ҚР салык жүйесінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 20:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан қолданылатын салықтар, оның түрлері. Салық жүйесінің ерекшеліктері

Работа содержит 1 файл

налоговая система Казахстана.doc

— 229.50 Кб (Скачать)

 және  тағы да басқа жаңартулар енгізілді.  Кодекстің басты  мақсаттары:

  • экономиканың шикізаттық емес салаларында салық жүктемесін төмендету;
  • мемлекет экономикасының жаңартылуын, диверсификациясын қамтамасыз ететін шарттарды құру;
  • салық процедураларын жетілдіру арқылы бизнесті жүргізудің қолайлы шарттарын жасау.

   Осы  кодекс мемлекет экономикасын дағдарыстан  кейінгі кезеңде дұрыс жүргізу және реттеу үшін арнайы жасалынған болатын. [17, 1-236 беттер]

   Қорытындылай  келсек, Қазақстан  Республикасының   салық жүйесi мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы   қаржы қатынастарының   жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдiстерi  мен тәсiлдерi, салық заңдары мен  салыққа қатысты  актiлер, салық салу органдары мен  салық қызметi құрайды.

      Салық жүйесi  мемлекет қаржы  көздерiн  жасақтаудың ең негiзгi  құралы болуымен қатар, ел экономикасын  қайта құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына  және  саяси – әлеуметтiк  шаралардың толығымен  iске асуына мүмкiндiк туғызды. 
 
 
 

2.2 Қазақстан Республикасындағы салықтың және салық салудың түрлері 

  Салықтардың, олардың төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің  жиынтығының болатындығынан салық  жүйелерінің әжептәуір күрделі  үлгілері болуы мүмкін.

  Барлық  өркениетті елдерде салықтардың  бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша былайша жіктеледі:

  Салық салу объектілері бойынша;

  Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

  Пайдалану тәртібі бойынша;

  Объектінің  экономикалық белгісі бойынша.

  Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

  Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.

  Объектінің  экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

  Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

  Бірінші жағдайда салықты есептеу мен  оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығының есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

  Мағлұмдамада  салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жерсалығын төлеушілер салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.

  Жеке  табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:

  • Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
  • Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялары табыс етеді.

  Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын  табыс етудің белгіленген  мерзіміне  дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган  салық мағлұмдамасын табыс ету  мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.

  Үшінші  әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс  істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы  одан салықты табыс алынған жерде  есептеп, ұстайды (төлейді).

  Төртінші  әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат. 

  Салық есебінің екі әдісі қолданылады:

  1. кассалық әдіс;
  2. есептеу әдісі.

  Кассалық  әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті  жөнелту мен кірістеу және ол бойынша  жасалынған ақы төлеу мезетінен  бастап есепке алынады.

  Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.

  Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды. [ 1, 211-221 беттер]

      Қазақстан Республикасының салықтарның,  салық сипатындағы алымдардың  тізбесі мыналарды қамтиды:

  1. Салықтар:    

  1. Корпорациялық табыс салығы ( Қосымша Б);

  2. Жеке табыс салығы;

  3. Қосылған құнға салынатын салық;

  4. Акциздер;

  5. Экспортқа рента салығы;

  6. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;

  7. Үстеме пайда салығы;

  8. Әлеуметтік салық;

  9. Көлік құралы салығы;

  10. Жер салығы ;

  11. Мүлік салығы ;

  12. Ойын бизнесі салығы ;

  13. Тіркелген салық.

  2. Алымдар:

  1.Тіркеу алымдары;

2. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен    жүргені үшін алым;

3. Аукциондардан алынатын алым;

4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;

5. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

  3. Төлемақылар: 

  1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

  2. Жер бетіндегі көздердің су  ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

  3. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;

  4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;

    5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

  6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

  7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;

8. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай- ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;

  9. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

  10. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы;

  4. Мемлекеттік баж.

  5. Консулдық алым.

  Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет  жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен  тиісті бюджеттердің кірісіне түседі. [17, 1-236 беттер]

  Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік  салық службасының – Қаржы  министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың  салық комитеттерін қамтиды. Салық  службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

  «Салық» және «Салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде – экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі.

  Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.( қосымша В, 1-сызба)

  Қазақстан Республикасының қазіргі салық  жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық  салудың тәртібін белгілейді.

  Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі , салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі, үлес, салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.

  Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа  төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық  механизмі арқылы салық ауыртпалығы  басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.

  Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

  Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.

  Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.

  Салықтың  негізгі базасы мыналар болып  табылады:

  Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады.

  Тауарға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;

  Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады.

Информация о работе ҚР салык жүйесінің ерекшеліктері