Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 17:25, курсовая работа
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –теологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологы Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады.
I-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
1.1 Мемлекеттің пайда болуының даму эволюциясы
1.2 Мемлекеттің функциялары
Тарихта
Жалпы ежелгі дүниедегі
мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау,
басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында
адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді
бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді
күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар
қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді
күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі
елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол
кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі
грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз
адамдардың қажеттілікті өтеу үшін бірігуі”
деп анықтама беріп, оның пайда болуына
еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның
шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз
адамдардың пайда табуы үшін бірігуі”
деп түсіндірді.
Көне Рим ойшылы
Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс,
халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың
көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген
адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі
мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде
байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет”
сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік
ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі
бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік
етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың
кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет”
сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз
байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің
қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан
туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі
себептердің нәтижесінде пайда болғанын
оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер
көп емес, шектеулі. мемлекеттің қалыптасуына
географиялық орта немесе табиғи орта,
адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі
(экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек
бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес
және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.
Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі — мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді.
Даму сатылары
Биліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:
ном, полис — халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет);
бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым);
орталықтанған мемлекет — ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады);
империя; Орталықтанған
мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын
басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін
біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы
бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады,
нәтижесінде империя пайда болады.
Ассоциацияланған
мемлекет
Ассоциацияланған
мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет
аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге
қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған
мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа
мемлекетке өзінің егемендігінің бір
бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз
ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге
асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша
өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.
Буферлік мемлекет
Буферлік мемлекет
- екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы
арасында орналасқан мемлекет. Буферлік
мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан,
оның территориясы арқылы маңызды транспорттық
байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси
тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік
береді.
Көпұлттық мемлекет
Көпұлттық мемлекет
- территориясында әртүрлі этностар - ұлттар,
халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын
мемлекет.
Ұлттық мемлекет
Ұлттық мемлекет
- белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық
территориясында пайда болған, оның егемендігін
көрсететін мемлекет.
Құқықтық мемлекет
Құқықтық мемлекет
- бұқаралық-саяси биліктің ұйымдастырылуы
мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері
ретіндегі индивидтермен өзара қатынасынын
құқықтық формасы.
Әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік мемлекет
- әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған
жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға
минималды өмір деңгейін және әлеуметтік
тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің
түрі.[
Унитарлы мемлекет
Унитарлы мемлекет
- әкімшілік-территориялық бірлестіктердің
саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік
құрылыс түрі.
Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:
елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция;
заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;
биліктің муниципалды
органдарының жалпы мемлекеттік органдарға
бағынуы.
Мемлекетаралық
төлем келісімі
Мемлекеттер арасындағы
сыртқы сауда алыс-берістері мен басқа
да операцияларға байланысты төлем төлеу
және есеп айырысу шарттары мен тәртібін
белгілейді. 1929 — 33 жылдардағы дүниежүзілік
экономикалық дағдарыстар кезеңінде батыс
елдерінде кең етек алды. Бұл кезде көптеген
мемлекеттер валюта шектеуін енгізіп,
оның еркін алмасуын тоқтатқан болатын.
Мемлекетаралық төлем келісімі көздеген
мақсатына және кейбір елдердің ерекшеліктеріне
қарай алуан түрлі болып келеді. Негізінен
экспорттық және импорттық тауар айналысына
байланысты сыртқы есеп айырысу және ол
үшін төлем төлеу мақсатын көздейді. Көптеген
дамыған және дамушы елдер арасындағы
есеп айырысу екі жақты келісімдер негізінде
клиринг түрінде жүргізіледі.
Мемлекетаралық
экономикалық одақтар
Әлеуметтік-экономикалық,
аумақтық қажеттілікке байланысты немесе
аймақтық рыноктарды қалыптастыру, біртұтас
экономикалық кеңістік құру үшін, кей
жағдайда басқа экономикалық одақтардан
қорғану үшін құрылады. Мұндай одаққа
кірген мемлекеттер сыртқы сауда, өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылық, ғылыми-техникалық
прогресс, валюта, қоршаған ортаны қорғау
салаларында, аймақтық саясатта бірыңғай
шаралар жүйесін іске асырады. Мемлекетаралық
экономикалық одақтар экономикалық интеграцияға
кең жол ашады. Дүние жүзінде мемлекетаралық
экономикалық одақтар 20 ғасырда кең өріс
алды. Олардың кезеңді міндеттерге орай
ауқымы мен басқару функциялары өзгеріп,
құрылымы жетілдіріліп отырды. Кейде оның
құрамында бір құрлықта орналасқан мемлекеттер
түгелдей дерлік қамтылады. Батыс Еуропа
экономикалық одағы осындай үлкен мемлекетаралық
экономикалық одақтарға жатады.
Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан бері бірнеше Мемлекетаралық
экономикалық одақтарға: Кедендік одаққа
(1995), Шанхай ынтымақтастық ұйымына (2001),
Еуроазия экономикалық одағына (2002), Орталық
Азия ынтымақтастық ұйымына (2004) мүше болды.
