Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 08:42, курсовая работа
Монополияға қарсы саясаттың қазіргі кезде маңызы өте үлкен. Себебі қазіргі нарықтық экономикада таңдау мүмкіндігі тұтынушыға берілетін болса, ал монополиялда тұтынушыға таңдау мүмкіндігі берілмейді. Нарықтық экономиканың басты сипаттамасының бірі-бәсекелестік. Тек бәсекелестік арқылы өнімнің жоғары сапасын және жаңа түрлерін алуға болады. Кеңес өкіметі кезінде негізінен монополия басым және бәсекелестік жетілмегендіктен тұтынушыға таңдау мүкіндігі берілмеді.
Бұл документ «белгісіздік сипатта» болса да, әлемдік экономикада антимонополиялық саясаты негіздерін дайындауда маңызды орын алды.
АҚШ-та бұл заң негізінде кейіннен 1914ж. Клейтон заңы қабылданды. Оған сәйкес
Басқаша айтқанда, Клейтон заңы – Шерман заңының жалпы ережелерін түсіндіру, қаттылау, нақтылау талпынысы.
Федералды сауда комиссиясы туралы заң бойынша Шерман және Клейтонның антимонополиялық заңдарының жүзеге асуын бақылайтын, бес адамнан тұратын комиссия құрылды. Кейіннен олардың міндетіне тұтынушыларды өнім сапасына байланысты жалған жарнамалардан, дұрыс емес ақпараттан қорғау кірді. Негізінен бұл заң шынайы емес бәсекеге қарсы бағытталған еді1.
Клейтон заңының тек көлденең түрдегі бірігулерді тиым салынуына байланысты Селлер-Кефовер заңы қабылданды. Бұл заң бойынша көлбеу интеграцияға да тиым салынды, сонымен қатар басқа фирманың акциясын ғана емес, активтерінің заттай элементтерін сатып алуға жол берілмеді.
Бұл заңдарда және басқа да кейінгі нормативті актілерде шектеу практикасына ұшырайтын монополия әрекеттеріне мыналарды жатқызуға болады: рынокты монополиялау, баға тағайындау, компаниялардың бірігуі, директораттардың қиылысуы, бағалық дискриминация, арнайы контрактілер. Бұл әрекеттер көптеген елдердің антимонополиялық заңдарында заңға қарсы ретінде белгіленеді. Монополия әрекеттері заңға қарсы болған жағдайда түрлі шаралар қолданылады: түрмеге қамау, айыппұл төлеу, және көбінесе азаматтық-құқықтық санкциялар қолданылады. Олардың арасында:
Сонымен, антитрестік (антимонополиялық) заңнама ол – рыноктың нәтижелі жұмыс істеуіне және іскер кәсіпорындар мен фирмалар арасында бәсекелестікті реттеуге бағытталған заңдар пакеті. Антитрестік заңнама – американ тарихының соңғы 100 жылы құрылған соттық шешімдер мен құқықтық нормалардың, заңдардың күрделі желісі.
Мемлекеттік монополияға қарсы реттеу екі өзара байланысты бағыттан тұрады:
Монополиямен күресте антимонополиялық саясаттың бағыты мен қатаңдығында маңызды мемлекет айырмашылықтар бар. Қазіргі кезде, монополияға қарсы заңнаманың екі түрінің қалыптасқаны туралы айтуға болады. Олар: американдық және Батыс Еуропалық. Айырмашылық критерийі – монополиялық бірігулердің өмір сүруіне заңдардың принципті қатынасы болып табылады.
АҚШ-та монополияға қарсы саясатта бәсекелестік ортаның құрылуына және монополиялық бірігулердің кез келегн түріне қаталдықпен қарауға көп көңіл бөлінеді. Түрлі көлденең және көлбеу бірігулер жақсылап зерттеледі, және бірігуге рұқсат тек бірігу бәсекені нашарлатпайтыны дәлелденген жағдайда ғана беріледі. Баға деңгейі немесе сату көлеме жайлы келісім шешімдер қабылдаған монополиялар заңмен қадағалауда болады. Монополияға қарсы санкциялар рыноктың маңызды бөлігін бақылайтын т.б. монополияларға қолданылады. Жазалау шаралары ретінде тек азаматтық-құқықтық санкциялар ғана емес, түрмеге қамау да қолданылады.
