Қаржы нарығы және қор биржасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:26, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында каржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Содержание

1. Қаржы нарығы туралы ұғым.
1.1. Қаржы нарығының құрылымы.
1.2. Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері
2. Бағалы қағаздар нарығы.
2.1. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Бағалы қағаздардың түрлері.
2.2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының операцияларын жетілдірудің жолдары
3. Қор биржасы.
Қорытынды бөлім.
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

қаржы нарығы курсовая.doc

— 247.50 Кб (Скачать)

    Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру арқылы заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі мақсаттарға арналған несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.

    Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір белігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойын­ша операцияның атқаратын рөлі жоғары.

    Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жақсы әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Мысалы, егер депозитке банк серти­фикаты ресімделетін болса, ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес. Оның үстіне, бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісімшартты бекітіп барып қана бере аласың. Бұл арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта бос айналысқа түсіп, өз иесін айырбастай алатын облигацияларды шығарса жетіп жатыр. Қаржы тәу-екелдіктерін сақтандыру үшін сатылатын немесе сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасын уақыт оздырмай ескертуге мүмкіндік беретін туынды бағалы қағаздар болады, ал оларды беру (тапсыру) кейінірек жүзеге асырылады, яғни базалық бағалы қағаздардың бағамы жоғарылағанда немесе құлдырағанда сақтандырылады. Осылайша, бағалы қағаз ақша ресурстарының еркін қайта бөлінуіне ықпал етеді.

    Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары.

Бүгінгі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысты күмәнін азайтады. Сақтандыру тәуекелі батыстың қаржы теориясында кез келген кәсіпорынның каржылық стратегияларының негізгі құраушыларының бірі, бірақ мұнда теорияның негізінде мынадай түрлері болады: әрбір субъект өзіне жоғалған материалдық қаражаттардың, ресурстардың орнын толтыратын және оларды болдырмаудың көздерін жасап, өз тәуекелділіктерін сақтандырады, яғни тәуекелден сақтанады. Сақтандыру - бұл қайта бөлісу қатынасы. Ол әдетте барлық субъектілерді, бүкіл ел аумағын немесе аймақтарды толық қамтымаса да, бұлардың бір бөлігіне материалдық, не болмаса басқадай зиян шектіріп кететін кездейсоқ залалға қарсы тұру үшін туған амал. Бұл бір субъект зиян шеге қалған жағдайда басқа сақтандырылған субъектілердің ынтымақтастығымен залалдың орнын толтыруға мүмкіндік береді. 1998 жылға дейін Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі «жұмыс істейтін буын жұмыс істемейтін ұрпақты қамтамасыз етеді, ал алдыңғы ұрпақ еңбекке жарамсыз болғанда оның орнын өз кезегінде жаңа ұрпақ алмастыруын басты назарда ұстайтын ұрпақтар ынтымақтастығы» қағидасына негізделген болатын. Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі азаматтардың дербес аударымдарына негізделген. Бұл арадағы төлем мөлшері тұлғаның салым ақшасының сомасына қарай болады. Зейнетақы және сақтанды­ру қорлары көптеген елдерде ақшаны өндіріске инвестициялаудың көздері болып табылады, яғни ақша ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде тартылады. Осылайша, сактандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары арқылы шоғырландырылған халықтың қаражаты түпкі есебінде ұдайы өндіріс процесіне тартыла­ды. Сондықтан да сақтандыру және зейнетақы нарықтары, бір жағынан, нақты қызметті сату-сатып алу нарығымен көзге түссе, екіншіден - ол толық негізде қаржы нарығының құрылымына кіруі қажет.

    Барлық типтегі нарықтардың өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шартын анықтап береді, яғни:

• ретке келтірілген тауар нарығының болуы (кез келген түрдегі және бағыттағы тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныстың теңгерілімдігі);

• ақша айналысын реттеу, елдің Ұлттық банк тарапынан колма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз айналымдар бойын­ша эмиссияны бакылау;

• несие нарығын толық белсендендіру және коммерциялау. Қазақстан нарығындағы қаржы институттарын нығайту үшін

осы ұйымдардың рейтингілерін анықтау маңызды болып табыла­ды. Қаржы нарығындағы қатынастардың рейтингілерін жоғары ететін факторлардың біріне клиенттерді көптеп тарта білу, яғни осы институттардың жиынтық қор жинақтарының артуы жатады.

Қаржы нарығын реттеу және өзін-өзі реттеу құралдарының ең ыкпалдыларының бірі ретінде ұйымдарға белгілі бір артықшылықтар беретін қатысушылардың рейтингін айтуға болады:

• жаңа клиенттерді тартудың және нарық үлестерін ұлғай-тудың мүмкіндіктері;

• қызмет тиімділігін арттыру мүмкіндігі;

• компанияның   сенімділік   деңгейіне   сәйкес   қызмет көрсетудің ақыларын белгілеу;

• компанияның  инвестициялық  тартымдылығының  өсуі және т.б.

    Компания сенімділігінің рейтингі - бұл компаниялардың менеджерлерімен кездесудің нәтижесінде алынатын және жария түрде де, арнайы да сұралатын ақпарат, мәліметтер талдауына негізделген төлем қабілетін кешенді бағалау болып табылады. Сонымен бірге агенттікпен кез келген көздер бойынша алынған барлық нақтыланған ақпараттар есепке алынады. Рейтинг қаржы ұйымдарының имиджін, беделін көтеруге, клиенттерді тартуға, сондай-ақ шетелдік заңды және жеке тұлғалардың алдында мәртебелерін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең маңызды міндеттердің біріне ұйымдардың да, клиенттердің де мүдделерін танытатын рейтингтік агенттіктерді құру жатады.

 

2. Бағалы қағаздар нарығы

 

    Қаржы нарығында сатып алу-сатудың обьектілері айрықшалықты тауарлар ақша және бағалы қағаздар (ақшалай) болып табылады.

    Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды.                                                                                                                                              

       Бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдан бастап белсенді дамуда, ол кезде  Қаржы  министрлігі бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық емес нысандарына көше бастады және бағалы  қағаздар шығару арқылы ішкі қарыз алып пайдалануды жүзеге асырды.

       1997 жылы қысқа мерзімді  мемлекеттік  бағалы  қағаздардың нарығы  толығымен қалыптасты. Алғашқы  орташа мерзімді бағалы қағаздар 1997 жылы  шығарылды, 2000 – 2001 жылдары  айналыс  мерзімі 10 жылға дейінгі бағалы қағаздарды шығару реттелді.

       Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шарушашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде  1991–1993 жылдары  200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30 ға жуық акционерлік коммерциялық банктердің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80% құрады.

       Бағалы қағаздар нарығы дегенміз - ол қаржы нарығының бір бөлігі. Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды. Банк, шын мәнінде,коммерциялық банк болса, қарызды бір жылдан астам өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы  банктың кредит жүйесін толықтырады,өзара байланысты әрекет етеді. Мысалы,коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған бағалы қағаздарға жазылуы үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.

      Бағалы қағаздар нарығының маңызды бір бөлігі ақша нарығы болып табылады,онда қысқа мерзімді қарыз міндетемелері бар казначейлік вексельдер айналыста болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшалары табыс табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды.Онсыз толыққанды қаржы нарығын алу мүмкін емес.

       Барлық нарықтар сияқты, бағалы қағаздар нарығы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді болады. Яғни бағалы қағаздар нарығы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық жүйесін құрайды. Нарықтың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесіне байланысты.

       Бағалы қағаздар нарығы тікелей алғашқы және қайталама нарықтан тұрады.Алғашқы нарықты мемлекеттік және муниципиялды облигациялар,сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асарылады,оны қаржылық және қаржылық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады.Алғашқы нарықта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары,сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке адамдар. Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигациялар сатып алады. Бағалы қағаздар қайталама нарығы эмитент бағалы қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен сату-                               

ды  түсіндіреді.                                                                              

     Бағалы қағаздар нырығы – шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі.Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестері реттеп,олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және де өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

      Бағалы қағаздар нарығы  экономиканың барлық субьектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

      Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсетіп отырады.

      Бағалы қағаздар негізі специфиялық тауар,барлық тауар сияқты тұтыну құнының мәні белгілі дәрежеде табыс келтіреді,яғни процент және дивиденд төлегенде,сонымен қатар бағалы қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар.

    Бағалы қағаз немесе қор нарығының жоғарғы деңгейде арнайы ұйымдасып, заң негізінде жүретін арнайы технологиялық циклі нарық жүйесінде қалыпта-сады. Ол қорды қалыптастырып, айналуын, ұйымдастыруын, құнды қағаз нарығының жұмысын жүргізуін қамтамасыз етіп отырады.

    Бағалы қағаздардың тууына себеп болатын жағдайлар әр түрлі қорлардың жоқ болмаса кәсіпорындардың, әсіресе эмитенттік субъектілердің, қорлардың индекстердің төмендеу немесе жоғарылау жағдайы осымен тікелей байланыс ты болып келеді.

    

2.1 Бағалы қағаздар нарығының кәсіптік қатысушылары

 

      Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың нарығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Баға номиналдық, эмиссиялық, нарықтық бағасы бо-  лады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қа- ғаздар нарығы мәмілелер сауда саттықты ұйымдастырушының ішкі құжатта-рына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасала-тын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда ─ саттықты ұйымдастырушысының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс  айналым ры-ногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистерінде дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған нарықта операциялар қатаң регламенттелген, ал ұйымдастырылмаған нарықта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі. 

     Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін акционер- лік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында лицензиясы бар заңды тұлға.

    Сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы.

     Өзін-өзі реттейтін ұйым бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға. 

    Бағалы қағаздар нарығының кәсіби өкімдеріне – брокерлер ,дилерлер, ,касто- диан, депозитарийлер, джобберлер ,андеррайтерлер және басқалар жатады.

     Брокер- бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.Ол келісім жасалатын әрбір нақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:

      Консалтинг (кеңес беру);

      Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;

      Инвестициялық қорларды құру мен оны басқару.

      Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі, т.б. Сонымен қатар брокерлік фирма ақша нарығындағы банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру сияқты қызметтерді атқарады. Брокерлер өз қызметтерінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:

      1.Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде.

      2.Брокерлер клиенттің белгіленген сомасы ақша шамасында әрекет жасайды. Бірақ бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.

      3.Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің есепшотына аударады.

      4.Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет.

      5.Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.

      Сонымен қатар брокерлік фирма клиентке несие беріп, барлық операция-ларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табы- сына делдалдық үшін ақы кіреді. Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.

Информация о работе Қаржы нарығы және қор биржасы