Монополия

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 08:42, курсовая работа

Описание работы

Монополияға қарсы саясаттың қазіргі кезде маңызы өте үлкен. Себебі қазіргі нарықтық экономикада таңдау мүмкіндігі тұтынушыға берілетін болса, ал монополиялда тұтынушыға таңдау мүмкіндігі берілмейді. Нарықтық экономиканың басты сипаттамасының бірі-бәсекелестік. Тек бәсекелестік арқылы өнімнің жоғары сапасын және жаңа түрлерін алуға болады. Кеңес өкіметі кезінде негізінен монополия басым және бәсекелестік жетілмегендіктен тұтынушыға таңдау мүкіндігі берілмеді.

Работа содержит 1 файл

Монополия.doc

— 161.50 Кб (Скачать)

       Осылайша, Қазақстан Республикасының Клнституциясының 26-бабының 4-тармағында былай делінген: «кез келген азамат еркін кәсіпкерлік іс-әрекетке, өз мүлігін кез келген заңды кәсіпкерлік әрекетке пайдалануға құқылы. Монополялық әрекет заңмен бақыланады және шектеледі». Бұл жағдай бәріміз үшін бағалы, өйткені бәрімізге «кәсіпкерлік іс-әрекет еркіндігін» береді.

      Экономиканы антимонополиялық реттеу жүйесі келесі элементтерден тұрады:

  • Монополист түсінігі, оның сапалық және сандық сипаттамалары;
  • Мемлекеттік реттеу аясындағы монополиялық іс-әрекеттің түрлері;
  • Тиым салынатын бәсеке нысандары;
  • Монополияға қарсы ұйымдар жүйесін, олардың міндеттері, қызметтері мен өкілеттіліктерін анықтау;
  • Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға баиланысты жауапкершілік шаралары.

      Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында орталық монополияға қарсы ұйым – Үкімет құрамына кіретін, табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау бойынша құрылған Қазақстан Республикасының Агенттігі. Бұл агенттік 1999 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен құрылды, бірақ оның алдында оның аты, ведомстволық қарастылығы, ұйымдық құрылымы және кейбір қызметтері өзгерістерге ұшырады. Экономиканы басқарудың иерархиялық құрылымына бұл ұйымның статусының өзгеруі, белгіленген қызметтердің тұрақсыздығы оның іс-әрекетінің тиімді және мақсатты бағытталуын қамтамасыз етеді.

       Қазіргі кезде Агенттік өзінің  іс-әрекеттерінің екі негізгі бағытын анықтады:

  • Біріншісі, монополияға қарсы заңнаманың, баға тағайындау , тұтынушылардың құқығын қорғау заңдарының іске асуын бақылау;
  • Екіншісі, табиғи монополия және шаруашылық жүргізуші субъект – монополистердің іс-әрекеттерін реттеу.

      Бұл бағыттардың әр қайсысы бойынша нормативті, әдістемелік. Жеке практикалық тәжірибе бар, ТМД елдерінің басқа тәжірибелері жалпыланған. Сонда да принципті мәселелерді шешу үшін, заңдық, ұйымдық және материалды базаның әрі қарай жетілуіне қажеттілік бар.

       Қазақстанда монополияны реттеу бойынша заңдар Республиканың барлық аймақтарында іске асады, республика рыноктарндағы бәсекелестікке әсекр ететін, қазақстандық және шетел заңды тұлғалары қатынасатын, сонымен қатар, билік және басқарушы органдар, жергілікті өзін өзі басқару органдары қатысатын қатынастарды реттейді.

       Еркін бәсекедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің рыноктық қарым – қатынастарының қалыптасуы мемлекеттік меншік пен мемлекеттік басқару ұйымдарын реорганизациялау мен демонополизациялаусыз мүмкін емес.

       Қазақстанға КСРО-ның жоспарлы экономикасынан мұраға өте монополиланған экономика қалды.

       Түсті металдардың жеке түрлерін өндіретін кәсіпорындар бір – бірден десек қателеспейміз: Жезқазған және Балқаш тау – кен комбинаты, Өскемен титан – магний комбинаты, Ертіс химия металлургия, Шымкент қорғасын, Павлодар аллюминий заводттары, Белогор және Жәйрем тау – кен байыту комбинаттары.

       Осындай жағдай машина жасау саласында да қалыптасқан: барлық кәсіпорындардың 2/3 бөлігі белгілі бір саладағы жалғыз өнім өндіруші кәсіпорын болып табылады.

       Химия – орман кешеніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындарының 1/3 –і монополист болып табылады.

       Бір жағынан, республикада осы ірі кәсіпорындар мен серіктестер экспорттық мәні бар, волюталық түсімдер беретін шикізат ресурстарының негізгі көлемдерін өндіреді. Екінші жағынан, экспорттық шикізатты өндіретін кәсіпорындардың көбісі бәсекелестік ортасы жоқ монополистер болып табылады. Халықаралық рынокта бәсекелестік күрес тәжерибелері жоқ. Республика біріншіден қайта өңдеуді және шетел капиталын таратуды қажет ететін шикізатты сатады.

      Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарым – қатынастарының қалыптасуы демонополизациялаусыз мүмкін емес. Сонымен қатар, мемлекесіздендіру мен жекешелендіру мәндерін түсіну қажет. Бұл процесс өздігінен еркін бәсекені қамтамасыз етпейді, өйткені мемлекеттік емес монополизм оны бақылудың қиындығына, күрделілігіне байланыста бәсекеге үлкен зиян келтіреді.

      Қазақстанда табиғи монополия  сферасына елесілер жатады:

    • Магистральді құбырлар арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасмалдау;
    • Құбыр арқылы газ және газ конденсатының тасмалдануы;
    • Электр және жылу энергиясын бөлу және жеткізу;
    • Темір жол магистральдарының эксплуатациясы;
    • Айрапорт, порт, аироновигация қызметтері;
    • Телекоммуникация қызметтері;
    • Су шауашылық және канализациялық жүйелердің қызметтері;
    • Пошта байланыстарының қызметтері т.б.

      Қазақстан Республикасының экономикасының жеке салаларын демонополизациялау шаралары түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіне бірдей шарттар қойылып, бәсекелестік дамыту және монополизмнің басқа нысандары мен түрлерінің пайда болуына мүмкіндік бермеуді қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекет меншігінде келесі салаларды толығымен қалдыру көзделген: қауіпсіздік кешенінің негізгі кәсіпорындары, магистральді темір жол көлігі, ірі аэропорттар қызметі, магистральді құбырлар, базалық электростанциялар республикалық және халықаралық мәндегі автомагистральдар, сонымен қатар, қалааралық байланыс құралдары, пошта, халықтық білім беру кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары.

      Қазіргі таңда елімізде монополиялық салалардың бірі – байланыс рыногы, яғни телекоммуникация монополисті «Қазақтелеком», АҚ Қазақстан Әлемдік Сауда Ұйымына өту үшін қажетті шаруалардың бірі – телекоммуникация либерализациясы. Телекоммуникация либерализациясы бізде жоспарлағандай аз уақытта жүргізіле алмайды, дамыған елдерде оған 10жылдықтар кеткен. «Қазақтелекомды» жекешелендіру – жоспарлаған. Болашақта, телекоммуникация кешенінде меншік формасын өзгертуіміз қажет. Өйткені, әлемдік Сауда Ұйымы мен басқа халықаралық институттар экспетрттері еркін рынок принципін талап етеді. Либерализация идеясы – ашық бәсекеге қабілетті рынокты мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз регуляторды көздейді. Алайда, біздің ұлттық ерекшелігіміздің  өзі – бірншіден, Қазақстан ашық рынок мүлдем жоқ, екіншіден, біздің мемлекетте толығымен тәуелсіз деп атауға болатын ұйым жоқ.

       Қазақстанда телекоммуникация саласының дамуы туралы үкімет бағдарламасына сәйкес, либерализация мақсаты – бәсекелестіктің дамуы, операторлар санының өсуі, нәтижесінде халықаралық және қалааралық байланысқа тарифтердің азаюы, сонымен қатар, қызмет спектрінің кеңеюі, олардың сапасының артуы. Мамандардың ойынша, саланың әрі қарай дамуын шектейтін мәселелер – ескірген нормативті база, жалпы қолданыстағы телекоммуникация желісіне монополия, ауылдық және қалалық байланыс қызметіндегі бағалық дисбаланс, сонымен қатар, радио жиілік секторының шектеулілігі т.б.

       Телекоммуникация саласында рыноктік қатынастардың дамуына халықаралық және қалааралық байланыстарды демонополизациялау кезінде «Қазақтелеком» АҚ монополист болып қала беруі әсер етпейді ме? Қазақстан Республикасының информатизация және байланыс агенттігінің төрағасының орынбасары Асқар Жұмағалиевтің ойынша, телекоммуникация саласын либералдау – мықты бәсекелік рыноктің құрылуына мүмкіншілік береді. Өйткені қабылданатын шаралар қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ ие болған эксклюзивті құқықтарды жояды және барлық операторларға халықаралық және қалааралық қызмет көрсетуге рұқсат береді. Бірақ сонымен қатар, республиканың телекоммуникациялық қызметінің басты операторы бөлініске түспейді.

