Аймақта жұмыс орнын құрудың ролі және экономикалық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 16:32, дипломная работа

Описание работы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында Қазақстандық жолдың жаңа сатысы ол экономикамызды бекіту, халықтың әл ауқатын көтеру деп айтқан болатын. Осы орайда алға қойған мақсаттардың ең біріншіс ол Қазақстандықтардың жұмысбасты болуы және де Елбасының тікелей тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Үкіметімен жаңа Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы жасалынған болатын.
Бұл бағдарламада үш ең басты дег

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………………….9
1 Жұмыссыздықты зерттеудің теориялық негіздері......................................12
1.1 Жұмыссыздық: түрлері, деңгейі мен құрылымы…………………………….12
1.2 Жұмыспен қамту саясаты: түрлері, мазмұны………………………………...18
Аймақтық жұмыспен қамту саясатының ерекшеліктері…………………….24
2 Қазақстандағы жұмыспен қамтудың қазіргі тандағы мемлекеттік саясаты …………………………………………………………………………….28
2.1 Қазақстанның еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдай. ………………….28
2.2 Атырау облысындағы халықты жұмыспен қамту шараларына талдау …. 44
2.3 Жұмыспен қамтуды реттеудің шетелдік тәжірибесі ………………………47
III – бөлім. Аймақтарда халықты жұмыспен қамту жолдары……………52
3.1 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы …………………………………..52
3.2 Қазақстан Республикасы және Атырау облысы бойынша "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстары. ........................59
Қорытынды .............................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................65
Тіркемелер ..............................................................

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 965.50 Кб (Скачать)

Сонымен бірге жұмыспен қамту орнына бармайтын тіркелмеген жұмыссыздар  саны да артуда. Олар ресми емес түрде  жұмыс тауып, табыс табады. Ол мемлекеттік статистика жүргізуге мүмкіндік бермейді және басқару органдарына бақылауды күшейтуді талап етеді.

Тіркелген және тіркелмеген жұмыссыздардың ерекшеліктері мен белгілері  ұқсас болумен қатар, өзгешеліктері  де бар. Олар жасы жағынан ұқсас (орташа жасы 30-39 жас), сол сияқты отбасылық жағдайы да ұқсас болып келеді. Сонымен бірге жұмыспен қамту ұзақтығы, жұмыс іздеу ұзақтығы, салалық және мамандық - қызметтік тұрғыдан, жұмыссыздық себебі жағынан да ұқсас болып келеді.

Алайда олардың арасында жынысы жағынан біршама айырмашылықтар бар, егер тіркелген жұмыссыздар арасында - 10% ерлер, және 90% әйелдер болса, тіркелмеген жұмыссыздар арасында – 56,6% ерлер, 43,4% әйелдер бар. Білімі жағынан да айырмашылықтар бар, мысалы, тіркелген жұмыссыздар арасында – 1/3 – жоғары білімді, 1/4 -  арнайы орта білімді, 1/3- жалпы орта білімді болса, тіркелмегендер арасында – 1/4 , 1/3, 2/5 тиісінше. Тіркелген жұмыссыздардың білім деңгейі тіркелмегендерге қарағанда жоғары екені анық.

Жұмыссыздардың 2/3 бөлігі материалдық өндіріс саласынан шыққандар, 1/3 өндірістік емес салада жұмыс істегендер. Сол сияқты жұмыссыздар арасында ұзақ уақыт жұмыс істемеуі себепті кәсіптік біліктілігін жоғалтқандар саны көп, олар үшін мазмұны жағынан мақсатты бағытталған және жүйелі әлеуметтік қалпына келтіру бағдарламаларын өңдеп, жүзеге асыру қажет.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі  еңбекке қабілетті  халыққа қатысты  – 1,5 % құраса, тіркелмегендер- 5,5 % құрайды.

Еңбек рыногы – рыноктық экономиканың аса күрделі элементерінің  бірі. Мұнда еңбектің құнын және оның қызмет ету шарттарын анықтауда тек жұмысшы мен жұмыс берушінің мүдделері айқындалып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтік – экономикалық құбылыстар бейнеленеді. Экономиканың қаншалықты деңгейде тиімді қызмет етуі, экономикалық циклдың қандай фазасында болуы, рыноктың негізгі субьектілері - жұмысшы мен жұмыс берушінің орнына байланысты жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, яғни жұмыссыздық деңгейі анықталады.

Жалпылама тұрғыдан алғанда, еңбек рыногы – тауар –ақша қатынастары шартында жалдамалы еңбекті  қоғамдық ұйымдастырудың нақты жүйелерінің көрінісі болып табылады және рыноктық экономиканың ұсыныс және сұраныс заңдары негізінде қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Еңбек рыногының негізгі элементтері: еңбекке сұраныс және ұсыныс, еңбек рыногының коньюнктурасы, жұмысшы күшінің құны, жұмысшы күші қоры.

Еңбекке сұраныс - еңбек рыногындағы жұмысшы қажеттілігінің қоғамдық құралының көлемін және олардың тиісті өндіріс құралдарымен, еңбек ақы қорларымен, өмірге қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Еңбек ұсынысы – жалдамалы жұмысқа  ынталы, қажетсінетін адамдардың саны мен құрамын, еңбекке қабілеттілігін айқындайды. Еңбекке сұраныс пен  жұмысшы күшінің ұсынысының өзара  қатынасы нақты экономикалық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, жұмысшы күші құнының қозғалысы және халықтың тұтыну дәрежесі бойынша қалыптасып еңбек рыногының коньюнктурасын жасақтайды.

Еңбек рыногының коньюнктурасы  – жұмыспен қамту баламалылығы мен  еңбек рыногын реттеу моделін таңдау кезінде есепке алынуға тиісті еңбектің маңызды сипаттамасы. Ол көптеген факторлардың әсер етуміен қалыптасады және жиыетық теңдікте тұрақты көп еңбек шығынды немесе еңбектің жетіспеушілігін байқатады. Сонымен қатар жалдамалы қызметкерлер ретіндегі халықтың әртүрлі топтарының бірдей бірдей жағдайда емес екендігін көрсетеді. Іс жүзінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсыныстың жалпы және құрылымдық теңдігіне жету өте қиын. Еңбек рыногының коньюнктурасы жұмысшы күшінің құнына тікелей әсер етеді. Ол өз кезегінде жүзеге асырылып, рыноктық бағаға байланысты өзгеріп отырады.

Еңбек рыногындағы тепе-теңдік сұраныс  пен ұсыныстың көмегімен белгіленеді. Еңбекке деген сұраныс мөлшері  жалақы мөлшерінен кері пропорционалды байланыстылықта болады. Жалақы мөлшері көтерілген кезде фирмалар рыноктық тепе–теңдікті сақтау мақсатында жұмысшы күшіне сұранысты төмендетуі қажет, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке сұраныс артады. Жұмысшы күшіне деген ұсыныс нақты байланысқа әрекет етеді. Қоғамдағы еңбекке деген ұсыныс төмендегідей факторлармен анықталады:

    • тұрғындардың жалпы санымен;
    • жалпы тұрғындар санындағы жұмыс істейтіндер санымен;
    • жыл немесе апта бойында жұмысшының атқаратын орташа сағат мөлшерімен;
    • жұмысшының жұмсайтын еңбегінің сапасы, саны және біліктілігімен.

Жұмыссыздықтың әлеуметтік салдары  – бұл эмоционалдық, қаржылық, отбасылық, медициналық және саяси салдар болып  табылады. Жұмыссыздықтың эмоционалдық салдарына адамның өзін - өзі төмен  бағалауы, депрессияны, өзіне өзі  қол жұмсауын, стационарда психиатриялық емдеудің қажет болу мүмкіндігі жатады. Медициналық мәселелердің арасында – денсаулықтың күйзеліп ширығудың (стресстің) әсерінен бұзылуы (мысалы, жүрекпен бүйрек ауруы, алкоголизм). Жұмыстан шығарылғанға дейінгі еңбеккерлерде қолдарына жұмыстан шыққандығын хабарлайтын мәлімдеме тигеннен кейін артериалдық қысымдары көтеріліп, жаңа жұмыс тапқанша дейін сақталатындығы анықталған. Жұмыссыздықтың салдарынан туындайтын күйзеліп (стресс) өмір сүрудің ұзақтығын қысқартуы мүмкін.

Отбасындағы қатынастардың нашарлауы мен балалар өлімінің, балаларға қатігездік жасау, ажырасу, ата – аналар мен балалар арасындағы шиеленіс  арасында  байланыс бар. Жұмыссыздардың отбасында басқалармен салыстырғанда балалардың аурушаңдығы жиі кездеседі. Жалпы алғанда жұмыссыздық отбасының барлық мүшелеріне тікелей немесе жанама түрде теріс әсерін тигізеді.

Ғалымдар жұмыссыздық пен қылмыстың  арасында тікелей байланыс барын  дәлелдеген. Құқық бұзушылықтарды зерттеу нәтижелері қылмыскерлердің 70% жұмыссыз екендігін көрсетеді.

Зерттеушілер әзірге жұмыс іздеумен байланысты барлық қиыншылықтардың толық тізімін жасап бітірген жоқ, мемлекеттік жұмыспен қамту орындарында тек вакансиялық жұмыс орындарының 12% тіркеледі. Бұл жұмыс іздеушіге жұмысты қайдан қалай іздеу жөнінде қиындықтар туғызады, сондықтан да соңғы жылдары жұмыссыздаға арналған арнайы курстар құрылуда. Мысалы, жұмыс іздеушілер клубын құруға болады. Бағдарлама қатысушылары өзара жұмыс іөздеуге байланысты тәжірибелерімен бөлісе алады.

Алайда бұл шараның өзі де толық нәтиже бере алмайды, себебі жұмыс іздеуші ең алдымен кімге сене алатындығын төмендегі сауалнама жауаптарынан көре аламыз:

    • 2 % - жергілікті әкімгершілікке;
    • 5,8 %- кәсіпорын басшылығына;
    • 8,6 %- кәсіподақтарға;
    • 70,6 %- тек өзіне;
    • 13 % - ешкімге де сене алмайды*

*- мәліметтер әлеуметтік сауалнама қорытындысынан алынған, Алматы, 2009

Қалалықтардың жұмыс іздеу барысында  тек өздерінің жеке бастамаларына  сенетіндігі сөзсіз. Ал жұмыс іздеу  барысында олар қандай іс-әрекеттерге  барады екен?


 

Сурет 1. Жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасардағы әрекеті.

 

Осылайша, респонденттердің көпшілігі жұмысқа  орналасуда өзінің байланыстарын пайдалану  тиімді деп санайды. Әрбір төртінші адам мемлекеттік жұмыспен қамту  орталығына барса, әрбір оныншы адам жарнамаларға сенеді екен.

 

 

 

             1.2  Жұмыспен қамту саясаты: түрлері, мазмұны.

 

Егеменді Қазақстанда жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, нарықтық қатынастарға көшумен байланысты еңбек ресурстарын жаңа талаптарға сай пайдалану маңызды және күрделі мәселе болып табылады.  Әсіресе, алдағы уақытта демографиялық процестердің біршама шиеленісуіне байланысты және еңбек сапасына деген талаптар дүниежүзілік бәсекелестік ортада күнен күнге артуына байланысты, бұл проблеманың өзектілігі де арта береді. Қазақстан Республикасында еңбек нарығындағы жұмыссыздық - еңбек ресурстарын жұмыспен қамту, нақты бүгінгі күннің талабына сай, еңбек нарығын қалыптастыру – өзінің     шешімін күтіп тұрған мәселердін ең бір бастысы.

Осы ғылыми жұмыстың тақырыбын  талқылау екі бағытта қарастырылмақшы:

Біріншіден: ҚР-да жұмыссыздық деңгейі және оның себеп-салдары.

Екіншіден: ҚР-да жұмыспен қамту саясаты  және «Жол картасы»

Осы сұрақтарға жеке-жеке тоқталатын болсақ:

Біріншіден: Жұмыссыздық - жұмыс істегісі келетін енбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен камтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінін бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның кұрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық  прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздыктың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы дұрыс емес кұрылымдық саясаты болуы мүмкін.

Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар ықпал  етеді:

  • ғылыми – техникалық прогресс;
  • экономикадағы   құрылымдық  және   аймақтық   ілгері   басушылык;
  • сыртқы экономикалық бәсекелестіктің күрт күшеюі.

Жұмыссыздықтың    экономикалық    және     әлеуметтік салдары:

    1. Қоғамда   бар   болатын   потенциалды   мүмкіндіктер көлемімен    салыстырғандағы    ЖҰӨ    көлемі    артта    калып отырады.
    2. Халықтың      әр      түрлі      әлеуметтік      топтарында жұмыссыздық шығыны тепе – тең бөлінбейді.
    3. Жоғары дәрежелі маман жұмысшылар жоғалады.
    4. қоғамның экономикалық әлеуетін толық пайдаланбау;
    5. жұмыстан босап қалған жұмысшылардың біліктілігі жоғалады;
    6. халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары арасында жұмыссыздық шығындарын тең бөлмеу орын алады;
    7. қылмыс жасауға қолайлы негіздер пайда болады. Оны толығырақ 1 суреттен  көреміз.

Жұмыссыздар ішінде көп жағдайда әйелдер  мен 30 жасқа дейінгі ерлердің үлес салмағы біршама жоғары болады.

Еліміздегі соңғы жылдардағы еңбек нарығы көрсеткіштеріне тоқталайық. Нарыққа өту кезеңінде еңбек  нарығындағы жағдай республика бойынша еңбек ресурстарының төмендеуімен   және жұмыссыздықтың көбеюімен байқалды.  Дегенмен бұл жағдай қазір біртіндеп оңтайланып келеді. 

Жұмыспен қамту саясатын таңдаудың  екі түрі бар: активті және пассивті. Осыдан мемлекеттік активті және пассивті жұмыспен қамту саясаттары ажыратылады.

Активті жұмыспен қамту саясаты ( еңбек рыногындағы  активті саясат) - бұл:

    • мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жүргізетін құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жиынтығы;
    • жұмыс орындарын сақтап қалу үшін еңбеккерлерді жұмыстан босату туралы ескерту және профилактикамен байланысты шаралар;
    • жұмыс іздеуші тұлғаларды оқыту, қайта дайындау және кәсіби біліктілігін жоғарылату;
    • жұмыс орындарын белсенді түрде іздеу мен іріктеу;
    • жаңа жұмыс орындарын ашуды қаржыландыру;
    • қоғамдық жұмыстар жүйесі арқылы жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру.

Мұндай саясат шеңберінде еңбеккерлерді  жұмыстан шығаруды болдырмауға, жаңа жұмыс  орындарын ашуды субсидиялауға  бағытталған іс- шаралар жүзеге асырылады.

Пассивті жұмыспен қамту саясаты (еңбек рыногындағы пассивті саясат) негізінен жұмыссыздықтың теріс салдарын реттеуге бағытталған: мемлекет кепілдік беретін жұмыссыздық жәрдемақысын төлеу, оның мерзімі біткен соң - әлеуметтік жәрдемақы төлеу, сол сияқты басқа да шаралар. Пассивті саясат мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі арқылы жұмыс орнын таңдау қызметін ұсынады. Көбінесе басыңқы пассивті саясат термині пайдаланылады. Ол да жұмыссыздарға материалдық көмек беруді қарастырады, алайда ұсынылатын қызмет түрі көп болады.

Сырт қарағанда, жоғарыдағы екі вариант та ағымдық мемлекеттік шығыстар тұрғысынан алғанда үнемді болып табылады. Алайда экономикалық өрлеуді пасивті күту тактикасы тек еңбек рыногының жоғары икемділігі жағдайында және жұмысшы күшінің өз бетімен жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болған жағдайда ғана өзін өзі ақтай алады. Болмаса еңбек рыногындағы пассивті саясаттың тежеуші реттегіштері әлсіз болып, нақты жағдайды күрделендіріп жіберуі мүмкін. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығындағы мәселелерді шешудегі негізгі мемлекеттің іс – шараларының бағыттары, Үкімет тарапынан қабылданған стратегиялық бағдарламалар, Президенттің Жолдауларында жоспараланған және бекітілген тапсырмалардың негізінде жүзеге асырылуда.

Мемлекет тарапынан 2004 жылы Халықты жұмыспен қамтудың 2005 – 2007 жылдарға арналған кешендi бағдарламасы қабылданды. Сондай-ақ  2006 – 2008 жылдары кедейшiлiк пен жұмыссыздықты азайту мақсатында Үкімет бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламалардың жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат - еңбек нарығында белсендi саясатты жүзеге асыру арқылы кедейшiлiктi азайту және тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күшiнiң сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламада халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiн өсірудi ынталандыруға, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге, халықтың жұмыспен қамтылуы саясатын ақпараттық қолдауға, жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделеді [5, 3б.].

Аталған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:

  • елдiң тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету; 
    шағын бизнесті қоса алғанда кәсіпкерлiкті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және шағын кредит беру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, білiктiлiгін арттыру және қайта даярлау есебiнен еңбек рыногындағы белсендi шараларды одан әрi дамыту және жетілдіру;
  • халықтың кедей және осал топтарының мүдделерiнде атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн жетілдiру;
  • елдегi кедейшiлiктi азайтуда мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлігін арттыру;
  • жұмыспен қамтудың белсендi нысандарын дамыту бағытында нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру, ішкi еңбек рыногын қорғау,
  • елдің еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
  • жұмыс орындарын құру мониторингi бойынша ақпараттық базаны жасау, республикаға шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезiнде қазақстандық азаматтарды даярлау және қайта даярлау;
  • еңбек қатынастарын заңдастыру, жұмыс орындарын құру және еңбек рыногында азаматтарды кәсіптік даярлауды арттыру;
  • жұмыссыздық проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргiзу.

Информация о работе Аймақта жұмыс орнын құрудың ролі және экономикалық ерекшеліктері