Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:26, курсовая работа
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында каржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
1. Қаржы нарығы туралы ұғым.
1.1. Қаржы нарығының құрылымы.
1.2. Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері
2. Бағалы қағаздар нарығы.
2.1. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері.
2.2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының операцияларын жетілдірудің жолдары
3. Қор биржасы.
Қорытынды бөлім.
Пайдаланған әдебиеттер
Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралда рында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өзге де қаржы құралдары мен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.Олардың брокерлерден айыр- машылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің атқаратын қызметі:
1.Бағалы қағаздарды шығару,олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;
3.Бағалы қағаз нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қа-ғаздарды сату–сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.
4.Сатып алушы мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады. Олар нарықтың ака- тализаторы ретінде жұмыс істейді.
Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаз нарығында кастодиандық қызметті заңдарға және шарттарға сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.
Орталық депозиторий– бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыру мен сақтауды, оның ішінде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті, сондай ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Ол коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құрылады.
Орталық депозиторийдың акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы ұйымдары арасында орналастырылады. Бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсіби қатысушылары сондай-ақ шетелдік депозиторийлер мен кастодиандар орталық депозиторийдің депоненттері болып табылады.
Андеррайтер– бағалы қағаздар рыногының брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді, бағалы қағаздар нарығында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.
Джобберлер– бағалы қағаздар нарығындағы конъюктура мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Олардың іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде өрістеп және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, банктердің, өндіріс кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың шығарған акцияларының курсының келешекте өзгеруін бақылайды. Ол үшін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғандықтан оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланады.
Қорытындылай келгенде, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек олардың бір-бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі
Сипаттамасы | Бағалы қағаздың түрлері |
| • мемлекеттік |
Эмитенті бойынша | • корпорациялық • жекеменшіктік • шетелдік |
Эмитент міндеттемелері бойынша | • үлестік • борыштық • тауарды иелену құжаты |
| • аймақтық |
Айналыс аумақтары бойынша | • ұлттық • халықаралық |
Құкықты жүзеге асыратын формалары бойынша | • атаулы • ұсынбалы • ордерлік |
Шығарылатын формалары | • құжаттандырылған |
бойынша | • құжаттандырылмаған |
| • мерзімсіз |
Айналыс мерзімі бойынша | • мерзімді - қысқа мерзімді (1 жылға дейін) - орта мерзімді (1 жылдан 10 жылға дейін) - ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары) |
Базистік активі бойынша | • негізгі • туынды |
Табысты төлеу тәсілдері бойынша | • ұдайы (жүйелі) төлеммен • бір жолғы төлеммен • тіркелген % мөлшерлемесімен • өзгермелі % мөлшерлемесімен |
Табысты алу тәсілдері бойынша | • инвестициялық • нарықтық |
Эмиссия тәсілдері бойынша | • эмиссиялық • эмиссиялық емес |
Валюта бойынша номинал | • ұлттық валютаның номинал құнымен • шетелдік валютаның номинал құнымен • қос номиналмен • номиналсыз |
Айналыс шарттары бойынша | • қайтарымды • қайтарымсыз |
Қазақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі
Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар мынадай санаттарға бөлінеді:
Негізгі бағалы қағаз — олардың негізіне қандай да бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т.б. берілген мүліктік құқық жатады.
Туынды бағалы қағаз — бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар (мұнай, алтын, астық және т.б.), негізгі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар (тауарлық, валюталық, пайыздық, индекстік және т.б.), варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады.
Үлестік бағалы қағаз — кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық береді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады.
Борыштық бағалы қағаз — қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, ҚР Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.
Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын фор-малар бойынша мыналар бөліп көрсетіледі:
Атаулы бағалы кағаз — олардың барлық иелерін сәйкес-тендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік қүқы-ғының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді.
Ордерлік бағалы кағаздар — ол бойынша қүқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады.
Ұсынбалы бағалы кағаз — осы кағазбен куәландырылған құқық оны үсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықгы жүзеге асыру ұшін аталған бағалы қағазды үсынса жетіп жатыр.
Кұжаттандырылған — кағазбен тасымаддаушьіға эмитентгеледі.
Құжаттандырылмаған — шотқа жазу жолымен эмитент-теледі.
Нарыктык бағалы қағаз — бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді.
Инвестициялык бағалы қағаз — дивидендтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында үзақ мерзімге сатып алынады.
Кайтарылымды бағалы қағаз — мерзімнен бүрын өтелуі мүмкін.
Кайтарылымсыз — айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:
• мемлекеттік бағалы қағаздар;
• акциялар;
• облигациялар;
• коносаменттер;
Акция. Оны (акцияны) ұстаушының (акционердің) акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу қүқығын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу қүқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.
Акция — акционерлік қоғамның капиталына қатысуға мүм-кіндік беретін бағалы қағаз. Оны мемлекеттік органдар емес, тек акционерлік коғамдар ғана шығарады. Бүл арада корпорациялар қалыптастыратын капитал корпорация таратылғанда қарыз капиталы ретіндегі (оның ішінде облигация ретіндегі) міндетте-мелер төленбегеннен кейін екінші кезекте орны толтырылатын
• ипотекалық куәліктер;
• туынды бағалы қағаздар;
• жай қоймалық куәліктер;
• қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық + кепілдікті куәлік);
• ҚР-дағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттің бағалы қағазы;
• Заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағаздардың қатарына жатқызылған баска да қүжаттар.
