Рынок инфрақұрылымы және оның элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 20:20, курсовая работа

Описание работы

Рынок туралы деректерді алу өте қажет, өйткені бұрынғы өткізу қызметінің көрсеткіштері болашақта өткізілуге тиісті тауарларды бағалауға мүмкіндік бере қоймайды. Тек айналым көлемі мен рынок факторларының әрекеті арасындағы ара қатынасты талдау, оның болашақта дамуын нақты бағалауға мүмкіндік береді.Рынок бойынша деректерді тұтастай талдау, оларды фирма ішіндегі деректермен салстыру, рынок динамикасы мен кәсіпорын меншігіндегі динамика аралығында қалыптасқан пропорцияны бейнелейді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3

I-Бөлім: Рыноктық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы

1.1. Рыноктың шаруашылық тауарлық өндіріс дамуының жоғарғы
баспалдағы ретінде...............................................................................5
1.2. Рыноктық экономиканың басымдылықтары мен кемшіліктері және
рынок сыйымдылығы және өткізу көлемін жоспарлау .................8

II-Бөлім: Рынок инфрақұрылымы және оның элементтері

2.1. Рынок инфрақұрылымы туралы түсінік............................................11

2.2. Рынок механизмінің мәні мен негізгі элементтері..........................14
2.3. Рынок түрлері......................................................................................19

Қорытынды...............................................................................................22

Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................24

Работа содержит 1 файл

Этн курсовой.doc

— 154.50 Кб (Скачать)

    - рынок сыйымдылығы мен өткізу  көлемінің болжамы сол уақытта бюджет болады, егер  оны компаниядағы  жалпы қызметке жауаптылар  қарап,  бекітетін болса.

    Жоспар  жасаудың  алғашқы  қадамы бастапқы  ақпарат  жинау  болып саналады, өйткені  мұның  өзі  рынок туралы  толық мағлұмат  береді. 
 
 
 
 

    ~10~

    II-Бөлім:  Рынок инфрақұрылымы  және оның элементтері

    2.1. Рынок инфрақұрылымы туралы түсінік 

    Экономика инфрақұрылымын жалпы былай бөлуге болады:

      1. өндірістік;
      2. әлеуметтік – тұрмыстық;
      3. рыноктық. 

    Өндірістік  инфрақұрылым – бұл негізгі қызметтер, өндірістік қызмет көрсетулер мен халық шарушылығындағы экономикалық айналымды қамтамасыз ету болып табылатын салалар мен салаішілерінің жиынтығы. Олар қоғамдық өндірістің табысты жұмыс істеуі мен оны орналастыру үшін жалпы жағдайлар жасайды. Бұл кезде сыртқы және жалпы жағдайларын бөліп көрсетуге болды. Сыртқы жағдай – бұл ең басты қоғамдық өндірістің дамуына жанама әсер ететін табиғи-климаттық, географиялық және басқа да жағдайлардың жиынтығы. Өндірістің жалпы жағдайына: өндіріске қызмет көрсететін көліктердің барлық түрлері; өндіріске қызмет көрсететін байланыс құралдары; материалды – техникалық жабдықтау және тауарлар қозғалысының жүйесі; ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өткізу; электр қуатының объектілері жатады.

    Әлеуметтік  – тұрмыстық инфрақұрылым – бұл халықтың дұрыс өмірі үшін материалдық, мәдени – тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз ететін салалар мен салаішілерінің жиынтығы. Бұл қызмет көрсетулер мен рухани игіліктерді өндіру сферасы. Ол халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт, мәдениет пен өнер, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, жолаушылар көлігі мен халыққа қызмет көрсету бойынша байланыспен көрсетілген.

    ~11~

    Рыноктық  инфрақұрылым – бұл ерекше  рыноктар негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін институттардың өзара байланысының жиынтығы, рыноктық экономика объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты рыноктық кеңістіктегі бірлігін қамтамасыз ететін қызметтер түрлерінің жиынтығы.

      Рыноктық инфрақұрылым элементтері: тауар және қор биржалары, сауда үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер мен көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда - өнеркәсіптік палаталар, кедендік мекемелер, түрлі қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелер.

    Барлық жүйелер сияқты, рыноктық инфрақұрылымы болады.

    «Инфрақұрылым»  термині ХХ ғасырдың басында әскери күштердің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, құрылыстар мен объектілерді белгілеу үшін бірінші рет қолданылған.

    Батыста 40 – жылдар инфрақұрылым дегенді  материалдық өндірістің қалыпты қызмет етуіне мүмкіндік беретін салалардың жиынтығы ретінде түсіне бастады. Сондай-ақ, инфрақұрылым – бұл кез-келген тұтастай экономикалық жүйенің міндетті құралы.

    «Инфрақұрылым»  сөзі осы жүйенің ішкі құрылысындағы  негізі, іргетасы. Рынокқа қолданылатын инфрақұрылым осы қатынастарды бір тұтастыққа  ұластыратын және рынок жүйесінің субъектісінің арасындағы тауарлық – ақшалық қатынастарды түзейтін ұйымдастыру нысананың жиынтығы.

    Рынок инфрақұрылымы - әр түрлі рыноктардың  қызметін қамтамасыз ететін қызмет және мемлекеттік және коммерциалық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы. Ол рынок құрылымына сәйкес жіктеледі.

    Қазақстандағы рынок инфрақұрылымының қалаптасу  проблемалары:

    • оны қайта бөлу мүмкіндігі күшіне орай, ірі меншік иелерінің

    ~12~

         тарапынан кедергі болуына қор биржасының дамымай қалуы;

    • тәкелей өндіруші – сатушыға пайдасыз, тауарлық биржаның дамымай қалуы нәтижесінен тауарларға өте төмен бағаның қойылуы;
    • жұыс орнын қамтамасыз ету шарасындағы нашар жұмыс пен жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақының болмауынан еңбек биржасының дамымай қалуы;
    • жолдардың дамымауы, заманға сай қойма орындарының, сауда үйлерінің аз болуы;
    • коммерциялық банктердің кредит ресурстарының нашар қайтарылуына байланысты жұмыстарының тұрақсыздануы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ~13~

    2.2. Рынок механизмінің мәні мен негізгі элементтері 

    Рыноктың  экономикалық әрекет етуі жиынтығында  рынок жүйесін құрайтын оның белгілі  бір элементтерінің болуын көздейді.

    Рыноктық  экономиканың бірінші әрі маңызды  элементі - өндірушілер мен тұтынушылар болып табылады. Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде, біреулері тауар өндіріп, басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады. Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді.

    Жеке  тұтыну кезінде тауарларды өндіріс  сферасынан шығарып, олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

      Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің  жалғасы ретінде жүреді, бұл кезде тауар басқа өндірушілер арықарайғы өндеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады. Рыноктық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп, мамандандыру негізінде құрылады және көтерме рыноктық мәміле нысанында көрінеді.

    Рыноктық  экономиканың екінші элементі ретінде  өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке және аралас нысандарымен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.

    Рыноктық  экономиканың үшінші маңызды элементі – баға. Ол айрықша зерттеуді қажет етеді. Біз бұл жерде тек екі ескерту жасағымыз келеді: бірінші, баға арақатынасы әрекет етуші конъюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Екінші, баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген рыноктық қатынастың әрекеті сферасын анықтайды. Осы сфераның шекарасы трансакциялық  шығындармен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындарымен, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады. 

    Рыноктық  экономиканың төртінші элементі –  орталық буыны сұраныс пен  ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады. Сұраныс рынокта тауарларға деген  қажеттілік түрінде жүреді. Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады. Ұсыныс өндірістің ең үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынтландыушы ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін рыноктық механизмнің маңызды элементтері болып табылады.

    Сатушылар сатқысы келетін, тауар көлемімен, сатып алушылар алғысы келетін тауар  көлемімен сәйкес келетін тауар  бағасы ойдағыдай болғанда рынокта тепе-теңдік пайда болады. (7.3 – сурет)

    Баға  – Р рынокта тауар көлемі, сұраныс  берілген тауар көлеміне тең, бұл  бағаның тепе-теңдігі деп аталады. Басқа бағалар теңдестірілмеген деп аталады. бағасына сәйкес келетін тауар көлемі тауар көлемінің тепе-теңдігі деп аталады. 

    

    7.3 – сурет 
 

    ~15~ 

    

                                                  7.4 – сурет.

    Рыноктағы дефицит және артық өндіру. 

    Егер  баға белгіленсе, ( ден аз) онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен асып түседі (7.4 – сурет). Мұндай жағдайда, рынокта тауардың тапшылығы орын алады (артық сұраныс). Егер баға тепе – теңдік деңгейінен жоғары болса, ( ден үлкен) сұраныс көлемі ұсыныс көлемінің деңгейіне жетпей қалады. Мұндай жағдайда артық ұсыныс орын алады.

    Рыноктық  механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Ол пайданы мол табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бәсеке рыноктық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмінің өзара әрекетінің нысаны ретінде жүреді. Адам Смит бәсекені рыноктың «көрінбейтін қолы» деп атаған және сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне айналады. Бәсекенің негізгі қызметі пайда, процент нормасы, баға және т.б. экономикалық реттеушілер көлемін анықтауда болып табылады. 
 

    ~16~

    Рыноктық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді:

    • маржиналдық (шекті) талдау;
    • балама талдау шығындары;
    • экономикалық рационалдылық.

    Маржиналдық талдау принципі – негізінде рыноктық субъектілер мінез – құлқы құрылады, оған орташа емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді. Рыноктың тауарларға болуы, нарықтық бағалардың өзгеруі нәтижесінде рыноктың экономиканың бір қалыптан екіншісіне өтуі бірқалыпты жүреді. Бұл жаңа, шекті субъектінің сұраныс немесе ұсыныс түрінде рыноктық экономикаға әсер етуінен болып отыр. Жетілген рынок жағдайында, үлкен және тұрақты сұраныс пен шаруашылықты жүргізуші субъектілердің шексіз саны болған кезде, осылардың әрқайсысы шексіз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол рыноктық кеңістіктің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болу мүмкіндігін болдырмайды, тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе – тең жағдайды ұстап отырады.

    Балама  талдау шығындарының принципі – ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсілдерінен немесе кәсіпкерлер қызметіне байланысты туындаған тікелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрінде алынады. Рыноктық экономиканы құру жіберіп алынған мүмкіндіктер тізімі ішінен аз, бірақ кепілді табыс беретін ең нашар вариант таңдап алуына негізделеді. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді қолда бар ресурстарды тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.

    Экономикалық  рационалдылық принципі - пайда мен шығындарды салыстыруға негізделеді. Рационалдылық таңдау кепілді табысты  

    ~17~ 

пайданың     ең төменгі бөлігі көлемінде қамтамасыз ететін шекті болып табылатын өзгермелі варианттардың бірінде іске асырылады. Рационалдылық критерий табысқа деген құқықпен анықталады. Капиталды шектеулі пайдалану кезінде фирмалар пайданы жоғарылатуға тырысса, тұтынушылар өз игілігін барынша жақсартуға ұмтылады.

    Көрсетілген принциптер негізінде рыноктық экономиканы  құру бір жағынан, сұраныс пен  ұсыныс сияқты қарама – қарсы күштерді, екінші жағынан, нарықтық бағаларды пайдалануға негізделетін рыноктық механизмінің орталық проблемасы болып табылатын тепе – тең жаідайға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ~18~ 

    2.3. Рынок түрлері 

    Рынок күрделі құрылымға ие және өз әсерімен экономиканың барлық сферасын қамтиды.

    Рыноктың  экономикалық құрылымы мыналармен анықталады:

    • меншік нысандарымен (мемлекеттік және ұжымдық аралас);
    • бүтін экономикадағы шаруашылықты жүргізуші субъектілері-нің қандай да бір нысандарының үлес салмағына байланысты болатын тауар өндірушілер құрылымы (мемлекеттік, жал, кооперативтік, жеке кәсіпорын, жеке еңбек қызметі кәсіпорыны);
    • тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
    • шаруашылықтық құрылымдық бөлімшелерін жекешелендіру мен мемлекеттен алу деңгейі;
    • елде пайдалынатын сауда түрлері.

    Рынокты келесідей критерийлер юойынша  бөлуге болады:

Информация о работе Рынок инфрақұрылымы және оның элементтері