Қазақстанның және осы одақтар құрамына
енетін басқа да мемлекеттердің алға қойған
негізгі мақсаты — алыс-жақын көрші елдермен
арадағы эконамикалық қарым-қатынасты
нығайту, сыртқы сауда-саттықты дамыту,
аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті,
өзара тиімді байланыстарды қамтамасыз
ету, ішкі реформалардың іске асырылуына
қолайлы жағдай туғызатын сыртқы ортаны
қалыптастыру. Олар ағымдағы мәселелермен
қатар келешектегі күрделі мәселелерді
де шешуге күш салады. Мәселен, Орталық
Азия аймағында мұнай мен газды, электр
қуаты мен су ресурстарын тиімді пайдалану,
экологиялық мәселелерді бірлесіп шешу,
ортақ рынок құру, халықаралық лаңкестікке,
есірткі бизнесіне қарсы бірлесіп күресу,
тағы басқа Орталық Азия ынтымақтастық
ұйымының алдына қойылып отырған ортақ
күрделі міндеттер болып табылады.
Мемлекет иелігіне
алу
Мемлекет иелігіне
алу — шаруашылық жүргізуші субъектілерді
тікелей басқару атқарымдарын мемлекеттен
жеке немесе заңды тұлғаларға ішінара
немесе толық (соның ішінде жекешелендіру
жолымен де) беру. Әкімшілдік-әміршілдік
экономикадан нарықтық экономикаға көшудің,
тауар өндірушілердің дербестігін нығайтудың,
рынокты тауарлармен (қызметтермен) молықтырудың,
тауарлардың сапасын арттырудың, мемлекет
кәсіпорындардың монополизмін жоюдың
маңызды бағыты ретінде қаралады. Жалпы
ел экономикасының тиімділігін арттыруға
және оның азаматтарының тұрмыс деңгейін
көтеруге бағытталады. Қолданыстағы заңдарға
және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік айыптаушы
Мемлекеттік айыптаушы
— қызметі қылмыстық іс бойынша айыпталушының
кінәсін дәлелдеуге бағытталған, сот отырысында
заңға сәйкес негізде мемлекет атынан
айыптауды жүзеге асыратын лауазымды
тұлға. Мемлекеттік айыптаушы қызметінің
құқықтық жай-күйі әр мемлекетте әр түрлі
аталады және мұндай қызмет барлық жерде
біріне бірі ұқсай бермейтін салалық мемлекет
қызмет жүйелерінде атқарылады. Бір елде
мемлекеттік айыптаушы лауазымы сот жүйесінің
құрамындағы қызметтік тармақ болса, басқаларында
ол өз алдына бір мемлекет қызмет жүйесі.
Қазақстанда мемлекеттік айыптаушы қызметі
прокурор лауазымының атқаратын міндеттерінің
бір саласы. Мұндай қызмет прокурордың
қылмыстық іс материалдарына сүйене отырып,
заттай дәлелдемелер мен куә айғақтары
арқылы айыптаушылық тұжырым айтып, соттан
сотталушыға жазаның нақты бір түрін тағайындауды
сұрауынан тұрады. Сотта мемлекет айыптауды
қолдау үшін прокурор өз дәйектерін алдын
ала орнықтыру сатысынан өтеді. Тергеу
органдарынан келіп түскен қылмыстық
істің заңдылығын қадағалау барысында
прокурор заңсыз қозғалған істі қысқартады
не қайта саралайды немесе нұсқау беріп
тергеушіге қайта жібереді. Ал заң талабына
толық жауап беретін іс болса немесе заңсыздықтар
жойылып, қайта түскеннен кейін прокурор
істі сотқа өткізеді. Мемлекет айыптауды
қолдау да қылмыс жасаған адамның қудалануын
талап еткен заңның орындалуын қадағалаудан
туындайды.
Мемлекеттік алтын
және асыл металдар музейі, 1992 жылы құрылған.
Қазақстандық қолөнер шеберлерінің туындыларын
және көне замандардан жеткен зергерлік
бұйымдарды жинап, сақтап және зерттеп,
насихаттауды көздейді. Мемлекеттік алтын
және асыл металдар музейін құрудағы мақсат:
республика көлеміндегі көптеген музейлерде
сақталған, археологиялық қазбалардан
табылған әр ғасыр қолөнер шеберлерінің
бұйымдарын бір жерге шоғырландыру; тәуелсіздікке
дейін жақын және алыс шетелдерге шығарылған
тарихи-мәдени құндылығы зор асыл заттарды
Қазақстанға қайтарып, жинақтауға ықпал
ету. Зергерлік өнер туындыларын осылайша
бір музейге шоғырландыру ерте замандардан
бері сабақтастығын үзбей келе жатқан
өнердің көркемдік, технологиялық әдіс-тәсілдерін,
композиция стилдерін салыстырмалы түрде,
әр қырынан зерттеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік алтын және асыл металдар
музейі 2000 жылы Астана қаласына көшірілді.
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер
– бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын
айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар
болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің
құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді,
онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері
және міндеттері мен құқықтары айқындалып
көрсетіледі.