Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2012 в 18:22, реферат
Қаржылық кәсіпкерлік іс негізінен коммерциялық банктер мен қор биржаларында жүзеге асырылады. Осы нарық институттарына сипаттама берейік.
Коммерциялық банк – акционерлік түрдегі төлем негізінде коммерциялық ұйымдарды несиелендіретін, ақшалай салымдарды қабылдайтын (депозиттерді) және клиенттердің басқа да өтініштерін, талаптарын орындайтын қаржылай-кредиттік мекеме. Коммерциялық банктің кірісінің көзі – депозиттік пайыздық шама мен кредиттің пайыздық мөлшерінің айырмасы болып табылады.
Қаржылық кәсіпкерлік. |
Коммерциялық банктер. Қаржылық кәсіпкерлік іс негізінен коммерциялық банктер мен қор биржаларында жүзеге асырылады. Осы нарық институттарына сипаттама берейік. Коммерциялық банк – акционерлік түрдегі төлем негізінде коммерциялық ұйымдарды несиелендіретін, ақшалай салымдарды қабылдайтын (депозиттерді) және клиенттердің басқа да өтініштерін, талаптарын орындайтын қаржылай-кредиттік мекеме. Коммерциялық банктің кірісінің көзі – депозиттік пайыздық шама мен кредиттің пайыздық мөлшерінің айырмасы болып табылады. Коммерциялық банктердің операцияларын үш негізгі топқа бөліп көрсетуге болады: пассивтік (құралдарды тарту); активтік (құралдарды салу); ақылы-делдалдық (клиенттердің тапсырысы бойынша ақы негізінде әр түрлі операцияларды орындау). Қазақстагдағы коммерциялық банктердің ерекшеліктері олар ақша құралдарын көп уақытқа тартады, ал кредит құралдарын беру уақыты салыстырмалы түрде әлдеқайда төмен. Соңғы жылдары коммерциялық банктер салымдарды қайтаруға кепілдік беру жүйесіне кірген. Еліміздегі коммерциялық банктер негізінен депозиттік салым қабылдау мен несие беруді жүзеге асырады. Қазақстандағы коммерциялық банктердің тағы бір ерекшелігі – көпшілігі көп мөлшерде ұзақ уақытты несие бере алмайды. Өйткені Қазақстанның коммерциялық банктерінің көпшілігінде ондай қаржылар жоқ. Ал дамыған елдердегі коммерциялық банктердің негізгі кірісі ұзақ уақытты несие негізінде қалыптасады. Біздің банктерде сол күнге жетеді деп ойлаймыз. Қор биржалары. Нарық институтының тағы бір түрі, қаржылық кәсіпкерлік істің бір элементі – қор биржасы болып табылады. Қор биржасы – активтердің нақты бағасын анықтайтын, капиталдық іс-қимылын тездететін, қалыпты жұмыс істейтін, ұйымдастырылып, реттелген бағалы қағаздар нарығы. Қор биржасының жұмыс істеу принципі сұраныс пен ұсынысты оперативті түрде реттеу негізінде қалыптасқан. Қор биржасында бағалы қағаздардың баға белгілеуі жүргізіледі. Ол биржа арқылы өтетін, сатылатын, сатып алынатын құнды қағаздардың арнайы мамандармен жүйелі түрде бағалануы деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде ағымдық бағамдар дәл осы уақыттағы биржада бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға болатын баға деңгейін көрсетеді. Бұл бағалар биржаның белсенділігінің индекстерін алуға негіз болады (мысалы, Доу Джонс индексі). Шетелде фирмалар мен кәсіпорындар биржаға тікелей қатыспайды. Олардың атынан банк, холдингі компания немесе биржаның делдалдық компаниясы қатысуы мүмкін. Бұндай мүшелердің саны реттеліп отырады және олар жаман атаққа ілікпеген болуы керек. Қор биржасына мүше болу үшін ақша төлеу керек. Мысалы, Нью-Йорк қор биржасындағы бір орынның бағасы 450-ден 6000 мың долларға дейін тұрады, мүшелерінің саны – 1469 дан өзгермейді. Біздің елімізде қор биржасы жеткілікті дамыған. Бағалы қағаздардың дамуы экономиканың дамуына тікелей байланысты деп ойлаймыз. |
Кәсіпкерлік қызметті талдау және тиімділігін бағалау
1. Кәсіпкерлік қызметтің
тиімділігін бағалау
2. Өндіріс шығындарын талдау – бәсекелестердің
өндіріс шығындармен салыстыру
3. Кәсіпкерлік өнім өткізу нарығындағы
өнімдерді талдау
4. Қызмет қорытындысын талдау
5. Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін
бағалау
6. нақты және жоспар көрсеткіштерін салыстыру
1. Кәсіпкерлік- осы инициативті шаруашылық
қызметінің барлық қатысушылары пайда
табу мақсатында өзіндік және басқа да
мүліктер есебінен тәуекелге баратын
іс-әрекет. Кәсіпкерлікті сипаттайтын
негізгі белгілерге мыналар жатады: өз
еркіндік, өзін өзі қаржыландыруы, инициативы,
белсенді ізденіс, серпінділік (динамика),
мобильдік(жұмылдыру)
Кәсіпкерлік – жалпыға бірдей ортақ қызмет
түрі. Кәсіпкер болып жұмыс істеу қабілеті
бар Қ.Р-ның кез келген азаматы бола алады.
Кәсіпкерлік қызметтін негізгі басқа
коммерциалық емес құрылымдардан ерекшелігі
болып табыс пен шығын арасындағы айырмашылық
ретінде пайда табу саналады. Кәсіпкерлік
қызметке әсер ететін факторларға мыналар
жатады:
1. өндіріс ресурстары
2. өндірісті қалыптастыру мен дамыту
3. кәсіпкерліктін өсімін нарыққа шығару
тиімді коммерциялық байланыстарды қалыптастыру.
4. нәтижесінде пайда табу.
Кәсіпкерлік процесс ретінде негізгі
мынадай 4 кезеңнен тұрады:
1. жаңа идеяны іздену мен бағалау – идея
құндылығының өзектілігімен протенциалды
зерттеу;
жана идея кәсіпкердін көз қарасы мен
жеке сапаларына ықпал етуі. Кәсіпкердін
жана өнімінің бәсекелестердің өнімімен
салыстырғанда басымдылығын бағалау.
2. бизнес планды құрастыру – бизнес жоспар
нарық сегментін сипаттайды: өндірістік,
қаржылық, маркетингтік және басқа да
жоспарлар жасайды.
3. қажетті рес-рды іздестіру: қаржылық,
еңбек, өндірістік және басқа ресурстар
көздерінің тиімділігін қарастыру.
4. қалыптастырылған кәсіпорынды басқару
– бұл кезенде басқару стилі құрылымды
ұйымдастыру, женіске жету факторларын
анықтау, кемшіліктерді анықтап олардың
жою жолдарын қарастыру және бақылау.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңірек
алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде
ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне
бастады.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны
жүзегс асыру және пайда алу үшін экономикалық
тәуекелге баратын меншік иесі ретінде
сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар
мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған
және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ
мүліклік жауапкершілігі негізінде жузсгс
асыратын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек
тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен,
жауапкершілік және белсенді іздеумен
байланысты шаруашылық қызметті кәсіпкерлік
қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі
кәсіпкерліктің белгілері болып табылады,
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысаныи
бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері)
жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар
(акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым,
кооперативтері және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылык
қызметтің кез келген түрлері, коммерциялық
делдаддық, сату-сатып алу, инновациялық,
кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен
операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай
түрлеріге бөлінеді:
Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар, қызметтер,
ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін
кәсіпкерлік, кәсіпкерліктің бұл түрінде
өндіріс функциясы негізгі болып табылады
Коммерідиялық кәсіпкерлік тауарлар мен
қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер
мен операциялар кұрамына енеді және өнім
өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер
пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары
бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл
операциялар заң шегінде болады. алз.шсатарлық
болып есептелмейді
Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық
кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады,
сату-сатып алудың объектісі валюта, бағалы
қағаздар болып табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара
мүдеделі жактардың басын қосатын қызметте
керінеді Бұңдай қызметті көрсеткені
үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлік — кәсіпкер сақтандырған
оқиға болған кезде ғана қайтарылатын
сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы
кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жариалардан
қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Керіп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық
түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол
үшін шектеулі ресурстарды қарастырып
пайдалануға үйрену керек.
Кәсіпкерлік түрлерін келесідей көрсетуге
болады: Өнд-к, коммерциялық, қаржылық,
делдалдық, сақтандырушылық
1. Өндірістік кәсіпкерлік – сауда ұйымдарының
сатып алушыларға, тұтынушыларға сату
үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін
факторларға қолдана отырып тауарлар
мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік
қызметі.
2. Коммерциялық – тауарларды ақшалай,
тауарлы айырбас операциялар мен байланысты
кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде
болады.
3. қаржылық — бұл кәсіпкерлік ерекше формасы.
Сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы
қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді.
4. серіктестік кәсіпкерлік – тауарлы
ақшалай операциясындағы тауарлы айырбас
процесінде кәсіпкер тек серіктес ретінде
ғана қызмет атқарады. Олар тауар тауарларды
өндірмейді және сатпайды. Негізгі мақсаты:
қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады.
5. сақтандырушылық – кәсіпкер қандай
да бір төлем ақы көлемінде сақтандырушыға
мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде
төлем ақыны ( компенсация) кепіл етеді.
(гарантирует).
Меншік қатысушылардын санына байланысты
кәсіпкерлік келесідей формаларға бөлуге
болады:
1. жеке (индивидуалды) заңды тұлға құрусыз
кәсіпорын жеке кәсіпкерлікке жатқызылады.
2. ұжымдық ( колективтік) меншік иелері
болып бір уақытта бірнеше субъектілер
табылады. Яғни әр адам өзінің үлесін қосады,
оларға: акционерлік қоғам кооперативтері.
Серіктестік – екі немесе одан жда көп
серіктестерінің құралымен құралады.
Серіктестілік басымдылығы – қосымша
капитал тарту мүмкіндігі және фирма ішінде
бір неше серіктестердің білімдері мен
ілімдеріне негізделе отырып мамандарды
жүзеге арттыр
Серіктестіктің кемшілігі. Әр бір қатысушы
тең материалды жауапкершілікті атқарады
( салымына байланысты емес). Бір серіктестің
әрекеті қалған барлығына міндетті болады.
Серіктестің келесідей топтары бар: толық
серіктестік, коммандитті серіктестік
Коммандитті серіктестік – серіктестердің
бір бөлігі шектелінбеген, ал екінші бір
бөлігі шектелінген болады. Ол ЖШС бір
түрі болып саналады.
Қоғам – келісім б-ша екі азаматтан кем
емес немесе заңды тұлғ-рң бірігу мақс-нда
жү.ас-тын шар. қызметі.
Жауапкершілігі шектеулі қоғ-ң қатысушылары
міндеті б-ша жауап бермейді, салым салған
көлеміне ғана жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар- қоғам қатысушылары
өздерінің барлық мүліктері бойынша жауапты.
Бағалы қағаздар шығару жолымен қосымша
қажетті құралдарды тартушы қоғам акционерлер
болып табылады.
Акционерлік қоғамның қатысушылары қорларында
бар акция көлемінде ғана жауапты.
Кооперативтер — пайлық салым негізінде
өндірістік немесе басқа да шаруашылық
қызметін біріге отырып құрылған топ немесе
кәсіпорын. Басты мақсаты: бір біріне өзара
көмек көрсету.
2. Ең алдымен «кәсіпкерлік» ұғымын анықтап
алайық. Ағылшын тілінен тікелей аударылғанда
«бизнес» сөзі «кәсіпкерлікті» білдіреді».
Іші пысқандықтан Том Сойердің дуалды
бояған кездегісі «жұмыс» болған. Ол ақшаға
бояй бастағанда — бұл «кәсіпкерлік»
болған. Егер осы ұғымды кең мәнінде анықтап
қарасақ, онда кәсіпкерлік — заңды және
жеке тұлғалардың (кәсіпорындар, ұйымдардың)
жүзеге асыратын қызметі, табиғи игіліктерді
алу (жер қойнауларынан өнімдерді алғашқы
өндіру), тауарларды өндіру, ие болу және
сатып алу немесе басқа тауарларға айырбастау
үшін қызмет көрсету, қызметтер немесе
мүдделес адамдардың өзара пайдасына
ақша болып шығады.
Алан Хоскинг өзінің «Кәсіпкерлік курсы»
оқулығында мұны былай түсіндіреді:«Егер
бөлек адам тауарларды өзінің қолдануы
мен тұтынуы үшін алса, өндірсе немесе
сатып алса, қызмет көрсетсе, онда ол кәсіпкер
болып табылмайды. Егер ол өзінің қолдануы
мен тұтынуынан көбірек мөлшерде алса,
өндірсе немесе сатып алса, қызмет көрсетсе,
артығын ауыстырса және сатса, онда ол
кәсіпкерлікті кәсіпкерлікті жүзеге асырады
деп айтуға болады.
Алан Хоскинг көмегімен кәсіпкерліктің
мазмұнын терең түсіну үшін: тауарлар
және қызмет көрсету, айырбас секілді
басқа негіз болатын ұғымдарға қысқаша
сипаттама берейік. Тауарлар — айырбасқа
арналған физикалық, материалдық заттар.
Қызмет көрсету сезілмейді және көрінбейді.
Қызмет көрсетуге: банк ісі, сақтандыру,
көлік, туризм жатады. Оларға сонымен қатар
қоғамдық қоректену және ойын-сауық саласы
да жатады. Оларды тауарларды сату, мысалы
жеткізу, орнату, (кір жуатын машиналар
сияқты өнеркәсіп жабдықтарға немесе
немесе электр тұрмыстық құралдарға) сатқаннан
кейінгі қызмет ету. Қызметтердің басқа
түрлері тауарларды өткеруге жағдай жасай
алады: жарнама сатып алушыға оған қажетті
ақпаратты мүмкіндік береді, несие беру
еңбегіне ақы төлеуді жеңілдетеді.
Айырбас — негізгі ұғым. Онсыз (ішкі, дүниежүзілік
және т.б.) базар жоқ. Кәсіпкерлік қызм-ң
барл. түрлері айырбасты қамтиды. Өндіруші
тауарды өндіреді де сатушыға оны сатады,
онымен белгілі бір бағамен ауысады. Өз
кезегінде, саудагер бұл тауарды сатып
алушыға қандай да бір бағамен сатады,
жұмысшы жалақыға жұмыс күшін алмастырады,
акционер капиталды дивидендтерді айырбасқа
салады, банкир пайыздарға айырбасқа ақшаны
қарызға береді.
Экономикалық қызмет – айырбастың жалпы
және кеңінен тараған түрі — тауарлар
айырбасы немесе ақша арқылы қызмет көрсету.
Тауарлар немесе қызмет көрсету басқа
тауарларға немесе қызметтерге алмастырылады,
айырбастың мұндай түрі бартер деп аталады.
Бизнестің функциялары .
Негізінде, кәсіпкерлік төмендегідей
функцияларды болжалдайды:
Қаржы мен есепке алуды жүргізу. Инвесторлар
немесе несие берушілердің қаражаты есебінен
капиталды жұмылдыру. Сатудан табыстарды
қорландыру. Капиталды кәсіпкерлік аясында,
оның сыртында қолдануды басқару.
Кадрлық. Кәсіпкерлік қажеттіліктеріне
сәйкес іріктеу және жұмысқа қабылдау,
қызметкерлерді қолдануға қатысты барлық
сұрақтарды шешу.
Материалдық — техникалық қамтамасыз
ету. Шаруашылық қызметке қажетті шикізат,
машиналарды және жабдықтарды сатып алу.
Өндірістік. Шикізат пен басқа жеткізілімдерді
кәсіпорынның клиенттеріне сатуға жарамды
өнім түріне айналдыру.
Маркетинг. Тұтынушылардың мұқтаждықтарын
анықтау және кәсіпорын және оның контрагенттері
арасындағы айырбас процесін басқару.
Кәсіпкерлікті қолдау — бастама және
басқару тәжірибесі арқылы кәсіпкерлік
ойларын тарату.
Ғылыми — зерттеу, яғни жаңа технологиялық
процестерді немесе кәсіпкерлікті жақсартуға,
жаңа өнім нарығының тиімділігін артыруға,
өткеруді кеңейтуге арналған жаңа өнімді
іске асыру жөніндегі қызмет.
Жұртшылықпен байланыс («паблик рилейшнз»)
— бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
кәсіпорын мен қоғамдық құрылымдар арасындағы
қатынастарды жүзеге асыру және басқару13.
Әлбетте, ең алдымен:«Өз ісімді жүргізуіме
қажеттінің бәріне иемін бе?» деген сауалға
жауап беру керек. Ал өз кәсіпорныңызда
бас қызметші болып табылатындығыңыздан
сіз өзіңіздің оң және теріс сапаларыңызды
объективті түрде бағалауыңыз қажет, бұл
туралы жоғарыда сөз еттік.
3. Кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің барлық
түріне дерлік тән: өндірістік, шаруашылық,
коммерциалық, саудалық сатып алу, делдалдық,
инвестициялық кеңестік, қызмет көрсету
және қаржылық.
Кәсіпорын жұмыс істейтін жұмысшылар
саны мен жарғылық қордың көлеміне байланысты
кәсіпкерлік 4 түрге бөлінеді: шағын, орта,
ірі, аса ірі кәсіпкерлік ( компаниялар)
Меншік формасына байланысты: жеке меншік,
аралас меншік
Кәсіпкерлік ұйымдық – құқықтық формасына
байланысты: серіктестік, акционерлік
қоғам, кооперативтер
Экономиканың дамуы мен өсуі тек шағын
кәсіпкерлікке негзделмейді. Бүгінгі
күнде мемлекеттік экономиканың алдында
тұрған негізгі мақсат. шағын кәсіпкерлікті
ірілендіруі, яғни мемлекеттік экономиканың
оның ішінде бизнестік өркендеуі. Ірі
кәсіпорынды шағын кәсіпкершілікпен салыстырғанда
олардың бір қатар артықшылықтары бар.
1. жаңа, қымбат бағалы жоғары өнімділікті
жабдықты пайдалануға мүмкіндігі бар;
2. ірі кәсіпорындар толық маркетингтік
зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктері бар.
3. персоналдардың біліктілік деңгейін
арттыруға
4. жабдықтың толық қуатын пайдалануға
мүмкіндігі бар.
Ірі кәсіпкерліктер тек ұлттық экономикада
ғана емес сыртқы нарықта да өндіріс және
қызмет көрсету бойынша бәсекеге түсе
алады. Ол мемлекеттік жалпы экономикалық
жағдайын және өзінің бизнесін, пайдасын
арттырады. Қ.Р – да шағын және ірі кәсіпкерлік
қызметтің реттейтін бір қатар заңдар
қабылданған, оларда негізгі мынадай сұрақтар
қарастырылған:
1. еркін шаруашылық қызмет
2. жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау
3. шаруашылық серіктестіктерді дамыту
акционерлік, өндірістік кооперативтерді,
мемлекеттік кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерліктерді,
шаруа қожалықтарын, әлеуметтік – экономикалық
заңдарды дамыту.
4. заңды тұлғалар мен азаматтардың құқықтарын
қорғау
Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орт-тан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Жергілікті (муниципалдық) ресурстар елдің қаржы ресурстарының бөлек, біршама дербес бөлігін құрайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Коммерциялық кәсіпкерлік ұйымдардың қаржы ресурстары өзін-өзі қаржыландыру негізінде түсіп, жұмсалады. Бейкоммерциялық ұйымдардың қаржы ресурстары меншікті қызметтің табысынан ғана емес, сонымен бірге жарналар, құрмалдық, қайырымдылық көмек, мемл. қолдау түрінде де құралады. [1]
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Ақша сақталатын қор
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры — бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту. Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын қалаларды дамытудың 2004 — 06 жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру бағдарламасы. Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы — кішігірім несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие жүйесінің 3-деңгейін) дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы — шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005 — 07 жылдарға арналған жеделдетілген бағдарламасына сәйкес осы үш жыл үшін қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде кішігірім несиелендіру бағдарламасын дамытуға 11 милллиард теңге, кепілдендіру бағдарламасына 15 миллиард теңге, жобалық несиелендіру бағдарламасына 4 миллиард теңге жұмсалды.[1]
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.
Қор іске асыратын бағдарламалар:
Қордың меншікті қаражаттары есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеу, соның ішінде:
Қор микрокредиттік ұйымдардың желісін құрған, микрокредиттік ұйымдарды қаржыландырады, соның ішінде қаражаттар рынокта іс-әрекет етуші микрокредиттік ұйымдардың экономикалық айқындамасын күшейтуге бағытталады, Қордың қатысуымен құрылған микрокредиттік ұйымдар қаржыландырылады.
Микрокредиттеу
секторына жекеменшік капиталды
тарту мақсатымен ШКДҚ жарғылық капиталда
ШҚДҚ-ның үлестік қатысуымен микрокредиттік
ұйымдарды құру жөніндегі механизм
әзірленді. ШКДҚ-ның үлестік қатысуымен
микрокредиттік ұйымдарды құру жөніндегі
жобалар жіберіледі. ШКДҚ шағын кәсіпкерлік
субъектілері үшін оларға екінші деңгей
банктерінде кредиттер алу
Лизинг - Қордың қаржылық қызметі бағьттарының бірі; ірі лизингтік компаниялар майда жобаларды қаржыландырмайды, мұның өзі шағын бизнестің қаржылық-қаражаттарға кіруін шектейді. Бұл жағдайда қордың артықшылығы - төмен пайыздық мөлшерлемесінде және мәміленің ең жоғары сомасына шектелімдердің жоқтығында.
Қордың өңірлік филиалдарының торабы, кәсіпкерлік практиканың республикалық оқу орталығы, оқу-әдістемелік, ақпараттық, талдамалық және кәсіпкерлікке консалтингтік қолдау көрсететін кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік орталықтары бар.[2]
Скачать (57.56 Кб)
Скачать документ Открыть документ
Кәсіпкерліктің түрлері.docx
— 60.01 Кб
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Ашық және жабық акционерлік қоғам.
Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын
– коммерциялық мекеме, меншіктік
құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның
мүліктері бөлінбейді. Унитарлық
кәсіпорын тек мемлекеттік