар: негізгі түрлері. Лизингтік операциялар есебі. Лизинг жетістіктері мен кемшіліктері. Қазақстанда лизингтің дамуы.  
 
Факторинг түсінігі. Факторинг түрлері. Факторингтік операциялар механизмі. Факторинг туралы келісім: келісім ұзақтылығы, келісім бойынша төлемдер, екі жақ міндеттері т.б. факторинг жетістіктері мен кемшіліктері.  
 
 
III бөлім КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІК ЖОСПАРЛАУ. БИЗНЕС-ЖОСПАР – БОЛАШАҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫН НЕГІЗІ  
 
 
9 тақырып Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау 
 
Фирма ішінде жоспарлау, олардың негізгі элементтері: болжау, міндет қою, жоспарды түзету, бюджет құрастыру, жоспарды нақтылау. 
 
Жоспарлау процессінің кезеңдері: стратегиялық мәселелердің анализі, қызмет шараларының болашақтағы болжамы және мақсаттарын анықтау, тиімді дамуды таңдау.  
 
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау. Бюджеттік жоспарлау. 
 
 
10 тақырып Бизнес-жоспар негізі  
 
Коммерциялық іскерлікті ұйымдастыруда бизнес-жоспар жасаудың қажеттілігі. Бизнес-жоспар кәсіпорын болашағының негізгі аспектілерін бейнелейтін перспективті құжат. 
 
Бизнес-жоспар шешетін міндеттер:  
 
- болашақ өткізу нарығының даму перспективасы мен сыйымдылығын зерттеу; 
 
- өнімді шығару және өткізу үшін қажетті шығындарды бағалау; 
 
- мүмкін болатын перспективасын анықтайтын көрсеткіштерді анықтау.  
 
Бизнес-жоспарды құру әдісі және тәртібі. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдері: 
 
а) Іскерлік түрі. Таңдауды негіздеу; 
 
б) өткізу нарығын бағалау; 
 
в) бәсекелестерді талдау; 
 
г) маркетинг жоспары; 
 
д) өндіріс жоспары; 
 
е) ұйымдастырушылық жоспар; 
 
ж) заңдық жоспар;  
 
з) тәуекелдер мен шығындар түрлері; 
 
и) қаржы жоспары. 
 
11 тақырып Маркетингтік зерттеудің ерекшеліктері 
 
Рынок сұранысын зерттеу мен талдау. Сауда нысандары мен әдістерін талдау. Фирманың потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу. Коммерциялық тәжірибені талдау. Фирманың бәсекеге қабілеттілік мүмкіндіктерін бағалау тауардың өмірлік циклы. Маркетингтік жоспардың негізгі элементтері: қозғалысы мәселелерін шешу. Бағаның құрылуы. Бағаны анықтау әдісін таңдау. Бәсекелес тауар бағаларын талдау. Бағаны анықтау әдісін таңдау. Бәсекелес тауар бағаларын талдау.  
 
Жарнаманы ұйымдастыру. Жарнамаға кететін шығындар. Тауар туралы ақпаратты таратудың негізгі құралдарының түрлерін таңдау. Сатылымды ынталандыру әдістері. Сатып алушыларды тарту нысандары. Өткізуді ынталандыру бағдарламасын құру. Сатылғаннан кейіңгі қызмет етуді ұйымдастыру. Сервис қызметін ұйымдастыру. Сервистік қызмет көрсетуге кететін шығындар. Фирма және тауар туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуы. Тауар және фирма туралы жақсы дәрежесін қалыптастыру әдістері. 
 
 
12 тақырып Кәсіпкерлік қызметті басқару 
 
Ұйымдастыру түсінігі және оның дамуының негізгі кезеңдері. Ұйым және басқару функциялары: басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорынды басқаратын тұлғаларды функциялары. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарында бөлімшелердің орны мен рөлі күшті ұйымды құрудың негізгі қағидалары. Өндіріс және маркетингті басқару. Жаңашылдықтарды басқару. Басқару әдістері. Еңбекті ұйымдастыру мен ынталандыру. 
 
