Акционерлік қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:16, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады.

Содержание

КІРІСПЕ..........................................................................................3 – 5

1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың құрылу ерекшеліктері және қызмет етуі..............................6-13

1.2 Акционерлік қоғамдардың Қазақстан экономикасындағы ролі..........................................................................................13- 18

2 «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АҚ – НЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1 «Маңғыстаугеология» АҚ – мы туралы қысқаша мәлімет, оның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау......18-22

2.2 «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділігін талдау.......................................................................................22-28


3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 АҚ – дың өндірістік тиімділігін арттыру жолдары және стратегиялары..................................................................................29-33

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................34-35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ................................36

Работа содержит 1 файл

Акционерлік қоғам. 35.doc

— 318.50 Кб (Скачать)

Акционерлеу процесінің қолайлы жақтарымен қоса теріс жақтары да бар. Дегенмен де, сол компанияның акцияларын сатып алу – сату объектісіне айналдыру туралы  шешім қабылдау, бұл шешімді іске асырумен байланысты біршама материалдық шығындардың жұмсалуын қажет етеді.

Акционерлік меншік формасы қосарланған салық салуға, яғни салықты корпорацияның пайдасынан іздестіруге, корпорацияның салық төлегеннен кейінгі қалатын және акционерлер арасында бөлінетін пайдадан алуға мүмкіндік жасайды. Шаруашылық қызметті ұйымдастырудың акционерлік формасы, әсіресе ірі немесе орта кәсіпорындар үшін тиімді, себебі ондай кәсіпорындарда мүлік құнының өте жоғары болуына байланысты бір  немесе бірнеше тұлғаның капиталы жеткіліксіз болатындықтан заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту талап етіледі.

Кәсіпорындар мөлшері және акцияны шығаруды ұйымдастырудың техникалық қиындығы жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасын таңдауға итермелейді.

Міне, сондықтан да Қазақстан заңдылықтарында ірі және орта кәсіпорындарды жекешелендіру барысында, олардың негізінде жартылай акциялары жеңілдік жағдайында сатылатын немесе сол кәсіпорын қызметкерлеріне тегін берілетін акционерлік қоғам құру көзделген. Акционерлік қоғамды құру мемлекеттік бір бөлігін иеленуге ынталы кәсіпорынның еңбек ұжымының мүддесін, сондай – ақ жекешелендіруге жатпайтын өндірістік емес сферада немесе кәсіпорында жұмыс жасайтын Қазақстанның басқа да азаматтарының мүдделеріне қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға қайта түрлендіру процесіндегі ең қиын сұрақ бұл акционерленетін кәсіпорынның мүлкін бағалау болып табылады. Мүліктің құны жаңадан құрылатын акционерлік қоғамның бастапқы капиталын алдын – ала анықтай отырып, кейіннен оның болашақтағы пайдасына ықпал етеді. Қаншалықты төлем мөлшері үлкен болса, солғұрлым кәсіпорының қожайындарының саны аз, пайдасы төмен және сондай – ақ кәсіпорынды акционерлеу мерзімі ұзаққа созылып, ол кәсіпорынның мемлекеттік құрылымдарға қаржылық жағынан тәуекелділігі сақталып қалады. Шындығында да мүлік құнын жоғарылату барысында оны бірден сатып алу қиынға соғып, мемлекет (Мемлекеттік мүлік комитеті) сол кәсіпорынды ұзақ уақыт басқаруға араласа отырып, оның пайдасының бір бөлігін, өзіне тиесілі акциялары арқылы дивидент ретінде иемденіп отырады. Мұның бәрі акционерленетін кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіндігін төмендетеді.

Қазақстанда жекешелендіру объектісінің мүлкін бағалау барысында

инфляция индексін ескеретін қалдық құны негізінде әдістеме қолданылады. Бұл әдістемені қалыптастыратын бағалар мен негізгі қор құны және айналым қаражаттарының шекті қатынасын, сатып алатын өнімге (қызметке) деген сұранысты, бәсекелестік қабілетті, рентабельдігіне, кәсіпорынның даму перспективасын әлемдік бағалар деңгейі және басқа да факторларды ескере отырып, ай сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті анықтап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2              «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ»              АҚ-НЫҢ              ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

2.1 «Маңғыстаугеология» АҚ – мы туралы қысқаша мәлімет, оның технико – экономикалық көрсеткіштерін талдау

 

              Қазақстан Республикасы нарығында «Маңғыстаугеология» АҚ – мы 1957 жылдан бері қызмет атқаруда. Ол өзінің құрамында мұнай барлау экспедициясы, автоспецтранспорттық кантора, жүкті тиеу жән түсіру жұмыстарына арналған, мұнай құбырларын, скважиналарды жөндейтін цехтары жұмыс істеуде. Мемлекеттік лицензиясына сәйкес «МГ» АҚ – мы мұнай және газ скважиналарын игеру, бұрғылау, жөндеу өндіріске қажетті тетіктерді даярлаумен айналысады. «МГ» АҚ – мы заңды тұлға болып табылады және өз қызметін ҚР Заңына, жарғысына сәйкес жүргізеді. АҚ – ның қаржылық және өнеркәсіптік қызметі жеке шаруашылық негізде іске асырылады.

«Маңғыстаугеология» АҚ бастапқы жарғылық қоры бір акцияның номиналды құны 5000 теңгені құрайтын 70000000 теңгені құрады, жалпы саны 14000 акция және ол келесідей түрде үлестірілген:

       жарғылық қордың шамасының 25% артықшылығы бар акция түрінде қайтарымсыз негізде еңбек ұжымына берілген;

       жарғылық қордың шамасының  75% қарапайым акция түрінде мемлекеттік пакетті құрады, ол толық көлемде «Мұнайгаз» Мемлекеттік холдингтік компаниясынының жарғылық қорының иелігіне, пайдалану мен басқаруға жария ету құқығысыз (билік ету құқығысыз) берілді.

              «МГ» АҚ – ның өзінің жеке  балансы, банкте шоты, қазақ және орыс тілдерінде берілген мөрі бар және серіктестіктің құрылымын анықтайды, сонымен қатар өз штатын біріктіреді.

              Компаниядағы барлық жұмыстарды кәсіби мамандар, өз ісінің шеберлері жүзеге асырады, себебі олардың қызметінің нәтижесі табысты қамтамасыз етеді. Компания кадрлары оның ең бағалы активтері болып табылады. Сондықтан компания өз қызметкерлеріне еңбегіне қарай ақысын төлейді, мүмкіндігінше ынталандырады, кәсіби және карьералық өсуіне мүмкіндік береді, жақсы еңбек жағдайымен қамтиды. 

              «Маңғыстаугеология» АҚ өнімі болып мұнай өнімдеріне (бензин, мұнай отыны, мазут, керосин) деген қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған шикі мұнай табылады.

       «МГ» АҚ- ның келесідей өндірістік құрылымы бар:

1.      Негізгі өндіріс:

1)     мұнай мен газ өндіретін цех ;

2)     мұнайды дайындайтын және айдайтын цех ;

3)     орталық инженерлік-техникалық қызмет (ОИТҚ);

4)     қабаттарға мұнай беруді арттыру бойынша және скважиналарды капиталды жөндеу бойынша басқарма;

2.      Қосалқы өндіріс:

1)     орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы ;

2)     өндірістік қызмет көрсету базасы ;

3)     құрал-жабдықты іске қосу мен электрмен қамтамасыз етудің прокатты-жөндеу цехы;

4)     мұнай өнімдерін тию және жөнелту құбырлары;

Аталған саланың ерекшелігі мұнда өндіріс үрдісі үздіксіз болып табылады.

       Жасап шығарудың басынан бастап кен орнының эксплуатациялық қоры 137 скважинадан 280 скважинаға дейін өсті, ол жобалық санның екі есеге өскенін көрсетеді, оның 150-эксплуатациялық, 73–басушы, 5-газдық, 3-бақылаушылық, 21 - сумен қоршалған, 20-барлаушылық, 8- жоюшы.

             

      

1-сурет. «МГ» АҚ-ның басқару құрылымы.

 

              Бас заңгер – кәсіпорынның қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етіп, өзінің қызметін ҚР-ның заңдарына негіздеп, оның құқықтық қызығушылығын қорғайды.

              Бас экономист – кәсіпорындағы экономикалық жобалау қызметін басқарады.

 

Мұнайды өңдеу жөніндегі департамент

Бас инженер – механикалық және техникалық жобаларын жүзеге асыруға бағытталған қызметтерді басқарады, оларға қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

              Энергетик – тиісті техникалық жағдайдың сақталуын қамтамасыз етеді.

              Технолог – бәсекеге қабілетті технологияларды енгізумен өндірістің техникалық дайындығын жақсартумен және өнімнің өмірлік циклын ұлғайтумен айналысады.

              Техникалық бақылау – бекітілген үлгіге және стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келмейтін өнімді шығаруға шек қоюды бақылайды.

              Жобалық-конструкторлық бөлім - өндірістік ресурстардың неғұрлым аз шығындармен жүзеге асатын өндірістің техникалық дамытуының жоба-конструкторлық құжаттауды өз уақытында сапалы өңдеу негізінде өндірістің тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз етеді.

              Техникалық қауіпсіздік – кәсіпорында сау және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, жүргізеді.

              Бас механик – тиісті механикалық жағдайларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Экономика департаменті

              Қаржылық талдау талдау бөлімі - өндірістің рентабльдігін жоғарлату, өндірістік қуаттылықты, материалдық еңбек ресурстарын тиімді пайдалану бойынша әдістерін қарастыруда қатысуды, кәсіпорынның қызметінің кешенді экономикалық және қаржылық талдауын ұйымдастырады.

              Орталық бухгалтерия – бухгалтерлік есепті жүргізеді және ұйымдастырады.

              Еңбекақы бөлімі – еңбекақыны ұйымдастырады.

              Кадрлар бөлімі – жұмыс кадрлары мен мамандарды іріктеу және пайдалануды ұйымдастырады.

              Маркетинг бөлімі – маркетинг стратегиясының барлық түрлерін және өндірісті тұтынушылардың шығарылып жатқан өнімге қоятын талаптарын қамтамасыз етуге бағыттауды ұйымдастырады.

             

2-кесте. 2004, 2005 жж-ғы «Маңғыстаугеология» АҚ негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері

Көрсетікіштер

Өлшем бірлігі

2004 жыл

2005 жыл

2004ж-ға 2005ж-ға %

1. Өткізілген өнімнен түскен табыс

мың тг.

816436,0

1015333,2

124,4

2. Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг.

592572,1

693876,9

117,09

3. Жалпы табыс

мың тг.

223863,9

321456,2

143,6

4. Кезең шығындары

мың тг.

164422,4

215221,6

130,9

5. Негізгі  қызметтен түскен түсім

мың тг.

59441,4

106243,6

178,7

6. негізгі емес қызметтен түскен табыс

мың тг.

-

-

-

7. Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс

мың  тг.

59441,4

106234,6

178,7

8. Таза табыс

мың тг.

41609,0

74364,2

178,7

9. Өнімнің 1 тг.кеткен шығыны

теңге

0,93

0,90

97

10. Өнім рентабельдігі

%

9,7

15,5

159,8

11. Сату рентабельдігі

%

5,1

7,3

143,3

12. Өндіру рентабельдігі

%

0,37

0,57

154,05

13. Жұмыскерлер саны

адам

395

399

101,01

14. Жұмысшылар саны

адам

366

370

101,09

15. 1-жұмыскердің еңбек өнімділігі

мың тг.

2066,9

2544,7

123,1

16. 1-жұмысшының еңбек өнімділігі

мың тг.

2230,7

2744,1

123

17.Жұмыскерлердің еңбек ақы қоры

мың тг.

324238,9

354960,0

109,5

18. Жұмысшының еңбек ақы қоры

мың тг.

276794,2

296057,1

106,9

19. 1-жұмыскердің орташа еңбек ақысы

теңге

68404,8

74135,3

108,4

20. 1-жұмысшының орташа еңбек ақысы

теңге

73824,9

79945,9

108,3

21. Н.Қ. орта жылдық құны

мың тг.

112792,5

130317165,5

115,5

22. Айналым құралдарының орта жылдық құны

мың тг.

107,1

248,1

29,6

23. Қор қайтарымдылығы

теңге

7,23

31722

107,9

24.Қор сыйымдылығы

теңге

0,14

0,13

92,8

25. Қормен қарулану

мың теңге

308176,6

352208,6

114,3

     Кесте мәліметтерінен көріп отырғандай,  өткізілген өнімнен түскен табыс 2004 жылғы мәліметпен салыстырғанда 124,4%өсіп отыр, яғни 2005жылы ол 1015333,2 мың теңгені құрады. Бұл дегеніміз кәсіпорын басшыларының тауардың сапасын арттырып оған деген сұранысты күшейткен.

              Кезең шығындары 50799,2 мың теңгені құрап, кәсіпорынның таза табысы 178,7 пайызға артып, оң нәтиже беріп отыр.

       2005 жылғы жұмыс істейтіндердің саны 399 адамды құрады (2004ж. 101,01%), 2004 жылмен салыстырғанда 4 адамға көбейді және мұнда өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны 370 адамға көбейді, яғни жұмысшылардың 4 адамға көбеюі, кәсіпорын 4 жас маманды өзінің компаниясына шақыруынан туындап отыр және жұмысшылар мен қызметкерлердің санының артуы жаңа жұмыс орындарын құрумен түсіндіріледі.

  Кәсіпорындағы 1-жұмыскердің орташа еңбек ақысы – жұмыскерлер еңбек ақы қорын/жұмыскер санына/12; яғни, ол 2004 жылы 68404,8 мың теңгесін құрады, ал 2005 жылы ол 74135,3 мың теңге болды, яғни өткен жылмен салыстырғанда 108,4 % жоғарлағанын көріп отырмыз.

        2004 жылы НҚ бастапқы құны 112792,5 мың теңгені құрады, яғни 2005 жылмен салыстырғанда ол 115,5% өсіп тұр.

        НҚ пайдалану тиімділігін қор сыйымдылығы көрсеткішінің көмегімен түсіндіруге болады,яғни қор сыйымдылы дегеніміз – Н.Қ. орташа жылдық құнының өткізілген өнімнен түскен табысқа қатынасын айтамыз, ол 2004 жылы 7,23 теңгені, ал 2005 жылы тауарлық өнімнің 1 теңгесіне НҚ-ның 7,8 теңгесін құрады. Осылайша, қор сыйымдылығы 107,9%-ға артты, ол аталған өндірістің негізгі қорлармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілу қажеттілігін білдіреді.

               Осылайша, тауарлық өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар 2004 жылғы 0,93 теңгеден 2005 жылы 0,90-ға дейін кеміді, яғни ол 2004 жылдың деңгейіне қарағанда 9,7%-ды құрады.

       Қызмет етудің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдаудан келесідей қорытындылар жасауға болады: «Маңғыстаугеология» АҚ негізгі қорлары жұмыс істеп тұрған жеткілікті түрдегі тұрақты кәсіпорын, және ең қызықтысы, пайдалы және өзін-өзі қаржыландыру мәселелерін өзі шеше алады.

 

2.2  «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділін талдау.

 

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен  қызметінің тиімділігін бағалау

мен талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады              Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

Информация о работе Акционерлік қоғам