Қаржы нарығын тұрақтандыруда «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ұлттық әл- ауқат қорының ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Нарықты экономика негізінде, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, елімізді дамыған елдер қатарына бір қадам болса да жақындататын маңызды құралдардың бірі – мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру мақсатында құрылатын мемлекеттік холдингтер болып табылады.
Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттер мемлекеттік холдингтер құру жолын таңдауда. 2002-2003 жылдары бірнеше мұндай құрылымдар – Малайзияда, Норвегияда, Ұлыбританияда және Қытайда пайда болды.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

1 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
1.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының құрылуы.............................5
1.2 Қор компанияларының қаржы-шаруашылық қызметі мен жобалары.......6
1.3 Холдинг құрамына кіретін топтардың қызметі..........................................10

2 ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ—АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ РОЛІ
2.1 Қордың экономиканы тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаларының жүзеге асу барысы.............................................................15
2.2 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының ел экономикасын әртараптандырудың алғышарттары.....................................................................19

3 «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫНЫҢ ҚАРЖЫ РЫНОГЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ.........................22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР.....................................................................28

Работа содержит 1 файл

Қаржы нарығын тұрақтандыруда «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ұлттық әл- ауқат қорының ролі.doc

— 207.00 Кб (Скачать)

Жобаның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

NPV – 4 925 млн. теңге

IRR – 21 %

Өзін-өзі ақтау мерзімі – 5,4 жыл

Қазіргі кезде жоба «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның қарауында жатыр.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ («ПАМЗ» АҚ) техникалық қайта жарақтандыру базасында мұнай жабдықтарының перспективалық түрлерін өндіруді әзірлеу және ұйымдастыру» жобасы

Жобаның мақсаты мұнай жабдықтарының перспективалық түрлерін өндіруге арналған кәсіпорындардың жабдықтар паркін жаңарту және жаңғырту болып табылады.

Қазіргі уақытта «ПАМЗ» АҚ озық әлемдік үлгілерге сәйкес келетін жүк көтергіштігі 125, 160, 200 тонна ұтқыр және стационарлық бұрғылау кешендерін өндіру бөлігінде жетекші шетел өндірушілері «Бентек» (Германия) және «Оралмаш Бұрғылау Жабдығымен» (Ресей) осы бағыт бойынша ынтымақтасады.

Сонымен бірге «ПАМЗ» АҚ ресей өндірушілерімен аффилиирленген МБУ компаниялары шығаратын жабдықтарды жеткізу жөніндегі тиімсіз жағдайларға байланысты ұтқыр бұрғылау кешендерін шығаруға арналған жинақтауыштарды сатып алу кезінде белгілі бір қиындықтарды бастан кешеді.

Жобаны іске асыру шығарылатын ұтқыр бұрғылау қондырғыларының номенклатурасын 60-тан 200 тоннаға дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жобаның құны 4,7 млн. долларды құрайды.

Жоба шеңберінде Тайвань және Батыс Еуропа жетекші өндіруші компанияларынан жабдықтар сатып алу көзделеді.

Жобаның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

NPV – 424,5 млн. теңге

IRR – 13 %

Дисконтирлік өзін-өзі ақтау мерзімі – 5,5 жыл

Жоба «БРК-Лизинг» АҚ-ның қарауында жатыр.

«Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ базасында машина жасау сервис-технологиялық орталығын құру» жобасы

Орталықты машина жасауды технологиялық дамытуға жәрдем көрсету мақсатында инновациялық инфрақұрылым элементтерінің бірі ретінде құру көзделеді.

Орталық шеңберінде қазіргі заманғы жабдықпен жарақталған, мынадай жұмыс түрлерін әлемдік деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін өндірістік учаскелер құру болжанады:

- қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, өндірісті жобалау және технологиялық дайындық;

- прецизиондық корпустық және күш детальдарын дайындау;

- саңылаусыз штамптар мен пресс-нысандар дайындауды ұйымдастыру;

- кез келген нысандағы және конфигурациядағы металдарды пішу.

Жоба шеңберінде Батыс Еуропалық «Фин-Пауер», «Хаас», «Санен», «Кленберг» және т.б. жетекші өндіруші компанияларынан жабдықтар сатып алу көзделеді.

Жобаның құны – 12 млн. доллар. Қаржыландыруға қажеттілік – 6 млн. доллар. Қалған сома – бұл «Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-ның ғимараттармен және құрылыстармен қосқан үлесі.

Жобаның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

NPV – 2 539 млн. теңге

IRR – 54 %

Өзін-өзі ақтау мерзімі – 3 жыл

Инвестициялық ұсыныстар сатысында мынадай инвестициялық жобалар тұр:

«Қазақстанда темір жол дөңгелектері мен осьтерді шығаруды ұйымдастыру» жобасы

Жобаның мақсаты – қуаты тиісінше жылына 200 000 және 40 000 дана темір жол дөңгелектері мен осьтерді шығару жөніндегі зауыт құру. Қосымша ассортимент ретінде жылына 233 000 тонна мөлшеріндегі жіксіз құбыр өндіруге арналған тұрба дайындығын да шығару көзделеді. Жобаның бағдарлы құны 364 миллион АҚШ доллары.

«Шағын ұшақтар шығаруды ұйымдастыру» жобасы

Жобамен шағын ұшақтар: 6 адамға дейін сыятын әкімшілік ұшағын және жүк көтергіштігі 1 тоннаға дейінгі жүк ұшағын шығаруды ұйымдастыру көзделеді.

Қазіргі сәтте ұшақтарды Қазақстанда шығару үшін өз әзірлемелерін Қазан компаниясы «Фирма МВЕН» ЖШБ ұсынды. Жобаны іске асыру үшін қажетті инвестициялар 4 млн. долларды құрайды.

«Протон-ССС» үлгісіндегі цифрлы АТС шығаруды ұйымдастыру» жобасы

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының байланыс желілері үшін қазіргі заманғы цифрлы телекоммуникация жабдығын шығаруды, ауылдық аудандардың түпкі, тораптық және орталық АТС-терінің физикалық тұрғыдан ескірген жабдығын ауыстыруды ұйымдастыру.

Жобаның құны 2,9 млн-ға жуық долларды құрайды.

Өнімнің негізгі тұтынушысы «Қазақтелеком» АҚ болып табылады. Бұл АТС мұнай-газ, тау-кен өндіру, құрылыс салалары өнеркәсіптерінің кәсіпорындарына; әскери бөлімдерге; шаруашылық жүргізуші субъектілерге де (коттеджді, вахталық кенттер және т.б.) қажет болады.

Әзірлеу сатысындағы басқа жобалар:

-«Жол-құрылыс және коммуналдық техника өндірісін ұйымдастыру»;

-«Гидравликалық көтеру, тиеу және көлік құрылғыларын шығаруды ұйымдастыру»;

-«CLAAS» компаниясымен бірлесіп тракторлар мен комбайндар өндірісін құру».

 

1.3   Холдинг құрамына кіретін топтардың қызметі

 

Электр энергиясы активтерін басқару тобының қызметі

Электр энергиясы активтерін басқару тобы ел электр энергетикасы саласының «Самұрық» Холдингінің жарғылық капиталына берілген тоғыз компаниясының жұмысына жетекшілік етеді.

Электр энергиясы активтерін басқару тобының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

5 жылға арналған стратегиялық бағыттарды қоса алғанда, жетекшілік ететін компаниялар жөніндегі құжаттарды білікті  сараптамалық бағалауды қамтамасыз ету;

Компаниялардың тиімді инвестициялық саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

Технологиялар, инвестициялық талдау, басқару және т.б. саласындағы халықаралық озық тәжірибенің енгізілуін қамтамасыз ету;

Компаниялар мен Холдинг ресурстарының оңтайлы пайдаланылуына ықпал ету;

Компаниялардың қызметін талдау.