13 тақырып Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру  
 
Кәсіпорынның қаржылық ортасы. Кәсіпкер алғашқыда кездесетін қаржылық рыноктың субъектілері: түсінігі, функциялары, тұлғалары. Тікелей қаржыландыру және делдалдық. Кәсіпкерлік келісімдерді несиелеу: несие түрлері, кәсіпкердің несиелік операцияларды, банк қызметтерін сақтандыру. Қор рыногы: акцияларды шығару және өткізу, акцияларды сату және сатып алу, дивиденттік саясат, қор рыногында акционерлік қоғамның операциялары: Кәсіпкердің қаржылық құжаттары. Қаржыларды, қаржы көрсеткіштерін талдауды, қаржыларды басқаруды жоспарлау. Экспорт пен импортты қаржыландырудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістері. 
 
Кәсіпорындар алатын несиелердің түрлері. Қаржылық жоспар – бизнес жоспардың негізгі бөлімі.  
 
Қаржылық жоспардың элементтері: 
 
- өткізу көлемдерін болжау; 
 
- ақшалай шығыстар мен түсімдердің балансы; 
 
- шығыстармен табыстар кестесі; 
 
- кәсіпорын активтері мен пассивтерінің еркін балансы; 
 
- шығынсыз жетістіктердің кестесі.  
 
Кәсіпорынның негізгі қаржылық құжаттары.  
 
Баланс түсінігі. Баланс активі. Баланс пассиві. Баланстық саясат. Табыстар мен шығындар есебі. 
 
Кәсіпорын қаржысын жоспарлау. Шығыстарды жоспарлау. Табыстарды жоспарлау. Инвестициялық жоспарлау.  
 
 
14 тақырып Кәсіпкерлік тәуекел  
 
Тәуекел нәтиже белгісіздігі ретінде. Тәуекел ете білу – қазіргі кәсіпкердің маңызды міндеті. 
 
Тәуекел түрлері: инфляциялық тәуекел (ақшаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуімен байланысты); қаржы тәуекелі (фирманың қаржылы жағдайы және тәртібіне байланысты); операциялық тәуекел (тауар тұрақсыздығымен анықталатын). Тәуекел профилактикасының ұйымдастырушылық шаралары. Тәуекелді сақтандыру. Тәуекелді басқару әдістері. Тәуекел көрсеткіштері. Тәуекелді төмендету тәсілдері. 
 
 
IV бөлім КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ 
 
15 тақырып Адами ресурстар кәсіпкерліктің өнімі ретінде 
 
«Адам ресурсы» категориясы. Адам ресурсының сапасы, олардың ұдайы өндірісі.  
 
Жұмысшылардың кәсіби бағыты: түсінігі, қызметі, мақсаты, міндеттері, формалары, мәні.  
 
Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және іріктеу. Кәсіби іріктеу және олардың формалары.  
 
Жұмысшыларды іріктеудегі және жалдаудағы іскерлік бағасы: негізгі, түрлері, өткізу тәртібі және әдістері, бағалау критерилері.  
 
Еңбекке бейімделу: негізі, құрылымы, түрлері, көрсеткіштері, этаптары, жоспарлау, нәтижелері. 
 
Жұмысшылардың кәсіби дамуы. Үздіксіз және озық білім беру концепциясы. Жұмысшыларды дамыту бағдарламасы. Оқытудың сатылары, формалары және әдістері. Тиімді оқытуды бағалау. 
 
Іскерлік мансап: негізі және түрлері. Мансаптық өсудің бағыттары. Іскерлік мансапты басқару әдістері. Іскерлік мансаптың негізі және жоспарлау міндеттері. Мансаптың өсуіне әсер ететін факторлар. 
 
 
16 тақырып Кәсіпкерлік мәдениеті  
 
Экономикалық дамудың жаңа концепциялары. Кәсіпкерлік қызметті қалыптастырудағы парасаттылық принципі. 
 
Репутациялық менеджмент. Кәсіпкерлердің қажетілігі және олардың кәсіпорын қызметіне әсері.  
 
Ұйымдастыру мәдениеті: түсінігі, мазмұны, қызметтері, құрылымы. Ұйымдастыру мәдениетінің деңгейі және оның бағасы. Басқару мәдениеті. Қызмет мәдениеті. Еңбек мәдениеті.  
 
Іскерлік қарым-қатынас этикасы. Кәсіпкерлік мәдениеті. Ұлттық кәсіпкерлік мәдениетінің деңгейі. Ұлттық кәсіпкерлік мәдениетінің деңгейін жоғарылату жолдары.  
 
