Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 11:35, реферат
Ақшалар - тауарлары өндіріс пен айырбастың ұзақ мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қарадүрсін «өндіріс» нәтижелерімен айырбас болғандықтан ақшаға қажеттілік те болған жоқ.
Алайда, қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуына қарай жағдай түбірімен өзгерді. Егіншілік пен мал өсірумен айналасудың дайын өнімдерін жинау мен ақшалықтан бөлшеленуі, және бұдан соң кәсіптің егін өсіруден бөлінуі өнімдердің айырбас үшін өндіріле бастауына, яғни тауар түрін табуына жеткізді. Уақыт өткен сайын тауар көбейіп айырбас та тұрақты жүре бастады. Енді әрбір тауар өз құнын өзге көптеген тауарларды көрсетуге, яғни оның көптеген тауарларға айырбастала алатын теңдігін бойына сіңіре бастады. Бірақ мұндай жағдай тұрақты айырбас жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалуы мүмкін еместі. Тауар өндіруші өз өндіргеніне керекті тауарды айырбастап алу үшін айырбастап алу үшін бірнеше мәрте атқаруға мәжбүр болады. Бұл шаруашылық айналымын баяулатып, күрделендіре түсті.
Жалпыға бірдей эквиваленттің, яғни алғанда өзге барлық тауарлардың құнын білдіретін және оларға тұрақты түрде айырбастап отыруға қабілетті тауардың - айырбастың ең бірінші әрі үлкен қиыншылығы болды. Бұл сан қырлы тауарлар әлемінің жалпыға ортақ эквивалент қажетіне ие ерекше тауар бөлініп шығуы арқылы шешілді. Әрине, бұл сұрапыл экономикалық адамдардың ерік-жігерінен тысқары өткен болды,
Ең алдымен мұндай жалпыға ортақ эквивалент міндеті сол халық пен сол тарихи кезеңнің ең бір маңызды тауары атқарды. Оларды құнды аң терлері (мехтар), түз немесе теңіз ұлуары және тіпті тірі адамдар (құлдар) ретінде көріне алатын. Бірақ мұндай өзгеше эквиваленттер ереже емес, ерекше жағдайлардың болатын көптеген елдерде эквивалент міндетін көбіне мал атқарды. Айтар болсақ, Ежелгі Ресейде князь қазынасы "малхана", ал қазынасын ұстаушы «малшы» деп аталды. Әрине, мұндай қарадүрсін әрі ыңғайсыз эквиваленттер бірте-бірте қолайлылау түрлеріне орын беріп отырды.
Қолайлы эквивалент эквивалент айырбас тәжірибесіне сәйкес мейлінше айқын қасиеттерге ие болуға тиіс. Біріншіден –бертектілігі сапасының теңделілігі, екіншіден - беріктілігі мен сақталғыштығы, үшіншіден - кез-келген бөлікке бөлінгіштігі, төртіншіден- тұтастығы, бесіншіден – тұрақты болуы.
Олай болса, аталмыш курстық жұмыстың басты мақсаты- ақшаның пайда болуы және оның мәні ақша қызметтері жән олардың қазіргі жағдайдағы дамуы,
Ақша айналыс құралы ретінде дамуының ерекшелігін ашу болып отыр.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………….....….…..3
1 АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ………………………..............5
1.1 Ақшаның формалары мен түрлері………………………………………….......7
2 АҚША ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ …...........................................................................................14
2.1 Ақша айналыс және төлем құралы………………………………....………...16
2.2 Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде…………………….......19
3 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АҚША ҚЫЗМЕТІ………………………….......…………. .…......21
3.1 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні……………....……............... .22
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….....….……...…..28
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………...………………………......………......30
ЖОСПАР
КІРІСПЕ……………………………………………………………
1 АҚШАНЫҢ
ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ…………
1.1 Ақшаның
формалары мен түрлері………………………
2 АҚША
ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЖАҒДАЙДАҒЫ
ДАМУЫ ….............................
2.1 Ақша
айналыс және төлем құралы……………
2.2 Ақша
- қорлану және қазына жинау
құралы ретінде…………………….......
3 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК
АҚША ҚЫЗМЕТІ………………………….......…
3.1 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні……………....……............... .22
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ…………………………...………………………..
КІРІСПЕ
Ақшалар - тауарлары өндіріс пен айырбастың ұзақ мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қарадүрсін «өндіріс» нәтижелерімен айырбас болғандықтан ақшаға қажеттілік те болған жоқ.
Алайда, қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуына қарай жағдай түбірімен өзгерді. Егіншілік пен мал өсірумен айналасудың дайын өнімдерін жинау мен ақшалықтан бөлшеленуі, және бұдан соң кәсіптің егін өсіруден бөлінуі өнімдердің айырбас үшін өндіріле бастауына, яғни тауар түрін табуына жеткізді. Уақыт өткен сайын тауар көбейіп айырбас та тұрақты жүре бастады. Енді әрбір тауар өз құнын өзге көптеген тауарларды көрсетуге, яғни оның көптеген тауарларға айырбастала алатын теңдігін бойына сіңіре бастады. Бірақ мұндай жағдай тұрақты айырбас жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалуы мүмкін еместі. Тауар өндіруші өз өндіргеніне керекті тауарды айырбастап алу үшін айырбастап алу үшін бірнеше мәрте атқаруға мәжбүр болады. Бұл шаруашылық айналымын баяулатып, күрделендіре түсті.
