Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:16, курсовая работа
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады.
КІРІСПЕ..........................................................................................3 – 5
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың құрылу ерекшеліктері және қызмет етуі..............................6-13
1.2 Акционерлік қоғамдардың Қазақстан экономикасындағы ролі..........................................................................................13- 18
2 «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АҚ – НЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 «Маңғыстаугеология» АҚ – мы туралы қысқаша мәлімет, оның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау......18-22
2.2 «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділігін талдау.......................................................................................22-28
3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 АҚ – дың өндірістік тиімділігін арттыру жолдары және стратегиялары..................................................................................29-33
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................34-35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ................................36
Кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау үрісі басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін құрал болып табылады. Оның міндеті – ұйымға жа– ңартулар мен өзгерістерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау барысында басқарушылық қызметтің төрт түрін бөліп көрсетуге
болады. Олар: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдастырылған стратегиялық болжау.
Ресурстарды бөлу – қор, басқарушылық қабілет пен технологиялық тә - жірибе сияқты шектеулі ұйымдық ресурстарды бөлуді құрайды. Стратегия – лық сипаттағы барлық әрекетімен қамтитын сыртқы ортаға бейімделу кәсіпо- рынның сыртқы ортамен қатынасын жақсартады. Кәсіпорын сыртқы қолайлы мүмкіндіктерге де, қауіп қатерлерге де икемделіп, стратегияның қоршаған ортаға жақсы бейімделуін қамтамасыз етуі қажет. Талданатын объектіге сыртқы факторлардың әсері үлкен. Бұлар – сала өнімін тұтынушылар, мемлекет саясаты, халықтың төлем қабілеті.
Ішкі үйлесу тиімді біріктіру мен ішкі операциялардың оң нәтижесіне жетуін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін стратегиялық қызметті үйлестіруді қамтиды.
Кәсіпорын стратегиясын жүзеге асырудың құралы ретінде оны дамыту- дың стратегиялық жоспарын жасау керек.
1- сурет. Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан стратегиялық жоспарлаудың сатылары
Фирма стратегиясы таңдап алынған соң жүзеге асыру жөніндегі күрде - лі жұмыс басталады. Ол үш міндетті атқаруға бағытталады. 1 –ден, ұйым жү- зеге асыратын стратегияға сәйкес әкімшілік міндеттерге басымдық беру. Бұл жұмыс ресурстарды бөлу, ұйымдық қатынастар орнату, көмекші жүйелер құ- ру және тағы басқа міндеттерге қатысты. 2 – ден, осы таңдалған стратегия мен ұйым ішіндегі үдерістер арасында сәйкестік орнату. Сәйкестік ұйымның мынадай сипаттамалары бойынша орнатылуы тиіс: оның құрылымы, ынта - ландыру жүйесі, мінез – құлық тәртіптері мен нормалары, ортақ құндылық- тар, менеджерлер мен қызметкерлердің мамандануы. 3 – ден, жүзеге асыры- латын стратегияға сәйкес лидерлік стиль мен ұйымды басқару тәсілдерін тал- дау. Осы үш міндет өзгерістер жасау жолымен орындалады.
Сонымен, кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан тиімсіз болмақ.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі күні нарықтық экономиканың қатаң заңдарына бейімделе алған тек қана 5000 – ға жуық АҚ – дар жұмыс жасайды. Бірақ, осы қоғамдардың қызмет ету жағдайы қандай, ол бастапқыда оған қойылған талаптарға сай келе ме: бағалы қағаздар эмиссиясын бағалы қағаздар нарығына орналастырып, нарық механизмдерін ескере ме?
Алғашқыда АҚ – дар (бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектісі ретінде) бағалы қағаздар нарығының қызмет етуіне әсер етеді деп болжанған, бірақ шындығында бағалы қағаздар нарығына қатысуда акционерлік қоғамдардың көп бөлігі, ең жақсы дегеннің өзінде, тек қана акция эмиссиясын тіркеумен ғана шектеледі. Сонымен қатар, кейбір акционерлік қоғамдар тіптен акция эмиссиясының мемлекеттік тіркеу құжаттарын да көрсетпеген. Акцияны шығару мен орналастыру қорытындысы бойынша есеп беруін де жарияламаған.
