Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Мая 2012 в 00:02, реферат
Негізгі құралдар туралы түсінік және олардың жіктелуі
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» – қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуінің есебі
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі-бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуы | |
табиғи | сапалық |
көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады | активтердің ғылыми-техникалық жетістіктерден артта қалуы |
Кәсіпорын активтерге, осы себептерге байланысты, тозуды есептеп отырады, бірақ айта кететін жайт, келесі аталған активтерге тозу есептелінбейді:
Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді:
Кәсіпорын активтерге амортизация (тозу) есептеу үшін қандай да бір әдісті пайдаланады:
№ | Әдістің атауы | Ең маңыздысы | Қолданылатын формула | Қысқаша мінездеме | |
1 | Бірқалыпты (тікелей) әдіс | пайдалану мерзім | осы әдіске сай, амортизация аударым әр ай сайын бірдей сомамен есептелінеді | ||
2 | Өндірістік әдіс | өндірістік күш, өндірілген өнім саны | бұл жағдайда объектінің өндірістік күші ең маңыздыс, оның пайдалну мерзімі ешқандай рөл атқармайды | ||
3 | Кумулятивтік әдіс | кумулятивтік сан |
1ж = Бастапқы құн – жойылу құн N / Кумулятивт. сан 2ж = Бастапқы құн – жойылу құн N-1 / Кумулятивт. сан 3ж = Бастапқы құн – жойылу құн N-2 / Кумулятивт. сан 4ж = Бастапқы құн – жойылу құн N-3 / Кумулятивт. сан 5ж = Бастапқы құн – жойылу құн N-4 / Кумулятивт. сан ...ж = Бастапқы құн – жойылу құн N-. / Кумулятивт. сан ...ж = Бастапқы құн – жойылу құнN-. / Кумулятивт. сан Nж = Бастапқы құн – жойылу құн N-. / Кумулятивт. сан |
әдістің маңыздысы – кумулятивтік сан. | |
4 | Қалдық құнын кеміту әдіс | амортизация мөлшерлемесі, баланстық құн | 1 ж = Бастапқы
құн (2амортизация мөлш.) = У
2 ж = (Бастапқы құн – У) (2амортизация мөлш.) = У1
3 ж = (А – У1) (2амортизация мөлш.) = У2
4 ж = (В – У2) (2амортизация мөлш.) = У3 ... ж = (С – У3) (2амортизация мөлш.) = У4 ры қарай осылай жалғасып кетеді, егер де ең соңғы жылдың алдыңғы жылында шыққан соманы, баланстық құннан алып тастаған кезде шыққан сома жойылу құнынан төмен болса, соңғы жылы былай есептелінеді: Жойылу құны – соңғы жылдың алдындағы жылдың тозу сомасын Ал, егер соңғы жылдың алдыңғы жылында шыққан сома жойылу құнынан көп болса, соңғы жылды дәл солай есептеп шығарамыз |
бұл әдістің алдыңдағы үш әдістен ерекшелігі бұл дәдіс баланстық құннан сеептелінеді, және ондағы бірқалыпты тікелей әдісте пайдаланатын амортизация мөлшерлемесі 2 еселенеді |
Мысалы:
1 әдіс (Бірқалыпты (тікелей) әдіс)
Кәсіпорын 12 400 000 теңге тұратын ғимарат сатып алды, оның жойылу құны – 100 000 теңге, пайдалану мерзімі – 75 жыл.
Есептеу:
(12 400 000 – 100 000) / 75 = 164 000 (1 жылға) / 12 (ай) = 13 667
(әр айға)
Мысалы:
2 әдіс (Өндірістік әдіс)
Кәсіпорын 400000 теңге тұратын құрал-жабдық сатып алды, жойылу құны – 12000 оның техникалық төл-құжатына сай, ол – 50000 өнім өндіре алады, пайдалану мерзімі – 5 жыл. 1 айда кәсіпорын – 500 өнім, 2 айда – 470 өнім, 3 айда – 490 өнім өндірді.
Есептеу:
1 ай = ((400 000 – 12 000) / 50 000 ) * 500 = 3 880
2 ай = ((400 000 – 12 000) / 50 000 ) * 470 = 3 647
3
ай = ((400 000 – 12 000) / 50 000 ) * 490 = 3 802
Мысалы:
3 әдіс (Өндірістік әдіс)
Кәсіпорын 750 000 теңге тұратын құрал-жабдық сатып алды, жойылу құны – 15 000, пайдалану мерзімі – 6 жыл.
Есептеу:
1+2+3+4+5+6
= 21 (кумулятивтік сан)
1 = (750 000 – 15 000) * 6 / 21 = 210 000 (әр жылға) / 12 = 17 500 (әр айға)
2 = (750 000 – 15 000) * 5 / 21 = 175 000 (әр жылға) / 12 = 14 583 (әр айға)
3 = (750 000 – 15 000) * 4 / 21 = 140 000 (әр жылға) / 12 = 11 667 (әр айға)
4 = (750 000 – 15 000) * 3 / 21 = 105 000 (әр жылға) / 12 = 8 750 (әр айға)
5 = (750 000 – 15 000) * 2 / 21 = 70 000 (әр жылға) / 12 = 5 833 (әр айға)
6 = (750 000
– 15 000) * 1 / 21 = 35 000 (әр жылға) / 12 = 2 917 (әр айға)
Мысалы:
4 әдіс (Қалдық құнын кеміту әдісі)
Кәсіпорын 820 000 теңге тұратын құрал-жабдық сатып алды, жойылу құны – 24 000, бірқалытпы әдісте пайдаланатын амортизация мөлшерлемесі – 10%, пайдалану мерзімі – 6 жыл.
Есептеу:
1+2+3+4+5+6
= 21 (кумулятивтік сан)
1 = 820 000 * 20% = 164 000
2 = 656 000 * 20% = 131 200
3 = 524 800 * 20% = 104 960
4 = 419 840 * 20% = 83 968
5 = 335 872 * 20% = 67 174
6 = 268 698
* 20% = 53 740
Ал, егер де жойылу құны 300 000 тең болса, онда ол былай есептелінеді, ең соңғы жылы
6 = 300 000
– 268 698 = 31 302
Негізгі құралдар бойынша амортизация есептелсе, кәсіпорында келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:
№ | Шаруашылық операциялардың мазмұны | Дебит | Кредит |
1 | Өндірістік негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінсе | 8110 | 2420 |
2 | Көмекші өндірістегі негізгі құралдарға амортизация есептелінсе | 8310 | 2420 |
3 | Жалпы цехтық мұқтаждығында пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінсе | 8410 | 2420 |
4 | Әкімшілік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінсе | 7210 | 2420 |
5 | Сату-өткізу процесінде пайдаланылатын негізгі құралдар бойынша амортизация есептеліесе | 7110 | 2420 |
6 | Аяқталмаған құрылыстағы негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінсе | 2930 | 2420 |
7 | Жинақталған тозу сомасы жойылғанда | 2420 | 2410 |
9 | Негізгі құралдардың баланстық құнына тозу есептелінсе | 7410 | 2420 |
Кәсіпорын, негізгі құралдар өз пайдалану мерзімдерінен ерте немесе басқа да себептерге байланысты тозып кетпес үшін, оларға уақыт аралықта жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады.
Жөндеу жұмыстары | |
жай | күрделі |
тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үрдісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады. | алдын ала жоспарланып,
сапалық және табиғи тозған негізгі
құралдардың бөлшектерін |
Кәсіпорын жөндеу жұмыстарын кімнің жүргізгеніне де байланысты ек әдіске бөлінеді.
Жөндеуді жүргізу | |
шаруашылық | мердігерлік |
ұйым өз күшімен жөндейтін | арнайы жабдықталған,
яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды
қарастыратын болса, бұл жөндеудің
мердігерлік ұйыммен |
Жөндеу
жүргізілген негізгі құралдарды
кәсіпорындағы тағайындалған
Кәсіпорындарда
негізгі құралдардың
Егер жөндеу шарушылық әдіспен жүргізілетін болса, онда кәсіпорын бухгалтериясында келесі өткізбелер құрылады:
№ | Шаруашылық операциялардың мазмұны | Дебит | Кредит |
1 | Қоймадан көмекші
өндіріске негізгі құралдарды жөндеу
үшін қосалқы бөлшектер мен |
8310 | 1350/1310 |
2 | Негізгі құралдарды жөндеімен айналысқан көмекші өндіріс жұмысшыларына жалақы есептелінсе | 8310 | 3350 |
3 | Көмекші өндіріс жұмысшылар жалақысынан әлеуметтік салық есептелінсе | 8310 | 3150 |
4 | Көмекші өндіріс жұмысшыларының жалақысынан әлеуметтік сақтандыруға алымдар есептеліесе | 8310 | 3210 |
5 | Ағымды жөндеу бойынша шығындар өнімнің өзіндік құнына жойылғанда | 8110 | 8310 |
6 | Ағымды жөндеу бойынша шығындар кәсіпорынның жалпы шығындарына жойылса | 7210 | 8310 |
Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі.
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын (резервтер) құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын (резервті) құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады.
Жөндеу жұмыстары мердегерлік әдіспен жүргізілген болса, келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:
|
|
Дебит | Кредит |
1 | Мердегерлерге жөндеу жұмыстарына сәйкес шот фактура жазылса | ХХ | ХХ |
|
7210 | 3310 | |
|
1420 | 3310 | |
2 | Мердегерлердің шоттары өтелінсе | 3310 | 1030 |
3 | Күрделі жөндеу
бойынша қорытынды залалға |
5610 | 7210 |
Негізгі құралдарды есептен шығару
Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдарды іске жарамсыздылығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс: