Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 02:44, реферат
Нарық теориясы қандай да болсын бір тауар немесе пайдалы қызметтерді сатып алушылар мен сатушылар арасындағы сұраныс пен ұсынысты, құн мен бағаны,монополия мен олигополияны, бәсеке мен бәсекелестік күрес тетіктерін реттейді. Нарықтық экономиканың адамзат баласының экономика тарихында өндірушінің монопол. мәртебесін өзгертіп, сатып алушы нарығына айналғандығы теор. тұрғыдан дәлелденді.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Қазіргі заманғы нарық үлгілері:
Нарықтың даму кезеңдері;
Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы;
Қорытынды бөлім.
XX ғасырдың 70-жылдарында болған экономикалық дағдарыс және кәсіпкерлік белсенділіктің баяулауы мемлекеттік реттеудің зияндылығы туралы идеяның қайтадан туындап дамуына себеп болды. Еркін нарық идеясының өкілдері нарық механизмнің бәсекенің негізінде балансылынған өсуді,яғни сұраным мен ұсынымның тепе-тендігі қамтамасыз етуі мүмкін деп есептеді.Олар – өздерінің зерттеулеріне микроталдауды басшылыққа алады, яғни экономиканы оқуды әрбір кәсіпорынның жұмыс істеу себебін қарастырудан, тауарларға қойылатын бағадан бастайды. Шын мәнінде ,қоғамдық өндіріс нарық арқылы байланысқа шаруашылық бірліктердіңжиынтығы болып табылады.Бұл экономистер мемлекеттің рөлі еркін бәсеке қолайлы жағдайды жасаумен шектеледі деп тұжырым жасайды. Олар экономикалық бостандықты, мемлекеттің экономикаға араласуының қажетсіздігін қоғамда болатын «табиғи ,әмбебабты заңның» әрекетімен түсіндіреді.Мұндай неоконсервативті бағыттағы идеялардың негізінде пайдаға салынатын салық нарық төмендету жолымен ұсынымды(өндірісті) көтермелеу,мемлекетсіздендіру және бәсеке күресу жағдайында жеке кәсіпкерлікті күшейту шаралары көзделген.Олар жалпылама жұмыспен қамту идеясына қарсы және әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтуды жақтайды.Бір жағынан әлеуметтік мақсаттарға қажетті шығындарды мойындай отырып олар екінші жағынан әлеуметтік кепілдіктер тегін қызмет пен төлем түрінде болуы дұрыс емес деп есептейді.Қорыта айтқанда бұл мектептің жақтастарының пікірінше өндірісті ұлғайту мен қоғамдық дәулеттілікті арттырудың негізі және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі бой көрсетіп кележатқан жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр.Бұған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915ж) неоклассикалық синтез теориясы барынша ақыл дәлел бола алады.Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономикамен дәстурлі микроэкономиканың арасындағы алшақтығы жояды.Реттелмелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да «еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек ғана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмайды» деп есептейді.Сонымен бірге «белгілі бір ақылға сиымды шекте бәсекені қорғаудың» қажеттігін атап көрсетеді .Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. «Толық жұмыспен қамту» жағдайында «шекті пайдалылық », «шекті еңбек өнімділігі» теориялық турінде көрінетін, сөйтіп Самуэльсон үшін құн және табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай «заңды күш» алады.
Жалпы неоклассикалық синтезі жаңа теория деп есептеуге болмайды, ол экономиканы реттеулегі мемлекетің жетекші рөлі жағдайындағы жоғарыды көрсетілген екі бағыттың эклектикалық құрмаласуы болып табылады.
П.Самуэльсон өзінің
«неоклассикалық синтезіне»
Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеу жүзінде жинақталған бай тәжірибиесін қолдану қажеттігі тұр. Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісті де емес. Біз үшін қазіргі басты міндет - әлеуметтік.
Жоспар:
Қолданылған әдебиеттер тізімі: