Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:20, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Нарықты экономика негізінде, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, елімізді дамыған елдер қатарына бір қадам болса да жақындататын маңызды құралдардың бірі – мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында құрылатын мемлекеттік холдингтер болып табылады.
Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдауда. 2002-2003 жылдары бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының құрылуы.............................5
1.2 Қор компанияларының қаржы-шаруашылық қызметі мен жобалары.......6
1.3 Холдинг құрамына кіретін топтардың қызметі..........................................10
2 ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ—АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ РОЛІ
2.1 Қордың экономиканы тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларының жүзеге асу барысы.............................................................15
2.2 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының ел экономикасын әртараптандырудың алғышарттары.....................................................................19
3 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ.........................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР.....................................................................28
«Самұрық» холдингі жүзеге асырған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар:
1. Компанияның 2006 жылға арналған шоғырландырылған бюджеті түзетілді және 32 262 млрд. теңге оң нәтижемен атқарылды. Жұмыс тобы құрылды, оның отырыстарында 2006 жыл ішінде оң қаржы нәтижесіне қол жеткізуге арналған іс-шаралар жоспары қабылданды, сапалы көрсеткіштерді жақсарту, сапалы көрсеткіштерге әсер ететін «тар» орындарды технологиялық жағынан оңтайландыру жөніндегі ұсыныстар қаралды.
2. Компанияның даму индикаторларымен бірге «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ты ұзақ мерзімді, орта мерзімді және жылдық жоспарлаудың жаңа құрылымы бекітілді.
3. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2 тәуелсіз директор қатысатын жаңа құрамы бекітілді.
4. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын орган – Ішкі аудит қызметі құрылды.
5. Директорлар кеңесінің жанынан Аудит жөніндегі комитет құрылды.
6. Директорлар кеңесінің жанынан Кадр комитеті құрылды.
7. Стратегиялық маңызы бар объектілерді, бірінші кезекте магистралдық темір жол желісінің негізсіз ауыртпалықтарына жол бермеу үшін қарыз алу шегі белгіленді.
8. Қызметтерді, қосалқы бөлшектерді, материалдар мен ЖЖМ сатып алу қаралды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде негізсіз шығындарды азайту жөнінде шаралар қабылдады.
9. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы қаралды, инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезінде басымдықтар белгіленді. Магистралдық желінің техникалық жарақтандырылуы, жай-күйі және оның дамуының перспективалары жеке қаралды.
10. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ орталық аппараты қызметкерлеріне және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу туралы ереже бекітілді.
11. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өндірістік-шаруашылық қызметіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.
12. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ДЗО активтерін Қазақстанның қор нарығына орналастыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.
2 ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ—АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ РОЛІ
2.1 Қордың экономиканы тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларының жүзеге асу барысы
Экономиканы тұрақтандыруға бағытталған қаржының пайдаланылуын бақылау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Дағдарысқа қарсы бағдарламаларды жүзеге асырудың негізгі принциптерінің бірі – Ұлттық қордың қаржысының пайдаланылуын жүйелеп, қатаң есептеп отыру екені белгілі. Осы принциптерді жүзеге асыру мақсатында Қорда шартты түрде сыртқа және ішкі деп бөлінген арнаулы бақылау жүйесі әрекет етеді.
Бақылаудың сыртқы жүйесіне тоқталатын болсақ. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен қаржының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі арнаулы жұмыс тобы құрылды.
Қор мен оның компаниялары әрбір мәжіліс сайын тұрақтандыру жоспарын жүзеге асырудың барысы жөнінде ақпараттар беріп отырады. Осы топтың тапсырмасы бойынша Есеп комитетінің өкілдері қатысқан қаржыны мақсатты, заңды және тиімді пайдаланды ма деген бағытта Қорға кешенді тексеру жүргізілді.
Сонымен қатар Директорлар кеңесі жанынан Қаржы министрінің төрағалық етуімен жүйелі мониторинг пен қаржының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасайтын арнайы мониторинг, бақылау және талдау Комитеті құрылды.
Тұрақтандыру бағдарламаларына қатысатын банкілерге басқа да құқық қорғау органдарымен бірігіп Бас прокуратура тексеру жүргізді. Осы тексерулердің нәтижесінде прокуратура ұйғарым шығарды, ол қазір орындалу үстінде.
Тексерудің шығарған тұжырымы мынадай: жалпы алғанда қаржы мақсатты пайдаланылған. Алайда, банкінің жекелеген қызметкерлері тарапынан кейбір теріс пайдалану фактілері бар.
Мемлекеттік бақылаудан басқа Қордың қызметіне қоғамдық мониторинг жүргізіледі. Қордың өкілдері жүйелі түрде «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау Комитетінің мәжілістеріне қатысады.
Сондай-ақ, Қордың бастамасы бойынша іскерлік ортасы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатыстырылуымен Қоғамдық Кеңес құрылды.
«Самұрық-Қазына» Қоры ауқымды мемлекеттік қаржыға ие екенін ескере отырып, біз ақша қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды және қажетті шараларды уақытында өткізіп, активтердің сақталуын бақылайтын холдингтің ішінде нақты және бірнеше сатылы бақылаудың ішкі жүйесін құрылды.
Қор құрылымында тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын еншілес компаниялардың қызметін тексеретін аудит және бақылау департаменті жұмыс істейді.
Сонымен бірге, қаржыны пайдалануға еншілес кәсіпорындардың өзі де арнайы бақылау жасайды. Мәселен, Жылжымайтын мүлік қорында жылжымайтын нарықта түйінде мәселелерді шешу жөніндегі мониторинг бағдарламаларын жүзеге асырушы арнайы техникалық бақылау департаменті құрылып, нысандық бақылауды тікелей жүзеге асырушы арнайы супервайзер штаттық бірлігі енгізілді.
Осындай жұмыстар шағын және орта бизнесті қолдау мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында да жүргізілуде
Қолданылып отырған жүйе заң бұзушылық фактілері табылғанда немесе қаржы мақсатсыз жұмсалғанда, сондай-ақ, қызмет бабын теріс немесе артық пайдаланғанда құқық қорғау органдарын тарта отырып, қаржыны қайтару жөнінде еншілес кәсіпорындарға қажетті іс-шараларды өз бетінше өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен, Ұлттық қордың қаржыны игерудегі мониторингі мен бақылауының Ұлттық қордан ақша алынғаннан бастап, соңғы алушыға жеткенше жүйелі сипаты бар.
«Ұлттық әл-ауқат Қоры туралы» Заңға сәйкес құқық қорғау органдарымен бірлескен жүйелі жұмысымызды жалғастырып, азаматтық қоғам институттарымен бірге бөлінген қаржыға бақылау жұмыстарын жетілдіре түсуді, оны пайдаланудағы заң бұзушылықтарды анықтап, ақша қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ететін болады.
«Самұрық-Қазына» Қоры жұмысындағы ең бірінші басшылыққа алатын құжат - Қорды дамытудың 2020 жылға дейінгі Стратегиясы. Осы Стратегияға сәйкес «Самұрық-Қазына» Қорының қызметі негізгі үш бағытта: индустриалды компания, инфрақұрылымдық компания және қаржы институттары негізінде қалыптасатын мемлекеттік стратегиялық қор болып табылады.
«Самұрық-Қазына» Қоры еншілес компаниялармен бірге Елбасы мен Үкімет белгілеген стратегиялық мақсаттар мен түбегейлі міндеттерді одан әрі ойдағыдай атқара береді.
ҚТЖ Қордың Директорлар кеңесі осы жылдың 28 мамырында мақұлдаған жылына (2012-ші жылдан бастап) 150 млрд. теңгеге сатып алу көлемі 65 мың тоннадан кем емес, «KSP Steel» ЖШС-мен (Павлодар облысы) он жыл мерзім кепілдікпен келісімшартқа қол қойды.
Сонымен қатар ҚТЖ Востокмашзауытпен (Шығыс Қазақстан облысы) ірі вагон құюдың он жиынтығын сатып алуға келімге қол қойылды. Келісімшартың жалпы құны 6,5 млрд. теңгені құрап отыр.
Мемлекеттік бюджет аясында «жалғыз терезе» қағидасы бойынша дәрі сатып алуға «СК Фармация» өткізген ашық тендер 739 млрд. теңгеүнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі бюджетінен 40%-ға аз.
