Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 17:35, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыста қозғалған мәселелер нарықта еркін қозғалатын қарапайым және әлеуетті қарапайым акцияларына ие болатын немесе сондай құралдарды шығару үрдісі үстіндегі ұйымдармен байланысты және халықаралық стандарттарда көрсетілген принциптерді біздің еліміздегі ұйымдарға енгізе келе бірегей ақпараттарды беру немесе қазіргі таңда қолданылып отырған әдістерді жақсартумен, әр түрлі кәсіпорындардағы қызметтерінің көрсеткіштерінің бір есеп беру уақытында сәйкес келуімен айналысады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................3
І. «Акцияға келетін пайда» стандартына сипаттама.
Акция ұғымы және түрлері....................................................5
«Акцияға келетін пайда» стандартының мақсаттары мен қолданылу ортасы..................................................................8

ІІ. Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы.
2.1. Акцияға келетін базалық пайда есебі.....................................10
2.2. Акцияға келетін азайтылған пайда есебі................................16
2.3. Ақпараттың ашылуы мен берілуі...........................................23
ІІІ. Жетілдіру жолдары................................................................25
Қорытынды мен ұсыныстар..........................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................29

Работа содержит 1 файл

Акция курс.doc

— 231.50 Кб (Скачать)

      
 
 
 
 

    ІІ. Акция келетін пайданы есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы.

    2.1. Акцияға келетін базалық пайда есебі. 
     

    Акцияға келетін базалық пайда есептік кезеңдегі таза пайданың (зиянның) сол кезеңдегі орташа алынған қарапайым акциялар санына бөлу арқылы табылады.

    Базалық пайданы анықтау. Мысалы, есептік кезең ішінде ұйым 1000000 теңге мөлшерінде пайда тапты. Артықшылығы бар акцияларға 350000 теңге сомасында дивиденттер есептелді. Есептік кезең ішінде базалық пайдасы: 1000000-350000=650000 теңге.

    Акцияға келетін пайданы есептегендегі келесі қадам есепті кезеңдегі орташа акциялар саны анықталады.

    Есептеу алгоритмі келесідей болады:

  1. әр айдың 1-ші күнінде айналымдағы қарапайым акциялар санын қосу;
  2. алынған көрсеткішті есепті кезеңдегі акциялар санына бөлеміз.

    Мысал 1.

    1.01.05 айналымда 2000 қарапайым  акциялар болған. Шілде айында және  қосымша 200 акция  орналастырылды. Қазан  айында акционерлік қоғам акционерлерден 400 акциясын сатып алды. Демек, 2005 жылы айналымда 2033 акция болған.

Күні Акциялар  саны Акциялардың орташа саны
1.01 2000  
1.02 2000  
1.03 2000  
1.04 2000  
1.05 2000  
1.06 2000 2000*6ай=12000
1.07 2200  
1.08 2200  
1.09 2200  
1.10 2200 2200*4ай=8800
1.11 1800  
1.12 1800 1800*2ай=3600
    (12000+8800+3600)/12=2033

    Сонымен, акцияға келетін  базалық пайда  мөлшері келесідей  болады:

    650000/2033=319,72 теңге.

    Акцияға келетін пайданы есептеудің барлық жағдайларында негіз ретінде есепті кезеңдегі айналымда жүретін қарапайым акциялардың орташа саны алынады. Есепті кезең ішіндегі шығарылған немесе сатып алынған акциялар айналым санына әсер етеді және шамалары орташалануы тиіс.

    Акциялардың орташа шамасына акциялар, әдетте, дебиторлық берешектің төлеуі бойынша пайда болғанда есепке алынады (акциялар шығарған кезден бастап). Сонымен бірге акцияның шығарылуымен байланысты кез келген шарттарды есепке алу керек:

Жағдайлар Есепке  алынуы
Ақша  қаражаттарымен төленетін  қарапайым акциялар Дебиторлық берешектің оны төлеуі бойынша пайда болуы
Акциялармен төленетін дивиденттер Дивиденттерді қайта инвестициялау  күнінен бастап
Міндеттемелік құралды жай акцияға  ауыстыру Пайыздарды  есептеуді тоқтату  күнінен бастап
Пайыздарды  не басқа қаржылық құралдардың негізгі сомасын төлеу үшін шығарылған жай акциялар Пайыздарды  есептеуді тоқтату  күнінен бастап
Міндеттемелерді орындау үшін шығарылған жай акциялар Міндеттемелерді орындау күнінен  бастап
Ақшалай емес активтерді сатып  алуға жұмсалған  соманы төлеу үшін шығарылған жай акциялар Алған активті мойындау күнінен бастап
Қызметтерді төлеуге арналған жай акциялар Көрсетілген қызметтің нақты  мойындалуы

    Осы және басқа да жағдайларда  қарапайым акцияларды есепті кезең айналысындағы  орташа есептелген акциялар құрамына алу олардың шығару шарттарын ескере келе нақты жағдайға байланысты анықталады.Акцияның шығарылуына байланысты кез келген шарттар мазмұнын есепке алу керек.

    Иеленген  кезден бастап қарапайым  акциялар бизнесті біріктіру  кезінде орташа есептелген акциялар санына қосылады. Бұл сатып алушы алған ұйым қызметінің көрсеткіштерін дәл осы сәттен бастап есепке енгізгенмен байланысты.

    Қарапайым акциялар толығымен  төленбеген кезде, онда олардың шығарылу үрдісінде жарым-жартылай төленген акциялар қарапайым  акциялардың үлесі ретінде қаржылық кезең ішінде толық төленген қарапайым акцияларға тиесілі, дивидент алуға ие құқығы мөлшерінде есептелінеді.

    Белгілі бір шарттарды (шартты түрде шығарылған акциялар) орындағаннан кейін шығарылған қарапайым акциялар кезең ішінде айналыста жүр деп есептелінеді және шығарумен байланысты барлық шарттарды орындағаннан кейінгі сәттен бастап акцияның базалық пайда есебі алынады.

    Әлеуетті  қарапайым акциялардың  конвертациялануының  арқасында айналыстағы  қарапайым акциялар санының өзгеруі  активтерде сәйкесінше өзгермуінен басқа, кезең ішінде және басқа белгіленген уақытта айналыста жүрген орташа есептелген қарапайым акциялар саны болып жатқан корпоративті оқиғаларды ескере түзетілуі тиіс.

    Қарапайым акциялар шығарылуы  немесе айналыстағы  акциялар саны активтерде сәйкесінше өзгертілуінсіз келесі жағдайларда қысқартылуы мүмкін:

  1. қорлану немесе жеңілдіктер негізінде акциялардың орналастырылуы (дивиденттер акция ретінде);
  2. кез келген шығарылымындағы жеңілдіктер, мысалы, бар акционерлерге құқық шығарудағы жңілдік элементі;
  3. акциялардың бөлінуі;
  4. акциялардың қайта бөлінуі (акциялардың бірігуі).

    Акциялардың бөлінуі – акционерлер акцияның номиналды құнын төмендетіп, ал ол өз кезегінде нарықтағы бағасын төмендету арқылы оладың өнімділігін жоғарлату үшін жасалынатын іс-шара.

   Акциялардың бірігуі (консолидация) – бөлінуге қарағанда аз тараған және акциялардың номиналды құнының жоғарылауы олардың санының азаюымен бір уақытта жүретіндігі.

      Қарапайым акциялар бар акционерлердің арасында ешбір қосымша  төлемсіз келесі жағдайларда орналастырылады:

    • қорлануы кезінде;
    • жеңілдіктер негізінде акциялардың шығарылу кезінде;
    • акциялардың бөлшектенуі кезінде.

      Сонымен бірге, айналыстағы  қарапайым акциялар саны кәсіпорынның активтерін өсімсіз ұлғайтады. Осы берілген оқиғаға дейінгі кезең ішіндегі айналыста болған қарапайым акциялар санының пропорционалды өзгеруімен ескере түзетіледі, демек, ол оқиға берілген уақыт ішіндегі ең ретелерінде болған кезде болуы мүмкін. Мысалы, «екеудің орнына біреу» жеңілдіктер шартымен акциялар шығарылған кезде, орналастырудың көрсетілген уақытына дйінгі айналыста болған акциялар саны басқа жаңа акциялар санын алу мақсатында 3-ке тең коэффициентіне көбейтіледі немесе қосымша акциялар санын алу үшін 2-ге тең коэффиентке көбейтіледі.

мысал  
1-қаңтард. Бастапқы қалдық 100000 қарапйым акциялар
1-сәуірде. Шығарылым 20000 акциялар 200000
  120000
1-шілде. 12000 өздерінің акцияларын сатып алды 12000
  108000
1-қазан. 20% акцияларды дивидент түрінде шығарғаны туралы хабарлады 21600
  129600
1-қараша. Алдын шығарылған 9000 акцияларды қайта орналастырды 9000
  138600
1-желтоқсан.  Акциялардың бөлінуі,  қатынасы 2:1 138600
31-желтоқсан.  Жыл соңындағы  қалдық 277200 қарапайым акциялар

        

2004 жылғы мерзімдер  Жыл бөлшегі Айналыстағы акциялар Акциялармен төленетін дивиденттер Акция

лардың

бөлінуі

Кезең бойы айналыста       жүрген орташа есептелен  акциялар саны
1-қаңтар-1-сәуір 3/12 100000 1.20 2 60000
1-сәуір-

1-маусым    

2/12 120000 1.20 2 48000
1-маус.-

1-қазан

4/12 108000 1.20 2 86400
1-қазан-

1-қараша

1/12 129600   2 21600
1-қараша-

1-желтоқ.

1/12 138600   2 23100
1-жетоқ.-

31-желто.

1/12 277200     23100
          262200 акциялар
 

     Қарапайым акцияларды шығару құқықтарды жүзеге асырғанда немесе әлеуетті қарапайым акцияларды қарапайым акцияларға конвертациялау көмегімен орындалады және ол бонустік (сыйақы) эленменттің пайда болуына алып келмейді. Ол әлеуетті қарапайым акциялардың шығарылуы олардың құнын толық төлеу арқылы және соның негізінде ұйым ресурстарының пропорционалды түрде өзгеруі арқылы түсіндіріледі. Көбінесе құқықтарды шығару барысында опционның орындалу бағасы акцияның әділетті құнынан төмен болады. Сонымен, құқық шығарылуының мұндай түрі сыйақылық элементті кірістіреді. Құқық шығаруға дейінгі барлық кезеңдерге акцияға келетін базалық пайдасын есептеуде қолданылатын қарапайым акциялар саны коэффициентке көбейтілген құқық шығарылғанға дейінгі айналыстағы қарапайым акциялар санына тең болуы керек: 

құқықты жүзеге асырудың алдындағы  акциялардың әділетті құны

құқық шығарылмаған акциялардың есептелген әділетті құны 

мұндағы –  

                                                                                                                                                                            

                                      құқықты жүзеге           +  құқықты жүзеге                                                                                        

                                      асырғандағы түсімдер    асыру  алдындағы                                                    

                                                                            акциялардың                                     

құқық                                                                   әділетті құнының                                         

шығарылмаған           =                                         жиынтығы                                                   

акциялардың                          құқықты жүзеге асырғаннан кейінгі                                                                                          

есептелген  әділетті құны          айналыстағы акциялар саны                                                                                                       

Информация о работе Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы