Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 11:50, курсовая работа
Жұмыстың басты мақсаты: акционерлік қоғамдар туралы түсінік алып, оның құрылуы, жарғысы мен жарғылық капиталының құрылымымен танысу. Сонымен қатар акционерлік қоғамдардың қаржысын басқару ерекшеліктерін және шетел акционерлік қоғамдарын басқару құрылымын көрсету болды.
Курстық жұмыс барысы үш бөлімнен тұрады:
бірінші бөлім, акционерлік қоғамдардың құрылуы, олардың ұйымдық-құқықтық жағдайы мен жарғылық капиталының құрылымын көрсетуге арналған;
екінші бөлім, акционерлік қоғамды басқарудың қаржылық аспектілеріне арналған, яғни қоғамды басқару ерекшеліктері, қаржылық есептілігі мен аудиті, сонымен қатар қоғамды қайта ұйымдастыру мен таратудың қаржылық ерекшеліктері анықталған;
үшінші бөлімде, акционерлік қоғамдарды басқару құрылымы, атап айтқанда шетел мемлекеттерінің қоғамды басқару ерекшеліктері көрсетілген.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
І. Акционерлік қоғамды құру. Оның ұйымдық-құқықтық
жағдайы, жарғысы мен жарғылық капиталы.......................................4
ІІ. Акционерлік қоғамды басқарудың қаржылық
аспектілері
а) Қоғамды басқару ерекшеліктері........................................................9
ә) Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті...................................12
б) Қоғамды қайта ұйымдастыру мен таратудың
қаржылық ерекшеліктері....................................................................13
ІІІ. Акционерлік қоғамды басқару құрылымы
(Шетел мемлекеттерінде)…………………….......................................19
Қорытынды.....................................................................................................24
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................25
Қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталдарының сомасы қайта ұйымдастырылатын қоғамның өз капиталының мөлшерiне тең болады.Қайта ұйымдастырылған акционерлiк қоғамның барлық акционерлерi қоғамның бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған қоғамдардың әрқайсысының акционерлерi болып табылады.
Қоғамдардың бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған акциялар осы қоғамдардың акционерлерi арасында қайта ұйымдастырылатын қоғамның акционерлерге тиесiлi акциялары санының қайта ұйымдастырылатын қоғамның орналастырылған акциялары санына арақатынасына бара бар мөлшерде орналастырылады.Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiнiп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары және бөлiну балансын бекiту туралы мәселелердi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізедi.Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бөлiну нысанында қайта ұйымдастыру, бөлiну тәртiбi мен талаптары туралы, бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Акционерлердiң
жалпы жиналысы бөлiну туралы шешiм қабылдаған
күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң
барлық кредиторына бөлiну туралы жазбаша
хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат
құралдарында тиiстi хабарландыру беруге
мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы қоса
тіркеледi.
Қоғамның бөлiнiп шығуы
Қайта ұйымдастырылатын қоғамның қызметiн тоқтатпай, мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бiр немесе бiрнеше қоғамға бере отырып, оларды құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiмеуге тиiс.Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әдiлет органдарында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.Бөлiнiп шыққан қоғамның жарғылық капиталының мөлшерi қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiну балансына сәйкес оған берген активтер мен мiндеттемелердiң арасындағы айырмаға тең болады. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын өз акционерлерiне ғана орналастырады. Бұл орайда қайта ұйымдастырылатын қоғамның акциялары ғана төлем ретiнде жүредi. Бөлiнiп шыққан қоғамның акционерлерiне берiлетiн акциялардың саны қайта ұйымдастырылатын және бөлiнiп шыққан қоғамдар акциялары баланстық құнының арақатынасына сүйене отырып айқындалады.
Қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесi қоғамның бөлiніп шығуы нысанында қайта ұйымдастырылуы, бөлiнiп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру бағасы, бөлiнiп шығу тәртiбi мен талаптары туралы мәселелердi, сондай-ақ бөліну балансының жобасын акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына енгізеді.Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, бөлініп шыққан қоғамның акцияларын орналастыру бағасы, бөлініп шығу тәртібі мен талаптары туралы және бөлiну балансын бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Акционерлердiң жалпы жиналысы бөлiнiп шығу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi ай мерзiмде қоғам өзiнiң барлық кредиторына бөлiнiп шығу нысанында қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарлама жiберуге және бұқаралық ақпарат құралдарында тиiстi хабарландыру беруге мiндеттi. Хабарламаға бөлiну балансы, сондай-ақ бөлiнiп шыққан әрбiр қоғамның атауы, орналасқан жерi туралы мәлiметтер қоса тiркеледі.
Қоғамды қайта құру
Қоғам шаруашылық серіктестігі
немесе өндірістік кооператив
болып қайта құрылуға құқылы,
қайта құрылатын қоғамның
Қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құрылуы, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың қатысу үлестерiн немесе өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң пайларын айқындау тәртібі туралы шешім қабылдайды және өткізу актісін бекітеді.
Қайта
құру кезінде құрылатын жаңа заңды
тұлғаның қатысушылары өздерінің бірлескен
отырысында Қазақстан Республикасының
заң актілеріне сәйкес оның құрылтай
құжаттарын бекіту және органдарын сайлау
туралы шешім қабылдайды. Акциялар
шығарылымының күші жойылған күні қоғамның
тіркеушісі жасаған акционерлер тізіміне
енгізілген тұлғалар акционерлік қоғамнан
қайта құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары
болады.
ІІІ. Акционерлік қоғамды басқару құрылымы
Қазіргі кезде әлем мемлекеттерінің қолданыстағы заңдарында акционерлік коғамдарды басқарудың үш түрі белгілі:
Осындағы бірінші жүйе Германия, Австрия және Қазақстан заңдарында қарастырылған. Ал, екінші жүйе Англия мен АҚШ-та қолданылады. Үшінші жүйе Францияға тән. Осы үшінші жүйе 1927жылы Ресей Федерациясының Акционерлік қоғамдар туралы ережесінде де қарастырылған болатын.
Басқару органдарын бұлай бөлу негізінен шартты, себебі мысалы, американдық заңгерлер өз жүйелерін екі емес, бір сатылы деп есептейді, өйткені олар үшін жалпы жиналыс басқару органына жатпайды. Есесіне, американдық басқару жүйесінде корпорациялық басқаруды және үшінші саты — атқару органын (корпорация президенті) атап көрсетуге болады.
АҚШ-тың екі сатылы жүйесін американдық ғалымдардың санауының басты себебі, директорлар кеңесі мүшелерінің осы жүйеде әдетте корпорацияның әртүрлі басқару қызметін атқаратындығы. Яғни, олардың әрқайсысы өзі үшін жұмыс істеп, өз пайдасын көздейді, өз-өзін бақылап, өз-өзін қайта сайлайды. Тіпті, бұл жөнінде заңгер-практиктердің бірі былай дейді: «Басқарудың корпоративтік нысаны — теориялық тұрғыда айтылып жүргендей демократия емес, керісінше монархия, тек кейде ғана мұраға қалдырылады».
Сондықтан
американдық заң әдебиеттерінде «тәуелсіз
директорлар» санын көбейтудің дұрыстығы
туралы пікірлер жиі айтылып жүр. Яғни,
кеңеске кіретін директорлардың корпорация
ішінде басқа лауазымдық қыз-
мет атқармағаны жөн.Тәуелсіз директорлар
әдетте қоғамда құрметті, белгілі
адамдар, кәсіпқойлар арасынан сайланады.
Американдық құқық инсти-
туты әзірлеген «Корпорацияларды басқару
қағидаларының» соңғы жобасы негізінен
директорлар кеңесінің тәуелсіз
адамдардан құралуын меңзейді.
Германиялық қағида бойынша үш сатылы жүйеге бақылау кеңесі кіреді әрі бұлжүйені кейбір американдық ғалымдар да қолдайды.
Ресейдің Акционерлік қоғамдар туралы ережесі үш сатылы жүйені қарастырады және бұл жүйе ашық һәм жабық акционерлік қоғамдарда қолда-нылады. Алайда, жабық қоғамдар үшін бұл жүйе тым артықтау деп есептелінеді. Сондай-ақ аталмыш Ереже американ және герман жүйелерін ұштастыруды ұсынады. Бұл жүйенің герман жүйесінен айырмашылығы, мүндағы бас директор міндетті түрде директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Ал германдық жүйеде басқарманың ішінен ешкім бақылау кеңесіне кіре алмайды.
Ресейдің жаңа Азаматтық кодексі бойынша ірі акционерлік Коғам үшін (акционерлік саны 50-деп аса) үш сатылы жүйені (бақылау кеңесін құру, 103-бап), ал қалған қоғамдар үшін екі сатылы жүйені қолдану (91, 103-баптар) көрсетілген. Бұл шешім, әсте, ең дұрысы шығар. Бірақ әр мемлекет мұны өзінше шешеді ғой. Мысалға, финдік заң бойынша бақылау кеңесін құру жар-ғы капиталына байланысты. Неміс заңы бақылау кеңесі мүшелерінің санын жарғы капиталының мөлшерімен байланыстырады. Ал, ресейлік заң шыға-рушылардың ойынша, бұл орган атқару органдарын бақылау үшін қажет.
Сонымен,
салыстыру барысында байқағанымыздай
Ресей Федерациясының «Акционерлік қоғамдар
туралы» ережесі американдықтардыкіне
жақын болса, Қазақстан Республикасының
«Акционерлік қоғамдар туралы» заңында
да ұқсастық бар. Акционерлік қоғамды
басқару мәселесі 1998 жылдың 10
шілдесінде қабылданған «Акционерлік
қоғамдар туралы» заңның 6-тарауында және
Азаматтық кодекстің жалпы бөлімінде
көрініс тапқан. Қысқаша айта кететін
болсақ, бізде де жоғарыда айтылған елдердегідей
акционерлік қоғамның жоғары органыоның
акционерлерінің жалпы жиналысы болып
табылады.Акционерлердің жалпы жиналысының
айрықша құзыреті заң актілерімен
белгіленеді. Акционерлердің жалпы жиналысының
айрықша қүзыретіне жатқызылған мәселелерді
шешуді акционерлік қоғамның өзге органдарына
беруге болмайды. Акционерлік қоғамда
директорлар кеңесі қүрылады, ол қоғамның
қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне
жатқызылған мәселелерді акционерлік
қоғамның атқарушы органының шешуіне
беруге болмайды. Жабық акционерлік қоғамның
жарғысында акционерлік қоғамды директорлар
кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі
көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда директорлар
кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған
мәселелер акционерлердің жалпы жиналысының
айрықша құзыретіне беріледі. Акционерлік
қоғамның атқарушы органы алқалық (бас-қарма)
немесе жеке-дара (директор, бас директор,
президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік
қоғам қызметіне күнделікті басшылықты
жүзеге асырады және директорлар кеңесі
мен акционерлердің жалпы жиналысына
есеп береді. Қоғамның басқа да органдарының
заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен
белгіленген ерекше құзыретіне кірмейтін
барлық мәселелерді шешу акционерлік
қоғамның атқарушы органының айрықша
құзыретіне жатады. Акционерлік қоғамның
қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауды
жүзеге асыру үшін тексеру комиссиясы
құрылуы немесе акционерлік қоғамның
акционерлері немесе кәсіби аудиторлар
(бухгалтерлер) арасынан оның тексерушісі
сайлануы мүмкін. Акционерлердің жалпы
жиналысының акционерлік қоғамның жылдық
қаржы есебін тексеру комиссиясының (тексерушісінің)
қорытындысынсыз бекітуге
құқығы жоқ. Акционерлік қоғамда
заң актілеріне сәйкес өзге де органдар
құрылуы мүмкін.Акционерлік қоғам органдарының
құзыреті, сондай-ақ олардың шешім қабылдау
және қоғам атынан әрекет жасау тәртібі
Азаматтық кодекске заңдарға және құрылтай
құжаттарына сәйкес белгіленеді. Кез келген
акционер қоғамның жылдық қаржылық есебін
аудиторлық тексеруді, сондай-ақ оның
істерінің ағымдағы жай-күйін тәуелсіз
аудитордың тексеруін өз есебінен жүргізуді
талап етуге құқылы. Акционерлердің саны
жүзден асатын қоғамда сандық және құрамы
акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның
директорлар кеңесінің ұсынуымен бекітілетін
есеп комиссиясы құрылады.
Біздің
пайымдауымызша, герман моделін қайталау
деген сөз американдық
Американдық құқық әдебиеттерінде көптен бері қоғамның ең ірі органдары — акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің арақатынасы кеңінен талқыланып келеді. Акционерлердің билік функцияларын жүзеге асыруында, көпшілік авторлардың пікірінше, бірнеше проблемалар бар: Біріншіден, орынды енжарлық проблемасы. Мұның мағы-насы, акционерлер көпжағдайда ақпарат алғысы келмейді. Мәселен, акционерлер жиналыста күн тәртібімен бірге үлкен ұсыныс қағазын алады. Алайда, көбіне олар оны түгелімен оқымайды да.
Екіншіден,
«басқа біреудің есебінен қыдыруды ұнататындар»
проблемасы. Оның мағынасы, акционер корпорация
жұмысына байланысты шешім қабылданған
кезде басын көп қатырып
Үшіншіден, «әділдік» проблемасы. Мұндағы мәселе мынада: акция саны ең көп акционер, әрине, ақпарат алуда, шешім қабылдауда көп әрекет жасай-ды. Сөйтіп, іс сәтті аяқталса, есесіне пайданы бәрі бірдей көреді.
Сондықтан американдық заңдар бойынша жалпы жиналыс директорларды сайлау, қоғамды қайта құру сияқты мәселелермен айналысады. Ал, қоғамды басқарудың негізгі функцияларын директорлар кеңесі атқарады. Дәлірек айтқанда, директорлар кеңесі корпорацияның жұмысын түгелдей бас-қарады.
Алайда, соңғы кездері бұған балама көзқарастар да пайда болуда. Кейбір ғалымдар басқару органдарындағы биліктің басым бөлігін акционерлерге беруді қолдайды. Мысалы, ең ірі бес-он акционерден тұратын комитет құруды ұсынады. Әрі аталмыш комитетке тексеру және жалпы жиналысқа ұсыныстар жасау құзыреті берілуі тиіс дегенді айтады.
Дәл осындай пікірлер, яғни, акционерлердің жалпы жиналынына көбірек өкілеттіктер беру туралы Ресей заң әдебиеттерінде де айтылып жүр.
Дегенмен,
американдық ғалымдардың көпшілігі
акционерлердің корпорация қызметіне
деген селқостығына, қоғамның ағымдағы
істерін жете білмеушілігіне, көп мәселелерді
шешудегі қабілетсіздігіне байланысты
басқарудың бұл жүйесін аса тиімсіз деп
санайды. Тек акционерлердің шешіміне
негізделетін мұндай басқару қоғамды
бар мәселесін референдум арқылы шешетін
мемлекет іспеттес етіп жіберер еді. Ал,
бұл, әрине, өте тиімсіз. Сондықтан, акционерлер
жиналысының құзырына негізінен ең маңызды
мәселелерді қарауды жатқызу дұрыс деп
саналады.