Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 22:40, реферат
реферааааааат кееееерек
Нарыққа
өту және ТМД елдерінде, оның ішінде
Қазақстан Республикасындағы
Жеке меншіктін дамуы ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалык теория мектебі «жеке» термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылык, кәсіпорынды түсінген.
Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскісі табысы мен жалға берілген басқада қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдем ақы, стипендия, зейнет акы және т.с.с.) есебінен жасалады.
Жеке меншіктің даму кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін канағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс тұстары байқалады: артық өндірудін экономикалык дағдарысы, жеке меншік - бұл билеп-төстеушінің ешкім шектемейтін иегердің (иегердің ез еркі ғана бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Соңдыктан, мемлекеттін араласуы кажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру экономикалык дағдарыстық ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.
Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, мағынасы өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ак ұжымдык (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде — меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.
Нарыққа
өткенге дейін Қазақстан
Көптеген
әлем елдерінде меншіктін
Кооперативтер Англияда ХІХ-шы ғасырдың басында пайда болып, кейінірек мұндай ұжымдар көптеген Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та кенінен тарады. Алғашкы кооперативтер Дания мен Швециада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу және өткізу бойынша пайда болды. Яғни, 100 жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімінін 60%-ы келді.
Бұрынғы Одақта да шаруашылық жеке енбек меншігін кооиеративтік (колхоздық) меншікке алмастырыдды. Ол алғашқы бесжылдықтарда жүргізілген ұжымдастыру (коллективтендіру; негізінде құрылды. Алайда шын мәнінде колхоздарға әкімшілік ұйымдар билеп-төсеп үстемдігін жүргізді. Олар өзіндік өніміне билік жүргізу құқығынан айырылды. Себебі, өнімнің негізгі бөліп бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп отырды. Бұл коопертивтік процестердің бұзылуына алып келді. Меншіктің кооперативтік түрінің нарыктық экономика жағдайында кооперативтік кәсіпорыннын толық өзінше болуы — оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарлығы иеленді. Мұнда, қозғаушы күші — меншік иесі, топтары кооперативтің экономикалык мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативі айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде тұтыну кооперативінің алғашқы ұйымдары ХХ-шы ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуынын басты мақсаты - тауарларды сатып алуда шаруа мен тұтынушыны сауда делдалдарынан құтқару.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта тұтыну кооперациясы өзінің кызметін қалада да, ауылдық жерлерде де жүзеге асырады Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.
Меншіктің бір түрінен басқасына өтуді эволюциялық жолмен бәсекелестік күрестін, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-ның негізінде жүзеге асады (мысалы, ХІХ-шы ғасырдағы акционерлік меншік түрінін пайда болуы) немесе бұрынғы Одақта болған мемлекетгік және колхоздық меншіктің зорлық-зомбылық жағымен калыптасуын айтамыз.
Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipalis» немесе немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан, «қаланы баскару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланың өзін-өзі» басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады. Казақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.
Әртүрлі экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым болуы, оның баска түрінің - мейлі бұрынғы, мейлі казіргі түрінің болуын жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті, экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Қазіргі
уақытта Қазақстан
ІІ
бөлім. Меншіктің
формалары мен
заңдылықтары,құқықтары
2.1.
Меншіктің формалары,
олардың даму диалектикасы
Меншік — мемлекеттік биліктің негізгі саяси әлеуметтік даму сатысының экономикалык капиталы.
Демек билік — меншіксіз, ал меншік — биліксіз өмір сүре алмайды. Соңдықтан кандай да болмасын субъекті (мемлекет, жеке немесе заңды тұлға) үшін, әсіресе, мемлекеттік құрылым үшін билік пен меншік бір-бірінен ажыратылмайтын құндылык, болып табылады. Осыны экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып табылатын Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексінің» 188-бапы, 1-тармағы былай растайды: «Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Мұнда жақсылап ден қойсаңыздар, мынаны байқайсыздар. Иелену, пайдалану және билік ету меншіктің негізгі үш белгісі. Осы үш белгісіз мүлікке билік ететін меншік ұгымы жок.
Ендеше, өз меншігін әлеуметгік-экономикалық айналым арқылы бейбіт жолмен үнемі дамытын отырған билік қана ұзақ ғұмыр кешеді.
Ал мемлекеттік бюджеттің бейбіт және ұзақ даму кепілдігі оның айналым қатынасына несиеге берілген немесе инвестициялык салымы ретінде табыс әкелетін меншігі арқылы өзінің саяси-экономикалық билігін басқа елдердің әлеуметгік жағдайына қатыстыра білуінде болып табылады.
Қазіргі кезеңде несиеге берілген немесе инвестиция түрінде салынған Америка меншігіне ТМД елдері ғана емес, басқа да елдері қарыздар екені белгілі. Демек, өзге елдің мемлекеттік билігіне тәуелділік, сол ел меншігінің қарыз немесе инвестиция түрінде еркін айналымға шығуы арқасында туындап отырады десек қателеспейміз.
Қазірдің өзінде Қазақстандағы инвестицияның үштен бірі Америка Құрама Штаттарына тиесілі Американың экономикасы мен саясатының Қазақстанға қатысын кеңейте түсу, демократиясы дамыған елдермен сан салалы байланыс жасау да біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің іргелі мәселесі деп түйіндейді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзнінің Қазақстан халқына жолдауында (Еліміздің жаңа ғасырдағы тұреқтылығы мен кауіпсіздігі).
Мысалы, тәуелсіздік кезеңінде елге 10 миллиардка жуық инвестиция тартылыпты. Соның 7 миллиарды ел өндірісіне тікелей салынды. Елімізге салынган инвестиция мөлшерімен бірінші орында Америка Құрама Штаттары, екінші — Онтүстік Корея, үшінші орында — Түркия.
Қандай болмасын билікке саяси және әлеуметтік-экономикалық күш-қуат беретін - меншік екенін айқындаймыз.
Ендеше, жалғыз үй меншігіне билік таласын тудырмас үшін әке мен шеше екі баласының жеке меншігіне екі үй сатып шерсе, бастапқы бір үй меншігіне бағытталган үш билік, үш үйге бөлінеді. Сонда бастапқы бір үй меншігіне бағытталған үш билік бір-бірімен бейбіт қарым-қатынасқа көшеді.
Ал биліктің меншікті үнемі өз құзырында ұстап отырмай заңды негізде ұлгайтуға ұмггылыс жасауының өзі бейбіт биліктік саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуымың кепілдігін білдіреді.
Сондықтан билік пен меншіктің негізіне келсек, алғашқы қауымдык қоғамның қалыптасу кезеңінде адам баласы өмір сүретін пана тапқанына қуанды. Адам өмір сүру барысында паналаган жеріне үйреніп, сол жердің төңірегін өз панасына қосып ұлғайту арқылы, қосылған жер аумағына өз меншігі ретіндегі билігін нығайтуды, тіршіліктің жемісті жемісі деп санады.
Меншік пен билікті әскери басқыншылықпен ұлғайту тәсіліне келсек, атақты француз императоры Наполеон Боанапарт әскеріне «Еуропа жерін басып алыңдар, қалай заңдастыру тәсілін мен өзім табамын», — деп айтыпты деген сөздеріне тірелеміз. Ендеше, сол кезеңдегі Франция мемлекеттік билігінің өзі басқа елдердің меншігі мен билігіндегі жерін басып алу соғыстары арқылы өз билігін ұлғайту тәсілін заңдастыру ниетін байқатады.
Болмаса, билік бейбіт өмір сүруге бейім, меншікті өз құзырында ұстауға құштар саяси күш ретінде ұйымдасатын болса, біртүтас билікті заңдастырып алады.
Ендеше, әлеуметтік - экономикалық айналымға меншікті заңды түрде қорғай алмай, оның даму өрісін тарылтқан биліктің (салық және басқа да жеңілдіктер жағынан) заңмен қорғалып, дамыған биліктегі меншікке тәуелділігі артады.
Сондықтан
да кейбір мемлекеттер әлеумепік-
Ендеше, меншіктің қадір-қасиетін терең түсінбейтін адамнан, биліктің не екенін сұраудың өзі қисынсыз.
Он
бес республиканың басын
Сондықтан, меншікке қатысты билікті ұлғайтудың басты тәсілі — меншікті тізімдеп; есепке алып, оның айналымынан туындайтын табысын жаңа меншік объектілерін дамытуға ұтымды пайдалана білуде болып табылады. Мысалы, мемлекетгік билік атынан қандай тұлга қандай мөлшерде қаржылай қарыз алды. Оны қайтару тәсілдері сол тұлғаның есебінен мұрагерлікке ауысуы заңдастырылуы тиіс. Биліктің өз меншігін тізімдеп, оның құнын анықтап, әлемдік өзгеріске сөйкес бағалап отыруы, оол билігінің құндылығын анықтайды.
Сонымен қатар, меншік пен билік үйлесімді басқарылмаса, сол орта кедейленіп, бір жақты байыған адамдардың өміріне, билігі мен меншігіне қауіп төнеді. Ендеше, кедейленіп, жұмыссыз жүрген адамның аш көзіне меншігі мол, бай адам түсетіні жоқшылықтан туындайды. Мұндай ортада меншіктің түр-түрімен байыған адам меншікке қарсы бағытталған қылмыстық топтық объектісіне, тіршілік тілімен айтқанда, нысанасына айналады.
Жұмыссыздықтан
туындайтын топ - қулар бай адамдардың
билік пен меншікке монополиялық үстемдікті
бір-бірмен келісіп жүргізе алмауынан
шығады. Сондықтан мемлекет — билік басқару
элементі, басқару күшінің көзі ретінде
биліктің ең қымбат қазынасы — адам және
адамның өмірі — деген заңдылықты басшылыққа
алып, бай адамдардың билік пен меншікке
мополиялық үстемдігін реттеп отыруы
тиіс. Себебі, қандай да болмасын биліктің
меншігін ұлғайтатың ең ңымбат қазына
— дені сау адам. Онын арқауы — жақсы ас
пен тағам жеткілікті болса ғана өзіне
және билік меншігіндегі қазынаға пайда
келтіретін қызметкер мен жұмысшы қалыптасады.
Осыны ескерген билік қана саяси-экономикалық
тұрақтылықта дамиды.
2.2
ҚР-да меншіктің
әр-түрлі формаларының
қалыптасуы.
Әдетте, эканомикалық теория меншіктің екі базалық формасын бөліп көрсетеді: жеке меншік және мемлекеттік. Ал соңғы кезде (нарық жағдайында меншіктің жеке меншік формасының өзі жеке бастық мүддесін іске асыру бағытында екі, негізгі шаруашылық формада жүргізіледі.