 
Студенттердің өздік оқуларына арналған, ұсынылған тақырыптыр  
 
 
I бөлім КӘСІПКЕРЛІК ІСКЕРЛІК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ  
 
 
1 тақырып Кәсіпкерлік және бизнес анықтамалары 
 
Кәсіпкерлік категориясының экономикалық анықтамалары. Кәсіпкерлік мәні және шығу тарихы. Кәсіпкерлікке зерттеу көзі Ж.Б.Сея, А.Смита, Д.Рикардо, Дж.Б.Кларка, И.Шумпетера, Ф.Хайера, А.Маршалла жұмыстарында. Кәсіпкерлік субъектілері және объектілері. Қазақстанда кәсіпкерлік іскерлікті реттеуші негізгі заңдары.  
 
 
2 тақырып Кәсіпкерлік түрлері және ұйымдастырушылық-экономикалық формалары  
 
Кәсіпкерлік іскерліктің негізгі классификациялық түрлері. Шаруашылық іскерліктің формалары туралы азаматтық кодекс.  
 
 
3 тақырып Кәсіпкерлік қызметтің рыноктық конъюктурасы 
 
Маркетингтік зерттеу. Тұтынушыға маркетингтік бағытталуы. Кәсіпкерлік мүмкіндіктері мен оның ұзақтықтарын бағалау. 
 
 
4 тақырып Кәсіпкерлік қызметтердің экономикалық және әлеуметтік мақсаттары  
 
Кәсіпкерлік қызметінің төртінші мақсаты-өнімді өткізу рыногын кеңейту. Кәсіпорынның өткізу мүмкіндіктері. Кәсіпорынның бәсекелік мінез-құлық стратегиясы. Халықтың өмір сүру сапасы. Өмір сүру деңгейі. Кәсіпкерлік қызметтің мақсаттарының арасындағы өзара байланыс.  
 
 
5 тақырып Кәсіпкерлік қызметтің ресурстық қамтамасыз етілуі  
 
Негізгі табыстар: түсінігі, құрамы, құндық бағалаудың түрлері. Амортизация Физикалық және моральді тозу. Негізгі қорлардың күйін сипаттайтын көрсеткіштер. Құрал-жабдық күйін бағалау. Негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуін сипаттайтын көрсеткіштер. Негізгі өндірістік қорларын пайдалануды сипаттайтын көрсеткіштер.  
 
 
II бөлім КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  
 
АСПЕКТІЛЕРІ  
 
 
6 тақырып Шығындар кәсіпкерлікте экономикалық басқару объектілері ретінде 
 
Шығындарды басқару арқылы өнімді шығару көлемін оптимизациялау. Өндірістік рычагтың эффектісі. Кемімелі шығындар заңы. Маржиналды пайда. Критикалық көлем және тәжірибелік қолдануы. Қаржылық мықтылық заңы.  
 
 
7 тақырып Кәсіпкерлік қызметтің инвестициялық қамтамасыз етілуі 
 
Шетелде кәсіпкерлік қызметке инвестициялық салымдардың экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.  
 
 
8 тақырып Лизинг және факторинг  
 
Лизингтік операциялар: негізгі түрлері. Лизингтік операциялар есебі. Лизинг жетістіктері мен кемшіліктері. Қазақстанда лизингтің дамуы.  
 
Факторинг туралы келісім: келісім ұзақтылығы, келісім бойынша төлемдер, екі жақ міндеттері т.б. факторинг жетістіктері мен кемшіліктері.  
 
 
III бөлім КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІК ЖОСПАРЛАУ. БИЗНЕС-ЖОСПАР – БОЛАШАҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПОРЫН НЕГІЗІ 
 
 
9 тақырып Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау  
 
Жоспарлау процессінің кезеңдері: стратегиялық мәселелердің анализі, қызмет шараларының болашақтағы болжамы және мақсаттарын анықтау, тиімді дамуды таңдау. 
 
Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау. Бюджеттік жоспарлау.  
 
 
10 тақырып Бизнес-жоспар негізі  
 
Бизнес-жоспарды құру әдісі және тәртібі. Бизнес-жоспардың негізгі бөлімдері

Информация о работе Қаржылық кәсіпкерлік