Монополияға қарсы реттеудің Европалық моделі американдыққа қарағанда либералды. Мұнда назар шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекет, тәртібіне аударылады. Кез-келген монополия емес, тек монополияның әлеуметтік-экономикалық нәтижелері қоғам үшін теріс сипатта болған монополия заңсыз деп қарастырылады. Арнайы әкімшілік органдар арқылы түрлі рыноктардағы бәсеке жағдайы үнемі зерттеледі және бақыланады. Қажет жағдайда бұл органдар әкімшілік сипаттағы түзетуші, бақылаушы және тиым салушы шараларды қолданады.
Жапонодық тәжірибе қызықты: Жапония ұлттық монополияларды, әсіресе, жоғары технологиялық салалардағыны қолдайды. Бұл жаңа, ақпараттық ресурстарға негізделген экономика құрылымына өту қажеттілігімен, прогрессивті, құрылымдық алға жылжуларды тездету қажеттілігімен негізделеді. Сонымен қатар, ішкі рынокты бөліп алу қадағаланбайды, экспортты фирмалардың бірігуі қолдау табады, ал депрессиялы салаларда заңды түрде картельдер қалыптасады.
Байқағанымыздай, монополияға деген қатынас түрлі елдерде бірдей емес, антимонополиялық саясат әр түрлі құрылған. Ол көптеген сыртғы және ішкі факторларға, тарихи жағдайларының өзгеруіне байланысты.
Жоғары айтылғандардан шығатын қорытынды:
Мемлекеттік саясатқа жоғары дәрежеде
тиімді ықпалды тұтынушылар емес, өндірушілер
жасайды дегенді есте сақтау қажет. Және
осы саясат көп жағдайда өндірушілердің
өздерін бәсекелестік өмірдің қатаң заңдарынан
қорғауға ұмтылу ықпалымен жасалынады.
Кез келген антитрестік (антимонополиялық) шаралардың аяқты мақсаты –фирманың рыноктың белгілі бір сегментін өзіне бағындырып және өз бақылауын орнату талпыныстарына тиімді қарсы әрекет жасау. Алайда экономикалық практикада табиғи монополия ретінде белгілі өндіріс ұйымдары мысалдары кездеседі. Яғни бұл дегеніміз – рынокта белгілі бір кәсіпорынның доминантты болуының алдын алу мүмкінемес.
Бір өндіруші бүкіл рынокқа қызмет еткенде, табиғи монополия жалпы өндірістік шығындырды минималдайды. Табиғи монополияның кең тараған мысалдары ретінде телефондық компанияларды, коммуналды қызметтермен қамтамасыз ететін қызметтерді қарастыруға болады. Осындай жалғыз ұйым үшін қосымша тұтынушылар санын өз жемісіне қосу оңайға түседі, ал бірнеше компаниялар үшін бұл өте қымбат болады және бірдей қызметтерді ұсына отырып бір көшеде қызмет ету көп шығынды талап етеді.
Осылайша, бұл жағдайда монополияға қарсы реттеудің негізгі міндеті – бағалардың артуы жолында кедергілерді құру, табиғи монополияның артықшылықтарын тұтынушыларға зиян келтіру үшін пайдалануды көздеген фирмалардың өнімді шығаруды шектеуі жолында кедергілерді құру.
Елімізге келетін болсақ, Қазақстандағы монополияға қарсы және бағалық саясаттың міндеті – демонополизациялау, ең алдымен ұйымдық-басқарушылық құрылымдардың (холдинг, коорпарация және т.б.), содан кейін монополиялық өндірістік құрылымдарды. Келесі бір мақсаты - өндіріс концентрациясының төмендеуі, бәсекелестікті арттыру мақсатымен рынокқа енудегі кедергілерді жою. Мемлекеттік реттеу әр түрлі болуы мүмкін. Оның мақсаты – кәсіпкерлердің түрлі топтарының арасында пайданы қайта бөлу, тұтынушыларды қорғау, мемлекет маңызды деп есептейтін әлеуметтік т.б. міндеттерді шешу.
Сұраныс қисығы және орташа, шекті
шығындар жайлы нақты
Алайда, шаруашылық іс - әрекет сферасындағы пайда нормасының абсолютті нақты бағасы өздігінен рыноктық процесті реттек мен бақылау механизм тиімділігін қалыптастыра алмайды. Оның бір себебі – «Орташа шығындар плюс пайда» принцпі бойынша тағайындалған баға және де бұл модель шекті шығындар деңгейін есепке алмайды. Осылайша, бақылаушы органдар бір саладағы баға тағайындау саясатын дифференциялдауға мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде бағаның шекті шығындар деңгейінен төмен тағайындалуына, прогрессивті және ресурстарды үнемдеу технологияларын жүргізуге ынталандырудың болмауына әкеледі.т.б.
Тоғыспалы субсидиялау. Жоғарыда аталған модельдің тағы бір проблемасын – тоғыспалы субсидиялау түсінігі ашады. Тоғыспалы субсидиялау баға дискриминациясы нысандарының бірі болып табылады, яғни саланың орташа жалпы шығындарын жабатын деңгейді тағайындау болып табылады. Сонымен қатар, мұнда баға тұтынушылардың кейбірулері үшін берілген тауарлар мен қызметтер құнынан жоғары, кейбіреулерге – құнынан төмен тағайындалады. Бұған мысал, әйгілі «Американ телефон энд Телеграф» компаниясы қалааралық сөйлесуге қызметтің өз құнынан жоғары төлемді алса, жергілікті телефон байланыстарына тарифті өзінің шынайы құнынан төмен тағайындаған.
Бұл практика қызметті төмен құнмен алатын
тұтынушылар тобында кең қолдау табады,
бірақ мұндай саясат қарсы әрекетке де
тап болады. Біздің мысалымызға оралсақ,
аймақаралық қызметтерге бағаның жоғары
болуы тұтынушыларды «АТТ» компаниясының
ұсақ бәсекелестеріне көнуге итермеледі.
Нәтижесінде, салада бәсекелік механизм
жеңді.
2. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясаты.
2.1.
Қазақстан Ресубликасының
монополияға қарсы мемлекеттік
реттеу.
Монополияға қарсы заңнама – Қазақстандағы салыстырмалы жаңаша құбылыс. Заңнама үнемі жетілу, даму және толықтыру стадиясында. Қазіргі кезде ол заң актілер блогы ретінде көрініс табады:
Қазақстан ТМД елдерінен бірінші болып, 1991жылы мамырда «Бәсекенің дамуы мен монополиялық іс-әрекеттің шектелуі туралы» заңды қабылдады. Он жыл бойы бұл заң практикалық тәжірибенің жинақталуымен толықтырылды, жетілді. Тиімді антимонополиялық саясатты құру үшін елімізге он жыл қажет болды, 2001 жылы қаңтарда 1991 жылғы заңның орнына жаңа «Бәсеке және монополиялық іс-әрекеттің шектелуі туралы» заң қабылданды.
Қабылданған құжаттардың барлығының мақсаты:
Мамандардың айтуынша, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы өзінің мақсаттары бойынша батыс еуропалық модельге жақын, «бәсекені шектейтіндіктен, монополияға қарсы бағытталған және сәйкесінше, оның мәселелері монополизммен күреске қарағанда кеңірек».
Қабылданған құжаттар кешені төмендегідей реттеулерді қамтамасыз етеді: