Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 02:44, реферат
Нарық теориясы қандай да болсын бір тауар немесе пайдалы қызметтерді сатып алушылар мен сатушылар арасындағы сұраныс пен ұсынысты, құн мен бағаны,монополия мен олигополияны, бәсеке мен бәсекелестік күрес тетіктерін реттейді. Нарықтық экономиканың адамзат баласының экономика тарихында өндірушінің монопол. мәртебесін өзгертіп, сатып алушы нарығына айналғандығы теор. тұрғыдан дәлелденді.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Қазіргі заманғы нарық үлгілері:
Нарықтың даму кезеңдері;
Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы;
Қорытынды бөлім.
Өнеркэсіптегі экономикалық өзгерістердің нәтижесінде, меншіктің әртүрлі формаларын және шаруашылық жүргізудің әрқилы әдістерін қолданудың негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркәсіп өнімдерінің 56% мемлекеттік секторда шығарылды, 36% — үжымдық кәсіпорындарда және 5% — жеке меншік секторында шығарылды. Жаңа механизм кәсіпорьшдарына жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол берді. Бұның нәтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. Кәсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет белгілеген бағадан 20% қымбат дәрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай өнеркәсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дәрежеге жетті
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
a) Нарық элементтерінің пайда болуы,
b) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы
c) Тауар баламасы кезеңініннарығы
d) Тауар емес балама кезеңінін нарығы
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады,олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады.Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады.Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе –теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1- Т2 , балама – Т2 .Әрбір жергілікті нарыққа баламы тауардың бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады.Бұл кезенде «таза » өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді,оған тауар қабығынсыз өмір суре алмайтын «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланады.Дүниежүзілік нарқтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы : Т1 –тауар емес балама- Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның «таза» иеленушілері несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеле нушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихилы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж) деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзеткішінің» рөлін атқару қажет. Мемлекет «laisser faire» («мейлі өзімен өзі жүрсін») саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пайғамбарының пікірінше – жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XXғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктгі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасына жатады.Нәтижесінде ,суранам мен ұсыным сұрақтары әкімшілік өміршілік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндіушілер нарығының типы қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге – өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру,шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету , белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама –ақпараттық жүйелерді құр арқылы реттеуде мемлекеттің шешуі рөлін атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі тауарларына кеңірек айтылады).
Біздің жас
тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды
жүйелі әлеуметтік бағдарланған нарыққа
көшу экономиканы дағдарыстан
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес. Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз. Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте- мөте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты. Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болдыІрі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес , сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы,1914жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы ,мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас –тартыс күшейді,меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық –рұлық қатынастар ыдырай бастады. Патша укіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды.Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған,оның едәуір бөлігі айырбас , шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,егіншілікпен айналыспаған деген жалан тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік , оңтустік-шығыс аудандарда орналасқан болатын.Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес , басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпенкөшурудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан тырықшылық ұяларыбұзылды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақовтың «Қазақстан және қазақтар »деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі.XIX ғасырдың орта тұсында қазақтар арқылы орталау «Өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кең әсер етті» . Қазақтар алған байтақ жер бөліктері , көп ұзамай тақыр айналды , олар көп ретте жеке еңбекпен егін шаруашылығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты.1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге еткен , бұл қырғыздардың бұрынғы егінінң 7 проценттейі («Россия ,» 7 том ,С-Петербург, 1913,321 бет).Осындай процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы шаруашылығы құлдырап кеткен.Осы бір ғана мысал не көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді.Оны Т . Әбіразақов көрсеткен мынадй мәліметтерде де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 % қазақтардың иелігінде болған. Орал уезінің қазақ диқандары 5,4 миллион пұт астық жинап,оның 4 млн пұтын астам нарықтарында сатқан. Ал 1893жылдың өзінде ғана Ақтобе уезін қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісінен жарты есе артық болған. Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндіріліп арзан астық Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді қауыптеніп тиісті протекционистік (ұлттық нарықты үкім тарапынан қорғау) нарық саясатын жүргізеді . Бұдан біз нарық экономиканың негізгі белгілерінің бірі-бәсеке күресі Қазақстанда болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де,өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды,терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті,киіз бастыкілем тоқыды.Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін , ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы. Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россиияның отарлау саясатымен байланысты болды.Өнеркәсіп ресейлік және шетел капмталының күшімен өріс алды,ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналасуына бөгет жасады. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды, кең байлықтарын алу қасақана терістәсілдермен жүргізілді, олардың тек қана аса бай,қол күшіменғана алынатын орындары пайдаланылды. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ,сонымен бірге ,қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейнгі дәүірдің он бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойында да) аграрлы – шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді.Жерді зор көлемде тартып алу,отырышылық ошақтарынталқандау ,қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау,қисапсыз алым – салық қазақ халқының экономикалықжағдайының қалдыруына,еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды.Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып,оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірге тәуелсіз
Қазақстан Республикасының
Екінші кезеңде
(1996-2005жылдар) экономиканың шикізаттың
бағытын біртіндеп жою
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлдегі экономиканың шапшаң қарын алып дамуымен сипатталды,соның негізінде өтпелі кезеннің стратегиялық мақсатына жетумен Қазақстанынң әлемдік саудадағы айқындамасындағы нығаюмен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруіме сипатталатын болады.
Батыс елдердің шаруашылық саласындағы саясаты анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді,шартты түрде, екі негізгі бағытқа бөлуге болады.
Оның біріншілері-
еркін нарықты және экономикаға
мемлекеттің араласпауын
Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсен түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды.Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкілдүние жүзілік экономикалық дағдарыс түркті болды.Ол өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның далпы теориясы»(1936ж) деген кітабындағы идеяларды «классикалық теория» деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталантыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады.Жұмыспен қамту процесіне мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж.М.Кейнстің жұмыссыздық тұралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады.XX ғасырдың 30-80 жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары, француздардың «дирижестері» жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып , сонымен қатар нарықтық автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын.Өздерінің зерттеулеріне , олар,бірінші кезекте ұлттық табыс,қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім,ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды.
Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәүір бөлігін алып алып оны тиімді сұранымды және толық жумыспен қамтуды қолдау пайдаланады:экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады(зейнт ақы,жәрдем ақша,халыққа білім беру,денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.).Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады,оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттен отырады.