Салық салынатын айналымды анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 07:29, курсовая работа

Описание работы

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
- салық салынатын айналым;
- салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.

Содержание

Кіріспе 4
1 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою 6
1.1 Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт 9
1.2 Салық салынатын айналым мен салық салынатын
импорт мөлшерін анықтау 14
1.3 Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар 16
2 Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт 19
2.1 Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу 26
2.2 Шот-фактура 30
3 Салықты есептеу және төлеу тәртібі 32
3.1 Қосылған құн салығы бойынша өзара қатынас 35
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 84.53 Кб (Скачать)

3. Егер күнтiзбелiк ай iшiнде есепке  жатқызылған қосылған құн салығының  сомасы есептелген салық сомасынан  асып түскен жағдайда, қосылған  құн салығын төлеушi дербес айқындаған  күнтiзбелiк ай не тоқсан салық кезеңi болып табылады.

4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi  заңды тұлғаларға арналған арнаулы  салық режимiн қолданатын қосылған  құн салығын төлеушiлер үшiн  аталған арнаулы салық режимiнiң  күшi қолданылатын қызметтi жүзеге  асырудан бюджетке төленуге тиiс  қосылған құн салығы бойынша  салық кезеңi салық жылы болып табылады.

Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн  салығы бойынша салық кезеңi осы  баптың 1-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.

Салық декларациясы

1. Егер осы баптың 2-тармағында  өзгеше көзделмесе, қосылған құн  салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi  үшiн қосылған құн салығы бойынша  декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.  
2. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.  
3. Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 

Қосылған  құн салығын төлеу мерзiмдерi

1. Егер Салық Кодекстiң 389-бабында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын

төлеушi қосылған құн салығы бойынша  декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол  күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi. 

2. Салық Кодекстiң 250-бабында аталған жағдайларда салық төлеушi төлеуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi.   
3. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi Салық Кодекстiң 249-бабында белгiленген тәртiппен өзгертiлуi мүмкiн.

Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту

1. Салық органдары егер:

1) импортталатын тауарлар өнеркәсiптiк ұқсатуға арналған;  
2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылған жағдайларда импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгертедi.  
2. Осы баптың мақсаты үшiн, егер бұл орайда төменде аталған шарттардың ең болмаса бiреуi орындалатын болса:  
1) өндiрiстiк ұқсатудан кейiн алынған өнiмде (тауарда) пайдаланылған тауарлардан өзгеше алғашқы кез келген төрт белгi деңгейiнде сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды болса;  
2) өндiрiс процесiнде тауарларға қосымша еңбек пайдаланыла отырып, химиялық әсер жасалса, өндiрiс процесiнде тауарларды одан әрi пайдалану оларды өнеркәсiптiк ұқсату деп ұғылады.  
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту өсiмпұл есептелмей, кеден органы кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге жасалады. 

4. Осы бапқа сәйкес қосылған  құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту мына құжаттар: 

уәкiлеттi мемлекеттiк  орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш; 

тауарларды  беруге арналған шарттың (келiсiм-шарттың) көшiрмесi негiзiнде жасалады. 

Төлеу мерзiмiн  өзгертуге құқығын растау үшiн  салық органдары қосылған құн  салығын төлеушiнiң өндiрiстiк қуаттарын  және үй-жайларын тексерiп қарауға құқылы.   
5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өнеркәсiптiк ұқсату үшiн үнемi импорт бойынша тауарларды алып тұратын қосылған құн салығын төлеушiлерге, қосылған құн салығын өзгертiлген мерзiмдер бойынша төлеткiзе отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыруы үшiн күнтiзбелiк жыл iшiнде қолданылатын рұқсат бередi. 

Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын  төлеу мерзiмiн кеден органы кедендiк  жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге  өзгерте отырып, тауарларды кедендiк  ресiмдеуге негiздеме болып табылады. 

Рұқсат алу  үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға  осы баптың 4-тармағында аталған  құжаттар, сондай-ақ қосылған құн салығын  төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша  салық органының оның өндiрiстiк  қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы жөнiндегi қорытындысы табыс етiледi. 
5-1. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдi қосылған құн салығын төлеушiден өтiнiш пен осы бапта белгiленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.   
6. Төлеу мерзiмдерi осы бапқа сәйкес өзгертiлген салық сомаларын өтеудi үш айлық кезең iшiнде салық органдары өткiзiлген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетуге) қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдiсiмен жүргiзедi. 

Өтелмеген берешектiң  сомасына аталған үш айлық кезең  аяқталғаннан кейiнгi бiрiншi күннен бастап өсiмпұл есептеледi.  
7. Тауарларды өнеркәсiптiк ұқсатусыз өткiзген жағдайда, қосылған құн салығы осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен өсiмпұл салына отырып есептеледi

Импортталатын тауарларға арналған қосылған құн салығын                                                есепке жатқызу әдiсiмен төлеу

1. Қосылған құн салығы осы  бапта мынадай тауарлардың: 
1) жабдықтың 
2) ауылшаруашылық техникасының 
3) автомобиль көлiгiнiң жылжымалы жүк құрамының 
3-1) тiкұшақтар мен ұшақтардың   
3-2) темiр жол локомотивтерi мен вагондардың   
4) қосалқы бөлшектердiң 
5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) импорты бойынша белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi.  

Аталған тауарлар тiзбесiн және оны қалыптастыру тәртiбiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.  

Бұл ретте  осы тiзбеге Қазақстан Республикасының  аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан  Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.  
1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарларды қосылған құн салығын төлеушiлер өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн әкеледi. 
2. Қосылған құн салығын төлеушi кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесiн, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында аталған тауарлардың импорты бойынша төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөнiндегi мiндеттеменi және аталған тауарларды нысаналы пайдалану туралы мiндеттеменi табыс етедi. 

Мiндеттемелер  уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген  нысанда екi дана етiп толтырылады. 

Мiндеттеме негiзiнде тауарларды еркiн айналысқа  шығару - белгiленген тәртiппен кеден  төлемдерiн, ал акцизделетiн тауарлар бойынша акциздердi де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы iс жүзiнде төленбей жүргiзiледi. 
3. Мiндеттемеде көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда Салық Кодекстiң 235-бабына сәйкес бiр мезгiлде есепке жатқызыла отырып, салықтың есептелген сомасы ретiнде көрсетiледi. 
4. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарларды одан әрi пайдалануға Салық Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.

 

3.1  Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара қатынас

 

Есепке жатқызылған салық сомасы салық кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайларда бюджетпен өзара қатынас

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, есепке жатқызылған салық сомасының  салық кезеңi iшiнде есептелген  салық сомасынан асып кетуi қосылған  құн салығы бойынша алдағы  төлемдердiң есебiне жатқызылады.  
2. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша осы баптың 1-тармағында аталған асып кету сомасы, егер де мына шарттар орындалатын болса:  
1) қосылған құн салығын төлеушi нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тұрақты өткiзудi жүзеге асырып отырса;  
2) қайтарып алуға өтiнiш берген айдың алдындағы үш айдың әрқайсысы үшiн нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу жөнiндегi айналым өткiзу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемiнде 70 процентi болса, қосылған құн салығын төлеушiге Салық Кодекстiң 252-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылады.   
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген шарттар орындалмаған жағдайда, асып кеткен сома қосылған құн салығын төлеушiге оның өткен салық кезеңдерi үшiн қосылған құн салығы бойынша мiндеттемелерiн есепке ала отырып, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымының мақсаттары үшiн пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлiгiнде қайтарылады.  
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құн салығының сомасын анықтау кезiнде қосылған құн салығын төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашылған банк шоттарына валюталық түсiм түсiрген не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге берiлген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған тауарлардың экспорты есепке алынады.  
5. Егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығының сомасын қайтару туралы салық органына өтiнiш жасамаса, онда осы баптың 2-тармағында аталған асып кету сомасы есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңiнде қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер есебiне есепке жатқызылады.  
6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайлардан басқа мынадай жағдайларда:  
1) грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiлерге Салық Кодекстiң 253-бабында көзделген тәртiппен төленген;  
2) дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге ресми пайдалануға, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiне, олармен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулердi) берушiлерге Салық Кодекстiң 254-бабында көзделген жағдайларда төлеген қосылған құн салығы;  
3) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы Салық Кодекстiң 39 және 40-баптарында белгiленген тәртiппен қайтарылуға тиiс.

Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару                                               

1. Нөлдiк ставка бойынша салық  салынатын айналымдар бойынша  қосылған құн салығын қайтару  салық органы қосылған құн  салығын төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк  орган белгiлеген нысан бойынша  салықты қайтару туралы өтiнiшiн  алған кезден бастап алпыс жұмыс күнi iшiнде және:  
1) салық кезеңi iшiндегi қосылған құн салығы жөнiндегi декларация;  
2) Салық Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарларды экспорттық растау үшiн қажет құжаттар;  
2-1) Салық Кодекстiң 224-1-бабына сәйкес тауарлардың арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзiлгенiн растау үшiн қажеттi құжаттар; 
2-2) өзi өндiрген тауарларды Салық Кодекстiң 224-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге өткiзгенiн растау үшiн осы Кодекстiң 224-2-бабының 3-тармағына сәйкес қажеттi құжаттар; 
2-3) өзi өндiрген тауарларды Салық Кодекстiң 224-2-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге өткiзгенiн растау үшiн Салық Кодекстiң 224-2-бабының 4-тармағына сәйкес қажеттi құжаттар; 
3) салық органы жүргiзген салық тексеру актiсiне сәйкес қайтаруға ұсынылған салық сомасының дұрыстығын растау негiзiнде жүргiзiледi.  
2. Қосылған құн салығын қайтару:  
1) қосылған құн салығын осы салықты төлеушiнiң аталған салық пен салықтың басқа да түрлерi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне есепке жатқызу;   
2) тауарлардың импорты кезiнде төленуге тиiс қосылған құн салығының есебiне есепке жатқызу;  
3) Салық Кодекстiң 221-бабына сәйкес төленуге тиiс қосылған құн салығының есебiне есепке жатқызу;  
4) қосылған құн салығын төлеушiнiң банк шотына ақша аудару арқылы жүргiзiледi.

Қосылған құн салығын қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.   
3. Қосылған құн салығын төлеушiнiң банк шотына қосылған құн салығын қайтару оның салықтар бойынша мемлекеттiк бюджетке салық берешегi болмаған кезде жүргiзiледi.  

Басқа салықтар бойынша салық берешегi болған жағдайда, бюджеттен қайтарылуға тиiстi салық  сомасы осы берешектi өтеуге жатқызылады.  
4. Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiлерi көрсетiлген мерзiм iшiнде қарсы салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда мұндай қосылған құн салығын төлеушiлерге салықты қайтару бұзушылықтар анықталған не жойылған сомалар шегiнде жүргiзiледi.

Белгiленген мерзiмдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзiмi бұзылған әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.

Қайтаруға ұсынылған  қосылған құн салығы сомаларының  дұрыстығын растау үшiн қосылған құн  салығын төлеушiнiң берушiсiн тексеру  тағайындау туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк  орган белгiлеген тәртiппен, мынадай жағдайлар: 
1) қарсы тексерулер:

бұл салық  төлеушiнiң қосылған құн салығын  қайтаруға өтiнiш беру сәтiнiң алдындағы  он екi ай кезең iшiнде аталған салық  төлеушiге айына кемiнде бiр рет  тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзудi жүзеге асырған берушiлерге; 
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн берушiлерге; 
қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргiзiлмейтiнi; 
2) қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетiлiп шот-фактура жазған берушiлер (осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда) мiндеттi тексеруге жататыны; 
3) егер қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсi салық төлеушiлердiң мониторингтелуiне тиiс болса, салық қызметi органдары осы Кодекске сәйкес осы берушiлер ұсынатын салық есептiлiгiнiң негiзiнде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкiн екендiгi ескерiле отырып қабылданады. 
5. көзделген қосылған құн салығы:  
1) шағын бизнес субъектiлерi;

2) шаруа (фермер) қожалықтары; 
3) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн белгiленген арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiлерге қайтарылмайды.

Грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

  1. Грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет

көрсетулердi) берушiлерге төленген қосылған құн салығын, егер бiр мезгiлде  мынадай шарттар сақталса: 

1) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынатын грант қаражаттары мемлекеттер,  мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық  ұйымдар желiсi бойынша берiлсе; 

2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тек  грант мақсаттарын iске асыру  үшiн ғана алынса; 

3) тауарларды өткiзу, жұмыстарды  орындау, қызметтер көрсету грант  алушымен не грант мақсаттарын  жүзеге асыру үшiн грант алушы  тағайындаған орындаушымен жасалған  шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүзеге  асырылса, салық органдары отыз  жұмыс күнi iшiнде қайтарады. 

2. грант алушыларға қосылған  құн салығын қайтару Салық Кодекстiң 252-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығы грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. 

Информация о работе Салық салынатын айналымды анықтау