Аймақта жұмыс орнын құрудың ролі және экономикалық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:32, дипломная работа

Описание работы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстандық жолдың жаңа сатысы ол экономикамызды бекіту, халықтың әл ауқатын көтеру деп айтқан болатын. Осы орайда алға қойған мақсаттардың ең біріншіс ол Қазақстандықтардың жұмысбасты болуы және де Елбасының тікелей тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметімен жаңа Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы жасалынған болатын.
Бұл бағдарламада үш ең басты дег

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………………….9
1 Жұмыссыздықты зерттеудің теориялық негіздері......................................12
1.1 Жұмыссыздық: түрлері, деңгейі мен құрылымы…………………………….12
1.2 Жұмыспен қамту саясаты: түрлері, мазмұны………………………………...18
Аймақтық жұмыспен қамту саясатының ерекшеліктері…………………….24
2 Қазақстандағы жұмыспен қамтудың қазіргі тандағы мемлекеттік саясаты …………………………………………………………………………….28
2.1 Қазақстанның еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдай. ………………….28
2.2 Атырау облысындағы халықты жұмыспен қамту шараларына талдау …. 44
2.3 Жұмыспен қамтуды реттеудің шетелдік тәжірибесі ………………………47
III – бөлім. Аймақтарда халықты жұмыспен қамту жолдары……………52
3.1 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы …………………………………..52
3.2 Қазақстан Республикасы және Атырау облысы бойынша "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстары. ........................59
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................65
Тіркемелер ..............................................................

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 965.50 Кб (Скачать)

Қосымша 5

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ……………………………………………………………………………….9

1  Жұмыссыздықты зерттеудің теориялық  негіздері......................................12

1.1 Жұмыссыздық: түрлері, деңгейі  мен құрылымы…………………………….12

1.2 Жұмыспен қамту саясаты:  түрлері, мазмұны………………………………...18

    1. Аймақтық жұмыспен қамту саясатының ерекшеліктері…………………….24

2 Қазақстандағы жұмыспен  қамтудың қазіргі тандағы мемлекеттік саясаты …………………………………………………………………………….28

2.1 Қазақстанның еңбек нарығындағы  қалыптасқан жағдай. ………………….28

2.2 Атырау облысындағы халықты жұмыспен қамту шараларына талдау …. 44

2.3  Жұмыспен қамтуды реттеудің  шетелдік тәжірибесі ………………………47

III – бөлім. Аймақтарда халықты жұмыспен қамту жолдары……………52

3.1  «Жұмыспен қамту - 2020»   бағдарламасы …………………………………..52

3.2  Қазақстан Республикасы және Атырау облысы бойынша "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы   бойынша атқарылған жұмыстары. ........................59

Қорытынды .............................................................................................................63

Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................65

Тіркемелер ...............................................................................................................67

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             КІРІСПЕ

 

Нарықтық қатынастарға көшу әлеуметтік – еңбек саласының мәселелерін жаңаша бағытта айқындады. Барлық еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін еместігі, жұмысшы күшінің тапшылығы жұмыс орындарының тапшылығымен ауысқандығы, бұрын біздің қоғамымызға жат құбылыс – жұмыссыздықтың пайда болғаны белгілі болды.

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында  Қазақстандық жолдың жаңа сатысы ол экономикамызды бекіту, халықтың әл ауқатын көтеру деп айтқан болатын. Осы орайда алға қойған мақсаттардың ең біріншіс ол Қазақстандықтардың жұмысбасты болуы және де Елбасының тікелей тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметімен жаңа Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы жасалынған болатын.

           Бұл бағдарламада үш ең басты деген тапсырмалар айқындалған:

            Біріншіден. Білім беру және қызметке орналастырудың тиімдң жүйесін жасақтау;

           Екіншіден. Ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту;

           Үшіншіден. Еңбек ресурстары қозғалымын арттыру, Қазақстанның белсенді экономикалық орталықтарындағы жұмыспен қамту мәселесін қолға алу.

         “Еңбек” ұғымымен қатар “ жұмыспен қамту” түсінігі өзекті сипат алды. «Жұмыспен қамту» категориясының мазмұндық жағымен бірге жұмыспен қамтумен байланысты үдерістерді реттейтін және қызмет атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес тұтас бір мекемелер жүйесі жедел дами бастады. Бұл құрылымдардың қызметінің  жеделдігі мен кәсіптік білктілігінен халықтық шаруашылық үдерістер тәуелді болды: еңбек рыногының қызмет етуі, кадрларды дайындау мен кәсіптік біліктілігін көтеруді қамсыздандыру, жұмысшы күші мен жұмыс орындарының ұдайы өндірісі, қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті  реттеу және т.с.с. Бұл қызметтерді жүзеге асырудың табыстылығы жоғарыда аталған құрылымдардың қызметкерлерінен “еңбек” және “жұмыспен қамту” түсініктерінің  обьективті ара қатынасын дұрыс түсінуге, атап айтқанда, олардың теңдігін емес, сәйкессіздігін дәлелдеуге негізделген кәсіптік білім мен бейімді талап етеді. Алайда  жұмыспен қамту мен еңбек ұғымдары – синоним емес. Еңбек – бұл тәуліктің белгілі бір шеңберінде жұмыс уақытында өтетін қызмет. Кез келген қызмет түрі сияқты еңбек үзіледі, ол үздіксіз басқа бір қызмет түрімен ауысып отырады, демалыспен ауысады. Тіпті ішкі өндірістік еңбек үдерісінде еңбекке тек өндіріс уақытының бір бөлігі – жұмыс кезеңі тиесілі болады.