       Келесі мәселе «Қазақтелеком» АҚ-н демонополизациялау қажет пе, яғни рынок субъекті ретінде? Бірақ жаңадан енгізулер мен «Қазақтелеком» АҚ – базалық құрамдасы болып табылатын мемлекет экономикасына зиян келтірмеу үшін, АҚ-ды тиіспейтін шешімге келеді. Мамандардың келісімі бойынша, жеке меншік операторларға рынокқа тез және зиянсыз енуіне қажетті шарттар жасау қажет. «Қазақтелеком» АҚ бизнс дамуы бойынша вице-президентті Асқар Бишигаевтің айтуынша, «Қазақтелеком» – қалыптастырушы компания, елдегі байланыстың бүкіл магистральді каналдарының 90% оның меншігі. Жене болашақта операторлар осы желіге жаңа тарифтер бойынша қосылуға мәжбүр болады.

(а-қосымшасы)

  1. «Қазақтелеком» АҚ
  2. Басқа байланыс түрлері

       Бұған қарамастан, «Қазақтелеком»  мамандарының ойынша, қабылданатын  реформалар рынокта бәсекелестіктің  дамуын, жаңа компаниялардың пайда  болуын қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде толығымен салада, қазмет көрсету сапасында көрініс табады.

2.2. Қ.Р. монополияға  қарсы саясатты  жетілдіру жолдары.

       Еркін бәсекедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің рыноктық қарым – қатынастарының қалыптасуы мемлекеттік меншік пен мемлекеттік басқару ұйымдарын реорганизациялау мен демонополизациялаусыз мүмкін емес.

       Қазақстан Республикасының экономикасының жеке салаларын демонополизациялау шаралары түрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіне бірдей шарттар қойылып, бәсекелестік дамыту және монополизмнің басқа нысандары мен түрлерінің пайда болуына мүмкіндік бермеуді қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекет меншігінде келесі салаларды толығымен қалдыру көзделген: қауіпсіздік кешенінің негізгі кәсіпорындары, магистральді темір жол көлігі, ірі аэропорттар қызметі, магистральді құбырлар, базалық электростанциялар республикалық және халықаралық мәндегі автомагистральдар, сонымен қатар, қалааралық байланыс құралдары, пошта, халықтық білім беру кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары.

          Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі           (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделері теңгерімінің негізінде салалық реттеуші ретінде экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етуі керек

     Реттеліп  көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің болжамды деңгейі, тиімді жұмыс істейтін субъектілер, инфрақұрылымға және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне  кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізу. 

     Табиғи  монополиялар саласында өндірушілердің, тұтынушылар мен мемлекеттің  экономикалық мүдделерінің тепе-теңдігін сақтай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің және тауар  нарығында үстем шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтеріне, жұмыстарына   тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру үшін құқықтық және нормативтік-әдіснамалық базаны жетілдіру.

     Тарифтік  саясаттың орта мерзімді кезеңдегі  негізгі  міндеттері реттеу және  бақылауды тетіктерін  жетілдіру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін кешенді теңдестіріп реттеуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру.

     Коммуналдық тарифтерді негізсіз көтеруге кедергі  жасау.

Табиғи  монополиялар саласында ресурс және энергия  үнемдеуші  технологияларды енгізуге, көрсетілетін қызметтердің  сапасын арттыруға бағытталған инвестициялық бағдармаларды іске асыру.

Индустрияның  орнықты дамуын қамтамасыз ету,  табиғи монополиялар субъектілерінің  жұмыс істеуін, олар көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту, өзіндік құнды төмендету және қызметтерге арналған  тарифтің деңгейін тұрақтандыру үшін тарифтік  саясатты:

инвестицияларды ынталандыратын және орта мерзімді кезеңде  тарифтердің тұрақтылығын  қамтамасыз ететін тариф белгілеудің жаңа әдістерін енгізу жолымен одан әрі жетілдіру қажет

     Билік органдарына және шаруашылық субъектілеріне тиым салынған іс-әрекеттер туралы мәліметтерді 1 – суреттен көруге болады.

       

ҚОРЫТЫНДЫ 

       Сонымен, рыноктік жағдайда елдің экономикасын мемлекеттік реттеу қажет. Қоғам өзінің тарихи даму барысында екі ерекше қызықты феномен – мемлекет және рынокты қалыптастырады. Әр түрлі салаларда даму жолында екеуі өзара жақындаса беріп, жолдары қиылыса бастады. Сондақтан өркениетті қоғамның даму деңгейі толығымен мемлекеттік жыне рыноктік күштердің іс-әрекеттерінің ұштасуы мүмкіндіктерімен анықталады. Сонымен қатар олар – қоғамның дамуына өзінің ықпал ету механизмдері бар, нақты қызметтері, мақсаттары мен міндеттері бар жеке қатысты құрылымдар. Екеуі бірге жұмыс істегенде ғана қоғамның тиімді дамуына қол жеткізуге болады. Осыған байланысты әйгілі экономист Луис Малкерннің мемлекеттің роліне байланысты айтылған сөзін еске салайық: «Менің ойымша, кез келген жетекші мемлекет үшін экономикада мемлекеттің ролін дұрыс анықтамағаннан жаман нәрсе жоқ».

Информация о работе Монополия