ҚР салык жүйесінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 20:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан қолданылатын салықтар, оның түрлері. Салық жүйесінің ерекшеліктері

Работа содержит 1 файл

налоговая система Казахстана.doc

— 229.50 Кб (Скачать)

   Қорыта  айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды  жүзеге асыру қиынға соқпайды, ал олардан  түсетін экономикалық тиімділік айтарлықтай жоғары болары анық.          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

 

             Осы жазылған курстық жұмысымды  қорытындылай келе , мен курстық жұмысымда   мынадай мәселелерге көңіл бөлінгенімді айтуға болады :

  • Салықтың макроэкономикалық көрсеткіш ретінде қызмет атқаруы;
  • Салықтар экономикалық категория ретінде қарастырылуы;
  • Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүруі;
  • Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салықтық   жүйесі және оның қалыптасу кезеңдерін қалыптасуы;
  • Жаңа салық кодексі негізінде қолданылатын салықтардың, алымдардың түрлері;
  • Қазақстандағы салық салудың түрлері және ерекшеліктері;

    Бұл мәселелерді қарастыру нәтижесінде  мынандай қорытынды шығаруға болады: Қазақстандағы бюджет және салық  жүйесіндегі реформалардың жүргізілуі жеке меншікті және жеке кәсіпкерлікті дамытып, ынталандыру кезеңімен сәйкес келуіне байланысты біраз қиыншылықтармен жүзеге асады. Нарықтық қатынастарға көшу үшін мемлекеттік бюджеттегі табыстылықтың үлесін ұлғайту арқылы салық жүйесін және салық салуды реформалау фискалдық саясатты қолданумен жүргізілуі тиіс. Бірақ Қазақстан Республикасының салық жүйесі нарықтық қатынастардың үдерістерімен сәйкес құрылмағандықтан, қазіргі кезде оның дамуына кедергілер тосқауыл жасайды.

  Қазіргі уақытта Қазақстанның салық жүйесін  реформалаудың жаңа шарттары айқындалып отыр. Олардың басты мақсаты—кәсіпкерлікті және ұлттық инвестицияларды қолдайтын салық салудың ынталандырушы қызметті арттыру. Бұл бағдарламаның құрамына мемлекеттік және аумақтық басқарушы органдарды жетілдірудің шаралары кіруі қажет. Бұл шараларға:

  • Салықтық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • Салықтардың айқынсыздығынан, көптүрлілігінен бас тарту және иелену меншігіне қарай салық төлеушілердің дискриминациялануын, дифференциациялауын (ерекшеленуін) жою;
  • Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын реформалау керек. Оны еңбек заңнамасының шарттарына сәйкес өзгерту қажет;
  • өндірушілерге салынатын салық мөлшерлермелерін төмендету, оларға берілетін несиелердің «арзандатылуы»;
  • декларативтік және көрсеткіштік сипат алатын жеңілдіктерге нақты сипат беру. Нәтижесінде олар өзінің ынталандырушы мәнін жоғалтады; және т.б. жатқызылуы тиіс.

 Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі заманғы  салық жүйесі ғылыми-техникаық прогресті, ресурстардың және жұмыс күшінің  құрылымдық орын ауыстыруын, бәсекеге қабілетті өнімдердің шығарылуын, кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруы қажет. Сонымен бірге ол монополизм, шығындардың өсімі, инфляция, алып-сатарлық белсенділік сияқты жағымсыз үрдістерді басуы қажет.

       Қорыта  келе, осы жоғарыда келтірілген мәселелер курстық жұмыстың толықтай мазмұнын ашады және қазіргі салық жүйесіндегі мәселерді қарастырып, олардың шешу жолдарын анықтап көрсетеді. Сондықтан да осы жазылған курстық жұмыс болашақ экономика саласында жұмыс істейтін білікті мамандар үшін өз пайдасын тигізеді .          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі: 

  1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. - Алматы: «Издательство LEM» 2005. – 208-261 беттер;
  2. Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. Қаржы теориясы: Оқу құралы-Алматы: «Мерей» 2001.—142-156 беттер;
  3. Байдүйсенов А.Д. Қаржы және қаражат : Оқулық—Алматы: «Қаржы-қаражат» 2001, 32-36-беттер;
  4. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері: Оқулық—Алматы: Экономика , 2004, 391-395-беттер;
  5. Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане: Алматы: «Lem», 2002—127-198 беттер; 
  6. Худяков А. И. Налоговое право Республики Казахстан: Алматы: «ЖЕТI ЖАРFЫ», 1998 –142-159;
  7. Федосеев В.М. Налоги в экономике современного капитализма: Учебное пособие—Киев : «Высшая школа», 2002—87-95;
  8. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 468-477 беттер;
  9. Интыкбаева С.Ж. Фискальная политика и ее роль в обеспечении устойчивого развития экономики Казахстана: Алматы, 2002. – 165-173 беттер;
  10. Смайлов Е. «Салық мәдениеті – салықты дұрыс төлеп, адал өмір сүру» //Егемен Қазақстан //  2002 ж., 7 маусым 3-бет;
  11. Кәкімжанов З.  «Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер еліміздің экономикасына оң әсер ететін болады» // Егемен Қазақстан // 2002 ж.,          22-қаңтар, 2 бет ;
  12. Қалманбетова Г.  «Салық жеңілдіктері: Артықшылықтары мен кемшіліктері» // Егемен қазақстан // 2001 жыл, 27 наурыз;
  13. Сабиров И. У. «Налоговый кодекс: не лучше ли его доработать?» (Проект) // Экспресс - 1995 - 28 марта;
  14. Г.Д.Митюгина. «Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша жеңілдіктер» // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж.,  №47 қараша   6-7-беттер.
  15. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі. Қазақстан Республикасының кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 жыл;
  16. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі).—Алматы : ЮРИСТ, 2002.-230 бет;
  17. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі).—Алматы : ЮРИСТ, 2008.-236 бет;
  18. Елеусиз Л. « К вопросу развития налогооблагаемой базы экономики Казахстана» ,//Экономика и Статистика// 2010 № 1—35-41 беттер.

Информация о работе ҚР салык жүйесінің ерекшеліктері