Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 19:24, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы – «Нарық: мәні, құрылымы, кеңесітік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі». Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп – оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады.
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен насиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтың
қажеттілеу қызметтеріне – тауардың
қоғамдық маңызын мойындау, еңбекті
материалдық ынталандыруды
1.3 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай неғізгі кезеңдерге бөлуге болады:
Бірінші кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда саттық көріністерде кездейсоқ болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1 -Т2, балама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ағысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1-тауар емес балама –Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иленушілері- несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда , құнның өзінің заттық иленушісінің оқшаулануы –қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен
бірге, нарық стихиялы түрде дамушы
немесе еркін нарық, монополиялы
нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы
нарық -капитализмнің алғашқы
Монополиялық нарық ХІХ ғсырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол әкономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына , ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның әкономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік -әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтұнушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр .Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар , еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктүрасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу , өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрл кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек .
Біздің
жас тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде
де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған
нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан
шығарудың баламасыз құралы деп
танылып отыр.
2 Қазақстан Республикасында нарықтық экономикалық жүйенің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы
2.1 Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Жалпы нарықтық экономикалық жүйе – шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігне, жеке меншік құқығының анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде нарықытық қатынасқа қатысушылардың «ойын ережесін» заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады. Жеке шешімдер нарықтық бәсеке жағдайында үйлестіріледі. Нәтижесінде мемлекеттің экономикалық араласуы кең өріс алады. Нарықтық жүйе ресурстарды тиімді пайдалануға және экономикалық тез көтерілуге ықпал етеді, алайда оның жағымсыз жақтары да болады. Мысалы, нарық табыс жөнінен әлеуметтік топтарды жіктеуге алып келеді.
Ал,
Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық
экономиканы тудыруға бағытталған
институционалдық, құрылымдық реформалардың
кешенді бағдарламасын жүзеге асырды.
Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы
шеңберінде жүзеге асырыла бастаған
Қазақстандағы экономикалық реформа
тәуелсіздік жарияланғанан
1993ж
15 қарашада Ұлттық валюта - теңге
айналымға енгізілді. 1993-1994жж. Экономикалық
дағдарысқа қарсы бағдарлама
қабылданып, оны іске асыру басталды;
1994-1996жж. қатаң ақша-несие саясаты
жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген
реформалардың нәтижесінде
2.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы
Саяси тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Оның нарықтық байланыстары барлық құрлықтың елдерімен, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар енген аймақтармен елеулі түрде кеңейді. КСРО өмір сүрген кезде бұл проблема сондай өткір болмады, өйткені экспорт-импорттық операциялар орталықтандырылып жүзеге асырылды және Қазақстан одақтас республика ретінде әлемдік нарықта дербес атқарылымдықта болмады.
1994
жылдың ақпанында КСРО
1991
жылдан бастап жағдай одақтас
республикалар егемендік
1991
жылдың 16 желтоқсандам қабылданған
«ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі
жөніндегі» Конституциялық
Экономикалық
жағдайдың бірден бір көрсеткіші
ретінде – нарықтың байланыстардың
пайда болуы. Қазақстанның әлемдік
нарыққа дербес шыққаннан кейін
шетелдік мемлекеттермен нарықтық байланыс
жағдайы қарқынды сипатқа ие бола
бастады. Жалпы алғанда Қазақстан
28 еуропалық, 30 азиялық, 6 американ және
шетелдің басқа елдерімен сауда
байланыстарын ретке келтірді. Сонымен
бірге бұл тізім күн сайын
өсуде. Мұның үстіне, Қазақстан бұрынғы
одақтас республикалар –
Қазақстан Республикасы экономикасына нарықтық байланыстардың деңдеп өту үдерісі «Алматы диірмен», «Бутя», «Сеймар», «Акцент» сияқты кәсіпорындарды ұйымдастырған жеке кәсіпкерлер арқылы өтті. Нақтылап атап айтсақ, республика бизнесмендерінің арақасында нарықтық байланыстар қалыптасты. Тәуелсіздікке ие болғаннан дейін сауданың 80%-дан астамы бұрынғы одақтас республикалармен жасалған саудаға келді. Біздің республика жалпыодақтық қорға – түсті металдар, көмір, қара металдар прокаты, мұнай мен газдың, сондай-ақ руда концентраттарының көп мөлшерін тапсырды. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімін: астық бойынша – орташа 18-23%, қой еті – 25%-ға дейін, жүн - 30%-ға жуық және қаракүл экспортын 35%-ға дейін өндіруде айтарлықтай үлес салмағы болды.
Қазіргі
жағдайларда да Қазақстан ең ірі
астық экспортшысы болып қала
беруде. 2006-2008 жылдары алыс шетелге
жылына орташа 100,6% дайын тамақ өнімдері,
сусындар, темекі, ал былғары шикізаты
–орташа 123,6% , тоқыма және тоқыма бұйымдары
орташа 105,6%-ы сатылды. Және де өсімдік
өнімдері бойынша орташа 130,3%, машиналар,
жабдықтар, аппаратуралардың орташа сатылған
мөлшері 125,3% , минералдық өнімдердің орташа
көрсеткіші 139,3% болды. Мұнда экспорт құрылымында
елеулі өзгерістер жүрді. Осы көрсеткіштерді
келесі кестеден көруге болады:
Экспорт тауарлары | 2006 жыл
(пайызбен) |
2007 жыл
(пайызбен) |
2008 жыл
(пайызбен) |
2006-2008жж. экспорттың
орташа көрсеткіші
(пайызбен) |
Өсімдік өнімдері | 97,8 | 140,0 | 167,3 | 130,3 |
Дайын тамақ өнімдері, сусындар, темекі | 116,1 | 103,6 | 113,6 | 100,6 |
Минералдық өнімдер | 127,3 | 109,2 | 153,8 | 139,3 |
Былғары шикізаты, былғары, табиғи үлбірлер | 96,0 | 138,9 | 133,8 | 123,6 |
Машиналар, жабдықтар, механизмдер, аппаратуралар және олардың бөлшектері | 119,9 | 110,3 | 134,1 | 125,3 |
Тоқыма және тоқыма бұйымдары | 94,8 | 110,7 | 132,2 | 105,6 |
*Қазақстан Республикасы өнімдерінің экспорттық жеткізілімі бағасының индексі
Республиканың тәуелсіздік алуымен байланысты сыртқы сауда географиясы мен бағдарлануы айтарлықтай кеңейе түсті. Егер 80-жылдары Қазақстанның сыртқы айналымының 80%-ы бұрынғы одақтас республикаларға тән болса, онда 2008 жылы бұл көрсеткіш 35%-ға дейін төмендеді. Әкетілімнің 80%-дан астамы өнеркәсіптің металл өңдеу және отын-энергетика салаларына келді. ҚР статистика жөніндегі агенттіктің деректері бойынша Қазақстанға тауар әкелімі 2008 ж. 127,7%-ға жетті, бұл сол жылғы әкелімнен 23,4%-ға аз болды. 2008ж. Республикаға әкелім – 5,1млрд теңге, ал әкетілім 1,9млрд теңге құрады. Импорт құрылымында тамақ өнімдері мен темекі өнімдері 40% басым болды.