Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа
Курстық жұмыста қозғалған мәселелер нарықта еркін қозғалатын қарапайым және әлеуетті қарапайым акцияларына ие болатын немесе сондай құралдарды шығару үрдісі үстіндегі ұйымдармен байланысты және халықаралық стандарттарда көрсетілген принциптерді біздің еліміздегі ұйымдарға енгізе келе бірегей ақпараттарды беру немесе қазіргі таңда қолданылып отырған әдістерді жақсартумен, әр түрлі кәсіпорындардағы қызметтерінің көрсеткіштерінің бір есеп беру уақытында сәйкес келуімен айналысады.
Кіріспе..........................................................................................3
І. «Акцияға келетін пайда» стандартына сипаттама.
Акция ұғымы және түрлері....................................................5
«Акцияға келетін пайда» стандартының мақсаттары мен қолданылу ортасы..................................................................8
ІІ. Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы.
2.1. Акцияға келетін базалық пайда есебі.....................................10
2.2. Акцияға келетін азайтылған пайда есебі................................16
2.3. Ақпараттың ашылуы мен берілуі...........................................23
ІІІ. Жетілдіру жолдары................................................................25
Қорытынды мен ұсыныстар..........................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................29
Құқықтардың
өздері жүзеге асырылу мерзімі алдында
акциялардан дербес енркін айналыста
жүруі нақтылай есеп жүргізу мақсатында
әділетті құн акциялардың құқықтармен
бірге сатылған кездегі соңғы
жабылу күніндегі курспен анықталады.
2.2. Акцияға
келетін азайтылған пайда есебі
Қарапайым акциялар ұстайшысына келетін таза пайда сомасы және кезең бойы айналыста жүрген жай акциялардың орташа есептелген саны барлық азайтушы әлеуетті қарапайым акциялар әсерлерін ескере акцияның келетін азайтылған пайдасы табылады.
Акцияға келетін азайтылған пайданың талабы азайтушы әсері бар келісім-шарттарды қарапайым акцияларға конвертациялануы кезінде пайда болатын нәтиженің зиян не пайда мөлшеріне әсер етуін ескере негізгі акцияға келетін пайданың түзетілуі болып табылады. Оған мысал ретінде салық төленгеннен кейінгі конвертацияланған қарыз бойынша пайыздарға құн қосылуы және де конвертация себебінен акциялардың орташа санының жоғарлауын айтуға болады.
Акцияға келетін азайтылған пайда (зиян) мөлшері акционерлік қоғамдардағы қарапайым акцияға келетін пайданың максималды мүмкін төмендеу деңгейін (зиянның үлғаюы) акционерлік қоғамдарда келесі жағдайларда көрсетіледі:
Әлеуетті
және нақтылы акционерлерге
Пайданың азаюы оның акцияның бөлінуі (бірігуі) және акцияның әділетті құнынан төмен бағамен шығарылуынан басқа, болашақта қарапайым акциялардың қоғамда сәйкесінше ұлғаюынсыз әсерінен азаюы (зиянның көбеюі) деп түсіндіріледі.
Азайтатын әсері бар келісім-шарттарды қарапайым акцияларға конвертациялағаннан кейін конвертацияланатын келіс-шарттарға жататын дивидент, пайыз және басқа да табыстар мен шығындар таза табысты есептегенде ескерілмейді, яғни осы конвертацияланатын келісім-шарт бойынша танылған шығындар сомасында таза табыс. Оның орнына қарапайым акциялар ұстаушыларына келетін таза табыс алу құқығына ие болады.
Акцияға
келетін азайтылған пайда есебі келесі
формуламен анықталады:
Акцияға келетін азайтылған пайда = таза пайда (азайтылған)
=түзетілген базалық
табыс ;
түзетілген АОС
Акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін қарапайым акциялар ұстаушыларына келетін табыс не зиянды салық салынғаннан кейінгі әсерді ескере түзету керек:
Мысалы 3 облигация 1 акцияға есебі бойынша, облигациялар қарапайым акцияларға конвертациялануы мүмкін. Конвертация нәтижесінде 250 қарапайым акция алынды.
