Нарық: мәні, құрылымы, кеңестік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 19:24, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Нарық: мәні, құрылымы, кеңесітік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп – оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады.

Работа содержит 1 файл

ески.doc

— 60.15 Кб (Скачать)

  Соңғы жылдардағы тауар өндірушілер мен  тұтынышылар арасындағы нарықтық байланыстардың негізгі формаларымен үстірт танысу түрлі елдердің кәсіпорындары арасындағы нарық байланыстарының жандануына жол ашады. Қазақстан мен Қырғызстанның  кәсіпорындары арасында тығыз экономикалық байланыстар орнатылды. Қазақстан  көрші мемлекетке көмір, түсті металдар, құрылыс материалдарын, төбе жабындысын, мұнай өнімдерін жеткізіп берді; құбыр, насос, кабель бұйымдарын, қуатты К-700 бен К-701-ге трактор тіркемелерін алды.

  Қазақстанның  ТМД елдерінің барлық мүшелерімен  қарқынды байланыстарының арқасында  өндіргіш күштердің дамуы мен  экономикалық әлеуметті ұлғайтуда  елеулі ілгірілеуге қол жетті. Сонадй-ақ ТМД елдерімен сауда қарқынды даыды. Осы уақытқа дейін республиканың  тұрақты және негізгі сауда серіктестері – Ресей, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан  сияқты мемлекеттер болып қала беруде, олардың үлесіне барлық экспорттың үштен бірі келеді.

  Бүгін Қазақстан Республикасындағы экспорт  тіршілікке қажетті технологиялық  шикізаттың, азық-түлік, озық технологиялар  мен валюталық ресурстардың қорлануы тек қана қажетті төлеу құралы емес – бұл әлемдік қоғамдастықтағы  ұлттық экономика мен жаһандық үрдіс  арасындағы құрал. Экспортты кеңейту  ұлттық экономиканың сиықсызданған  құрылымын қайта құру үшін қажет.

  2008ж.  ТМД елдерінде кеден статистикасының  деректері бойынша тауар экспортының  көлемі 2006 жылға қарағанда – 34,6%-ға, ал алыс шетелдерге 33%-ға артты. Есеп беретін жылда кеден статистикасының деректері бойынша алыс шетелдерден 2002 жылға қарағанда тауарлар 24,5%-ға артық импортталды. 2004 жыл үшін ТМД елдерінен тауарлар импорты көлемі 2002 жылға қарағанда 28,8%-ға артық.

  Қалыптасқан үрдіс республиканың сауда саясатында айқын бағдарлаудың жоқтығы, импорттың  шетел кредиттерінен тәуелділігі, экспортшылардың стихиялылығы мен  қысқа мерзімділігі және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың болмауымен шарттасқан.

  Қазақстан экспорты негізінен жеті тауарлы: мұнай, газ, алюминий, электр энергиясы, астық, көмір, сирек металдар республика экспорты көлемінің  85%-ын құрайды. Мұнда экспорттық әлеует тіпті қажетті жағдайлар бар жерде де қанағатанарлықсыз пайдаланылады. Сондықтан Қазақстан экспортының әзірге бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз, онда шикізаттың үлкен үлес салмағы сақталған. Экспорттың өсуінің республика экономикасының дағдарыс жағдайын тереңдете түсетін жағымсыз жағдайы бар.Сыртқы нарықпен әуестеніп, экспортшы-кәсіпорындар тек өз өнімдерін сатып қана қоймайды, сонымен бірге негізігі қорларды сатып алады. Нәтижесінде, мысалы, машина жасаудың үлес салмағы құлдырайды. Бүгін республика түпкілікті тауар өндірісі үшін технологияларды емес, тек аралық тауарлар өндірісі үшін қажетті технологияларды сатып алуда.

  Қазақстан экономикасы тек мұнайға ғана тәуелді емес. Мұнай тек өнеркәсіптің ғана емес, сонымен бірге бүкіл  экономиканың өсуі мен дамуына мүмкіндік  жасауға, әлемдік кеңістіктегі республика бейнесінің өзгеруіне әкелуге тиіс. Статистикалаық материалдар экспорт  пен импорттың арасындағы арақатынас жөнінде пікір айтуға мүмкіндік  беретінін атап кеткен жөн, олар Қазақстан  нарықтық байланыстарының жағдайын жеткілікті түрде толық бейнелеп көрсетеді.

  Қазақстан нарығына ең ірі жеткізушілер болып  Ресей, Қытай, Түркия, Өзбекстан есептеледі. Ресей қазақстандық көтере сатып  алудың 60%-дан астамын жүзеге асырады. Тұтас алғанда Қазақстан РФ мен Қытайға тауарды сатқаннан гөрі көп сатып алады.

  Алайда, РФ, Қытай және Қазақстан арасындағы сауда айырбасы мүлде зерделенбеген. РФ Қытайдан өзгешелігі республикамыздың шалғай аудандарына ішке кіруге, ішкі нарықтық байланыстар жүйесіне мүмкіндігінше  нық енуге ұмтылуда. Қазақстан  сауда-саттығы соңғы жылдар ішінде шапшаң дамыды. Қытай өз нарығының  мүдделерін ескере отырып әрекет етуде. Қытайдың Қазақстандағы сауда-экономикалық ықпалының артуы Қазақстан халқын пайдаланумен қатар жүреді. Қытай  барынша Қазақстан нарығын Ресейден іліп әкетуге ұмтылуда. Республикада өз сауда саясатын іске асыра отырып, Қытай тек ресурстарын ғана емес, сонымен бірге экономикалық және саяси жағдайларын да зерделеді.

  Өткізу  нарықтары мен арзан шикізат  көздерін іздеу қажеттілігі Қытайды  Қазақстанмен сауда-саттыққа батыл  кірісуге мәжбүр етеді.Алматы облысының  Қытаймен нарықтық байланыстары бар  екендігі жақсы белгілі. Қазастан мен  ҚХР есеп айырысудың баспа-бас айырбас  жүйесімен байланысты. Қазақстан  облыстарының Ресеймен географиялық жақындығы  белгілі бір шамада шегаралас  аудандарының ашықтылығының дамуына, жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерінің  өтуіне мүмкіндік береді. Қытаймен жергілікті нарықтық байланыстар халық  тұтынатын тауарлардың жетіспеушілік  проблемаларын шешеді. Осыған орай экономикамызыдң болашағы әлемдік  шаруашылықпен бірігуімен көрінбекші. Мысалы, қазақстандық жүн, былғары шикізаты отандық тұтынушылардың сұранысына ие бола алмады, ал Қытай мен Түркия оларды әрқашанда қуана-қуана сатып  алды.

  Нарықтық  байланыстар бір елдің нағыз  жалпы мағынасымен айтатын болсақ басқа елдің сыртқы саудасына  деңдеп енуі болып табылады, ол түрлі  формаларда жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, 1920 жылға дейін сауда-саттықты Орта Азия, Ресей, Қытай көпестері жүргізді. Қазақтар тауар ретінде Орынбор  облысының шегаралас қалаларына мал айдап әкелді, ал ол жақтан дайын  өнім сібір фабрикаларына жеткізілді. Нарықтық байланыстар қарадүрсін болса  да, бірақ едәуір таралды. Қазақтар мен Ресей арасында делдалдық  нәтижесінде, татар көпестері, Ресейдің өнеркәсіп орталықтарына арзан шикізатты жеткізушілер бола отырып, орыс капиталының қазақ даласына дендеп өткіне, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік жасады.

  Қазіргі жағдайларда сыртқы экономикалық байланыстарда  ҒТП-пен байланысты көрсетілетін қызметтер  – коммуникациялық, инфрақұрылымдық, банкілік, көліктік және басқалар ауқымды  орын алуда. Қазақстанның саудада көрсететін қызметтерінде валютаның жылыстауына  әкелетін импорт басым.

  2004ж.  халықаралық көрсетілетін қызметтің  баланс тапшылығы 2152,8млн долл. болды және 2003ж. 2251,4млн долларға  жеткенімен Қазақстанның пайдасына  шешілмеді. 2003ж. бұрынғы жылмен  салыстырғанда Қазақстанның көрсеткен  қызметтер көлемі 12%-ға артты, оның ішінде тасымал – 20,8%, басқадай қызметтер 37,7%-ға артты, ал жол жүру қызметтері бойынша 9,3%-ға төмендеді. Елдің импорттайтын қызметтер көлемі 7,7%-ға өсті, онын ішінде тасымалдау – 20,3% және басқадай көрсетілетін қызметтер – 10,3%-ға өсті, бәрақ жол жүру қызметтері бойынша 11,7%-ға төмендеді.Төлем балансының көмегімен Қазақстан Республикасының басқа елдерде көрсететін қызметтері мен нарықытық байланыстарын терең талдауға мүмкіндік туады. Қазақстанның бүгінгі күні әлемнің 120-дан астам елімен сауда-саттық байланысы бар. Негізгі сауда-саттық серіктестері – Ресей және басқа да ТМД елдері, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Қытай, Түркия, Корея, Жапония және басқалары есептеледі.Сөйтіп кез келген елде нарықтық байланыс өнімді өткізудің католизаторы ретінде көрінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. Қазақстан Республикасында  нарықтық экономиканы  реттеу әдістері  мен дамуының мәселелері 

3.1 Нарықтық экономиканы  реттеу әдістері  және оның жолдары

  Нарықты реттеу әдістері – бұл нарық механизімінің  қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы өндіріс  процесіне мақсатты бағытта әсер ету тәсілдері. Мұндай реттеудің  элементтері алғаш рет бірінші  дүниежүзілік соғыс кезінде пайда  болды. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономиканы мемлекеттік  реттеу өнеркәсіпті-дамыған елдерде  жалпы құбылысқа айналды.

  Біздің  елімізде бөліп үлестіру методологиясына  негізделген шаруашылық жүйесінен  бас тарту экононмиканы реттеу әдістерінің  мазмұнын түбегейлі өзгертеді. Нарықты  құру – жаңа экономикалық қатынастарға көшу, сонын ішінде, халық шаруашылығын жоғарыдан төмен қарай немесе тікелей басқару құрылымынан  бас тарту, оны көлденең құрылымдармен  алмастыру дегенді білдіреді. Нарық  мемлекетпен және тауар өндіруші кәсіпорындармен реттеледі. Яғни, реттеу әдістерін оның реттеу субъектілеріне қарай, шартты түрде, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету тәсілдеріне қарай тікелей  және жанама деп классификациялауға болады. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсыбір объектіге  бағытталған. Нарықты тікелей реттеу әдістеріне төлем қабілеті бар жиынтық  сұранымды құру, сонымен бірге  халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланылатын орталықтандырылған тәсілдер жатады. Бұл жерде әңгіме мемлекеттің  атқаратын жалпы қызметі жөнінде  болып отырған жоқ, тек қана нарықтың тиімді жұмыс жасауына мүмкіндік  туғызатын қолайлы әлеуметтік ахуалды  қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекеттік  тәсілдер туралы болып отыр. Бұл  негізінен, экономиканы шамадан  тыс монополизициялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын  қолдайтын әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.

  Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың  қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары мен нәтижесіне әсер етумен байланысты. Тікелей және жанама әдістердің арасындағы айырмашылық, белгілі бір  дәрежеде, шартты түрде ғана болады. Нақты өмірде олар бір-бірімен тығыз  байланысты және әсер ету объектісі  ретіндегі меншік типіне қарай жіктеліп әртүрлі тіркесте қолданылады.

  Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарына  фискальдық(мемкеттік қазына), несие, ақша саясаты, бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу, әкімішілік реттеу жатады. Осы шаралардың мәнін қықаша ашайық:

1.Фискальдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салалары мен кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар мен жәрдем ақшалар, салық ақшалары жатады.

  Салықты реттеу фискальдық саясаттың маңызды  бөлігі болып табылады. Оның көп  тараған түрлеріне мыналар жатады:

    а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу және шектеу мақсатында салық нарығын өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен өңірлер (мысалы Арал өңірі), шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда өздеріне берілген билік шеңберінде сол жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранымды шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі үшін жанама салықтар мен табысқа салынатын салықытң нарығы арттырылады. Қорлану процесіне әсер ету үшін пайдаға салынатын салық нарығы да өзгертіледі: салық нарығы барынша төмен жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау әдетте өседі, ал салық нарығы барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;

    ә) салық нарығын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады. берілген салық нарығы жағдайында амортизациялау мерзімін қысқарту қорлану ресурстарын көбейтуге мүмкіндік береді;

    б) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан, аса жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.

2.Несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге, ол бюджеттен тыс ерекще даму қорын да құра алады. Дегенмен, несиелік реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:

    а) эмиссиялық банктің есептеу нарығын өзгерту. Еесептеу нарығы (немесе дисконттық) – бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банкпен өндіріп алынатын қарыз пайызының нормасы. Эмиссиялық банк тек қана коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарығын төмендету немесе көтеру жеке коммерциялық банктер үшін қарыз нарығын қайта қарауға түрткі болады. Несиенің қымбаттауы (есептеу нарығының өсуі) несиелік және инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы – іскерлік белсенділікті көтермелейді;

    ә) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумін арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері (сақтауға берілген ақша) – ерікті ақша салынымдарынан (бос резерв деп аталатын) және міндетті ақша салынымдарынан (оларды пайдалануға рұқсат берілмеген) тұрады. Орталық банк міндетті ақша салынымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспанциясына мүмкіндік туғызады.

    б) «ашық нарықтағы операциялар». Мұндай жағдайда, мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда , жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражататры алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.

  Осылармен қатар несие нысандары мен  банк-несие мекемелерінің жұмысын  реттейтін басқа да әртүрлі нысандар қолданылады(мысалы, тұтыну несиесі  бойынша процентті, биржалық несиенің мөлшерін реттеу және т.б.).

3.Бағаны және табысты реттеу саясаты. Фискальдық және несие саясаты көп жағдайда, баға мен табыстарды реттеудің тиімді құралы бола алмайды, сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың көбеюіне уақытша тиым салады, бағалар мен еңбек ақының көтерілуіне мемлекеттік органдар тарапынан алдын-ала рұқсат беретін жүйені ендіреді. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда, дивиденд сияқты түрлеріне таратылмайды.

Информация о работе Нарық: мәні, құрылымы, кеңестік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі