Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 17:52, курсовая работа
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.
Жалпы ұлттық өнім экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. Жалпы ұлттық өнімге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.
КІРІСПЕ..............................................................................................4
Негізгі бөлім:
I. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ (ЖҰӨ)..........................................6
1.1 Жалпы ұлттық өнім түсінігі..........................................................6
1.2 Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім.....................................12
II. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМДІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ.......15
2.1 Аралық өнім және қосымша қосылған құн................................15
2.2 Жалпы ұлттық өнімді шығындар,
табыстар бойынша есептеу ........................................................19
2.3 ЖҰӨ дефляторы............................................................................25
III. Қазақстан Республикасындағы ЖҰӨ................................28
3.1 Қазақстан Республикасындағы
жалпы ұлттық өнім көрсеткіші...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................
Атырау мұнай және газ институты Мамандық: 5В050800 «Есеп,аудит және сервис» Топ: ЕжА-11 қ/б
Бекесова Ж.С
КІРІСПЕ.......................
Негізгі бөлім:
I. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ (ЖҰӨ).........................
1.1 Жалпы
ұлттық өнім түсінігі..........
1.2 Нақты
және атаулы жалпы ұлттық өнім.
II. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМДІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ.......15
2.1 Аралық
өнім және қосымша қосылған
құн...........................
2.2 Жалпы ұлттық өнімді шығындар,
табыстар бойынша есептеу ..............................
2.3 ЖҰӨ дефляторы.................
III. Қазақстан Республикасындағы
ЖҰӨ...........................
3.1 Қазақстан Республикасындағы
жалпы ұлттық өнім көрсеткіші....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.
Жалпы ұлттық
өнім экономикадағы бір жылғы
барлық тауар мен қызмет көрсетудің
түпкі өндіріс көлемінің
Жалпы ұлттық
өнім — экономика жағдайын сипаттайды,
себебі адамдар аз табыстарға қарағанда
үлкен табыстарды көбірек қалайды.
Яғни өндіріс тауарлары мен
Жалпы ұлттық
өнім материалдық өндірісте
Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады — қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген: Тұтынушы заты — қор, оның табысы мен шығыны — ағын. Жұмыссыздар саны — қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны — ағын. Мемлекетгік қарыз — қор, бюджет тапшылығы — ағын. Жоғарыда қарастырылған түсініктердің көпшілігі "ағын" түсінігіне жатады.
Курстық
жұмыстың маңыздылығы: жалпы ұлттық
өнім — экономикадағы табыс пен
өндірістегі шығын көлемін
I . ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ
Кез келген
ғылым сияқты макроэкономика
да теориялардың өзара
Экономикалық
көрсеткіштер экономикалық
Жалпы ұлттық өнім
экономикадағы бір жылғы
Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:
Жалпы ұлттық өнім — экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлтгық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.
Біз жалпы
ұлттық өнімнің жалпы шығын көлемін,
сонымен бірге экономикадағы
жалпы табыс көлемін
Жалпы ұлттық өнім БҰҰ-ның методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Жалпы ұлттық өнім өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың амортизациясын, материалдық өндіріс саласының таза өнімін және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс енгізіледі.
Жалпы ұлттық
өнім көмегімен еліміздің
Жалпы ұлттық өнімнің белгілі модификациясы – жалпы ішкі өнім көрсеткіші болып табылады. Ол белгілі бір ел шенберінде кәсіпорындар мен қызметкерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтиды. Жалпы ұлттық өнім жаопы ішкі өнімнен сол елдің ресурстарын шет елде пайдаланудан түскен табыстар сомасында (проценттер, дивиденттер, жалақы және т.б.) көп болады. Мысалы маусымды жұмысшылардың жалақысы жұмыс істеп жүрген елдің жалпы ішкі өнімінде есептеледі және олардың тұрақты тұратын елінің жалпы ұлттық өнімінде де есептеледі.
Жалпы ұлттық өнім ағымдағы, рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек, яғни баға индексін қолдану керек, сөйтіп жалпы ұлттық өнімнің нақты құнын білуге болады.
Гипотекалық экономикада, мұнда тек нақты өндіреді деп жорамалдаймыз. Нақты өмірде мемлекеттердің ЖҰӨ-ны есептеуі күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлері жалпы ұлттық өнімде нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін, ЖҰӨ-нің құрылымына өздері өзіне "төлейтін", "жалдау ақысы" енгізілді. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. Жалпы ұлттық өнім құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол практика түрінде жүзеге асырылмайды. Яғни, жалпы ұлттық өнімде арнайы есептелінген құн — жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн жалпы ұлттық өнімге енгізілмейді. Сондай-ақ жалпы ұлттық өнімге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді. Яғни, арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы мүлдем жалпы ұлттық өнімге енгізілмесе, онда жалпы ұлттық өнім - экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды.
Жалпы ұлттық өнім көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған — наркобизнес, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.
Жалпы ұлттық
өнім тұрғындардың әл-ауқаттылығының
өсуін сипаттайтын дәл
1.2Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім
Жалпы ұлттық өнімді номиналды және нақты деп айырады.
Номиналды (атаулы) жалпы ұлттық өнім – сол жылғы ағымдағы бағамен есептелген тауарлар мен қызмет көлемі.
Нақты жалпы ұлттық өнім – баға өзгерісін ескеретін немесе базалық бағамен есептелген жалпы ұлттық өнім көлемі, сонымен қатар инфляция немесе дефляцияны (номиналды жалпы ұлттық өнім инфляция әсерінен тазарады, яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.
Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің қозғалысы циклдық маусымдық ауытқуларға байланысты. Кейбіреулері өндірістік пайыздық ерекшеліктерімен байланысты: мәселен, жылдың суық кезінде үй құрылысын жүргізу көптеген қиындықтар әкеледі, сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты адамдардың қалауы өзгереді.
Номиналдық жалпы ұлттық өнімді нақты жалпы ұлттық өнімге келтіру үшін екі индекс қолданылады. Тұтынушылық бағалар индексі және жалпы ұлттық өнім дефляторы.
Номиналды ЖҰӨ
Нақты ЖҰӨ = баға индексі
Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ x ЖҰӨ дефляторы
Жалпы ұлттық
өнім 90-шы жылдардың басында АҚШ-та
ағымдағы бағада 5570 млрд. долл. құрады,
ал тұрақты бағада (1982 жылы) – 4254 млрд.
долл. болды. Баршаға белгілі жай,
егер жалпы ұлттық өнімнің жыл
сайынғы нақты өсімі 4%-дан асса,
онда экономиканың жағдайын дұрыс деп
санауға болады, ал жалпы ұлттық
өсімнің нақты өсімі 4%-дан аз болса,
онда дабыл қағуға болады: бұл кезде
өндіріс құлдырап, жұмыссыздық өсіп,
экономика тұрақсыздыққа
Номиналды және нақты жалпы ұлттық өнімді дұрыс түсіну үшін оны мысал ретінде қарастырайық: апельсин мен алма өндіретін экономика. Жалпы ұлттық өнім өндірілген алма мен апельсиннің құнына тең:
ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсин бағасы х апельсин саны)
Жалпы ұлттық өнім өлшемі осы алма мен апельсиннің бағалары немесе санының өсуінен жоғарылайды. Осындай жолмен есептелген жалпы ұлттық өнім экономика жағдайының тура әрі жеткілікті көрсеткіші бола алмайды. Ол тұтынушылар, фирмалар мен мемлекет сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігін тура сипаттамайды.өндірілген өнімнің құны 2 есе жоғарыласа, ал саны өзгермесе, онда жалпы ұлттық өнім де 2 есе көбейеді. Сонымен бірге 2 есе бағасы өскен тауардың саны өзгермей қалса, онда тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі 2 есе өсті дегеніміз қате. Жалпы ұлттық өнім құрамында тауар мен көрсетілген қызметтердің бағасы ағымдағы бағамен есептелсе, онда олар атаулы жалпы ұлттық өнім деп аталады. Экономика жағдайын нақты көрсету үшін, экономикада өндірілген тауарлар мен қызмет саны баға өзгерісінің әсеріне тиісті болмауы керек. Нақты жалпы ұлттық өнім көрсеткіші осы мақсатты көздейді, мұнда тауарлар мен қызмет құны тұрақты бағалармен өлшенеді.