Бағалы кағаздардың К^зақстан нарығындағы қаржылық қүралдарына қарай оның қүрылымын былайша көрсетуге болады:
өзіндік капиталдың құрамдық бөлігі болып табылады. Акцио-нерлер өздері салған акция сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді. Сондыктан эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда акцияға инвестицияланған акдіаны қайта-рып алудың кепілдігі болмайды.
Акцияларды былайша жіктеуге болады:
1. Акция бір акционерден екіншісіне берілу тәсілі бойынша мыналарға болінеді:
Атаулы акция — оның (атаулы акцияның) иелері міндетті түрде акционерлердің тізіліміне тіркеледі.
Ұсынбалы акция акционерлердің тізіміне тіркелмейді. Әдетте, АҚ олардың иелерін білмейді. Бұл акцияның нақты иесі ғана акционердің меншік құқығын растай алады.
2. Табысты алу құқығына қарай:
• жай;
• артықшылықты.
Бұлардың арасындағы негізгі айырмашылық мынада: артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер АҚ-ның таза табысының мөлшеріне қарамастан әрдайым төленеді. Қоғам таратылған жағдайда артықшылықты акция ұстаушылар басқа акционерлерге қарағанда оздеріне тиесіліні алдымен алады, алайда номинал құнының орнын олардың акциялары толтыратын дивидендтерді толық алмайды. Сондай-ақ компания таратылғанда да артыкшылықты акция үстаушыларының мүдделері несие берушілердің талаптары қанағаттандырылған-нан кейін ескеріледі, алайда жай акция үстаушыларының талаптары қанағаттандырылмастан бүрын ескеріледі.
Өз кезегінде артыкшылықты акцияларды мыналарға жіктеуге болады:
• кумулятивті — егер дивидендтер уақтылы төленбесе, онда олар жинақталып, кейін толық көлемде толенуі мүмкін;
• қайтымды басқа акцияларға қарағанда олар оздеріне тән мерзімсіздік секілді озгешелігіне қайшы келетін эми-тенттермен өтелуі мүмкін;
• айырбасталатын — осы эмитенттің жай акцияларының белгілі бір колеміне айырбасталуы мүмкін;
• дауыс кұқығы бар және ең аз шамадағы накты дивиденд-тердің молшеріне ие акциялар;
• дауыс құқығы болмайтын, ең аз шамадағы дивиденд-тердің нақты мөлшеріне ие акциялар; бүл арада олар дивидендтерге қатысты артықшылыкты күкықгарға ие болады және оларға қоғам таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір болігін алуына мүмкіндік тудыратын артық-шылықты күқық беріледі. Егер дивиденд бүрынғы акция бойынша 3 айдың ішінде төленбесе, онда бүл акцияның иесіне АҚ-ны қайта күруға және таратуға, акционер-лердің күқығын шектейтін Жарғыға өзгерістер енгізуге қатысты мәселелерді шешуде дауыс күкығы беріледі.
Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес акционерлік қоғам күжаттандырылған формадағы атаулы акцияны ғана шығара алады. Ал артықшылықты акцияларға келсек, Кдзақ-станда оның екі түрі бар: дауыс құқығы болмайтын, ең аз шамадағы дивидендтердің накты молшеріне ие акциялар жене дауыс күқығы бар, ең аз шамадағы дивидендтердің нақты мөлшеріне ие акциялар.
Облигация — бүл оны, номинал күны немесе басқадай мүліктік эквивалента шығаратын түлғадан осыларды өз иесінің алу күқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация, сонымен бірге өз иесіне оған тіркелген номинал күнынан немесе басқадай мүліктік күқықтан пайызды алуына мүмкіндік береді.
Қосымша қаражатты тарту үшін эмитент оны пайда болтан уақытынан бастап үшінші жылынан кешіктірмей оларды толық толеу шартымен жене жылдық баланстың осы уақытына бекі-туге жатқызу шартымен жарғылық қордың мөлшерінен аспай-тын сомада шығаруға күқылы.
Облигация — бүл эмитенттің карыздық міндетемесін растай-тын күжат, ол оның активтеріне қарсы қойылады. Оның көме-гімен жүмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды. Облигацияны шығару — капитал қарызының бір формасы.
Мерзімді қарыздык міндеттеме ретінде облигацияны өтеудің кепілдігіне эмитент тарапынан берілетін жалпылама кепілдік жатады. Ол облигация ұстаушыға — эмитет банкротқа үшыра-ған жағдайда өз міндеттемесін орындамаса мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік беретін құқығын береді.
Облигациялар акциялар секідці әр түрлі корпорацияға ар-нал ған инвестицияның маңызды көзі ретінде қызмет етеді. Алайда бұл бағалы қағаздардың бір-бірінен көп айырмашылығы бар:
1. Облигациялардың иесі несие беруші болып табылады, ал акционерлер — корпорация меншік иелерінің бірі.
2. Облигациялардың иесі эмитенттің табысына қарамастан облигация бойынша пайыз алады. Акционерлер дивидендтерді алуы мүмкін, бірақ олар жай акцияның иелері ұшін тіркелмейді әрі табыс болмаған жағдайда төленбейді.