Жалпыға бірдей эквиваленттің, яғни алғанда өзге барлық тауарлардың құнын білдіретін және оларға тұрақты түрде айырбастап отыруға қабілетті тауардың - айырбастың ең бірінші әрі үлкен қиыншылығы болды. Бұл сан қырлы тауарлар әлемінің жалпыға ортақ эквивалент қажетіне ие ерекше тауар бөлініп шығуы арқылы шешілді. Әрине, бұл сұрапыл экономикалық адамдардың ерік-жігерінен тысқары өткен болды,
Ең алдымен мұндай жалпыға ортақ эквивалент міндеті сол халық пен сол тарихи кезеңнің ең бір маңызды тауары атқарды. Оларды құнды аң терлері (мехтар), түз немесе теңіз ұлуары және тіпті тірі адамдар (құлдар) ретінде көріне алатын. Бірақ мұндай өзгеше эквиваленттер ереже емес, ерекше жағдайлардың болатын көптеген елдерде эквивалент міндетін көбіне мал атқарды. Айтар болсақ, Ежелгі Ресейде князь қазынасы "малхана", ал қазынасын ұстаушы «малшы» деп аталды. Әрине, мұндай қарадүрсін әрі ыңғайсыз эквиваленттер бірте-бірте қолайлылау түрлеріне орын беріп отырды.
Қолайлы эквивалент эквивалент айырбас тәжірибесіне сәйкес мейлінше айқын қасиеттерге ие болуға тиіс. Біріншіден –бертектілігі сапасының теңделілігі, екіншіден - беріктілігі мен сақталғыштығы, үшіншіден - кез-келген бөлікке бөлінгіштігі, төртіншіден- тұтастығы, бесіншіден – тұрақты болуы.
Олай болса, аталмыш курстық жұмыстың басты мақсаты- ақшаның пайда болуы және оның мәні ақша қызметтері жән олардың қазіргі жағдайдағы дамуы,
Ақша
айналыс құралы ретінде дамуының
ерекшелігін ашу болып отыр.
1 АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтканда бұл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс және т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы жэне мәні туралы ортак пікір жоқ. Бірақ та ақшаны аныктаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға белуге болады: рационалистік және эволюциялық.
Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) акшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітуінің нэтижесі ретінде түсіндіреді, яғни акшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тәуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн - бұл олардың салыстырмалы өрнектелуі немесе сатып алушылық күны.
Құн тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықталуы мүмкін екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді. Тауар - бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны және құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) болады. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құнының әр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының әр түрлі формаларының ақырындап алмасуы нәтижесінде жүзеге асты, яғни қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде, яғни тауардың бір түрін басқасына қарапайым айырбастау кезінде (1 қой = 1 қап бидай) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне карама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қабілеті соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар;
- толық
немесе жайылыңқы формадағы
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде әр түрлі тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халкы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары - малды, егін егуші халықтар - астықты, қалаларда - металлы, яғни темірді, қорғасынды, бағалы металдарды және т.б. қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығыстырған жағдайда ғана, ол ақшаның жалпы баламасы рөлінде бола алады. Мұндай ығыстыру аяқталған соң, арнайы тауар пайда болады, оның нақты формасымен жалпы балама формасы бірігеді де, бұл тауар «ақша» деген атауды алады:
құнның
ақшалай формасы ары қарайғы
айырбас нәтижесінде жалпы
Сондықтан да ақшаның мәні мынада болады, яғни тауарлық өндірісі мен айырбасы нәтижесінде тауарлық әлемнен нақты формасы бар бір арнайы тауар бөлініп шығады.
Ақшаның
мәні үш қасиеттің біртұтастығымен
өрнектеледі: ақшаның жалпы тікелей
айырбасталу қасиеті бар, яғни оны
тауарлар мен қызметтер үшін төлем
құралы ретінде әрқашан және барлық жерде
ешқандай шектеусіз қабылдануы тиіс, негізінен
ақша тауардың айырбас құнын бейнелейді.
Соның көмегімен тауардың бағасы анықталады,
ол айырбасты қамтамасыз етеді және әр
түрлі тұтыну құны бар әр түрлі тауарларды
сандық тұрғыда салыстырады; ақша тауарда
жинақталған жалпы жұмыс уақытының көрінісі
болып табылады, жұмыс уақытының шығындары
арқылы тауарлар құны ақшамен өлшенеді.
1.1 Ақшаның формалары мен түрлері
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақшаның материалдық-заттық ерекшеліктеріне сәйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.
Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылық құнымен сәйкес келетін акша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың кұрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.
Толыққұнды емес ақша - сатып алушылык құны ақша қаты-настарынын тасымалдаушысы ретіндегі тауар кұнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.
Ақша өзінің даму эволюциясында мынандаи сатыларды етті:
Металл ақшалар - бұл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдык құны (оларға қойылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік, содан соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.
Монета - бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.
Мемлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.
Металл ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-IV ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген металл құймалар айналымға шықты.
Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.
Өз бейінін монетада кескіндеген тұлға А. Македонский болды.
Айналымға сәйкестендірілген, стандартты монеталардың енгізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құралы қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайындалды.
Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып бөлінеді. Толыккұнды монеталар бағалы металдардан және олардың қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.
Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардағы номиналдык құн құрамындағы металл қүнынан асып кетеді.
Монеталарды
құю эмиссия ретінде