Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 11:50, курсовая работа
Жұмыстың басты мақсаты: акционерлік қоғамдар туралы түсінік алып, оның құрылуы, жарғысы мен жарғылық капиталының құрылымымен танысу. Сонымен қатар акционерлік қоғамдардың қаржысын басқару ерекшеліктерін және шетел акционерлік қоғамдарын басқару құрылымын көрсету болды.
Курстық жұмыс барысы үш бөлімнен тұрады:
бірінші бөлім, акционерлік қоғамдардың құрылуы, олардың ұйымдық-құқықтық жағдайы мен жарғылық капиталының құрылымын көрсетуге арналған;
екінші бөлім, акционерлік қоғамды басқарудың қаржылық аспектілеріне арналған, яғни қоғамды басқару ерекшеліктері, қаржылық есептілігі мен аудиті, сонымен қатар қоғамды қайта ұйымдастыру мен таратудың қаржылық ерекшеліктері анықталған;
үшінші бөлімде, акционерлік қоғамдарды басқару құрылымы, атап айтқанда шетел мемлекеттерінің қоғамды басқару ерекшеліктері көрсетілген.
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
І. Акционерлік қоғамды құру. Оның ұйымдық-құқықтық
жағдайы, жарғысы мен жарғылық капиталы.......................................4
ІІ. Акционерлік қоғамды басқарудың қаржылық
аспектілері
а) Қоғамды басқару ерекшеліктері........................................................9
ә) Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті...................................12
б) Қоғамды қайта ұйымдастыру мен таратудың
қаржылық ерекшеліктері....................................................................13
ІІІ. Акционерлік қоғамды басқару құрылымы
(Шетел мемлекеттерінде)…………………….......................................19
Қорытынды.....................................................................................................24
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................25
ЖОСПАР
КІРІСПЕ....................
І. Акционерлік қоғамды құру. Оның ұйымдық-құқықтық
жағдайы, жарғысы мен жарғылық
капиталы......................
ІІ. Акционерлік қоғамды басқарудың қаржылық
аспектілері
а) Қоғамды басқару
ә) Қоғамның қаржылық есептілігі
мен аудиті...................
б) Қоғамды қайта ұйымдастыру мен таратудың
қаржылық ерекшеліктері.................
ІІІ. Акционерлік қоғамды басқару құрылымы
(Шетел мемлекеттерінде)…………………
Қорытынды..................
Әдебиеттер
тізімі........................
КІРІСПЕ
Акционерлік қоғамдардың қаржысы - ішкі қызмет етудің ең күрделе жүйесі болып табылады. Акционерлік қоғамдар жеке және заңды тұлғалардан құралған үлкен шеңберді, яғни акционерлер шеңберін құрайды. Акционерлер құқықтарының сақталуы - акционерлік қоғамның қаржылық қызметі шарттарының бірі болып табылады.
Акционерлік қоғам бұл - жарғылық капиталы белгілі бір акциялар санына бөлінген және бұл акциялар қоғамға байланысты әр бір қатысушының міндетті құқықтарын куәландыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
Жұмыстың басты мақсаты: акционерлік қоғамдар туралы түсінік алып, оның құрылуы, жарғысы мен жарғылық капиталының құрылымымен танысу. Сонымен қатар акционерлік қоғамдардың қаржысын басқару ерекшеліктерін және шетел акционерлік қоғамдарын басқару құрылымын көрсету болды.
Курстық жұмыс барысы үш бөлімнен тұрады:
Сонымен бірге жұмыс барысы кіріспе және қорытынды бөлімдерінен құрылған, әдебиеттер тізімінде бастысы - «Заң» журналы, «ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы заңы», сонымен қатар «Финансы» журналы алынған.
І. Акционерлік қоғамды құру. Оның ұйымдық-құқықтық жағдайы, жарғысы мен жарғылық капиталы
Акционерлік қоғам дегеніміз - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы. Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.
Қоғамды құру
Қоғамның құрылтайшылары:
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметін, жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.
Мемлекеттік
кәсіпорын осы кәсіпорынға
Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы
Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.
Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
1)
қоғамды құру туралы шешім
қабылдайды және қоғамды құру
жөніндегі бірлескен қызмет
2) құрылтай шартын жасайды;
3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;
4)
жарияланған акциялардың,
4-1) қоғамның акцияларына айырбастауға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
4-2) Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;
5) шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;
6) қоғамның тіркеушісін таңдайды;
7)
мемлекеттік тіркеуге арналған
құжаттарға қоғам атынан қол
қоюға уәкілетті адамдарды
8)
қоғам құрылтайшыларының
9)
қоғамның органдары құрылғанға
дейін қоғамның қаржы-
10) қоғамның жарғысын бекітеді.
Акциялар
орналастырыла бастағанға дейін
құрылтайшылардың кейіннен бірнеше
жиналысын өткізуге жол беріледі.
Бұл орайда құрылтай жиналыстарына
құрылтай шартының барлық тараптары
қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай
жиналысында қабылданған
Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Құрылтай жиналысының шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары қол қоюға тиісті хаттамамен ресімделеді.
Қоғамның жарғысы
Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Жұмыс iстеп тұрған акционерлiк қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген тұлға қол қоятын жарғысының жаңа редакциясын қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар не оның өкiлдерi қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысы, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтырулар нотариаттық куәландырылуға тиiс.
Қоғамның жарғысында мыналар:
1)
қоғамның толық және
2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
3) қоғамның артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтар көлемiн қоса алғанда, акционерлердiң құқықтары туралы мәлiметтер;
5)
қоғамның органдарын құру
6)
қоғам органдарының қызметін
ұйымдастыру тәртібі, соның
7) қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралын көрсете отырып, қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
7-1) қоғам акционерлерi мен лауазымды тұлғаларының өз аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты беру тәртiбi
8)
қоғам коммерциялық емес ұйым
болған жағдайда: қоғамның коммерциялық
емес ұйым екендігін көрсету,
дауыс беру рәсімі, дивидендтерді
төлемеу туралы ережелер мен
Заңда және Қазақстан
9)
қоғам қызметінің тоқтатылу
10)
Заңға және Қазақстан
Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам мүдделi тұлғаның талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оған кейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Қоғам акционердің өзіне қоғам жарғысының көшірмесін беру туралы талабын үш жұмыс күні ішінде орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғының көшірмесін бергені үшін ақы алуға құқылы, ол көшірме дайындауға, сондай-ақ жеткізіп беру қажет болған жағдайда оны жеткізуге жұмсалған шығындардан аспауға тиіс. Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қоғамның үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыруға құқылы. Қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн қолданылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленеді.
Қоғамның жарғылық капиталы
Қоғамның
жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшері тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының заңында
ІІ. Акционерлік қоғамды басқарудың қаржылық аспектілері
Қоғамды басқару ерекшеліктері