Жұмыспен қамтылу, еңбектен айырмашылығы, қызмет емес, эконимкалық және құқықтық болатын, еңбеккерді белгілі бір жұмыс орнындағы еңбек кооперациясына қосуға байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады. Еңбеккер шаруашылық кешенінің қандай да бір ішкі жүйесінде қалғанға дейін бұл қатынастар үздіксіз сипатта өрбиді. Жұмыспен қамтылған болып есептелу үшін адамға қандай да бір жұмыс орынмен байланысты болуы керек - өндірістік ұжымның мүшесі болу, жеке еңбек қызметі тәртібімен жұмыс істеу, жеке кәсіпкерлікпен айналысу және т.б. Жұмыспен қамтылған адамның статусы адам берілген уақытта жұмыс істеп жатыр ма, спортпен  айналысып жатыр ма, демалып жатыр ма оған тәуелді емес.

Жұмыспен  қамтылудың тиімділігі – еңбек тиімділігіне қарағанда кең категория болып табылады. Соңғысын есептеу үшін еңбек шығынын еңбек қызметінің жағдайын ұдайы өндіруге кеткен шығындармен салыстыру жеткілікті. Шығындар мен нәтижелердің сандық бағалауы қиындық туғызбайтындықтан, еңбек өнімділігін есептеу де қиын емес.

Жұмыспен  қамту тиімділігін есептеу көптеген факторларды есептеуді, оның ішінде экономикалық, әлеуметтік, заңдылық факторларды  есептеуді қарастырады. Жұмыспен қамту тиімділігін есептеуде жасырын және анық жұмыссыздық деңгейіне, еңбекақы өлшемі мен оны ұйымдастыруға, жұмыс орыны жоғалтқан және еңбек қабілеттлігін жоғалтқан жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру тәртібіне тәуелді   қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың дәрежесі ескеріледі. Оларды бағалау жүйесіне енгізу жұмыспен қамтуды сандық бағалауда қиындықтар туғызады. Жұмыспен қамту еңбекпен сәйкес келмесе де  бұл категориялар өте тығыз байланысты.

           Жұмыспен қамту мәселесінің түптеп келгендегі өзектілігі бұл – жұмыспен қамту мәселесі Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне қауіп қатер төндіреді деп айтуға болады,  сонымен елде саяси және әлеуметтік  тұрақтылық жағдайынада тікелей байланысты болуында. 

           Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмысты жазу барысында ғылыми жаңалық ретінде халықты жұмыспен қамту міселесін шешуге бағытталған теориялық және практикалық ұсыныстарды айтуға болады.

Халықты жұмыспен қамту мәселесін  шешу үдерісінде бұрынғы КСРО- ның  көптеген мемлекеттері бірдей қиындықтарға кездесті. Жаңа экономикалық қатынастардың  қалыптасуы, қоғамды демократияландыру халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті жаңаша реттеуді талап етті. Мемлекеттердің  жаңа басшылығының алдында жұмыссыздық деңгейінің өсу проблемасы тұрды. Алғашқы кезде жұмыссыздық экономиканың дамуына оң әсерін тигізді: өндірісте қысқарған адамдардың орнына білікті және жауапкершілікті еңбеккерлер келді, өндіріс өнімділігі артты. Сонымен бірге жұмыссыздықтың теріс салдары да өсті, қылмыстың өсуі, мемлекеттік бюджеттен түрлі әлеуметтік төлемдер ретінде кетіп жатқан қаржының қомақты бөлігін жоғалту және т.б.

Сондықтан да жұмыссыздық деңгейін қысқартып оны дамыған рыноктық экономикалық елдердің деңгейіне жеткізу қажеттілігі туындады. Ол үшін халықты жұмыспен қамтуды ынталандырудағы мемлекеттік саясатты жетілдіру керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - жұмыспен қамту саясатының мазмұны мен мәнін, оның экономикада қолданылатын үлгілерін және шет елдерде қолданылу тәжірибесін, біздің еліміздегі қазіргі күні жұмыспен қамту сасятсатының ерекшеліктеріне тоқталып, талдау жасау болып табылады. Әдістемелік негіз ретінде жұмыспен қамту, жұмыссыздық жайындағы экономикалық отандық және шет елдік авторлардың әдебиеттері, қазақстандық экономикалық басылымдар және республикалық статистикалық агенттіктің деректері пайдаланылды.

Құрылымы жағынан дипломдық жұмыс үш тараудан, кіріспе мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1   Жұмыссыздық: түрлері, деңгейі мен құрылымы

 

Экономиканың дамуы қолда бар  ресурстардың және де ең алдымен жұмысшы күшінің қаншалықты тиімді пайдаланылуымен сипатталады. Жұмыспен қамтуды қамсыздандыру - экономикалық саясаттың маңызды мақсаты. Жалпы рыноктық экономикаға жылдан-жылға саны өзгеріп отыратын жұмыссыздық тән болып табылады. Дж. М. Кейнстің ойынша, капитализм тұсында толық жұмыспен қамсыздандыратын ешқандай тетік жоқ, экономика біршама жұмыссыздық деңгейінде теңестірілуі мүмкін.

Еңбек рыногы (жұмысшы күші) – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси  өмірінің маңызды және көп жоспарлы саласы болып табылады. Еңбек рыногында жұмысшы күшінің құны бағаланады, она жалдаудың шарттары анықталады, сонымен бірге жалақысының деңгейі, білімі алу мүмкінідігі, кәсіби тұрғыдан өсуі, жұмыспен қамту кепілдігі анықталады.

Еңбек рыногы жұмыспен қамту динамикасындағы бірқатар қарқындарды, оның негізгі құрылымдарын яғни қоғамдық еңбек бөлінісіндегі қарқындарды, жұмысшы күшінің шоғырлануын, жұмыссыздықтың ауқымы мен динамикасын айқындайды. 

Толық емес жұмыспен қамту – бұл орындалатын жұмыс барысында индивидтің біліктілігі мен кәсіптік дайындығын толық пайдалануды талап етпейтін, оның күтулеріне сәйкес емес және жұмысты орындаған жағдайда алатын жалақыны бере алмайтын жағдай.

Экономикалық және әлеуметтік әдебиеттерде жұмыссыздыққа мынадай анықтама беріледі:

Жұмыссыздық – халықтың экономикалық белсенді бөлігі немесе жұмысшы күшінің  бір бөлігі тауарлар мен қызметтердің өндірісінде қатыспауы. Жұмыссыздар  да жұмыспен қамтылғандармен бірге  елдің жұмысшы күшін құрайды.

Жұмыссыздық – жұмыс істегісі келетін экономикалық белсенді халықтың халықтың өз жұмыс күшін пайдалана алмайтын экономикадағы құбылыс. Халықаралық Еңбек Ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссызға жатады:

    1. берілген уақытта жұмыс істемейтін;
    2. нақты және белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген;
    3. берілген уақытта жұмыс істеуге дайын индивидтер.

Осылайша, жоғарыда айтылғандар негізінде  жұмыссыздыққа түсініктеме беруге тырысайық. Нақты экономикалық өмірде жұмыссыздық жұмысшы күшіне ұсыныстың  оның сұранысынан артып кетуін айтамыз. Жұмыссызға, дамыған елдердің статистикасы бойынша  олардың жұмыспен қамту статусына байланысты уақытта жүргізілген сұрауда жұмыспен қамтылмаған, алдағы төрт аптаның ішінде жұмыс іздеуге әрекеттенген және еңбек биржасында тіркелген адамдар жатады.

Жұмыссыздықтың ұзақтығы – талданған  кезең соңында жұмыссыз статусына ие тұлғалардың жұмыс іздеуінің орташа ұзақтығы болып табылады. Ұзақтығы бойынша жұмыссыздық уақытша (4 айға дейін) және хроникалық    (1 жылдан артық) болып бөлінеді. Жалпы жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздыр санының экономикалық белсенді халықтың санына пайыз түрінде көрсетілген қатынасы.

Қазіргі заманғы батыс экономикалық ғылымы жұмысссыздықтың төрт түрін  бөліп көрсетеді.

Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс  іздеумен немесе күтумен байланысты. Кей адамдар жұмыс орындарын  кәсіптік бағытының өзгеруіне, тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты немесе басқа фирмаларда жақсы қызметке ауысуына байланысты ерікті түрде ауыстырады. Келесілері жаңа жұмыс орындарын фирманың банкротқа ұшырауына байланысты немесе жұмыстан шығып қалуына байланысты іздейді. Үшіншілері уақытша маусымдық жұмыстан айырылады. Жастар жұмыс орындарын бірінші рет іздейді. Бұлардың барлығы жұмыс тауып орналасқанда, олардың орнына жаңа дамдар жұмыссыздықтың осы түрін ай сайын толықтырып келіп отырады. Фрикциондық жұмыссыздық еңбек рыногының икемсіздігін көрсетеді, жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды тарату жүйесі жетілдірілмеген, ал жұмысшылардың географиялық орын ауыстыруы жедел өтпейді. Қолайлы жұмыс орнын іздеу белгілі бір уақыт пен күшті талап етеді. Фрикциондық жұмыссыздық еңбеккерлерге еңбек жағдайын жақсартып, жоғары еңбекақыны табуға мүмкіндік береді.

Мазмұны жағынан мұндай жұмыссыздықты  ерікті жұмыссызыдыққа жатқызуға болады. Фрикциондық жұмыссыздық сауықтырылған  экономиканың тиісті салдары болып табылады.

Құрылымдық жұмыссыздық салалар, өңірлер бойынша еңбекке деген  сұраныстың құрылымының өзгеруімен және жұмысшы күшінің құрылымы мен  еңбеккерлердің белгілі қасиеттері және белгілі бір кәсіптік талаптары  бар бос орындар арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі бір уақыттың қажеттілігімен байланысты. Технологиялық бетбұрыстар барысында бір мамандықтарға сұраныс кемиді немесе жойылады, басқаларына артады, жұмыс орындарының географиялық бөлінісі өзгереді. Мысалы, дербес компьютерлердің енгізілуі жазу машинкаларына сұранысты қысқартты, ол жазу машинкаларын шығаратын өндірістік кәіспорындардағы еңбекке сұранысты қысқартты. Сонымен қатар электрондық өнеркәсіптегі еңбекке сұранысты арттырды. Түрлі өңірлер түрлі тауарлар шығарады, еңбекке деген сұраныс бір өңірде қысқарса, келесілерінде артуы мүмкін. Егер фрикциондық жұмыссыздардың пайдалана алатын бейімі бар болса, құрылымдық жұмыссыздар қайта дайындықсыз, қосымша оқытусыз, мекен-жайын өзгертусіз жұмыс таба алмайды. Құрылымдық өзгерістер тұрақты түрде болып тұратындықтан, жұмысшыларға жұмыс ауыстыруға белгілі бір уақыт қажет болғандықтан, құрылымдық жұмыссыздық тұрақты нышанда болуы мүмкін.

Құрылымдық жұмыссыздар біліктілігінің жетіспеуінен, жынысы жағынан, этникалық  белгісі бойынша, жасы немесе мүгедектігіне байланысты жұмыс орнын алуда қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Тіпті жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі жағдайында құрылымдық жұмыссыздар арасында жоғары жұмыссыздық деңгейі сақталады.

Циклдық жұмыссыздық экономикалық циклдың жалпы шығындардың сәйкесіздігімен ерекшеленетін құлдыраумен туындайды. Тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныс қысқарса, жұмыспен қамту төмендейді де жұмыссыздық өседі. Құлдырау - іскерлік белсенділіктің циклдық төмендеуі, оның нәтижесінде адамдар сұраныс қайтадан өсіп, іскерлік белсенділік артқанша жұмыс орнын жоғалтады.

Күту жұмыссыздығы жалақының қатаңдығы  мен осыдан келіп туындайтын жұмыс  орнының жетіспеушілгінің нәтижесі болып табылады.

Рыноктың теңестірілген үлгісінде  жалақы сұраныс пен ұсынысты теңестіре  отырып, өзгереді. Алайда іс жүзінде жалақы икемді емес және еңбек ұсыныс оған сұраныстан артық болған деңгейде тұрады. Фирмаларға барлығына бірдей жете бермейтін жұмыс орындарын бөлуге тура келеді. Сондықтан да нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу мүмкіндігінің көрсеткішін қысқартады, жұмыссыздық деңгейін арттырады.

Жалпы алғанда, жұмыссыздық деңгейі өз еңбегін ұсынатындармен қатар еңбекке сұраныс жасайтындардың шешімдерінің кешенінен құралады. Олардың барлығы да қандай да бір шешімді қабылдағанда мүмкін болатын пайдамен бірге шығындарды да ескереді. Жұмыссыздық деңгейі мен өсу қарқыны жұмыс орындарының жетіспеушілігін және жұмыс іздеудегі аталған пайдалар мен шығындардың бағасын бейнелейді. Жұмыс орынан келісу шығыны және онан бас тарту шығыны түрлі факторларға тәуелді, мысалы, жасы, жынысы, өтілі, біліктілігі, қандай да бір мамандық топқа жататындығы, негізгі жұмысымен байланыссыз табыс көзі және т.б.

Информация о работе Аймақта жұмыс орнын құрудың ролі және экономикалық ерекшеліктері