Сатып алудың орталықтандырылған жүйесі отандық тауар өндірушілер конурсына тікелей қатысуға ынталандырды, бұл болашақта теліміздің түрлі аймақтарында қосымша мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Біз компанияның еншілес кәсіпорындары сатып алудың ұзақ мерзімді кепілдік жүйесін бес жылдан кем емес мерзімге отандық кәсіпорындармен келісімшарт негізінде дамытуды қамтамасыз етеді деген сенімдеміз.
Қор қатысатын инвестицияық жобалар мен индустриализацияға қатысты не айтуға болады? Бүгінгі күні жүзеге асырыла бастаған дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында инвестициялық жобалардың пулі қалыптастырылуда. Бірінші жартыжылдықтың соңында Қор жүзеге асырған 1,4 млрд АҚШ доллары инвестициясы Қазақстан экономикасы жалпы көлемінің 12%-ын құрады. Қордың 26 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестициялық портфелі қалыптасты. Қор құрамына кіретін даму институттарының 212 жобасы мақұлданды, олардың ішінде қазір 160 жоба қаржыландырылу үстінде.
Тұрақтандыру бағдарламасы аясында инновациялық, индустралдық, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға Қорға 121,5 млрд. теңге бөлінді.
Сонымен бірге Қордың қарастырылуында жалпы құны 24,4 млрд. доллар болатын 30 ірі жоба жатыр. Атап айтсақ, энергетика саласынан – 8, химиядан – 7, мұнайгаз өнеркәсібінен – 4, металлургиядан – 2, фармацевтика мен туризмнен - 1-жобадан, теміржол мен телекоммуникация саласынан -3 жобадан бар.
Олардың құрылысын жүзеге асырған кезде 44,9 мың жұмыс орны ашылып, ал нысандарды пайдалануға берген кезде жұмыс орны он мыңнан асады.
Қазіргі уақытта осылардың ішінде жалпы құны 802,5 млн. доллар болатын 5 жобаны Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссия қаржыландыру үшін мақұлдады. Олар - Тараздағы ферросплав өндірісін кеңейтіп, қайта жаңарту, Ақтаудағы халықаралық сауда айлағын кеңейту, «Шымбұлақ» таушаңғысы демалыс орнын кешенді түрде кеңейту, Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ кен орнындағы ГТЭС құрылысы мен Оралдағы ГТЭС құрылысы.
Қордың бір жобасы (Локомотив құрастыру зауыты) қазіргі кезде аяқталды. Тағы бір жобаны (ЛЭП «Север-Юг») жылдың аяғына дейін аяқтау көзделуде. Үш жоба бойынша жұмыстар (Павлодардағы хлор мен каустикалық соды өндірісі, Тараздағы ферросплав өндірісін кеңейтіп, қайта жаңарту, «Шымбұлақ» таушаңғысы демалыс орнын кешенді түрде кеңейту) келесі жылдың 1 шілдесіне дейін аяқталуы керек. Осы мерзімге тағы да он үш жобаны жүзеге асыру көзделуде.
Қор үшін экономиканың басым секторларының бірі – энергетика болып табылады. Ақшабұлақ пен Орал ГТЭС құрылыстары жөніндегі жобалардың мақұлдануы өндірістік негіздердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, одан әрі дамуға жолашады. Осыларға жалғас Қазақстанның ұлттық электр желілерін жаңарту жобалары (екінші кезең) мен оңтүстік аймақтардағы электр қуатының тапшылығын азайтуға мүмкіндік туғызатын 500 кВ транзит электр қуатын тартушы «Север-Юг» құрылысының екінші желісін іске қосу қарастырылуда.
Сонымен қатар дағдарыс кезеңіндегі экономиканың серпінді дамуын әлсіретпеудің маңызды шарттарының бірі –қазіргі заманғы инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады. «Ақтау теңіз айлағын кеңейту», «Бейнеу – Бозай – Ақбұлақ газ құбыры магистралі құрылысы», «Жетіген – Қорғас темір жол құрылысы» жобалары бізге көлік тораптары мен магистральдердің өткізу мүмкіндіктерін ұлғайтып, қазақстандық өнімдердің сыртқа шығарылу жағдайларына бұрынғыдан да мол қолайлылық туғызады.
Барлық үш Мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеп, жаңарту жұмыстары ішкі нарықтағы сұраныстарды сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді қанағаттандыру мәселесін шешуге көмектеседі.
Ұлттық қордан «Самұрық-Қазына» қорына бөлінген қаржының көлемі жобаларды жүзеге асыруға талап етілетін қаржыландыру көлемінен анағұрлым аз болғандықтан, жобларады жүзге асыру үшін қажетті қаражаттарды табу мақсатында инвесторлар тарту мен сырттан қаржыландыру көздерін іздестіру, атап айтқанда, Қытайдың Эксимбанкі, экспорттық-кредиттік агенттіктермен байланыс мәселелері жан-жақты қарастырылуда.
Енді қаржы жүйесін тұрақтандыру туралы
Бірінші құрал – ол төрт жүйеқұраушы банктерді қосымша капиталдандыру. Осы іс-шарларды жүзеге асыру нәтижесінде БТӘ Банктің 75,1%, Казкоммерцбанктің 21,2%, Халық банкінің 20,9%акциялары сатып алынды. Жылдың аяғына дейін мемлекеттің Альянс банк капиталына кіру үдерісінің аяқталауы жоспарлануда. Банкі істеріне мемлекеттің етене араласуы халықтың банкі жүйесіне деген сенімдерінің артуына мүмкіндік туғызып, ел ішіндегі қарыз алушыларға кредиттер беру мәселесін жалғастыруға көмектесті.
Екінші құралы Қордың экономиканың нақты секторына кредиттер беру үшін келісілген депозиттерді орналастыруы болды. Банктердің капиталдарына тікелей кіруден басқа біз өзіміздің алдымызға нақты экономиканы кредиттеу қарқынын сақтау міндеттерін қойған болатынбыз. Халық банкіне бөлінген қаржының бүгінгі күні 269 қарызалушыға 65,8 миллиард теңгесі, ал, Казкоммерцбанкке бөлінген қаржыдан 90,4 милиард теңгенің 45 жобасы қаржыландырылды. Осының арқасында елде 43 мың жұмыс орны ашылды.
Үшінші құрал Қордың еншілес кәсіпорындарындағы уақытша қаржыдан босаған депозиттерде орналастыруға байланысты өтімділіктің қосымша көздерін Қордың беруіне бағытталған. Қазіргі кезде бұл депозиттердің көлемі бірлескен секторлардағы депозиттердің жалпы сомасының айталықтай үлесі ретінде 1 трлн. теңгені құрайды. Бұл жүйеқұраушы банктердің негізгі базасын тұрақтандыруға мүмкіндік беріп, олардың өтімділігі деңгейін көтерді.
Алынған кешенді шаралардың нәтижесінде жүйеқұраушы қаржы институттарының банкротқа ұшырауы мен қаржы және банкі жүйелерінің аласапыранынан атап өтуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар мемлекеттің араласуына байланысты банктер бірте-бірте депозиттік базасын нығайтуда, оны халықтың банкі жүйесіне деген сенімділік деңгейлерінің өскендігі байқатады.
Үкімет, құқық қорғау органдары мен жұршылық біздің бұл ұстанымызды түсінеді әрі бізге тиісті қолдау көрсетеді деп сенеміз.
Қор «Нұр Отан» партиясымен 5 ақпандағы өзара әрекет ету Меморандумы аясында тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде. Ұлттық компания өткізетін сатып алулар аясында партияның уәкілдері біздің барлық тендерлік комиссияларымызға қатысады.
Қордың топтарының қызметіне партияның қатысуын одан әрі жетілдіру мақсатында біз 22 маусым күні «Нұр Отан» партиясымен бірге бастауыш партия ұйымдары мен еншілес компаниялардың басшыларының алғашқы мәжілісін өткіздік. Холдингтің қызметкерлері қатарында 34220 партия мүшесі бар.
Қордың бастауыш партия ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру және партияның саясатын әрбір қызметкерге тұрақты жеткізу жүйесін қалыптастыру мақсатында Үйлестіру кеңесін құру жөнінде шешім қабылданды.
Информация о работе Қаржы нарығын тұрақтандыруда «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ұлттық әл- ауқат қорының ролі