Акша

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 11:35, реферат

Описание работы

Ақшалар - тауарлары өндіріс пен айырбастың ұзақ мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады. Қоғам дамуының алғашқы сатыларында қарадүрсін «өндіріс» нәтижелерімен айырбас болғандықтан ақшаға қажеттілік те болған жоқ.
Алайда, қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуына қарай жағдай түбірімен өзгерді. Егіншілік пен мал өсірумен айналасудың дайын өнімдерін жинау мен ақшалықтан бөлшеленуі, және бұдан соң кәсіптің егін өсіруден бөлінуі өнімдердің айырбас үшін өндіріле бастауына, яғни тауар түрін табуына жеткізді. Уақыт өткен сайын тауар көбейіп айырбас та тұрақты жүре бастады. Енді әрбір тауар өз құнын өзге көптеген тауарларды көрсетуге, яғни оның көптеген тауарларға айырбастала алатын теңдігін бойына сіңіре бастады. Бірақ мұндай жағдай тұрақты айырбас жағдайында ұзақ уақыт сақталып қалуы мүмкін еместі. Тауар өндіруші өз өндіргеніне керекті тауарды айырбастап алу үшін айырбастап алу үшін бірнеше мәрте атқаруға мәжбүр болады. Бұл шаруашылық айналымын баяулатып, күрделендіре түсті.
Жалпыға бірдей эквиваленттің, яғни алғанда өзге барлық тауарлардың құнын білдіретін және оларға тұрақты түрде айырбастап отыруға қабілетті тауардың - айырбастың ең бірінші әрі үлкен қиыншылығы болды. Бұл сан қырлы тауарлар әлемінің жалпыға ортақ эквивалент қажетіне ие ерекше тауар бөлініп шығуы арқылы шешілді. Әрине, бұл сұрапыл экономикалық адамдардың ерік-жігерінен тысқары өткен болды,
Ең алдымен мұндай жалпыға ортақ эквивалент міндеті сол халық пен сол тарихи кезеңнің ең бір маңызды тауары атқарды. Оларды құнды аң терлері (мехтар), түз немесе теңіз ұлуары және тіпті тірі адамдар (құлдар) ретінде көріне алатын. Бірақ мұндай өзгеше эквиваленттер ереже емес, ерекше жағдайлардың болатын көптеген елдерде эквивалент міндетін көбіне мал атқарды. Айтар болсақ, Ежелгі Ресейде князь қазынасы "малхана", ал қазынасын ұстаушы «малшы» деп аталды. Әрине, мұндай қарадүрсін әрі ыңғайсыз эквиваленттер бірте-бірте қолайлылау түрлеріне орын беріп отырды.
Қолайлы эквивалент эквивалент айырбас тәжірибесіне сәйкес мейлінше айқын қасиеттерге ие болуға тиіс. Біріншіден –бертектілігі сапасының теңделілігі, екіншіден - беріктілігі мен сақталғыштығы, үшіншіден - кез-келген бөлікке бөлінгіштігі, төртіншіден- тұтастығы, бесіншіден – тұрақты болуы.
Олай болса, аталмыш курстық жұмыстың басты мақсаты- ақшаның пайда болуы және оның мәні ақша қызметтері жән олардың қазіргі жағдайдағы дамуы,
Ақша айналыс құралы ретінде дамуының ерекшелігін ашу болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….....….…..3

1 АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ………………………..............5

1.1 Ақшаның формалары мен түрлері………………………………………….......7

2 АҚША ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ

ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ …...........................................................................................14

2.1 Ақша айналыс және төлем құралы………………………………....………...16

2.2 Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде…………………….......19

3 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АҚША ҚЫЗМЕТІ………………………….......…………. .…......21

3.1 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні……………....……............... .22

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………….....….……...…..28

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………...………………………......………......30

Работа содержит 1 файл

Акша.DOC

— 170.00 Кб (Скачать)

   Ақшаның рөлі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын  өрнектеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К. Маркс табиғат  ақшаны жасамайды деп атап көрсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан  берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін оте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

   Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

   Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен  салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

   Алтынды өндіру — өте қиын әрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін орташа терендігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өңдеу керек.

   Алтынның  негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (әлемдік өндірістің 1/3 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.

   Қазақстанда көптеген алтын кеніштері бар, шамамен  алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

   Тауарлық  өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының  өсуіне әкелді. Толыққұнды ақшалар шектеулі саны және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықтың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар өндірісін қуып жете алмады, ақшаға деген сұранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақ-шалар құны бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмас-тыру қажеттілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге қетқен еңбектің шынайы құныпан жоғары болады.

    Оларға ұсақ монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

   Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардын өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады және бұрын-соңды айналымда болған күміс және алтын монеталардың орынбасарлары ретінде әрекет етті. Айналым барысында металл ақшалар қөшті және тозды, бастапқы формасы мен құнын жоғалтты, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау және тауарларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайлы. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын ақша белгілері болып табылады.

   Қағаз ақшалардың өзіндік құны жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сәйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тен құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиыннан ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

   Табиғаты  бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына сәйкес қелмеуі нәтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияга әқеледі.

   Әрбір егеменді мемлекет өзінің ұлттық валютасын, яғни өз атауы бар, әр түрлі қупюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шығарады. АҚШ өз валютасын - доллар, Ресей - рубль, Қазақстан - теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мынада жатыр, яғни біріншіден, оларды үрлап алу өте оңай, екіншіден, оларды тасымалдау өте қымбатқа түседі.

   Өндірістің  дамуы, коммерциялық және банктік несиелеу саласының кеңеюі нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен катар несиелік қағаздар пайда болды.

   Қағаз ақшалар сатып алу жэне төлем  құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін арналған. Қазақстандағы  олардың эмитенттері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны жэне оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемлекеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана аткарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

   Қағаз — ақша айналымы үнемі көмекші  сипатта болады. Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар несиелік ақшалар әрекет етеді.

   Несиелік  ақшалар айналымдагы толыққұнды ақшаларды алмастыратын жэне несие белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның өрнегі. Несиелік ақшалардың негізгі элементі болып банк жүйесі есептеледі.

   Тауарларды  сатып алу бойынша ірі мәмілелерге  банктердің несие беруі қағаз  ақшаларды алмастырады, яғни несиелік ақшалар тауар айналымының қажеттілігін қанағаттандырады.

   Несиеліқ  ақшалар өз дамуында мынандай сатылардан өтті: вексель, банкнота, чек, электронды ақшалар және олардың соңғы түрі - несиелік және пластикалық қарточка.

   Вексель - бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі карыздық міндеттеме. Вексельдер жай және аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Аудармалы вексель (тратта) - вексель беруші кредитордың (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетті тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көмегімен төленуі мүмкін, ол қосымша бегтегі вексельде және аллонжда «аваль ретінде есептеу» деген жазумен ресімделеді.

   Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мәміле түрі жөніндегі акпараттың жоқтығымен; вексельдің міндетті төлемін көрсететін даусыздығымен; айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде баска кредиторларға беруге болатындығымен сипатталады.

   Демек, вексель несие және акшалық есеп айырысу құралы ретінде әрекет етеді. Ол несиеге қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен төлеуді қамтамасыз етеді.

   Вексельдерді  пайдалану айналым шығындарын үнемдеуге  ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда  вексель астық шаруашылығында қолданылады. Вексель берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар Азық-түлік корпорациясына жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару міндеттемесін өз мойнына алады.

   Вексельді айналым нәтижесінде банкноттық айналым пайда болды. Банкнота - бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексельден екі маңызды көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарылады, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды және жеке тұлға шығарады.

   Қазақстандағы банкноттардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар Республиканың аумағында ұлттық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын түріндегі материалдық қамсыздандырылмаған, бірақ банкноттардың несиелік негізі бар, өйткені олар банктік несиелеу ережесіне сәйкес шығарылады және қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.

   Банкноттық  айналым кеңістіктегі несиелік ақшалардың әрекет етуін кеңейтуге мүмкіндік берді және де банкноттардың айналыс құралы қызметін атқаруын қамтамасыз етті. Несиелік ақшаның келесі түрі чек болып табылады.

   Чек - бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақшалай құжаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға (ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді әрекеттегі ақшалай құжат ретінде заңды төлем құралы мәртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және халыкаралық есеп айырысуларда қолданылады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.

   Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар мен қызметтер үшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолма-қолсыз есеп айырысу формасы ретінде қолданылады.

   Есеп  айырысу чектері ордер сипатында  болады. Шот иелеріне арнайы чек  кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кітпшаларындағы чектер тауарлар мен көрсетілген қызметер үшін қолданылады.

   Банк  қызметіне механикаландыру мен  автоматтандыруды енгізу, банктік есеп айырысу тәжірибесінде ЭЕМ мен компъютерлерді кен қолдануға өту электрондық ақшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компьютер жадындағы шоттарда ақшаның болуы, қолма-қол ақшалар мен чектерді несиелік карточкалармен алмастыру. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған микро-сызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады. Пластикалық карточкалардың иелері тауарларды сатып алып және қызметтерге төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тұтынушылық мақсатта банктерден қысқа мерзімді несиелерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық қарточкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік және саудалық қарточқалар өте қең таралған.

   Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең  тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, ұйымдар өз қызметкерлерінің банктік шотгарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындагы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.

   Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды «Интернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды. 

   2. АҚШАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕГІ ТҮСІНІГІ

   2.1. Ақшаның  қызметінің өзіндік ерекшелігі

   Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар  айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

   Құнның  өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның  барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі  қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда  делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

   Ақша  құн өлшемі қызметін идеалды, оймен  ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

   Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол  ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам енбегінің өнімі.

   Ақша  түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық  құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

     Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент  ретіндегі ақшаның тауарға деген  қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.

   Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі  ақша қызметтерінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі -мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңыменен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.

   Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен  алтынның тройск унциясына (31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973 жылдардағы доллардын девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейін жетті.

   Арнайы  баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының  арасы алшақ болып кетуіне  байланысты өзінің экономикалық мағынасын  жоғалтты.

Информация о работе Акша