Шағын және орта кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 10:37, реферат

Описание работы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.

Содержание

Ι.Кіріспе
ΙΙ.Негізгі бөлім
а) Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы.
ә)Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және ролі.
б)Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық құрылымы.
в) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдаланудың ролі.

г) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың ролі.
д)Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салу ерекшеліктері.
е)Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары.
ΙΙΙ.Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Шағын және орта кәсіпкерлік 21 бет.doc

— 112.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым  министірлігі

Л.Н. Гумилев    атындағы

                                     Евразия    ұлттық    университеті 
 
 
 
 
 

                Реферат 
 
 

«Шағын және орта кәсіпкерлік» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 
 

    Ι.Кіріспе 

    ΙΙ.Негізгі  бөлім 

    а) Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы. 

      ә)Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және ролі. 

    б)Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық құрылымы. 

    в) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдаланудың ролі. 
     

    г) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың ролі. 

    д)Шағын  және орта бизнес субьектілеріне салық салу ерекшеліктері. 

    е)Шағын  және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары. 

    ΙΙΙ.Қорытынды. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кіріспе 

      Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.

      Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – тұтастай алғанда құқықтық қамту және әкімшілік реттеуден тұрады. Құқықтық қамту дегеніміз – шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру, олардың негізгі және айналым қаржыларын тартуы, салық салу режимі сияқты заңнамалық негіздегі айқындаушы тетіктер болып табылады. Ал әкімшілік реттеу - әрбір нақты деңгейге сай тиісті мемлекеттік функцияларды дәлме – дәл тәртіпке келтіріп, жүйелеп отыру.

      Қазақстан Республикасы үшін шағын кәсіпкерлік  субъектілерін құру тетігі әлдеқашан  шешілген. Қажетті құқықтық база жасалып, соның ішінде ірі шаруашылық субъектілерімен де кооперация арқылы қосымша ресурстар тарту үшін франчайзинг қағидаттары қарастырылған. Сонымен бірге соңы жылдары заңсыз салық әкімшілігін жүргізумен күрес күшейе түсті. Дегенмен шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейге жетпей жатыр. Шаруашылық салаларының деңгейінде алғанда, саудадан басқа жерде шағын кәсіпкерліктің жетекші ықпалы анық байқалмайды. Сондықтан да шағын бизнес ойдағыдай дамуы үшін оның шешуші факторлары болып табылатын кәсіпкерліктің әртүрлі қырларын кең қарастырып, инновациялық тәсілдерді, дәстүрлі емес және озық технологияларды қолдану, ең жаңа өнімдер мен қызметтерді пайдалану өте тиімді болмақ. Шағын және орта бизнестің өз табиғатынан экономиканың ірі субъектілерімен оның құрамдас бөліктерін дайындау, сервистік қызметтер көрсету жолдары арқылы тығыз астасып жататыны белгілі. Міне, кәсіпкерліктің осындай алуан қырлары Қазақстанның индустриалдық – инновациялық даму стратегиясында маңызды роль атқаруы керек. Шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың әртүрлі салаларында оның үлесін арттыру, жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, нақты бәсекелестік орта жасау, қоғамның орта табының негізі ретінде меншік иелерінің қалың қауымын қалыптастыру – оның басты даму кепілі болмақ. Оны іске асыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

    -нарық  инфрақұрылымының тиімді институттарының  қалыптастырылуы мен дамытылуы;

    -жеке  сектордың несие ресурстарына  қол жеткізу тетіктерін пысықтау;

    -шағын бизнеске арналған кадларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру;

    -шағын  кәсіпкерлікті қорғау және дамыту  саласындағы нормативтік және  құқықтық актілерді жетілдіру;

    -өндірістік, қаржылық, инновациялық және басқа  салалардағы шағын бизнесті қолдау және дамыту;

    -шағын  кәсіпкерлік орта кәсіпкерлікті  қолдау және қорғау мәселелері  үкіметтік емес ұйымдардың ролін  күшейту.

      Жалпы шағын және орта бизнесті үкімет тарапынан  қолдау болмады деп ешкім айта қоймас. Жыл сайын осы саланы дамыту жөніндегі қабылданып отыратын бағдарламалардың басты мақсаты – шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамсыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру делінген.

      Сондай-ақ оның міндеттері халықтың жұмыспен қамтылуын  қамтамасыз ету, қоғамдық бірлестіктердің шағын бірлестікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту, шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласындағы басымдықты дамыту, шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып белгіленеді. Осы айтылған фактілердің бәрі Президент тарапынан, үкімет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға көп көңіл бөлінгендігінің айғағы болып табылады. Құжаттардың саны аз емес, олардың мағынасы да, оларда белгіленген мақсаттар мен міндеттер де қамтылу жағынан көңілден шығарлық. Бірақ та сол мақсаттарға тегіс қол жетті, сол міндеттер тегіс орындалды деп ешкім де айта алмайды.

      Бір өкінішті жағдай – осы қабылданған  бағдарламалар, тұжырымдама баспасөз беттерінде халыққа кеңінен таралып, дәріптелмеді және олардың қаншалықты орындалғаны жайлы тиісті мемлекеттік органдардың толық есебі болмаса да, халқымыз, қоғамымыз біраз мағлұмат аларлық хабарламалардың, ақпараттардың болмағандығы. Сондықтан да бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі қарқындырақ та, мардымдырақ та дамыта түсу үшін не істеу керек деген сұрақ үкіметті де, оның басшыларын да, ғалым экономистерді де, басқа да қауымды бейтарап қалдырмаса керек. Ол үшін үкімет өткен жылдары қабылданған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұжырымдама мен бағдарламаларда жіберілген кемшіліктерді, оларда қаралған мақсаттар мен міндеттердің көбінің орындалмай қалуының себептеін терең зерттеп, талдап, соларды енді болдырмауды ескере отырып алдағы уақытта тағы бір үш жылдық мемлекттік бағдарлама қабылдауы керек сияқты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Ι.Негізгі  бөлім. 

      а) Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы.

     

      Әлемдік экономиканың даму тәжірибесінен білетініміздей, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер үшін шағын және орта кәсіпкерлік негізгі тұрақтандыушы фактор болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің өнімдері бұл мемлекеттерде ЖІӨ-ң 60-70%-ын құрайды. Жалпы жұмысшылардың 75-80%-ын шағын және орта кәсіпкерлік жұмысшылары құрайды. Сондықтан шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі өнеркәсібі дамыған елдерде мемлекет, аумақ және қаланың жетістіктерінің айғағы болады деп есептелінеді. Кез – келген динамикалық және үйлесімді дамуға ұмтылатын қоғам экономикадағы инициативаға қажетті жағдайлар жасайды. Сондықтан, шағын және орта кәсіпкерліктің нарықтық жағдайларда дамуы – экономикалық инициативаның айғағы.

      Мемлекеттік деңгейдегі нарықтық экономикасы бар  елдерде шағын және орта мемлекетті құру мәселесі қойылған жоқ, өйткені бұл мемлекеттерде ол көптеген жылдар көлемінде табиғи жолмен қалыптасқан, Ал Қазақстанда бұл экономикалық сектор өте қысқа тарихи кезеңде қалыптасуы керек болды, сондықтан бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуі керек болды. Яғни, негізін ірі өнеркәсіптік алыптар құрайтын жоспарлы экономикадан, негізін шағын және орта кәсіпкерлік құрайтын нарықтық экономикаға көшу керек болды. Ол үшін қалыптасқан жалпыхалықтық меншіктің стереотипін бұзып, құлатып, елдегі мемлекеттік және жеке меншікті мойындау қажет болды. Сондай-ақ, үлкен мәселені шешу керек еді – қалыптасқан қоғамдық менталдылықты жойып, шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік кәсіпкерлік жетістіктер мен экономикалық жетістіктердің айғағы болатындығы жайлы жаңа көзқарасты бекіту керек еді.

      Қазақстандағы нарықтық экономикаға өту жоспарсыз, дайындықсыз болды. Басқарушы элитаның есептеуінше, әлеуметтік-экономикалық кризисті жеңу мен экономикалық реформалау синхронды және стандартты модель бойынша  жылдам жүргізілуі тиіс болды. Сондықтан, нарықтық экономикаға өту дайындықты қажет етпейді. Нарықтық экономикаға өтудің бастапқы кезеңдерінде радикалды реформалар қандай да бір теоретикалық-методологиялық дайындықсыз жүргізілді. Экономикалық саясат өте қысқа мерзімде жасалып, дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекеттер тәжірибесіне сүйенді. 
 

ә)Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы

функциясы және ролі 

      Қоғамдық  өндіріс пен бірге қалыптасып және онымен бірге дами отырып, шағын  және орта кәсіпкерлік, кез-келген кәсіпкерлік  жұмыстың функцияларымен сәйкес келетін белгілі бір экономикалық функцияларды атқарады. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыс берушілер, белгілі бір тауар түрлерін шығарып, қызмет көрсетумен айналысады, нарықтық экономиканың субъектілері болып келеді, яғни, бәсекелестік процесіне қатысады, ұжым мен еңбек бөлінісінде байланысқа түседі, нарық бағаларының өзгеруіне әсер етеді, сондай-ақ өз табысының бір бөлігін салық ретінде төлеп отырады – мұның бәрін жалпы функцияларға жатқызамыз. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік өз өндірісін үнемі жетілдіріп отырады, қоғамдағы ғылыми-техникалық процессті жеделдете түседі және бұл процессте ол біршама ерекше роль атқарады. Бүгінгі күнде, шағын және орта кәсіпкерлік – инновациялық процесстердің бір стимулы ретінде қарастырылады.

      Әдетте  шағын және орта кәсіпорындар - өзгермелі міндеттерге байланысты жылдам өзгертуге болатын, формальды емес басқару жүйелері бар жоғары мамандандырылған кәсіпорындар. Мұндай кәсіпорынның тұрақтылығы – нарыққа шығаратын өнімнің сапасы мен ерекшеліктеріне байланысты: олар тек қана сапалы өнім шығара отырып, тұтынушыларды қызықтырап, бәсекелерін жеңуі мүмкін. Қомақты өндірісі бар ірі кәсіпорындар болса, құрал-жабдықтар алу үшін көп қаржы жұмсау керек және жұмсаған қаржы босқа ысырап болмас үшін, өнім өтімді болмаса да, сұраныс төмен болғанның өзінде оны максималды шығаруға мәжбүр. Осылайша инновациялар көптеген елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің функцияларының басты бағыты болып қалды. Осылайша мысалы, АҚШ-та барлық инновациялардың жартысынан көп бөлігі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне тиеді, ал жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша, ірі кәсіпкерліктен 2,5 есе артық.

      Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы функциялары – қажетті тауар өндіру мен қызмет көрсету, қосымша арнайы функциялармен толықтырылады, ол – нарықтық тығыздығын арттырады. Әдетте, шағын кәсіпорындар ірі кәсіпорындардың эффектілігі төмен салаларда пайда болады. Сондықтан да, шағын және орта кәсіпкерлік тұрмыстық қызмет саласында, ғылыми қызмет көрсетуде, денсаулық сақтауда, сауда өндірісінде үлкен үлеске ие болады. Бұл шаруашылық саласында өндіруші (сатушы) мен тұтынушы (сатып алушы) арасындағы қарым-қатынас басты момент болып есептеледі. Шағын және орта кәсіпкерлік әрбір клиентке жеке қызмет көрсете отырып, өзіне бәсекелестік артықшылықтар жасайды. 

      б)Шағын кәсіпорындардың қалыптасқан

      салалық құрылымы. 

      Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен Үкімет қабылдаған ресми  құжаттарға және олар атқарған нақты  істерге қысқаша талдау жасаған  соң, енді осы саланың бүгінгі  қалыптасқан жағдайы жайлы біраз нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық тіркелім деректерінде республика бойынша 2004 жылы желтоқсан айының 1 жұлдызына дейін бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркелген кәсіпорындардың 72 пайызға жақыны жұмыс істейтін (экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 52,1 мыңнан астамы қараша айында белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды.

      Белсенді  жұмыс істейтін кәсіпорындардың  басым көпшілігі (40,8%) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп  саласына (12,8%) және жылжымайтын мүліктермен  операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,3%) тиесілі.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлік