Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 10:37, реферат
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.
Ι.Кіріспе
ΙΙ.Негізгі бөлім
а) Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы.
ә)Шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы функциясы және ролі.
б)Шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасқан салалық құрылымы.
в) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын пайдаланудың ролі.
г) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы салық салудың ролі.
д)Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салу ерекшеліктері.
е)Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салудың шешілмеген мәселелері және оларды шешу жолдары.
ΙΙΙ.Қорытынды.
Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2004 жылғы 1 желтоқсанға есептелген дерек бойынша 523,2 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2004 жылдың 1 ақпанындағы деңгейден 11,1 пайызға артты. Есептелген дерек бойынша 2004 жылғы қараша айында өткізілген өнімнен түскен табыс 55 617,1 млн тенге болды, бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтар айындағы деңгейден 15,8 пайызға жоғары.
Шағын бизнес кәсіпорындарын экономиканың қызмет түрлері бойынша алып қарасақ, оны келесі деректерден көреміз. 2004 жылдың 1 желтоқсанына барлық тіркелген кәсіпорындар саны 143,6 мың, одан жұмыс істейтіндері 103,0 мың екен, соның ішінде тиісінше ауыл шаруашылығында, аң және орман шаруашылығында – 9,6 мың және 7,2 мың, өнеркәсіпте – 16,3 мың және 11,6 мың, құрылыста 18,0 мың және 14,5 мың саудада, автомобильді, тұрмыстық және бас мүлігін жөндеуде 67,6 мың және 45,0 мың, жылжымайтын мүліктермен операция жасауда, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсетуде 15,9 мың және 12,6 мың шағын кәсіпорын бар.
Ал енді жеке өңірлер бойынша алып қарасақ, онда Алматы қаласында тіркелген кәсіпорындар саны 50,6 мың (барлық кәсіпорынның 35,2%), жұмыс істейтіні 31,7 мың (30,8%), Астана қаласында – 11,8 мың (8,2%) және 9,8 мың (9,5%), Шығыс Қазақстан облысында – 9,4 мың (6,6%) және Қарағанды облысында – 9,1 мың (6,4%) және 6,5 мың (6,3%) шағын кәсіпорын бар және жұмыс істейді.
Шағын бизнес, сондай-ақ республика жеке кәсіпкерліктің дамуымен сипатталады. Жеке кәсіпкерлерге заңды тұлғалықты құрмай-ақ, жеке тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысатындар жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлердің 2004 жылғы 1-ші қазандағы саны 303,8 мың адам, одан жұмыс істеп тұрғандары 230,8 мың адам, олардағы жалдамалы жұмыскерлер саны 219,8 мың адам.
Ауылшаруашылық саласында шағын бизнес шаруа (фермер) қожалықтарының дамуымен сипатталады. 2004 жылдың 1 желтоқсанына республикада 174,6 мыңнан астам шаруашылық тіркеліпті, олардың 83,6 пайызы жұмыс істеп тұрғандар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қолында малы бар немесе егістік жерді пайдаланушы шаруашылықтар жатады. Тіркелген 174,6 мың және жұмыс істеп тұрған 146,1 мың шаруа қожалығының тиісінше әр облысқа тиесілі үлесін Б-1 кестеден көреміз. Келтірілген деректерден республика бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің ауылшаруашылық саласындағы ең төмен көрсеткіш Жамбыл облысына тиесілі екенін көреміз. Ал бұл облыс аграрлық аймақ болғандықтан шағын кәсіпкерліктер (фермерлік шаруа қожалықтары) көптеп саналады. Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін шаруашылық насандары кіреді.
Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауылшаруашылығының, сондай-ақ кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Облысымыздың тұтыну базарының 60 пайызынан астамын ауылшаруашылық шикізаттарынан дайындалған азық-түлікпен тауарлар қамтамасыз етеді дейді мамандар. Аграрлық сала қызмет көрсетудің және көптеген өнеркәсіптік саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де агроөнеркәсіп өндірісіне баса назар аударылып, оған мемлекеттік қолдау көрсетілуі керек. Ауылш-селоның қайта түлеп, өркендеуі үшін ұлттық саясат, біртұтас нормативтік құқықтық база және базар кеңістігі ауадай қажет.
Елімізде ірі және ұсақ өндіріс орындарының мәселелері кәсіпорын аумағындағы жетістіктер мен кемшіліктерді саралау барысында шешімін табады.
в)Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы телекоммуникацияның прогрессивтік нысандарын
пайдалану
қызметінің ролі.
ХХІ
ғасыр кәсіпкерлік қызметтік
өркениетті жұмыс істеуіне жаңа талаптар
қояды. Бұл ең алдымен «интернеттендіру»
үрдістеріне, электрондық саудаға,
телекоммуникацияның
Қазіргі сәтте қазақстандық шағын кәсіпкерлік аталған процесстерді ескермей отырғанын айта кету керек. «Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық көрме орталығы» ЖАҚ жүргізген зерттеулердің қорытындысы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттіктің қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде осы мәселеде отандық бизнестің өте төмен әлеуеті бой көрсетіп отыр.
Зерттеулер іс жүзінде барлық респонденттер республиканың шағын кәсіпорындарының басшылары мемлекет шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ақпараттық желіні дамытуы тиіс деп санайтынын көрсетті.
Өз бизнесін кеңейткісі келетіндердің ішінде 11%-ы интернетті пайдалана отырып, жаңа әріптестік байланыстар орнатқысы келмейтінін, ал үштен бірі бұл сұраққа жауап бере алмағанын айта кету керек.
Шағын
кәсіпорындар басшыларының көпшілігі
қазіргі заманғы компьютерлік ақпараттық
технологияларды пайдалана
Сонымен бірге ақпаратты беруге дайындардың ішінен шағын және орта кәсіпкерлік басшыларының жас бойынша тобында 25 жасқа дейін 6,8%, ал 46-50 жас және 50 жастан жоғары – тиісінше 47,5% және 42,5%.
Бір жағынан барлық берілген фактілер елде инновациялық технологияларды пайдаланудың (және пайдалануға дайындық) жалпы көрсеткішін білдіреді. Екінші жағынан бұл, сондай-ақ отандық кәсіпкердің әртүрлі жаңа өзгерістерге сенімсіздігінің көрсеткіші, бұл мемлекет тарапынан бақылау-қадағалау функцияларының күшеюінен қорқумен түсіндіріледі.
Сандық толықтыруда бұл фактілер, сондай-ақ сұралған шағын кәсіпкерлердің төрттен бірі интернет желісіне жалғанғандығымен және үштен бірінің электронды поштамен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар екендігімен түсіндіріледі. Бұл ретте кәсіпкерлердің басым көпшілігі интернет беретін мүмкіндіктер туралы біледі. Олар төмендегідей:
1. Интернет арқылы жарнамалау.
2. Іскерлік байланыстар орнату.
3.
Қазақстанда шағын бизнесті
4.
Бизнес әріптестікке және
5.
Зерттеу және маркетингтік
6.
Шағын бизнес бойынша оқу
7. Кәсіпкерлік қызметтің әлемдік тәжірибесі.
8.
Кәсіпкерлік бойынша
Зерттеулердің
қысқаша қорытындысын қорыта келіп,
мынадай тұжырым жасауға болады. Кәсіпкерлік
қызмет жүргізудің тиімділігін көтеруге
мүмкіндік беретін жаңа қазіргі заманғы
және перспективті ақпараттық технологиялар
шағын және орта бизнес субъектілерінің
қолына түспей отыр.
г)Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы
салық
салудың ролі.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі – салықтық реттеу болып табылады.
Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын роліне тікелей байланысты. өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максималды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл роль жағымды болып келеді. Салық салу мемлекеттің өз қызметін атқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолданылатын тиімді салық салу жүйесі қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайдан әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың тәуелділігін кемітуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық салудың ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвистициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалды.
Кірістер болжамының есептерінде жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының ұлттық қорына есепке алынатын мұнай секторы ұйымдарының тізбесі бойынша салық түсімдерінің есебі бір баррель үшін 19 АҚШ доллары болатын мұнайдың әлемдік тұрақты бағасы есепке алына отырып жүргізілгені ескеріледі. Әлемдік мұнай бағасы елеусіз төмендеген жағдайда мұнай өндірудің өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсу қарқынынан төмен болуы есебінен орта мерзімді кезеңде мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін салықтар мен төлемдер түсімі азаяды. Кесте В-2 Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 2001-2004 жылдардағы серпіні және 2008 жылға дейінгі болжамы.
Мемлекет салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвистицияны, шағын және орта бизнесті ынталандыруға тигізетін әсерін назарда ұстау шарт.
Салықтық
реттеу процесі салық салудың
оңтайлы деңгейін анықтаумен байланысты.
Салық ставкаларын өзгерту
д) Шағын және орта бизнес субъектілеріне
салық
салу ерекшеліктері.
Бүгінгі күнде республикамызда шағын бизнес субъектілеріне салық салу қалай жүргізілуде деген сұрақ көптің көкейінде тұрары анық. Бұл ретте қазіргі кезеңде елімізде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салық салудың арнайы салық тәртібі қарастырылған, яғни ол бір реттік талон, патент және қарапайым декларация негізінде жүргізілуде. Кәсіпкер бұл арада өзінің қызметінің меншігіне, алатын табысының мөлшеріне байланысты осындай немесе басқадай түрін қолдануға құқылы. Мұның өзі әр адамның өз шамасына қарай жұмыс істеуіне мүмкіндік берілген деген сөз. Енді әрі қарай кәсіпкерлік рұқсаттың қалай берілетінін талдап көрейік:
1.
Бір реттік талонды пайдалану
кәсіпкерлік қызметте
2.
Салық салудың жеңілдетілген
тәртібі патент негізінде,
Патент бойынша төленетін салық сомасы жарияланған салық төлеушінің алдын-ала табысынан 3% мөлшерінде белгіленген. Мұндайда табыс әрқашанда барлық шығындарды есепке ала отырып, жалпылама алынады. Патенттің құны бюджетке жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде тең үлесте енгізіледі. Патент негізіндегі жеңілдетілген тәртіп сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға да қолданылады. Патент құнына заңды тұлғаның табыс салығы, қосымша құн салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы енгізіледі. Патент құнын есептей келгенде бюджетке төленетін салықтар сомасы 80%-ға азаяды.
3.
Жеңілдетілген декларация
Жеңілдетілген декларация, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай өлшемдерге сәйкес таратылады:
Төлем төлеудің жеңілдетілген тәртібі бойынша тек қана әлеуметтік және табыс салығын төлеу қарастырылған, оған төлем көздерінен ұсталған табыс салығы кірмейді.
Шағын
бизнеске қатысты жүргізілген бұрынғы
салық саясаты шағын