Нарық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 02:44, реферат

Описание работы

Нарық теориясы қандай да болсын бір тауар немесе пайдалы қызметтерді сатып алушылар мен сатушылар арасындағы сұраныс пен ұсынысты, құн мен бағаны,монополия мен олигополияны, бәсеке мен бәсекелестік күрес тетіктерін реттейді. Нарықтық экономиканың адамзат баласының экономика тарихында өндірушінің монопол. мәртебесін өзгертіп, сатып алушы нарығына айналғандығы теор. тұрғыдан дәлелденді.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім:
Қазіргі заманғы нарық үлгілері:
Нарықтың даму кезеңдері;
Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы;

Қорытынды бөлім.

Работа содержит 1 файл

Нарық теорияс.doc

— 153.00 Кб (Скачать)

Нарық теориясы – экономика ғылымының тауар-ақша айырбасын және сатушылар мен тұтынушылар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтін саласы.

Нарық теориясы қандай да болсын бір  тауар немесе пайдалы қызметтерді  сатып алушылар мен сатушылар  арасындағы сұраныс пен ұсынысты, құн мен бағаны,монополия мен олигополияны, бәсеке мен бәсекелестік күрес тетіктерін реттейді. Нарықтық экономиканың адамзат баласының экономика тарихында өндірушінің монопол. мәртебесін өзгертіп, сатып алушы нарығына айналғандығы теор. тұрғыдан дәлелденді.

Нарық теориясын алғаш ашқан ғалым, ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842 – 1924). Ол Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюард Миел, т.б. классикикалық мектептің өкілдері жасаған теорияларды қорытындылай келіп, қысқа және ұзақ мерзімді ұсыныстар мен сұраныстардың арасына шектеу қойған жағдайда қысқа мерзімде өндірілген тауарлар санының тұрақты болатынын, ал ұзақ мерзімде өндірілген тауарлар санының керісінше болатындығын теор. тұрғыдан негіздеді. Сөйтіп, ол баға теориясының негізін салушы болды. Келесі бір ғалым – Джон Мейнард Кейнс 1936 жылы жарық көрген “Еңбекке тарту, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы” атты еңбегінде экономиканы макроэкономика (жалпы экон. үдерістер саласы) және микроэкономика (жеке бизнес немесе негізгі экономикалық буын – фирма сияқты қызмет саласы) деп жіктей отырып, оған “макроанализ” бен “микроанализ” деңгейінде алғаш рет талдау жүргізді. Ол басқарудың нарықтық тетігі мен мемлекеттік реттеуді біріктіру үрдісін ұсынды. Кейнстің идеялары “кейнсшілдік” деп аталып, оның жетілдірілген түрі “неокейнсшілдік” деген теорияның негізіне айналды. Бұған қоса М.Фридман,И.Шумпетер, П.Самуэльсон, Дж. Гэлбрент, М.Вебер, т.б. ғалымдардың нарыққа байланысты теориялық пайымдаулары әлемге кеңінен танылды. Атап айтқанда, экономикалық серпін мен циклдер, жаңа индустриялық қоғам, радикалдық қағидаттар сияқты тарамдалған теориялар жүйесі негізделді. Нарықтық қатынастар теориясы сатыпалу-сату нысандарына тән дәстүрлі тауарларға қоса қызмет көрсету, еңбек, ақша,капитал, бағалы қағаздар, ақпарат пен зияткерлік жетістіктерді де саралайды. Сонымен қатар мемлекет пен нарық ин-ттары, аймақтық және әлемдік экономика арқылы жетілдіру жолдарын теория тұрғыдан қарастырады. Нарық теориясының басты нысаны меншік қатынасы – мемл. сектор, акционерлік кәсіпкерлік сектор, кооперативтік ұжымдық сектор, жекеше және аралас сектор, т.б. Сондықтан нарықтық экономика осы меншік түрлерінің арақатынасымен тығыз байланысты.

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:

  • географиялық орналасу;
  • табиғи ресурстардың бар болуы;
  • тарихи даму жағдайлары;
  • халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;
  • өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
  • қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының  әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері  болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:

  • меншіктің әр алуан формаларының болуы;
  • тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;
  • еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
  • кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;
  • экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.

Қазіргі заманда қолданылатын нарықтық үлгілердің бірнешесін атап өтуге болады.

Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:

  • мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.
  • көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ-да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);
  • халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;
  • жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;
  • жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.

Жапониялық үлгі. Осы замандағы шаруашылық жүргізу үлгісі дамудың ерекше жағдайында қалыптасқан. Әскери шығындардан бас тартып, Жапония барлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған. Осы мақсатқа жетуге көмек берген жағдайлар: американдық және батысеуропалық патенттер мен лицензияларды еркін сатып алу, дүниежүзілік шикізаттар мен отын нарықтары бағаларының төмендеуі, жапониялық жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығы, елеулі әскери шығындардың болмауы. Жапондык үлгінің негізгі белгілері:

  • ұлттық экономиканың негізгі бағыттарына мемлекет әсері өте жоғары. Алдымен мемлекет танкерлер өндіруді қолдады, содан кейін — аз литражды автомашиналарды, ал XX ғасыр 70-ші жылдарынан бастап — электроника мен компьютер өндірісін қолдады. Осының нәтижесінде XX ғасыр 70-ші жылдары ортасына дейін Жапония елеулі дағдарыстардан аулақ болды және экономика ұнамды даму алды;
  • өзін өзі қорғаудың дамуы мен нығайтылуының 5-жылдық жоспарларын жасау. Қазір 1991-1995 жылдары қамтитын 8-ші бес жылдық жоспар аяқталды. «Жапондық кереметтің» болар алдында экономиканы дағдарыстан шығарудың және тиімділігі жоғары өндірісті жасаудын, 30 жылдық жоспары жасалған;
  • фирмалардың басым көпшілігі жұмысшыларды барлық өмірлік мерзімге жалдайды;
  • жұмысшыларды ортақ ынта арқылы біріктіру;
  • жұмысшыларды басқаруға жөне шешім кабылдауға тарту;
  • жалақы дәрежелерінің айырмашылықтары көп емес — фирма бастығының жалақысы жабайы жұмысшылардыкінен 17 есе артық;
  • үлгінің әлеуметтік бағытталуы. Әлеуметтік мәселелерді шешу көбінесе корпорация мен бірлестіктерге жүктелген.

Неміс үлгісі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан бұл үлгі Жапониялық үлгіге ұқсас. Әлеуметтік нарық экономикасының бас идеологі Людвиг Эрхард. Ол өз кітабында немістің жаңа экономикасының қызмет етуінің негізгі принциптерін баяндайды. Неміс үлгісінің негізгі ерекшеліктері:

  • экономикаға мемлекеттің зор әсер етуі. Бұл жағдай әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуде байқалады. Мемлекет елеулі әлеуметтік міндеттер атқарады: тегін медицина, білім, және т.б.
  • XX ғасыр 70-ші жылдардың басында Германияда негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге таргетирование (жоспарлау) принципін қолдану жүзеге асырылған. Осымен қатар жұмысшылар кәсіпорын меншігіне де қатысады;
  • Неміс үлгісінде, Жапониялықтай, банктер шешуші рөл атқарады. Орталық банк толық автономия негізінде жұмыс істейді;
  • Жапондық үлгідегідей, жалақы дәрежесінің айырмашылығы елеулі емес — фирма бастығы мен жабайы қызметкер жалақысының ара алшақтығы 23 есе.

Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:

  • әлеуметтік бағытталу,
  • мүліктік теңсіздіктің төмендегі,
  • жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.

Кейде швед үлгісін социализмнің екінші үлгісі деп атайды. Швецияда өмір дәрежесі мен азаматтық құқық жақсы қамтамасыз етілген. Жұмыссыздық төмен дәрежеде. Мемлекеттік сектордың дәрежесі өте жоғары. Қызметтердің басым көбін мемлекеттік сектор тегін көрсетеді. Баға белгілеуге мемлекет белсенді кіріседі.

Француздық үлгі. Бұл үлгінің елеулі ерекшелектері американдык пен неіміс үлгісінің орта шамасы. Француздық үлгіде мемлекетгің реттеуші рөлі күшті. 1947 жылдан бастап бес жылдық жоспарлар — индикативтік жоспарлау жүзеге асырылып отыр. Бүл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.

Оңтүстік Кореялық үлгі. Осы үлгі Оңтүстік Кореяны қысқа мерзімде алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің ерекшелігі — мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді. Бұл әсердің экономикалық құралы — экономикалық дамуды жоспарлау. XX ғасыр 70-ші жылдардан бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен алмастырылды. Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие-қаржы сферасында мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк-несие институттары XX ғасыр 80-жылдары пайда бола бастады; сыртқы-экономикалық сфераны мемлекет реттейді. Экспорт мәселелері ерекше бақылауға алынған. Осының алдындағы бесжылдықта (1987-1991 жылдары) экономикаға реанимация жасалған соң үкімет элеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.

Қытайлық үлгі. Қытайда экономиканы реформалау ауыл шаруашылығынан басталды. «Халық коммунасының» орнына отбасы мердігерлігі келді (1984 жылы аяқталды). Отбасының мердігерлігі шаруашылықты отбасының күшімен жерде жүргізуге негізделген. Жер пайдалануға 15-20, кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді.

Қазіргі жағдайда ауылдың ілгері дамуы  талқыланып отыр. Шаруаларды кооперациялық  әрқилы формаға біріктіру жөне жерді  мықты шаруашылыққа шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мәселелері қозғалып отыр.

Реформа 1984 жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық дамудың «аралас үлгісін» жасаған. Бұл үлгінің варианттары Венгрияда, Чехия мен Словакияда пайдаланылған болатын. Осы үлгінің мөні: нарық механизмі мемлекеттік реттеу жағдайында өрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы экономиканы жетілдіруге көмек береді жөне үш жақтың мүдделерін ұштастырады — мемлекеттің, кәсіпорынның жөне жұмыскердің. Бұл макродәрежеде нарықтық реттеуді жөне мемлекет реттейтін әр алуан ыарықтардың өрекет жасауын талап етеді. Нәтижесінде «орталықтанған жоспарлы экономика» үлгісінен «социалистік жоспарлы нарық экономикасының» үлгісіне көшу көзделеді. Кейінгі аталған үлгінің мәні мынада: социалистік өндіріс — тауарлы өндіріс, тауар өндірушілердің езара әсері тауар-ақша қатынастарының дамуына негізделеді. Осы жағдайда маңызды құрал-жабдықтарға меншіктің қоғамдық формасы және макродәрежеде орталықтанған жоспарлау шешуші рөл атқарады.

Теориялық зерттеулерге сүйене отырып, ККП XVII съезі экономикалық реформа  жүргізудің негізгі принциптерін белгіледі. Олардың бастысы: меншік құқын шаруашылық жүргізу құқынан ажыратыд, мемлекет секторындағы көсіпорындардың шаруашы- лық іс-өрекетгерін жандандыру. Бұл үшін шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларын — кәсіпорындарды ұжымдар мен жеке адамдарға жалға беру, еркін сатуға кәсіпорындардың акциясын шығару — пайдалану көзделіп отыр. Кәсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылык байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде қор, қызметтер, информация, техника және технология нарықтарын құруға үлкен мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістеріне көшу, макроэкономикалық релеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген талап қойылып отыр.

Экономикалық реформалар ауылда өнеркәсіптің дамуын жандандырды. Өткен 10 жылда ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.

Информация о работе Нарық теориясы