Қаржы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 00:02, реферат

Описание работы

Негізгі құралдар туралы түсінік және олардың жіктелуі
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» – қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Работа содержит 1 файл

НК.docx

— 60.28 Кб (Скачать)
  • Кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағысы ретінде);
  • Бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;
  • Негізгі құралдардың сақталуына жауапты адам;
  • Негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;
  • Мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шығаратын жағдайда);
  • Тағы да басқа жұмысшы-қызметкерлер болуы мүмкін.

    Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында  құрылған комиссия ұйымда мынадай жұмыс  пен міндетті атқарады:

  • Есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге болатындығы немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды;
  • Объектіні есептен шығарудың нақтылы есебін анықтайды (сапалық тозғандығы,табиғи тозғандығы, апат болғандығы байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайынан және тагы да басқа жағдайлардан);
  • Негізгі құралдар белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен (есептеп) шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды. Олардын істен шығарылуына кінәлі тұлғаны (адамдарды) заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөнінде ұсыныс жасайды;
  • Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерін, детальдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді;
  • Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының, сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тісті орындарға(қоймаларға)тапсырылуын қадағалап отырады.

    Кәсіп орындарда негізгі құралдарды есептен  шығу үшін «Негізгі құралдарын есептен  шығару актісі» немесе «Көлік құралдарын есептен шығару актісі» толтырылады.

    Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі  құралдарды сипаттайтын мұндай деректер көрсетіледі:

  • Объектінің салынып біткен (өндірістен шығарынған) уақыты (күні, айы, жылы);
  • Ұйымға келіп кеткен, кіріске алынған уақыты (күні, айы, жылы);
  • Объектінің бастапқы құны (қалпына келтіру құны) бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептелген тозу сомасы;
  • Жөндеулердің жүргізілген уақыты (күні, айы, жылы);
  • Көлік құралын есептеген шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы (км) көрсетіледі;
  • Негізгі құралдардың істен шығарылу себебі және материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
  • Аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдардға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
  • Сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.

      Комиссия  жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды есептен шығару актісін кәсіпорындардың басшысы  бекітеді. Акт екі (2) дана етіліп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі  құралдарды есептен шығару үшін ұйымның  бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі  құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғаннан алынатын іске жарайтын бөлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын және тағы да басқаларды қоймаға тапсыру үшін негіздеме  болады. Негізгі құралдарды есептен  шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі  құралдарды бұзуға, бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комиссияның бағалаған  бағасы бойынша бухгалтерлік есепке алынады.

    Кәсіпорынның  негізгі құралдарды сатқаннан немесе бұзғаннан алған материалдары мен  алынған сомаларынан негізгі  құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы ұйымның өзінде қалады.

    Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін  берілетін негізгі құралдарға  «Қабылдау-табыс ету (ақысыз)»  актісі екі дана етіліп толтырылады. Оның біреуі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің  негізінде басқа жеке немесе заңды  тұлғаларға берілген негізгі құралдардың  түгендеу (инвентарлық) карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен  бірге негізгі құралдарды алушыға  беріледі. Негізгі құралдың және оның түгендеу карточкасының басқа жеке немесе заңды тұлғаға берілуі  жайлы негізгі құралдардың жұмыс  істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміен тиісті жазылады.

    Негізгі құралдардың беруші ұйым оны тегін  алушыға берілген негізгі құралдардың  бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат (авизо) жолдауы керек. Бұл хат, яғни авизо 4 (төрт) дана етіліп толтырылады. Негізгі құралдардың алған жеке немесе заңды тұлғаның бухгалтериясы негізгі құралдарды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралдарды берушіне қайтарып береді.

    Сонымен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан «Қабылда-табыс ету» актісімен  оның ашуының дәлелдейтін хатына «авизоға» негізделіп шығарылады.

    Кәсіпорында негізгі құралдарды басқаларға тегін  беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептеп шығаруға жазылатын жазулармен бірдей жазылады.  

    Негізгі құралдар есептен шығарылғанда, кәсіпорында  келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады

     Шаруашылық операциялардың  мазмұны  Дебит Кредит
1 Негізгі құралдар тозығы жетіп есептен шығарылса 7410 2410
2 Негізгі құралдардың  пайдалану мерзімі аяқталып есептен  шығарылса 7410 2410
3 Негізгі құралдар сатып-өткізілсе, табыс мойындалса ХХ ХХ
  • ҚҚС –  сыз
1210 6210
  • ҚҚС есептелінсе
1210 3130
4 Негізгі құралдар басқа кәсіпорынға сыйға тартса 7310 2410
5 Негізгі құралдар басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына салымдар ретінде салса 7410 2410
6 Активтердің шығуынан  шеккен шығыстар қорытынды залалға  жойылса 5610 7410
7 Активтерді  сатып-өтуізу кірістері кәсіпорын  табысына (қорытынды пайдаға) жойылса 6210 5610

 

    Негізгі құралдарды жалға  беру 

      Кейбір  кәсіпорындар үшін, негізгі құралдарды сатып алғанның орнына, жалға алған  ыңғайлы болып табылады.

      Жалдау  – кәсіпорындар мен ұйымдар және тағы басқа кешендер арасында шартқа негізделген түрде өз активтерін жалдау нәтижесінде жалға алушы  мен жалға беруші арасында туындайды. Жалдаудың түрлері өте көп. Бірақ  соның арасында, негізгі құралдарды жалдау екі түрі бар. 

Негізгі құралдарды жалдау
ағымды қаржыландырылған
жалгер  арасында келісім шарт құрылып, жалгерлік  төлем мен мерізмі бекітіледі. Бұл жалдауда жалға беруші осы  негізгі құралдарға байланысты, салықты, тозуды өзі есептейді. Жалға алушы  тек негізгі с оманы төлейді. Жалға алушы  негізгі құралды жалға берушіден  ұзақ мерзімге алады, сонымен қатар, сол актвике қатысты салықты, тозуды да өз мойнына алады. Және де жалға алушы, тек жалгерлік соманы емес, оған қоса жалгерлік пайызды  да есептейді. Бірақ, жалгерлік кезең  соңында жалға алушы сол негізгі  құралды өз иелігіне сатып алса боалады.

 
 
 
 
 

      Ағымды  жалдау кезінде кәсіпорында келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады: 

Жалға беруші Жалға алушы
негізгі құралдар ағымды жалға берілсе 2420/1

(ж.н.қ)

2410 негізгі құралдар ағымды жалға алынса 001 -
жалгерлік төлемдер есептелінсе 1260 6260 жалгерлік төлемдер есептінсе 7450 3360
жалгерлік төлемдер қабылданса (келіп түссе) 1030 1260 жалгерлік төлемдер төленсе 3360 1030
жалға берілген мүлік қайтарылса 2410 2420/1

(ж.н.қ)

жалдап алынған  мүлік қайтарылса - 001

 

      Қаржыландырылған жалдау кезінде кәсіпорында келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады: 

Жалға беруші Жалға алушы
негізгі құралдар қаржыландырыған жалға  берілсе 7410 2410 негізгі құралдар қаржыландырылған жалға  алынса 2410

(ж.н.қ)

4150
жалгерліктің  негізгі сомасы есептелінсе 2160 6130 жалгерліктің  негізгі сомасы есептелінсе 2410

(ж.н.қ)

4150
жалгерлік пайыздар есептелінсе 2170 6110 жалгерлік пайыздар есептелінсе 7320 (7310) 4160
жалгерлік төлемдер (негізгі сома) келіп түссе 1030 2160 жалгерлік төлемдер (негізгі сома) төленсе 4150 1030
жалдау  бойынша негізгі сома келіп түссе 1030 2170 жалдау бойынша  пайздар төленсе  4160 1030
жалға берілген мүлікті сатып алса 7410 2410 жалдап алынған  мүлік сатып алынса 2410 2420

(ж.н.қ)


 
 

Негізгі құралдарды түгендеу

      Бухгалтерлік  есеп пен есеп беру тәртібі (ережесі) бойынша барлық кәсіпорындар есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, сондай- ақ ұйымдағы негізгі құралдардың  нақтылды бар-жоқтығын анықтап және де олардың іске жарамдылығын бақылау  мақсатында жылына  бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет.

      Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • негізгі құралдарға жауапты адам  қызметінен ауысқанда;
  • негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;
  • өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;
  • ұйым бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда және тағы да басқа жағдайларда.

      Кәсіпорындарда негізгі құралдарға түгендеу  жұмысын жүргізу үшін тағайындалған комиссия жұмыс жүргізуден бұрын мыналарды толық тексеріп алулары қажет:

  • тугендеу  (инвентарлық) карточкалардың түгендеу кітапшылардың, түгендеу тізімінің түгелдігін және олардың жағдайын немесе жоқтығын;
  • негізгі құралдардың төлқұжаттарының немесе техникалық құжаттарының түгелдігін және олардың жағдайын немесе жоқтығын;
  • жалға алынған немесе жалға берілген, уақытша пайдалануға және сақтауға берілген, сондай – ақ уақытша сақтауға алынған негізгі құралдардың тиісті құжаттарының түгелдігін  немесе жоқтығын.

      Егер  ондай тиісті құжаттар болмаған жағдайда негізгі құралдарға жауапты адамдардан ондай құжаттарды табуын талап ету  қажет. Егер бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде  немесе техникалық құжаттарда қателіктер жіберілген болса, онда ол қателіктерді анықтап, құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу керек. Бұрын есепке алынбаған  объектілер ағымдағы (түгендеу жүргізілінген  уақыттағы) баға бойынша, ал олардың  тозу құны ол негізгі құралдың сол  күнгі техниқалық жағдайына қарап  анықталып, субъектінің балансына  кіріске алынады. Бұл объектіге  қойылған нарықтық бағасы мен тозу құны тиісті түгендеу актісінде болу қажет. Егер құрылыстың, үйдің ғимараттың жарым жартылай бұзылуы немесе оларға қосымша істелген күрделі жұмыстар (жанама салынған үй, қосымша салынған қабаттар және т.б.) түгендеуге дейін  есепке алынбаған жағдайда комиссия тиісті құжаттар бойынша объектінің бастапқы құнының өсуінің немесе кемуінің нақты сомасын анықтап, оларды түгендеу тізіміне енгізуі керек. Сонымен қатар комиссия бұл қосымша  жұмсалған қаржының  немесе қосымша  шығынның есеп тіркелімдеріне жазылмай қалуына кінәлі адамдарды анықтауы керек.

Информация о работе Қаржы