Аймақта жұмыс орнын құрудың ролі және экономикалық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:32, дипломная работа

Описание работы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстандық жолдың жаңа сатысы ол экономикамызды бекіту, халықтың әл ауқатын көтеру деп айтқан болатын. Осы орайда алға қойған мақсаттардың ең біріншіс ол Қазақстандықтардың жұмысбасты болуы және де Елбасының тікелей тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметімен жаңа Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы жасалынған болатын.
Бұл бағдарламада үш ең басты дег

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………………….9
1 Жұмыссыздықты зерттеудің теориялық негіздері......................................12
1.1 Жұмыссыздық: түрлері, деңгейі мен құрылымы…………………………….12
1.2 Жұмыспен қамту саясаты: түрлері, мазмұны………………………………...18
Аймақтық жұмыспен қамту саясатының ерекшеліктері…………………….24
2 Қазақстандағы жұмыспен қамтудың қазіргі тандағы мемлекеттік саясаты …………………………………………………………………………….28
2.1 Қазақстанның еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдай. ………………….28
2.2 Атырау облысындағы халықты жұмыспен қамту шараларына талдау …. 44
2.3 Жұмыспен қамтуды реттеудің шетелдік тәжірибесі ………………………47
III – бөлім. Аймақтарда халықты жұмыспен қамту жолдары……………52
3.1 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы …………………………………..52
3.2 Қазақстан Республикасы және Атырау облысы бойынша "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстары. ........................59
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................65
Тіркемелер ..............................................................

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 965.50 Кб (Скачать)

Бүгінгі күні, яғни қаржы дағдарысы  басталғаннан бері соңғы бір жарым  жыл ішінде мемлекет тарапынан халықты  жұмыспен қамту және жұмыссыздық  деңгейін азайту мәселесіне байланысты қабылданған мемлекеттің саясаты  - «Жол картасы» бағдарламасы. Қаламыздың осы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша көптеген іс-шаралар қолға алынды. Ерекше атап өтетін болсақ былтыр күз кезінде қалалық жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен «Жол картасы» бойынша жұмыссыз жүрген мамандарды қайта оқыту және бос орындарға мамандарды тарту жәрмеңкесі өткізілді.

«Жол картасы» - бұл қазіргі дағдарыс кезінде жұмыссыздарды жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау  курсынан өткізу бағдарламасы.

«Жол картасы» 2009 жылдың 6 наурызында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Дағдарыстан даму мен жаңаруға» атты Жолдауындағы іс-шараларды жүзеге асыру негізіне бағытталып, қабылданған бағдарламасы.

«Жол картасы» бағдарламасының  артықшылығы – Үкімет тарапынан жұмыссыз азаматтарды қолдау, жаңа мамандық алып, жұмысқа орналастыруға жол ашу.

Активті мемлекеттік халықты жұмыспен қамту саясаты республикалық  және өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларын  өңдеу мен жүзеге асыру арқылы жүргізілуі мүмкін. Олар еңбек рыногындағы жағдайдан және оның даму болжамынан туындай отырып жасалады.

Халықты жұмыспен қамтудың тиісті заңдылықтарына сәйкес мемлекеттік саясат бағытталған:

    • еңбек үшін адами ресурстарды дамыту;
    • республиканың барлық азаматтарына факторларға тәуелсіз (жынысы, жасы және т.б.) ерікті еңбек етуге және жұмыспен қамтудың кез келген түрін таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
    • адамның еркін дамуы үшін жағдайлар құру;
    • заң шеңберінде жүзеге асырылатын азаматтардың еңбектік және кәіспкерлік бастамаларын қолдау және олардың өндірістік, творчестволық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
    • халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғауды қамсыздандыру, әлеуметтік қорғауды өте қажет ететін және жұмыс іздеуде қиыншылықтар көретіндерге жұмыспен қамтуды қамсыздандырушы шараларды жүргізу;
    • массалық және ұзақ уақыттық (бір жылдан артық) жұмыссыздықтың алдын алу және қысқарту;
    • әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматарды жұмыспен қамсыздандыратын жұмыс берушілерді ынталандыру;
    • халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттардың басқа да бағыттарымен үйлестіру;
    • халықты жұмыспен қамту және оған бақылау жүргізу шараларын өңдеу мен жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, кәісподақтардың, еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің қызметін үйлестіру;
    • халықты жұмыспен қамтуда халықаралық ынтымақтастық жүргізу.

Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларының  үш деңгейі бар:

    1. республикалық;
    2. өңірлік немесе облыстық;
    3. жергілікті;

Бұл әрбір бағдарламаның төрт ірі  бөлшегі бар:

    • аналитикалық (жұмыспен қамту туралы статистикалық және аналитикалық ақпаратты жинау, нақты бір жердегі, өңірдегі, жалпы мемлекеттік деңгейде жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігін анықтау);
    • бағдарламалық – мақсаттық (жұмыспен қамту саясатының нақты мақсатын анықтап, құрастыру);
    • ресурстық – қамсыздандырушы (барлық бағдарламаларды қажетті материалдармен, адами және басқа да ресурстармен уақытылы және толық қамтамасыз ету),
    • ұйымдастырушылық- үйлестірушілік (бағдарламаны ұйымдастыру, бақылау, қажет болған жағдайда үйлестіру).

Республикалық деңгейде жұмыспен қамту саясаты еңбек рыногының субьектілерінің арасындағы қатынастарды құруға және реттеуге қажетті құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шаралар мен нормативтік актілердің жиынтығын анықтау, сонымен қатар жұмыспен қамту саласындағы рынокқа көшудегі әлеуметтік – экономикалық салдардың – жұмыссыздықтың шекті деңгейі мен ұзақтығы, аз қамтамсыз етілген әлеуметтік топтардың жұмысқа қабылдануын ынталандыру мен квота өлшемі, жәрдемақыны төлеуге бюджет қаржысының минималды мүмкін болатын көлемі, қайта дайындау мен жаңа жұмыс орындарын ашудың мақсатты деңгейі сияқты шараларды анықтау болып табылады. Жұмыспен қамту саясаты максималды жұмыспен қамтуды мүмкін ететін қаржы – несиелік, инвестициялық және салықтық саясаттарды қарастырады. Осы мақсатта мемлекеттік, және өңірлік бағдарламалар дайындалады. Жұмыс орындарын ашу мемлекет тарапынан ынталандырылатын аумақтар анықталады. Қазіргі күні республикалық деңгейдегі жұмыспен қамту саясатының басты бағыттары мыналар:

    • инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен, өндіріс көлемінің қысқаруымен, инфляция және салдары тұрақсыз жұмыс орындары болып табылатын макроэкономикалық үрдістерді жеңу;
    • кәсіпорындардағы жұмыстан босатудың массалық қарқын алуын болдырмау;
    • мемлекеттік емес, баламалық экономика секторларында  жұмыспен қамтуды дамыту мен кеңейтуге жағдай құру;
    • еріксіз жұмыстан босатылған немесе жұқмыстан шығып қалу қауіпі бар адамдарға тиімді мақсатты қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету;
    • жұмысқа тұруда қиындықтар көп көретін тұлғаларға қосымша көмек көрсету;
    • ұзақ мерзімді жұмыссыздықтың салдарын жұмсарту.

Мемлекет саясатының  экономика және жұмыспен қамтуды қолдаудағы негізгі міндеті – мақсатты және келешегі бар жұмсыс орындарының қысқартылуын тежеу, инвестициялық белсенділіктің артуын ынталандыру, институционалдық бетбұрыстар, селективті құрылымдық өзгерістер, инвестициялық және басқа да мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру мен өткізу арқылы ашылатын жұмыс орындарының санын арттыру.

Сонымен бірге республикалық деңгейдегі жұмыспен қамту саясаты ТМД және басқа шет елдермен ерікті және мәжбүрлі көші – қон жағдайында миграциялық айырбас пен зейнетақылық қамсыздандыру бойынша, уақытша табыс табыс үшін немесе іс- сапармен басқа мемлекетке шыққанда жалдау мен әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша құқықтық реттеу жүйесі және мемлекетаралық қатынастарды ұйымдастыру жүйесін қарастыруы қажет яғни республикалық деңгейдің қызметіне Қазақстанды халықаралық еңбек бөлінісінің тең құқылы серіктес ретінде қамтамасыз ететін құқықтық нормалармен қамсыздандыру жатады.

Өңірлік деңгейде жұмыспен қамту саясаты  тиісті деңгейдегі (облыстық) билік органдарының өкілеттілігі шеңберінде сол аумақтарда азаматтардың еңбек құқығын жүзеге асыру үшін жағдайлар құруға бағытталған, толық, өнімді және еркін жұмыспен қамтылуды ынталандыратын саясатта болып табылады. Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатының өңірлік аспектісі сол өңірлердегі еңбек рыногының жағдайына әсер етуші ерекше факторлар мен жағдайларды ескере отырып, жыл сайын қабылданатын аумақтық бағдарламалар болып табылады.

Өңірлік деңгейдегі мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты жұмыспен қамтудың аумақтардың демографиялық және әлеуметтік – экономикалық дамуның ерекшеліктеріне негізделген өңірлік және жергілікті бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.

Әдетте өңірлік жұмыспен қамту  бағдарламалары үш деңгейге бөлінеді:

    • республика деңгейінде жүзеге асырылатын іс –шаралар қарастырылған жұмыспен қамтудың республикалық бағдарламасы;
    • облыстық бағдарлама осы деңгейдегі халықты жұмыспен қамту іс –шараларын анықтайды, мысалы басыңқы дамушы қалаларды анықтау;
    • аудандық (қалалық) жұмыспен қамту бағдарламалары еңбек рыногының жекелеген қатысушыларының мәселелерін шешуге бағытталған іс-шаралардан тұрады.

Еңбек рыногындағы үдерістерді  реттеудегі маңызды орынды еңбеккерді өнімді еңбек етуге итермелейтін және барлық мотивациялық қондырғылар  жүйесінің негізінде тұрған еңбек ақы алады. Рыноктық экономикалы елдерде еңбек ақының тиімді және оңтайлы деңгейі мен оның минималды шегі туралы анық және нақты түсініктер қалыптасқан. Бұл заңға сәйкес жұмысшының өзі мен оның отбасын өмір сүруге қамсыздандыратын еңбеккерлердің өмірлік қоры қалыптасады. Жұмысшы күшінің құны негізінде отбасының қалыпты қажеттіліктерінің жиынтығы түсінігі қалыптасатын экономикалық категория болып табылады. Ол қажеттіліктерді қанағатттандыру жұмысшы күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді.

Біздің еліміз жетпіс жылдан астам уақыттан бері әлемде қажетті өнім туралы беймәлімдікте өмір сүрді. Жұмысшы күшінің құны жоққа шығарылды. Жалақы “еңбектің сапасы мен санына қарай бөлінетін ұлттық табыстың үлесі” деп анықталды. “Социалистік еңбек бойынша бөлу заңы” негізінде ұлттық табыстың бұл бөлігін индивидтер арасында “еңбектік салымға пропорционалды” түрде бөлу қажет болды. Басқаша айтқанда, осы заңды басшылыққа ала отырып, әрбір еңбеккердің жиынтық табыстағы үлесін анықтап, кімге көп, кімге аз төлеу керектігін анықтауға болатын еді. Алайда қанша деген сұраққа яғни еңбекке ақының абсолюттік шамасы қандай болу керектігіне еңбек бойынша бөлу заңы жауап бере алмады. Бұл бөлушілік қатынастарды ұйымдастыруда кең жолдар ашты.

Мұндай бағыттың элементі біздің елімізде жекешелендіру үлгісінде де сақталды. Социалистік кезеңде бөлушілік қатынастар екі желі арқылы жүргізілгені белгілі – еңбекке ақы төлеу арқылы және екіншісі тұтынудың қоғамдық қоры арқылы, ол арқылы кеңес елінің азаматтары түрлі әлеуметтік қызметтерді (білім беру мен денсаулық сақтау) тегін немесе жеңілдікпен (тұрғын үй, коммуналдық және т.б. төлемдер) пайдаланды. Кейбір есептеулер бойынша бұл желістер бойынша бөлінетін материалдық және рухани игіліктер мен  қызметтер құны жағынан арақатынасы екіге бір болып бөлінген.

Рыноктық қатынастарға көшу біздің елімізде жұмыспен қамтылған халық  арасында тегін немесе жеңілдікпен  бөлуді толығымен тоқтатуды қарастырды. Нәтижесінде жұмыс істейтін көптеген азаматтардың жиынтық қорының қомақты  бөлігін ешқандай өтемақысыз қиып тастау орын алды. Бұл ел тұрғындарының тұтыну қоржынының төмендеуіне, ал бұл әділетсіздікті өтемақылаушы жекешелендіру мүмкіндіктері пайдаланылмады.

Жекелеген салаларда халықты жұмыспен қамтуды біршама дифференциациялау  еңбек рыногын реттеудің қосымша  мемлекеттік шараларын өңдеу мен жүзеге асыруды талап етеді, мемлекеттік билік органдарының, жұмыс беруші бірлестіктерінің, кәсіподақтардың, еңбек рыногына әсер ететін басқа да қоғамдық бірлестіктердің еңбек рыногына ықпалын күшейтуді талап етеді.

Жұмыс берушілерді қажетті жұмысшы күшімен жедел қамсыздандыра алатын, ал жұмыс іздеуші азаматтарды өзіндік табыстары есебінен тұтынудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тиісті жұмыспен қамсыздандыра алатын өркениетті еңбек рыногын дамыту үшін жағдайлар құру қажет.

 

1.3    Аймақтық жұмыспен қамту саясатының ерекшеліктері

 

Жұмыспен қамтуды өңірлік реттеу өңірлердің дамуының көптеген ерекшеліктерін ескеруге және солардың негізінде меншік нысаны, кәсіпорынның өлшемі және т.б. байланысты нақты, мақсатты бағытталған  жұмыспен қамту іс-шараларын өңдеуге мүмкіндік береді. Өңірлік еңбек рыноктарындағы жағдайды жақсартудың маңызды тәсілдерінің бірі жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың стандартты емес нысандарын пайдалану болып табылады. Ол ашық еңбек рыногында жұмысшы күшінің ұсынысын тежеу жолы арқылы жұмыспен қамтуға әсер етуге мүмкіндік береді, жұмыспен қамтылғандардың массалық түрде жұмыстан босатылуын шектеуге және жұмыссыздықтың тым өсіп кетуін болдырмауға мүскіндік береді.

Жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың стандартты емес нысандары индивидтер мен жұмыс берушілердің, сонымен қатар жалпы қоғамның мүдделеріне жауап беруші шара болып табылады.

Жұмыс күшін сатушылар тұрғысынан, әсіресе олардың көпшілігі әйелдер  мен жастар, аталған шара жұмыс  істеумен қатар қоғамдық- пайдалы  істермен қатар жұмыс істеу мүмкіндігін берді, мысалы, оқу, балаларды тәрбиелеу, отбасылық міндеттер, сол сияқты еңбек қызметінен біртіндеп шығу немесе қосылу мүмкіндігін бере алды.

Кәсіпкерлер тұрғысынан бұл жұмыспен қамту нысаны бірқатар көрсеткіштерге байланысты ыңғайлы болып табылады, атап айтқанда:

    • Аталған іс-шараны қолдану белгілі бір кезеңде өндірістің обьективті талабы болып табылады ( циклдық тығырыққа байланысты өндірісті қысқарту, капиталдық жөндеудің қажеттілігі, жабдықтарды ауыстыру, тәжірибелі және білікті мамандармен ауыстыру, жұмысшы күшін жұмыстан босату және жаңасын алу шығындарын қысқарту);
    • Қосымша жұмысшы күшін стандартты емес нысанда тарту көп жағдайда қаржылық тұрғыдан тиімді, өйткені жұмысшы күшінің шығындарының пропорционалды өсіміне алып келмейді;
    • Аталған жұмыспен қамту нысаны дәстүрлі нысандарға қарағанда үдемелі, өнімді, нәтижелі болып келеді. Бұл көбінесе творчестволық қызметтерге, операциялық жиынтығы жағынан түрлі болып келетін қызметтерге, белгілі бір шаблонға келе бермейтін қызметтерге, жұмыс уақытының ұзақтығы белгілене алмайтын қызмет түрлеріне қатысты болады.

Макроэкономикалық деңгейде стандартты емес жұмыспен қамту нысандары еңбек  рыногында әлсіз әлеуметтік топтарға табыс табу тәсілін және өзінің біліктілігі  мен еңбекке қабілетітілігін ұстап тұруды қамтамасыз ету арқылы жұмыспен қамту мәселесінің күрделілігін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл нысан қажет болған жағдайда еңбек рыногын қолда бар еңбек резервтерімен белгілі бір жұмысшы күші сегменттерімен толықтыруға мүмкіндік береді (мүгедектер, қарттар, әйелдер, жастар және т.с.с).

Қазіргі күні дамыған рыноктық экономикалы  елдерде стандартты емес режимде  жұмыспен қамтылғандардың 25-тен 30 % дейін  еңбек етеді. Мұндай жұмыспен қамтудың тармақталған және көптүрлі ұйымдастырушылық тізбелік жүйесі қалыптасқан, стандартты емес жұмыспен қамту нысанында реттелетін әлеуметтік – еңбектік қатынастардың заңдық негізі бар. Стандартты емес жұмыспен қамту түрлеріне мыналар жатады:

    • Уақытша жұмыспен қамтумен қатар жұмысшы күшін қалыпты емес уақыт ұзақтығында пайдалану (маусымдық, ұзартылған, келісім- шарт бойынша жұмыс істеу, уақытша қоғамдық жұмыстар және т.б.);
    • Толық емес күні және толық емес жұмыс аптасымен жұымспен қамту;
    • Жұмыс орындарын кезектеу ( екі немесе онан көп жұмысшылар арасында жұмыс кезегі уақытында жұмыс орнын бөлу);
    • Жұмыс уақыты немесе еңбек қызметін ұйымдастырудың дәстүрлі емес тәсілдері: үйдегі жұмыс, сәйкестілік бойынша жұмыс (немесе екі жұмыс істеуге негізделген жұмыспен қамту), еңбектің икемді кестесі;
    • өздігінше жұмыс іздеуге негізделген өзін-өзі жұмыспен қамту және тұрақты немесе уақытша табыс табу мақсатымен,жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру қанағаттандыруды және  өзін-өзі жүзеге асыру үшін өз қаржысы есебінен жекелеген азаматтардың  жұмыс орындарын ашуы;

Информация о работе Аймақта жұмыс орнын құрудың ролі және экономикалық ерекшеліктері