Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 00:02, реферат
Негізгі құралдар туралы түсінік және олардың жіктелуі
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» – қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
НЕГІЗГІ
ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК,
ОЛАРДЫ МОЙЫНДАУ МЕН
БАҒАЛАУ
Негізгі құралдар туралы түсінік және олардың жіктелуі
Бухгалтерлік
есепте негізгі құралдар деп өндіріс
үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір
жылдан артық уақыт пайдаланатын,
өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай
отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған
жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген
амортизациялық аударым мөлшері
шегінде біртіндеп ауыстырып
отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық
активтерді айтады. «Негізгі құралдарға»
– қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері,
үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер,
машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш
және реттеуіш аспаптары мен құралдары,
есептеуіш машиналар мен
Көлеміне
немесе бағасына (арзанды-қымбаттылығына)
қарамастан пайдалану мерзімі бір
жылдан аспайтын өндіріс құралдары
негізгі құралдардың қатарына жатпайды.
Сонымен қатар негізгі
Өндіріске қатысуына қарай | |
өндірістік | өндірістік емес |
өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші — қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді. | қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларына пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады. |
Иелігіне қарай негізгі кұралдар | |
меншікті | жалға алынған |
субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. | белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар – жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші "Жалға алынған негізгі құралдар" баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады. |
Пайдалану сипатына қарай | ||
жұмыс істейтін | жұмыс істемейтін | сақтауда тұрған |
қолданыстағы жұмыс істеп тұрган негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар, яғни қолданыстағы негізгі құралдар саналады | бұл жүмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. | алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады. |
Заттық құрамына карай негізгі құралдар | |
мүліктік | мүліктік емес |
көрінісі бар, яғни санауға және елшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. | пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимаратгардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі кұралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады. |
Әр субъектіде негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынандай түрлерге (топтарға) бөлінеді: | |
Үйлер | халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық кұндылықтарды сақтауға арналған әлеуметтік-құрылыс объектілері. Әрбір тұргын үй мүліктік объект болып табылады; |
Ғимараттар | еңбек заттарын
өзгертуге қатысы жоқ белгілі
бір қызметтерді орындау |
Өткізгіш тетіктер (қондырғылар) | электр, жылу немесе механикалық-энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады; |
Машиналар мен жабдықтар | күш беретін машиналар және жабдықтар; жүмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялык жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаменті коса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан түрады; |
Күш беретін машиналар және жабдықтар | жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналарьң түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер). |
Жұмыс машиналары мен жабдықтар | еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, асппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар); |
Өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықгар | өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар); |
Есептеу техникасы | процестерді жылдамдату және автоматгандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, баскарушы және басқа есептеу машиналары); |
Басқадай машиналар мен жабдықтар | машиналар, асппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар); |
Көлік құралдары | адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын коса алғанда мүліктік объект болып табылады; |
Құрал-сайман | қол еңбегінің механикаландырылған немесе механи-каландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және тағы басқа өндеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын жэне нығыздайтын еңбек құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады; |
Өндірістік мүлік және соған жататын заттар | өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті корғауға көмектесетін жабдықтар; сұйык, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналган сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады; |
Шаруашылық мүлік | кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект-мүліктік объекті бола алады; |
Жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал | ат, егіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал-мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен кошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады; |
Көп жылдық өсімдіктер | қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, раушан плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады; |
Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) | ауыл шаруашылық максатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту); |
Басқа да негізгі құралдар | кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар. |
Негізгі
құралдарды мойындау
мен бағалау
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдыр бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндетуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны – негізгі құралдардың бастапқы құнынына жинақталған тозу сомасы алып тастағандағы құны.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны жоюдан алынған іске жарамды бөлшектердің құны (материал, теміркесек, отын, т.б.).
Негізгі құралдардың амортизацияланатын құны – негізгі құралдардың бастапқы құнынан жойылу құнын алып тастағандағы құны.
Негізгі
құралдардың келісілген
құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни
негізгі құралдарды сатушы мен алушының
арасындағы келісілген құны.
Негізгі құралдарды кіріске алу
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан, машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан, өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан, малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан, жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен, басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз (тегін) алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен, объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан (кесімді құнын толық төлегеннен кейін); жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді: «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі» негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскіден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; неігізгі құралдарды қоймадан пайдалануға бурілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлікінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және тағы басқа объектілерді есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір күнтізбелік ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін «орын ауыстыру актіні» екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады, алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт (тапсырушы және қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі – есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі.
Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
Бухгалтерияға келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады.
Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады. Құрылыс салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін «Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері» негізінде жазылады.
Негізгі
құралдардың салынып біткен аса
ірі объектілеріне ұйымдағы бас
механикалық бөлім төлқұжат толтырады.
Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру
олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың
негізгі шарттарының бірі болып
табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын
төлқұжаттарда олардың
Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс, актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу мүліктік карточка толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорынның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады
Кәсіпорынға негізгі құралдар келіп түскенде құрылатын бухгалтерлік өткізбелер
№ | Шаруашылық операциялардың мазмұны | Дт | Кт |
1 | Негізгі құралдар жабдықтаушылардан қабылданса | ХХ | ХХ |
|
2410 | 3310 | |
|
1420 | 3310 | |
2 | Негізгі құралдар есеп беруші тұлғалардан қабылданса | 2410 | 1250 |
|
2410 | 1250 | |
|
1420 | 1250 | |
3 | Негізгі құралдар жарғылық капиталға жарғылық салымдар ретінде қабылданса | 2410 | 5010, 5020, 5030 (5110 шоты арқылы) |
4 | Негізгі құралдар мемлекеттік субсидия ретінде қабылданса | 2410 | 6230 |
5 | Негізгі құралдар сыйлық ретінде түссе | 2410 | 6230 |
6 | Негізгі құралдар жалдап алынса | 2410 | 3360 |
7 | Негізгі құралдар банк несиесіне алынса | 2410 | 4010 |