Курс жұмысын жазу барысында «Маңғыстаугеология» АҚ – ның мәліметтері қолданылған. Каспий теңізі ойпатында орналасқан «Маңғыстаугеология» АҚ – мы Қазақстандағы мұнай және мұнай өнімдерін игеру, пайдалану және мұнай өнімдерін бұрғылауға арналған құрал – жабдықтардың тетіктерін жөндеумен айналысады. Оның мұнай және газ игеретін кен орындары Приозерный, Қарақия ойпатында, Жетібай, Өзен қаласында орналасып, жақсы нәтиже беруде. Яғни, 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы таза табыс 178,7 пайызға өсті.
«Маңғыстаугеология» АҚ – ның 2005жылы жалпы табыс 321456,2 мың теңгені құрады.
Негізінде кез келген акционерлік қоғамның өмір сүру әдісі – акция шығару болып табылады және оның номиналды құны болуымен қатар, дивидент алуға құқық беруі тиіс, сондай – ақ акционерлік қоғамдар бағалы қағаздар нарығының дамуына жағдай жасауы тиіс.
Сонымен, Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың дамуында келесідей негізгі мәселелерді көрсетуге болады:
қарапайым халықтың көбінің акционерлік қатынастар мәселелерін түсінбеуі;
көптеген қоғамдарда акция «акция» болып табылмайды;
акционерлік қоғамдардың үлесінің көптігі;
Заңдық базадағы қайшылықтар
Осындай бірқатар мәселелерді шешу жолдары:
Заңдық базаны ретке келтіру;
Акционерлік істі білетін мамандарды дайындау (қаржыгерлер, брокерлер мен диллерлер, қаржы менеджерлері, т.б.)
Акцияның әлеуметтік қағидасын максималды түрде сақтай отырып, тарату керек.
Акционерлік қоғамды құрғаннан кейін салымшыларға қоғамның жағдайы туралы ақпарат беріп, акционерлік капиталдың жұмсалуын қатаң бақылау.
Міне, осындай мәселелерді шешудің бірден – бір жолы ретінде парламент акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталының минималды мөлшерін ұлғайту арқылы акционерлік қоғамдар қызметінің олардың инвесторлар үшін тартымдылығын көтеруді ұсынды. Менің ойымша, АҚ – ды басқаруды ұйымдастыру құрылымын әлі де болса жетілдіре түсінуіміз керек. Мысалы, талдау және болжам жасау бөліміне қарайтын маркетинг бөлімшесін коммерция бөліміне біріктіріп, керісінше коммерция бөліміне қарасты қоймалар бөлімшелерін қызмет көрсету бөліміне ауыстыру қажет, сонымен қатар осы жерде талдау және болжам жасау бөлімінің орнына тек қана қызмет көрсету бөлімі деп қалдыру қажет.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
1. Отчет. О научно-исследовательской работе. Разработка научно
рекомендаций повышению экономической и социальной эффективности АО в промышленности РК. Руководитель темы д.э.н., профессор К.О.Окаев
2. Абдулина А.М. Сборник научных проектов «Казахстан на пути к
новой модели развити», «маркетинг в Казахстане», Алматы, Экономика, 2000.
3. Уткин С. Акционеру все об АО. «Предприниматель и право»,1999,
№ 13, май.
4. Рынок Ценных Бумаг Казахстана, 1997 №4, Лабков А., стр. 37 - 42
5. Беквит Г. «Маркетинг услуг» 2006
6. Дуйсенбаев К.Ж. «Анализ финансового положения предпринимателя»,
1998, Алматы, Экономика
7. Управления Юстиций города Алматы, Центр обслуживания предпри –
нимательства об АО в РК
8. ҚР – ның «Акционерлік Қоғам туралы» Заңы, 2003. 13 мамырындағы
№ 415 – II, қарашадағы № 500 – II, 2004. 8 шілдедегі, № 72 – II ҚР-ның
заңдарымен енгізілген өзгертулер.
9. «Маңғыстаугеология» АҚ-ның материалдары: бухгалтерлік баланс,
баланс о доходах и расходах
10. Интернет сайттары: www.google.kz
www.kase.kz
www.5ballov.ru
11. Климкин С.И. Правовые формы предпринимательства в РК. Алматы,
1997.
12. Шиткина И.С. Правовое обеспечение деятельности акционерного
общества. Москва, 1997.
3