Акша

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 11:35, реферат

Описание работы

Ақшалар - тауарлары өндіріс пен айырбастың ұзақ мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қарадүрсін «өндіріс» нәтижелерімен айырбас болғандықтан ақшаға қажеттілік те болған жоқ.
Алайда, қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуына қарай жағдай түбірімен өзгерді. Егіншілік пен мал өсірумен айналасудың дайын өнімдерін жинау мен ақшалықтан бөлшеленуі, және бұдан соң кәсіптің егін өсіруден бөлінуі өнімдердің айырбас үшін өндіріле бастауына, яғни тауар түрін табуына жеткізді. Уақыт өткен сайын тауар көбейіп айырбас та тұрақты жүре бастады. Енді әрбір тауар өз құнын өзге көптеген тауарларды көрсетуге, яғни оның көптеген тауарларға айырбастала алатын теңдігін бойына сіңіре бастады. Бірақ мұндай жағдай тұрақты айырбас жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалуы мүмкін еместі. Тауар өндіруші өз өндіргеніне керекті тауарды айырбастап алу үшін айырбастап алу үшін бірнеше мәрте атқаруға мәжбүр болады. Бұл шаруашылық айналымын баяулатып, күрделендіре түсті.
Жалпыға бірдей эквиваленттің, яғни алғанда өзге барлық тауарлардың құнын білдіретін және оларға тұрақты түрде айырбастап отыруға қабілетті тауардың - айырбастың ең бірінші әрі үлкен қиыншылығы болды. Бұл сан қырлы тауарлар әлемінің жалпыға ортақ эквивалент қажетіне ие ерекше тауар бөлініп шығуы арқылы шешілді. Әрине, бұл сұрапыл экономикалық адамдардың ерік-жігерінен тысқары өткен болды,
Ең алдымен мұндай жалпыға ортақ эквивалент міндеті сол халық пен сол тарихи кезеңнің ең бір маңызды тауары атқарды. Оларды құнды аң терлері (мехтар), түз немесе теңіз ұлуары және тіпті тірі адамдар (құлдар) ретінде көріне алатын. Бірақ мұндай өзгеше эквиваленттер ереже емес, ерекше жағдайлардың болатын көптеген елдерде эквивалент міндетін көбіне мал атқарды. Айтар болсақ, Ежелгі Ресейде князь қазынасы "малхана", ал қазынасын ұстаушы «малшы» деп аталды. Әрине, мұндай қарадүрсін әрі ыңғайсыз эквиваленттер бірте-бірте қолайлылау түрлеріне орын беріп отырды.
Қолайлы эквивалент эквивалент айырбас тәжірибесіне сәйкес мейлінше айқын қасиеттерге ие болуға тиіс. Біріншіден –бертектілігі сапасының теңделілігі, екіншіден - беріктілігі мен сақталғыштығы, үшіншіден - кез-келген бөлікке бөлінгіштігі, төртіншіден- тұтастығы, бесіншіден – тұрақты болуы.
Олай болса, аталмыш курстық жұмыстың басты мақсаты- ақшаның пайда болуы және оның мәні ақша қызметтері жән олардың қазіргі жағдайдағы дамуы,
Ақша айналыс құралы ретінде дамуының ерекшелігін ашу болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….....….…..3

1 АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ………………………..............5

1.1 Ақшаның формалары мен түрлері………………………………………….......7

2 АҚША ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ

ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ …...........................................................................................14

2.1 Ақша айналыс және төлем құралы………………………………....………...16

2.2 Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде…………………….......19

3 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АҚША ҚЫЗМЕТІ………………………….......…………. .…......21

3.1 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні……………....……............... .22

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….....….……...…..28

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………...………………………......………......30

Работа содержит 1 файл

Акша.DOC

— 170.00 Кб (Скачать)

   Ямайка  валюта реформасының (1976-1978 жж.) нәтижесінде  арнайы алтын бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы негізінде орындалады.

   Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей  айырбасталмайды және бағалар алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей  массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.

   Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құмды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келді.

    Ақша  айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінін тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

   Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін  атқарады, ал бұл кездегі сатып  алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша  сай келмейді. Сатушы, тауарым сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көм егімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

   Өзінің  құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

   Біздерге  ақша айналыс құралы қызметін негізінеи  мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпоращиялардың және т.б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

  Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің  ерекшеліктері төмендегідей,яғни

  • тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
  • оны     идеалды     ақшалар     емес,     нақты     (қолма-қол) ақшалар орындайды;
  • ақшаның  бұл  қызметінде  тауарларды  айырбастау  өте тез  орындалатын   болғандықтан,   оны   нағыз   ақшалар емес  (алтын),   оны  ауыстырушылар  -  ақша  белгілері орындайды.

   Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар  ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие  ақшалардың алтын нарығында жасырын  айналыс болуыменен түсіндіріледі.

   Ақша  айналыс құралы қызметін атқаратын  болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір - несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардын қажетті саны сонша аз болады.

   Егер  ақшаның айналыстағы массасы  тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.

   Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша кұнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

   Егер  тауар мен ақшаның қарама-қарсы  қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

   Ақшалар төлем қүралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен  бірге қаржы-несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:

  • тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
  • мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
  • банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
  • сақтандыру міндеттемелері;
  • әкімшілік-сот сипатындағы  міндеттемелер  және  басқалары.

   Ақша  төлем құралы ретінде айналыс  құралынан өзара айырмашылықтары  бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде кызмет атқарады.

   Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара  өтеуде идеалды ақшалар атқарады. Төлем құралы ретіндегі ақшаның  қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған  қызметтерінен айырамшылығы болғанмен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.

   Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына  байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет смсс. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарын жабу үшін ақша айналымының қажеттілігі артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т.б.).

   Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.

   Капиталистік  қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты "таза қазына" формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі тауар өіндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.

         Әрбір тауар тек  қана жекелеген қажеттілікті  анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның   формасы   ретінде   байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.

   Металл  ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын  реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.

   Қазіргі жағдайда қазына жинау кызметі айналыстағы  ақша массасын реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 млн тенгені құрады.

   Несиелік  және қағаз ақшалар қазына жинау  құралы қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.

   Ақша  айналыс саласынан уақытша шығып  қалғаннан кейін олар қорлана  бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта  айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.

    Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі  формада жүреді:

- кәсіпорындар   мен   ұйымдардың   есеп   айырысу   және депозиттік   шоттарындағы   ақшалай   қаражат   қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;

- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар. 
Несиелік  механизмнің  арқасында  кәсіпорындар   мен   халықтың ақшалары банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бүл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта белу процесіне дәнекер болады.

   Дүниежүзілік  ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашыльщ байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік акшалар кызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежұзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық толем және сатып алу кұралы ретінде қызмет етеді. Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын),  кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 .м.шм Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

   Егер  де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К.Маркстің айтуынша: "ақшалар өзінің "ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киеді"', яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.

   Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық  халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы  елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 ж. халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.

   Бреттон-Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі "еуро" айналысқа шықты.

   Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік ақшаға өту жолын кеш те болса  қайталауда.

   Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі  нәтиже жоқ. Енгізілген шарты ссептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік акшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады. 

 

     3.1 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

    Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының  болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас  құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақіпа  айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

   Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық  социализмнің негізін қалаушы Томас  Моор өзінің "Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік кұрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алыстататын   болса,   онда   тіпті   ақша   қажеттілігінен   туған   кедейліктің өзі де жойылар еді".

Ол  аздай Т.Моор тағы былай деді: "Қай  жерде болсын нәрсені ақша өлшемімен  өлшейтін болса, онда ол мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес".

   XIX ғ. Социал утопистері - Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға  теріс көзқараста болды. Прудон  тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды  және оны дәлелдемек болды.

   Мұндай  ойлар Ресейде де айтылды. Қазан  революциясынан (1917) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы  байқала бастаған кезде ақшаны жою  сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда  бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды. С.Г.Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді - энедаларды пайдалануды ұсынды.

Информация о работе Акша