Акцияға келетін базалық пайда | Акцияға келетін азайтылған пайда | |
Кезең ішіндегі таза пайда | 2600 | |
Айналыстағы қарапайым акциялар | 1000 | |
Акцияға келетін базалық пайда | 2.6 | |
Облигациялар бойынша марапаттауды төлеуге кеткен шығындар | 40 | |
Марапаттауды төлеу бойынша ағымдық және қалдырылған салықтар | 14 | |
Кезең ішіндегі түзетілген таза пайда: 2600+40-14 | 2626 | |
Конвертациядан кейінгі акциялар саны:1000+250 | 1250 | |
Акцияға келетін развод пайдасы: 2626/1250 | 2.1 |
Акцияға келетін пайда көрсеткішін есептегенде есептік кезеңдегі таза табысты, мысалда көрсетілгендей, акцияға конвертацияланатын келісім-шарттарды орындағандағы әсерін анықтау үшін қолданады: олар азайтатынға қарсы әсер көрсетеді
Қарапайым акцияларға конвертацияланған әлеуетті қарапайым акцияларға жататын дивиденттер, пайыздар және басқа да табыстар мен зияндар болашақта есептелмейді. Оның орнына жаңа қарапайым акция иелері қарапайым акцияларға тиесілі таза табыс алу құқығына ие болады. Сонымен, кезеңді қарапайым акция иелеріне келетін азайтылған әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға конвертациялау арқылы үнемдеп, дивиденттер, пайыздар және басқа табыстар мен шығындар сомасына ұлғайтады.
Пайданың белгіленген жолымен жасалған түзетулерге ескеретін жиналым, шегерім және сыйақылар – бұл әлеуетті қарапайым акцияларға жатқызылатын шығындар.
Дивиденттер, пайыздар және басқа да табыстар мен шығындар сомасы ұйыммен төленетін және оларға тиісті салықтарды ескере түзетіледі.
Ал облигациялар қарапайым акцияларға конвертацияланған жағдайда, сол облигациялар бойынша марапаттауға кететін шығындар қысқарады, яғни сол көлемде ұйымның таза пайдасы ұлғаяды. Екінші жағынан, облигация бойынша марапаттауға кететін шығындар табыстан алынатын салық базасын төмендетеді, сол арқылы ұйымның табыс салығы төлейтін сомасын кішірейтеді. Нақты жағдайда акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін таза пайда облигациялар бойынша марапаттау сомасына ұлғайып салықтық үнемдеу сомасына азаяды.
Акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін қарапайым акциялар саны акцияға келетін базалық пайданы табу мақсатын көздеген орташа есептелген акциялар саны болуы керек, оған қоса барлық азайтатын әсері бар әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға конвертациялануы тиіс немесе кейінірек, яғни әлеуетті қарапайым акциялар шығару мерзіміне. Қарапайым акцияларға конвертацияланатын әлеуетті қарапайым акциялар азайтатын әсері бар деп тек олардың конвертациясы акцияға келетін пайда мөлшерін төмендеткен жағдайда ғана саналады.
Конвертация коэффициенті немесе шығарылу шарттары немесе келісім-шартпен анықталған опционның орындалу бағасы белгілі бір уақыт бойы ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда акцияға келетін азайтылған пайданы есептегенде әлеуетті қарапайым акция ұстайшының көзқарасы жағынан ең тиімді коэффициенті немесе орындалу бағасы қолданылады.
Мысалы, АҚ 2004 жылдың 1-қаңтарынан бастап конвертациялық коэффициенті әрбір облигацияға 10 қарапайым акция болатын облигациялар шығарды. Ол 2005 жылдың 1-қаңтарынан бастап. 2006 жылдың 1-қаңтарынан 12 қарапайым акция 1 облигацияға конвертацияланды, 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап – 15 қарапайым акция. Акцияға келетін азайтылған пайданы есептегенде 1 облигацияға 15 қарапайым акция коэффициентін қолданады.
Кезең бойы айналыста жүрген қарапайым акциялар саны айналыстағы барлық әлеуетті қарапайым акциялар санын конвертациялағандағы қарапайым акциялар санына ұлғаяды.
Акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін кезең бойы айналыста жүрген қарапайым акциялар санын анықтағанда айналыстағы акциялар санын есепке алу керек:
1) әлеуетті қарапайым акциялар кезең бойы айналыста болған орташа есептелген акциялар санының есебіне қосылатын кезең:
а) есепке алу мерзімінің бастамасы – не есепті кезең басынан, не акция, опцион. Варрантқа конвертацияланатын әлеуетті қарапайым акцияларды шығару мерзімінен бастап, егер бұл мерзім есепті кезең бастамасынан кешірек болғанда. Мысалы, егер облигациялар 2001 жылға болса, онда осы облигацияларға конвертацияланатын акциялар 2002 жылдың қаңтарынан есепке алынады. Егер есеп беру 2001 жылға болса, онда әлеуетт қарапайым акциялар 2001 жылдың қыркүйегінен есепке қосылады;
ә) есептен шығарылу мерзімі – егер есепті кезең бойы әлеуетті қарапайым акция ұстаушыларының қарапайым акцияларды иелену құқығы тоқтатылса (мысалы, құнды қағаздар қарапайым акцияларға конвертациялану мерзімінің аяқталуы, келісім-шарт күшінің тоқтауы, опционның қызмет мерзімінің аяқталуы, т.с.с.), әлеуетті қарапайым акциялар сондай құқық берілген кезде есепке алынады. Мысалы, егер облигациялардың қарапайым акцияларға конвертациялануының соңғы мерзімі – есепті жылдың 1-қазаны, онда олар есепті жылдың 9 айы ішінде есепке алынады.
2)
конвертациядан кейін
Акциялар өз әділетті құнынан төмен бағада шығарылған кезде, кезең бойы айналыста жүрген орташа есептелген акциялар санын есептеу үшін олардың санын түзету керек. Ол үшін орналастырылатын акциялар әділетті құнымен төленеді, дегенмен олардың саны сәйкесінше азаяды. Сонымен бірге, акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін акцияларды конвертациялану арқылы шығарған кезде олардың бір бөлігі тегін деп болжанады. Акцияға келетін азайтылған пайданы есептегенде тек тегін орналастырылған акциялар ғана саналады.
Ұйым акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін азайтатын әсері бар опциондарды және басқа да азайтатын әсері бар әлеуетті қарапайым акцияларды орындауға жол беру керек. Мұндай шығарылған акциялардан келіп түсетін ақша қаражаттары әділетті құнымен шығарылған акциялардан келіп түскен қаражаттар ретінде қарастырылуы тиіс. Шығарылған акциялар саны мен әділетті құны бойынша шығарылған акциялар санының арасындағы айырма ешбір материалдық қайтарымсыз шығарылған акциялар ретінде саналуы тиіс. Бұл мақсаттар үшін әділетті құн кезең бойындағы қарапайым акциялардың орташа баға негізі бойынша есептеледі.
Опцион келісім-шарты немесе басқа келісім-шарттар екеулі ретінде қарастырылады, егер олардың нәтижесі ретінде қарастырылады, егер олардың нәтижесі ретінде қарапайым акциялардың әділетті құнынан төмен бағамен шығарылуы болса, онда әділетті бағасымен шығарылған акциялардың бөлек бөдшегі көрсетіледі, ал екіншісі – бағасыз шығарылған акциялар.
Мысалы, опциондағы болжам бойынша, 1 акцияға 250 теңге келетін 1 жылға жасалған орташа сандық есеп бойынша 12000 қарапайым акция шығарылмақшы. Опционды өтеген кездегі әділетті құны бір акцияға 300 теңгені құрады. Салық бойынша шығындарды шегергендегі опционға кеткен қызмет шығындары 320000 теңгеге теі болды (яғни опционды қарапайым акцияға конвертациялау бойынша шығындар).
Акцияға келетін базалық пайда | Акцияға келетін азайтылған пайда | |
Кезең ішіндегі таза пайда | 4520000 | 42000 |
Кезең бойы айналыста жүрген орташа алынған акциялар саны | 480000 | 492000 |
Акцияға келетін базалық пайда | 9.42 теңге | |
Әділетті құнымен шығарылған акциялар саны | (10000) | |
Акцияға келетін азайтылған пайда | 8.71 теңге |