2006 жылы Электр энергиясы активтерін басқару тобы Холдингтің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда белгіленген Холдингтің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес «KEGOC» АҚ-та басқаруды ұйымдастыру жөнінде бірқатар жүйелі шаралар қабылдады, оның ішінде:

- құрамына электр энергетикасы саласының жетекші мамандарының бірі болып табылатын тәуелсіз директорлар кірген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды;

-жалпы қабылданған халықаралық практикаға сәйкес Директорлар кеңесінің жанынан аудит жөніндегі комитет пен кадр комитеті құрылды;

-«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын Ішкі аудит қызметі құрылды;

-«KEGOC» АҚ-ты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары белгіленген тәртіппен әзірленді және бекітілді;

- ҰК жоспарлау және есептілік жүйесі жетілдірілді;

-«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-тың 2007-2009 жылдарға арналған даму жоспарын және «KEGOC» АҚ-тың 1 жылға арналған бюджеттерін бекітті;

-дивидендтік саясат, қарыз алу саясаты бекітілді, еңбекақы мен сыйақылардың дәлелді және транпаренттік жүйесі әзірленіп, бекітілді;

- «KEGOC» АҚ орталық аппараты қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу туралы ереже бекітілді;

-«KEGOC» АҚ-тың әкімшілік шығыстары жекелеген түрлерінің нормативтері бекітілді;

-компанияның стратегиялық маңызы бар активтерінің ауыртпалықтарына жол бермеу мақсатында қарыз алу лимиттері белгіленді;

- белгіленген тәртіппен Корпоративтік басқару кодексі бекітілді.

Мұнай-газ активтерін басқару тобының қызметі

«Самұрық» Холдингінің мұнай-газ активтері

Мұнай-газ активтері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы акцияларының 100 пайыздық пакетімен және «ҚазТеңізКөлікФлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының 50 пайыздық пакетімен ұсынылған. «ҚазТеңізКөлікФлоттың» қалған 50 пайызы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының иелігінде.

«Самұрық» холдингі жүзеге асырған корпоративтік басқаруды жақсарту және ашықтықты арттыру жөніндегі іс-шаралар

1. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ пен «ҚазТеңізКөлікФлот» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы қалыптасты.

Директорлар кеңесінің құрамына 2 тәуелсіз директор кіреді

Директорлар кеңестерінің жанынан аудит жөніндегі комитеттер құрылды және т.б.

2. ҰК Директорлар кеңесінің жанынан Ішкі аудит қызметі құрылды

3. ҰК дамытудың 5 жылға арналған стратегиялық бағыттары әзірленді және бекітілді

Қаржылық және өндірістік сандық көрсеткіштер түріндегі айқын коммерциялық мақсаттар белгіленді

4. Мыналар ескеріле отырып, ҰК-тің 2006 жылға арналған бюджеті қаралып, түзетілді:

кірістердің өсімі

инвестициялық бағдарламаны орындау

5. Үш жылға арналған даму жоспарлары және бір жылға арналған бюджеттер бекітілді;

нормативтік тиімділік көрсеткіштері бекітілді;

қарыз алу нормативтері бекітілді

6. Ақпарат көлемін оңтайландыратын ай сайынғы негізде есептілік жүйесі әзірленді және енгізілді;

7. Ашық дәлелдеу қағидаттары негізінде еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді;

8. Негізгі лауазымдарға тағайындауды келісу жүйесі енгізілді;

9. Оларды қысқарту мақсатында әкімшілік және өкілдік шығыстардың нормативтері қайта қаралды.

«Самұрық» холдингінің мұнай-газ активтерін басқарудың негізгі стратегиялық бағыттары

1. Ұлттық компанияның ресурстық базасын ұлғайту және көмірсутектері шикізаттарын өндіру өсімі.

2. Қосылған құнның ұлғаюы ретінде мұнай- және газ өңдеу, мұнай-химияны дамыту.

3. Халықаралық нарықтарға шығуды кеңейту құралы ретіндегі көлік ағындарын әртараптандыру.

4. Теңіз мұнай операцияларын қолдаудың сервистік инфрақұрылымын дамыту.

5. Өндірілген өнімнің үлестік кірістілігін ұлғайту құралы ретінде, сондай-ақ Ұлттық компанияның ішкі мұнай өнімдері нарығындағы міндеттерді іске асыру құралы ретінде мұнай мен газды қайта өңдеу өнімдерін сатудың бөлшек саудасы желісін дамыту.

Төменде аталған бағыттар бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы келтірілген

Ресурстық базаны ұлғайту және мұнай мен газ өндіруді өсіру стратегиясы

1. Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыру:

Солтүстік Каспий жобасы.

«Құрманғазы» жобасы.

«Түп-Қараған» жобасы.

«Аташ» жобасы.

№ 341 келісім-шарты (А, В, С1 және С2 учаскелері).

«Жемчужины» жобасы.

«Жамбай» жобасы.

«Н» жобасы.

«Жамбыл» жобасы.

«Абай» жобасы.

«Исатай» жобасы.

«Дархан» жобасы.

«Сәтпаев» жобасы.

2. Құрғақтағы геологиялық-барлау жұмыстарын кеңейту: Р-9 жобасы.

3. Қолданыстағы өндіру активтерін сатып алу

4. Қабаттардың мұнай беруін арттыру

Қайта өңдеу сегментін дамыту стратегиясы

1. Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту;

2. Атырау облысында газ-химия кешенін құруға қатысу;

3. Атыру МӨЗ-де бензол өндіруді ұйымдастыру;

4. Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіруді ұйымдастыру;

5. ПетроҚазақстан Ойл Продактс (ПКОП) 50 %-ын сатып алу.

6. МӨЗ салу және/немесе шетелден (Түркия, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, ТМД, Азия) сатып алу.

Көлік ағындарын әртараптандыру стратегиясы

1. Баку-Тбилиси-Жайхан мұнай құбырларын пайдалана отырып Қашаған мұнайын тасымалдау үшін Транскаспий көлік жүйесін құру

2. Қытай бағытындағы құбыржолдарды дамыту.

3. Атырау-Самара мұнай құбырының қуатын ұлғайту.

4. КТК-ні кеңейту.

5. «Бейнеу – Бозой – Самсоновка» газ құбырын салу.

Теңіз мұнай операцияларын қолдаудың сервистік инфрақұрылымын дамыту

1. Баутино портында теңіз мұнай операцияларын қолдау базасын салу.

2. Баутино портында теңіз кемелеріне жанар май құю станциясын салу.

3. Өзі көтеретін бұрғылау қондырғысын (ӨКБҚ) салу.

4. Мұнайдың төгілуіне ден қою жөніндегі Солтүстік Каспий базасын салу.

5. Өндірістік қалдықтарды көму жөніндегі полигондарды салу.

6. Құрық портында жағалау терминалы мен мұнай құю айлақтарын салу.

7. Теңіз операцияларын қолдау флотын салу.

8. Құрық портында кеме жөндеу базасын салу.

9. Атырау әуежайында жүк және жолаушылар терминалын салу

Мұнай мен газ өңдеу өнімдерін сатудың бөлшек сауда желісін дамыту

1. Республикада фирмалық ЖҚС мен ГҚС желісін дамыту:

Жаңа ЖҚС пен ГҚС салу.

Жұмыс істеп тұрған ЖҚС пен ГҚС сатып алу.

2. Шет елдерде фирмалық ЖҚС пен ГҚС желісін дамыту.

Көлік активтерін басқару тобының қызметі

<

Информация о работе Қаржы нарығын тұрақтандыруда «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ұлттық әл- ауқат қорының ролі