Салық салынатын айналымды анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 07:29, курсовая работа

Описание работы

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
- салық салынатын айналым;
- салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.

Содержание

Кіріспе 4
1 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою 6
1.1 Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт 9
1.2 Салық салынатын айналым мен салық салынатын
импорт мөлшерін анықтау 14
1.3 Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар 16
2 Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт 19
2.1 Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу 26
2.2 Шот-фактура 30
3 Салықты есептеу және төлеу тәртібі 32
3.1 Қосылған құн салығы бойынша өзара қатынас 35
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 84.53 Кб (Скачать)

Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу орны Салық Кодекстiң 215-бабына сәйкес белгiленедi.  
2. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алынған жағдайда, аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер осы Кодекстiң 221-бабында белгiленген тәртiппен алушының салық салынатын айналымына енгiзiледi.

Салық салынатын  импорт

Қазақстан Республикасының  кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi, Қазақстан Республикасының  аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.

Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткiзу бойынша айналымдар:

1.Сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiнiң атынан және соның есебiнен

тауарды тиеп жөнелтуi, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуi сенiм  бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша  айналымы болып табылмайды. 

2. 214-баптың 1-тармағының ережелерi:  
1) сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiге орындаған (көрсеткен) жұмыстарына (қызметтерiне);  
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес сенiм бiлдiрушiден алынған тауарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп жөнелту сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылады.

Тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) өткiзу орны

1. Тауарды өткiзу орны болып:

1) егер тауарды берушi, алушы  немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын  (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;  
2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны танылады.  
2. Жұмыстарды, қызметтердi өткiзу орны болып:  
1) егер жұмыстар, қызметтер жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi;  
2) егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса, жұмыстарды, қызметтердi нақты жүзеге асыратын орны;  
3) егер қызметтер мәдениет, өнер, бiлiм, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызметтерге қатысты болса, қызметтердiң нақты көрсетiлетiн орны;  
4) жұмыстарды, қызметтердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны танылады. Осы тармақша мынадай жұмыстарға, қызметтерге: 

санаткерлiк меншiк объектiлерiн  пайдалануға құқық беру жөнiндегi;  
консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ ақпаратты өңдеу жөнiндегi қызмет көрсетулерге; 

қызметкерлердi беру жөнiндегi;  
жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беру жөнiндегi қызметке;   
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу жөнiндегi, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызметтердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiм-шартқа) негiзгi қатысушының атынан тұлға тартатын агенттiң қызметтерiне; 

байланыс қызметiне; 

туризмдi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерге қатысты қолданылады;  
5) жұмыстарды орындайтын (қызметтер көрсететiн) тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны танылады.  
3. Егер тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу басқа негiзгi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуге қатысты көмекшi сипатта болса, негiзгi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзiлген жер осындай көмекшi өткiзу орны болып танылады.  
4. егер жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызмет орны бiреуден артық болса, осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылатын орын олар өткiзiлген орын болып есептеледi.  
5. бiрнеше тармақшада аталған жұмыстарды орындайтын немесе қызметтер көрсететiн жер осы тармақшалардың ретi бойынша бiрiншi болып белгiленедi.

Өткiзу бойынша  айналым жасау күнi

1. Егер 216-баптың 2 және 2-1-тармақтарында өзгеше көзделмесе, тауарды тиеп жөнелту күнi тауар өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.  

Егер тауарды  тиеп жөнелту жүзеге асырылмаған  жағдайда, онда алушыға тауар меншiгiнiң  құқығы берiлген күн өткiзу бойынша  айналым жасау күнi болып табылады.  
2. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл ұстаушы үшiн мына күндердiң бiрi: 
1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн; 
2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл затына меншiк құқығы кепiл игерушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн сату бойынша айналым жасау күнi болып табылады.  

Салық Кодекстiң 211-бабының 1-тармағының 5) тармақшасында аталған жағдайларда тауар пайдалану кезiнде тауарды осындай пайдалануға берген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.

Салық Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында аталған жағдайларда, қосылған құн салығын төлеушi есептен шығару туралы өтiнiш берген салық кезеңiнiң соңғы күнi өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.   
2-1. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде мыналар өткiзу бойынша айналым жасалған күн болып табылады: 
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингiнiң шартында белгiленген мерзiмдiк лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi; 
2) егер қаржы лизингiнiң шарты бойынша лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi мүлiктi лизинг алушыға беру күнiне дейiн белгiленсе, онда мүлiктi қаржы лизингiне берген күн айналымды жасау күнi болып табылады; 
3) қаржы лизингiнiң шартында көзделген лизинг төлемдерiн лизинг алушы мерзiмiнен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлi есеп айырысқан күн қаржы лизингiнiң осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады.   
2-2. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезiнде мүлiктi қаржы лизингiне берген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.   
2-2. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстарын орындау кезiнде: 
1) тапсырыс берушi орындалған жұмыстарды ақысын төлеуге қабылдаған күннiң 
2) мемлекеттiк қабылдау комиссиясы салынып бiткен объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiге (ал мемлекеттiк нормативтерде белгiленген жағдайларда қабылдау комиссиясының aктici) қол қойған күннiң қайсысы алғаш орын алатын болса, сол күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.   
3. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi төменде аталған шарттардың бiрi бiрiншi болып орындалған:  
1) жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қосылған құн салығымен бiрге шот-фактура жазылған;  
2) жұмыстар орындалған, қызмет көрсетулер көрсетiлген жағдайда басталады.  
4. Егер жұмыстар, қызметтер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлетiн болса, онда:  
1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннiң  
2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi болса, сол күн өткiзу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi болып табылады.

Жұмысты (көрсетiлетiн  қызметтi) алушы олардың нәтижелерiн  өзiнiң өндiрiстiк қызметiне жұмыс  орындалған, қызмет көрсетiлген күнi пайдалана  алатын жағдайда ұзақ мерзiмдi шарт негiзiнде  жұмыстар орындау, қызметтер көрсету  оларды тұрақты (үздiксiз) негiзде iске  асыруды бiлдiретiн болады.   
5. Қызметкерлерге жалақы есебiнен тауар берген, жұмыстар орындаған, қызметтер көрсеткен жағдайда қызметкерлерге тауарлар берiлген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсетiлген күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады. 
6. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алған жағдайда аталған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алған күн айналым жасау күнi болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       1.2  Салық салынатын айналым мен салық салынатын

                                         импорт мөлшерiн анықтау

 

Салық салынатын  айналым мөлшерi

1. Егер 217-бапта және трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi, оған қосылған құн салығын енгiзбей, мәмiле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, өткiзiлетiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны негiзiнде анықталады.  
2. Тауарларды тегiн берiлген кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 210-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшерi, қосылған құн салығын енгiзбей, өткiзу бойынша айналым жасау күнi қалыптасқан бағалар деңгейi негiзге алына отырып анықталады, бiрақ бұл олардың баланстық құнынан кем болмауы керек.  
      Аталған тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшiн баланстық құн болып табылады.  
3. Кепiл берушi кепiлдiк мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi, сатылатын кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негiзге алынып, бiрақ қосылған құн салығы енгiзiлмей, осы мүлiктi (тауарды) кепiлге салудан алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес мөлшерде айқындалады.   
4. Тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шарттарымен өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi шарт талаптарымен көзделген барлық тиесiлi төлемдер ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес анықталады.  
5. Yшiншi тұлға үшiн төлеуге байланысты қызметтер көрсетiлген кезде салық салынатын айналымның мөлшерiне комиссиялық сыйақы қосылады.  
6. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз сомалары енгiзiледi. 

7. Салық Кодекстiң 236-бабына сәйкес оларды сатып алған кезде қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу көзделмеген тауарларды өткiзу кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi тауардың өткiзiлу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгiленетiн баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде анықталады.   
8. Лизинг алушының негiзгi қаражат ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, қаржы лизингiне беру кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi: 
1) қаржы лизингiнiң шартына сәйкес белгiленген лизингтiк төлем мөлшерi негiзiнде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, Салық Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне; 
2) барлық мерзiмдiк лизингтiк төлемдер сомасының негiзiнде, оларға алу мерзiмi басталатын күн қаржы лизингiнiң шартына сәйкес мүлiктi лизинг алушыға берген күнге дейiн белгiленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, Салық Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне; 
3) қаржы лизингi шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтiк төлемдердiң жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгiзiлместен, осы шарт бойынша өткiзу жөнiндегi айналым жасаудың алдындағы күнiне келетiн салық салынатын айналымдар мөлшерiнiң сомасы ретiнде белгiленетiн салық салынатын айналым мөлшерi арасындағы айырма ретiнде, Салық Кодекстiң 216-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған айналым жасау күнiне белгiленедi.  

8-1. Лизинг алушы (сатушы) негiзгi құрал ретiнде алуға тиiстi мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша  беру кезiнде өткiзу бойынша  айналым мөлшерi осы баптың 1-тармағына  сәйкес айқындалады.  
9. Көлiк экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезiнде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшерi оның сыйақысы негiзiнде айқындалады.  

Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

1. Өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың,  қызмет көрсетулердiң) құны қандай  да бiр өзгерiске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшерi тиiстi түрде түзетiледi.  
2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерiн түзету:  
1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;  
2) мәмiленiң шарттары өзгерген;  
3) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн баға, өтем өзгерген;  
4) өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн теңгемен төлеу кезiнде құнының айырмасын алған; 
5) Салық Кодекстiң 211-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өткiзу жөнiндегi айналымға енгiзiлген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргiзiледi.   
3. салық салу айналымының мөлшерiн түзету қосымша шот-фактураның немесе 217-баптың 2-тармағында аталған жағдайлардың болуын растайтын басқа да құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi.  
 Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерiн түзету

1. Егер өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленетiн ақының бiр бөлiгi немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушiнiң мынадай жағдайларда:  
1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерiлген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жыл өткен соң  
2) банкрот деп танылған дебиторды заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде бюджетке жарна ретiнде енгiзiлуге тиiс қосылған құн салығының сомасын азайтуға құқығы бар.  
2. Өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақыны қосылған құн салығын төлеушi осы баптың 1-тармағында өзiне берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн алған жағдайда салық салынатын айналым мөлшерi ақы алынған сол салық кезеңiнде аталған ақының құнына арттырылуға тиiс.  
3. 219-бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету осы Кодекстiң 96-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.

Салық салынатын  импорт мөлшерi

Салық салынатын  импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының  кеден заңдарына сәйкес белгiленетiн  импортталатын тауарлардың кедендiк  құны, сондай-ақ импортқа қосылған құн  салығын қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезiндегi салық  және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары енгiзiледi. 
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместен жұмыстар, қызмет көрсетулер алу кезiнде салық салынатын айналым 
1. Егер Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент емес ұсынған жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны Қазақстан Республикасы болса, олар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алатын Қазақстан Республикасы салық төлеушiсiнiң айналымы болып табылады және оларға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.  
 2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушының салық салынатын айналымының мөлшерi осы баптың мақсаттары үшiн, оған Қазақстан Республикасындағы көздерден төленген табыстың төлем көзiнен ұсталуға тиiс салық сомасы ескерiле отырып, осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске төленуге тиiс сома негiзге алына отырып анықталады.  
3. төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы Салық Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану арқылы анықталады.  
      Алынған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда салық салынатын айналым айналым жасау күнi валюта алмастырудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен есептеледi.  

4. есептелген қосылған құн салығының  сомасы осы Кодекстiң 247-бабында  белгiленген қосылған құн салығы  бойынша декларация табыс етiлетiн  мерзiмнен кешiктiрiлмей төленедi. 
5. қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжаты немесе уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес салық сомасын есепке жатқызуға құқық бередi. 
6. Егер берiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер Салық Кодекстiң 225-бабында аталған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер болып табылса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.

Информация о работе Салық салынатын айналымды анықтау