Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 10:37, реферат
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.
Ι.Кіріспе
ΙΙ.Негізгі бөлім
а) Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы.
ә)Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және ролі.
б)Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық құрылымы.
в) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдаланудың ролі.
г) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың ролі.
д)Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салу ерекшеліктері.
е)Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары.
ΙΙΙ.Қорытынды.
е)
Шағын және орта кәсіпкерлік
субъектілеріне салық
салудың шешілмеген
мәселелері мен оларды
шешу жолдары.
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші объектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпашылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушінің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі де кемиді.
Бүгінгі күндешағын және орта кәсіпкерлікке жасалып отырған барлық жеңілдіктердің өзінде жеке тұлға үшін табыс салығы белгіленген пайыздық мөлшерінің әлі де жоғарылығы, кәсіпкерлердің әлемдік практикаға сәйкес емес, біршама жоғары мөлшерде салық төлеуі сияқты мәселелер шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежеп отыр. Салық салудың жеңілдіктері арқылы салық салудан жартылай немесе толық босату, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық төлеу мерзімін ұзарту, салық ставкасын төмендету сияқты мәселелердің әлі де қажетті деңгейде жетілдірмеуі шағын және орта бизнестің жедел дамуына кері әсер етуде. Сондай-ақ салық салуда кәсіпкерліктің қолайсыз жағдай әсерлеріне ұшырауы немесе айрықша салаларда жұмыс істеуі ескерілмейді.
Бұл мәселелердің оңды шешілуіне септігін тигізетін мынадай ұсыныстарға көңіл аударайық:
1. Шағын бизнес субъектілері үшін салық ставкаларының дифференциациясын қарап, олар өндіретін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің, қосымша құнның деңгейін немесе оның тиімділігін негізге ала отырып, қызмет түрлері бойынша жүргізу.
2. Жалдамалы қызметшілердің еңбек ақысы қорының деңгейіндегі бастапқы мәнін арттыра отырып, табыс салығының сомасын азайту бойынша есептесуге қабылдайтын әрбір жалдамалы қызметшіге 2,5-тен 4-ке дейінгі ең төменгі еңбекақы мөлшері бойынша еңбекақыны жою жолымен алмастыру.
3. Әрбір жалдамалы қызметшіден 1,5-тен 0,7-0,5%-ға дейін есептелген табыс салығын азайта отырып, жеңілдік нормасын төмендету.
4. Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру аясында жаңа жоғарғы технологиялық өнім түрлерін құруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге байланысты шығындар бойынша жеңілдік салықтарды бекіту.
Осындай
ұсыныстарға сүйене отырып, қазіргі
кезеңде жағдайға қарай салық
саясатын дұрыс жүргізе білу ел экономикасының
одан әрі қалыптаса беруіне жол
аша береді.
Қорытынды
Шағын кәсіпорындар соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағанының айғағы. Бұл деректер шағын және орта кәсіпорындардың экономикадағы елеулі ролімен маңызы туралы бұлтартпас дәлел бола алады. Алайда, жоғарыда қозғалған мәселелер мен келтірілген фактілерден шағын және орта кәсіпкерліктің әлі де болса өз дамуының мүмкін деңгейінен сан жағынан да, сапа жағынан да төмен екендігін аңғарамыз.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің салалық құрылымы жайлы келтірілген деректерден байқағанымыздай, барлық шағын және орта кәсіпкерлікте сауда, автомобиль жөндеу, үйде қолданылатын бұйымдар саласының басымдылығының және басқа салалардың дұрыс дамымай қалуы орын алады.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымына, ең алдымен кәсіпкерліктің кадрлық, ақпараттық және зерттеушілік әлеуетін кешенді дамыту бағытына кіретін заңды тұлғалардың қызметін жандандыру өзекті болып көрінеді.
Демек, бұл бағытта әлі де болса жолға қоятын, жетілдіре түсетін мәселелер мен проблемалар жетерлік екені даусыз.
Сонымен, жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі қарқындырақ та, мардымдырақ та дамыту үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым-экономистерді де, басқа қауымды да бейтарап қалдырмаса керек. Ол үшін үкімет өткен жылдары қабылданған шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептерін терең зерттеп, талдап, соларды енді болдырмауды ескере отырып алдағы уақытта тағы бір үш жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылдауы керек сияқты.
Бұл бағдарламада шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына, оны жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларға тығыз байланысты болуға тиіс.
Бұл
бағдарламада өз шешімін табуға тиіс
екінші үлкен де, маңызды мәселе
– бағдарламада белгіленген міндеттерді
шешудегі, жүзеге асырудағы мемлекеттік
тиісті органдардың облыс, қала әкімдерінің
жауапкершілігі нақтылы анықталуға тиіс.
Бұрынғы бағдарламалардың үлкен кемшілігінің
бірі – осы жауапкершіліктің көрсетілмеуі
болатын.
Әдебиеттер тізімі: