Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:20, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Нарықты экономика негізінде, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, елімізді дамыған елдер қатарына бір қадам болса да жақындататын маңызды құралдардың бірі – мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында құрылатын мемлекеттік холдингтер болып табылады.
Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдауда. 2002-2003 жылдары бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының құрылуы.............................5
1.2 Қор компанияларының қаржы-шаруашылық қызметі мен жобалары.......6
1.3 Холдинг құрамына кіретін топтардың қызметі..........................................10
2 ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ—АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ РОЛІ
2.1 Қордың экономиканы тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларының жүзеге асу барысы.............................................................15
2.2 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының ел экономикасын әртараптандырудың алғышарттары.....................................................................19
3 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ.........................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР.....................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлттық экономиканың басымдыққа ие болып отырған секторларына мемлекеттің стратегиялық әлеуетін шоғырландырып отырған «Самұрық» Ұлттық әл-ауқаты қоры бірталай табыстарға қол жеткізді. Өз тобындағы ұлттық компанияларға қызметтің осы заманғы жүйелерін енгізуге, олардың жұмысының экономикалық жағынан тиімді әрі бұқара үшін ашық болуына ықпал етуде.
Біріншіден, «Самұрықтың» негізгі міндеті – экономиканың мемлекеттік секторындағы кәсіпорындарды басқара отырып, олардың құнының арттырылуын қамтамасыз ету.
Екіншіден, «Самұрықтың» басшылығына оның құрамына кіретін мемкомпаниялардың қызметі айқындалатын өз дамуының біртұтас стратегиясын жедел қарқынмен әзірлеуді тапсырамын.
Үшіншіден, «Самұрық» барлық отандық инфрақұрылымдық қызметті тұтынушыларға, сыртқы нарықтарда экономиканың тиісті секторларына бәсекелестік артықшылықтар беруге тиіс міндеттер мен жобаларды орындау үшін өзінің мүмкіндіктері мен ресурстарын пайдалануға тиіс. Яғни кәсіпорындарымыз бен еліміздің жұрты, сайып келгенде, неғұрлым сапалы әрі мүмкіндігінше арзан энергетикалық, темір жол, телекоммуникациялық және тұрмыстық қызметпен қамтылуы керек
Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекеттік мүддені қамтамасыз етуді бағыт еткен холдинг құрамына бүгінде 334 компания кіріп отыр. Қорыта айтатын болсақ, холдингтің табыстары 8 есеге өсіп, 2 триллион теңгені құрады. Мұндай пайда әкелуде өзіне қарасты жеті компанияның еңбегі елеулі. Отандық ірі компаниялардың өткен жылды қалай қорытындылағаны туралы айтып өтсек. Мәселен, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өткен жылғы қорытынды кірісі 227 миллиард теңге болып, 2006 жылға қарағанда, үш пайызға артық шыққан. Ал «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының табыс көрсеткіші – 14,1 миллиард теңге болыпты. Ал «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ биылғы табысы 22 млрд теңге болады деп болжануда. «Қазақтелеком» АҚ қорытынды кірісі – 32,6 миллиард теңге, «КЕGОК» АҚ 991 миллион теңге. Жұмысын жандандырған «Эйр Астана» АҚ былтыр 5,9 миллиард теңге табыс тауыпты. Бұл қаржы өткен жылмен салғастырғанда, 45 пайызға артық. Сондай-ақ былтыр холдингтің инвестициялық стратегиясын жүзеге асыру үшін инвестициялық комитеттің күшімен «Самұрық Инвест» серіктес компаниясы құрылған. Инвестициялық комитеттің ұсынысына сай бүгінде 12 ірі инвестициялық жоба мақұлданған. Олардың қатарында құрылысы 543 млрд теңге болатын Балқаш ТЭЦ-і, жобасы 92 млрд теңге тұратын Астанада салынатын Локоматив зауыты мен 73 млрд теңге болатын Екібастұз ГРЭС-2 сияқты жобалар бар.
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры алдағы 5 жыл iшiнде 24,4 млрд. АҚШ долларына теңесетiн 40-қа жуық инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция cалуды көздеп отыр. Мұның нәтижесiнде сол жобалардың құрылысы кезiнде 45 мың адамға жұмыс берiлсе, ендi сол ауқымды жобалар жүзеге асырылған кезде тағы да 10 мың адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етiлмек. Әуелгi кезекте елiмiздiң әлеуметтiк жағдайы мен экономикалық ахуалын көтеруге арналған нақты жобаларды жүзеге асыру қажет деп табылды. Осы тұрғыда үдемелi индустриалды-инновациялық бағдарламаның аясында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 42 жоба, оның 21-i тiкелей Қордың қарамағында болса, қалған 21 жоба Қазақстан Даму банкiнiң қаржыландыруымен жүзеге асырылмақшы.
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ бизнес үшiн жаңа нарықтық салалар аша отырып, ел экономикасының негiзгi салаларын инновациялық бағытта дамытудың бастамашысына айналды.
Қорыта келе, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуында ерекше орын алады десек те артық айтпаймыз. Мұндай компания біздің мемлекетімізге ауадай қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР
1. www.google.kz
2. www.samruk.kz
3. www.minfin.kz
4. www.akorda.kz
5. www.esep.kz
6. www.nationalbank.kz
7. www.aikyn.kz
8. www. government.kz
9. www.kazakstan.kz
10. www. egemen kazakstan.kz
3
Информация о работе Қаржы нарығын тұрақтандыруда «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ұлттық әл- ауқат қорының ролі