Конституциялық құқық
дегеніміз — Қазақстан Республикасының
мемлекеттік және қоғамдық құрылысының
негіздерін құрайтын қоғамдық катынастарды,
мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын,
принциптерін, сайлау жүйесінің негіздерін
халықтың колындағы мемлекетгік билікті
іске асыру тетіктерін реттейтін және
белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
- мемлекеттің
атқаратын қызметін мемлекеттік
жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра
білуге болады;
Мемлекет
қызметінің орындалу әдістері: жеке
тұлғалар ерікті, ерексіз түрде
орындайды; мемлекеттік органдар,
бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің
шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс
орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз
етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының
құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдері
болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді:
құқық шығармашылық, құқықты қолдану,
орындау; құқықты қорғау. Үйымдастырушылық
тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация,
кредит, баға т.б.); саяси симпозиум, семинар,
конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа
идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат
жүргізу.
Мемлекеттік
билік толып жатқан субъектілердің
сан алуан нақты қызметтері
арқылы іске асып, орындалып жатады.
Осы мемлекеттің сан алуан
қызметтерін мемлекеттік биліктің
орындалуының қүқықтық нысаны
дейді.
Бұл мемлекеттік
биліктің нақты орындалуының құқықтық
нысаны екі түрге бөлінеді:
1) Нормативтік
актілер аршылды орындалу нысаны;
2) Жалпылама нормативтік
актілер арқылы орындалу нысаны.
Нақты нысанның
өзі үшке бөлінеді:
1) Құқық шығармашылық;
2) Қүқықты орындаушылық;
3) Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік
билікті орындаудың ерекше нақты
түрі - әкімшілік шарт арқылы іске
асу. Шарттың түрлері толып
жатыр. Оның бір жағының немесе
екі жағының субъектісі мемлекеттік
орган болады.
Конституцияны Қазақстанның халқы қабылдады.
Онда халықтың еркі білдірілген. Социализм
тұсында да Конституция халықтың еркін
білдіреді деп есептелді. Бірақ сонымен
бірге халық еңбекшілерден — жұмысшы
тобынан, ұжымшар шаруаларынан және еңбекші
интеллигенциядан тұрады деп атап көрсетілді.
Халықтың мұндай сипаттамасы кез келген
қоғамдық құбылысқа таптық тұрғыдан қарайтын
марксизм-ленинизмге негізделген болатын.
Қазақстан
Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
«халық» деген ұғымға таптық
сипаттама беруден тұңғыш рет
бас тартты. Онда жұмысшы тобы,
ұжымшаршы шаруалар мен енбекші
интеллигенция деген сөздер айтылған
жоқ. «Еңбекшілер» деген термин Қазақстанның
1993 жылғы Конституциясында да, сондай-ақ
1995 жылғы Конституциясында да қолданылған
жоқ. Бірақ екі Конституцияда да халық
туралы сөз болды. Қазақстан Республикасының
Конституциясында «халық» барлық ұлттық
топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметтік
саяси құбылыс ретінде түсінілді. Демек,
«халық» деген ұғымның мәнісі мынада:
біріншіден, ол әлеуметтік таптарға, топтарға
бөлінбейді; ал мұның өзі қоғамда бейбітшілікті
сақтауда өте маңызды болып табылады.
Конституция адамдарды мүліктік жағдайына
қарай әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлінбей,
сол себептен де ешкімнің жағына шықпайды,
өзін халықтьщ бір ғана тобының заң шығарушылық
актісі деп танымайды. Конституция мемлекетті
әлеуметтік деп, яғни бүкіл халықтың өкілі
деп таниды. Мұның мәнісі: мемлекет халықтың
бір тобын қудалау арқылы оның екінші
бір тобына артықшылық бермейді. Мемлекет
халықтың барлық топтарына олардың әлеуметтік
жағдайына сәйкес қамқорлық жасауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, құқықтарына
шек қоймай, тұтас күйінде конституииялық-құқықтық
қатынастардың субъектісі деп таниды.
Мұның мәнісі:
қазақ ұлты мемлекеттің — яғни
бүкіл халықтың әлеуметтік базасының
ұйтқысы сияқты болғанымен, оған айырықша:
не құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық,
немесе мәдени артықшылыктар берілмейді.
Қазақтілінің мемлекеттік тіл болуын
артықшылық деп санауға болмайды. Ол өзінің
түрі жағынан барлық жерде, барлық жағдайда
ұлттық болып табылатын мемлекеттің сипаттамасына
ғана жатады. Орыс тілінің ресми түрде
қолданылатын тіл деп танылуы да бұл салада
қазақтарда артықшылықтың жоқ екендігін
көрсетеді.
Сонымен халықтың
Қазақстан Республикасының Конституциясын
жасаушы деп танылуы оның мазмұндық
нәрін білдіреді. Сондықтан да Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясы:
«Біз... Қазақстан халқы... осы Конституцияны
қабылдаймыз» деген сөздермен басталады.
Қазақстан халқы оны референдумның нәтижесінде
қабылдады. Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар
республикалық референдум арқылы енгізіледі.
Басқаша айтқанда, халық Конституцияны
қабылдап қана қоймайды, ол Конституцияға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
мәселені де шешеді. Рас, Конституцияға
енгізілетін түзетулер мен өзгерістердің
жобасын Президент Парламенттің қарауына
тапсыра алады. Ал ондай жағайда халық
қалыс қалмайды. Парламент-халықтың жоғарғы
өкілеттік органы; сондықтан ол Конституцияға
енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді
халықтың атынан және соның мүддесін көздеп
кабылдайды.
Қазақстан
халқы Конституцияны қабылдаған
бірде-бір субъекті болғандығынан
оның құрылтайлық сипаты келіп
туындайды. Халық елдегі мемлекеттік
биліктің бірден бір қайнар
көзі және дербестіктін, шын мәңіндегі
иесі болып табылады. Сондықтан,
онда құрылтайшылық билік болады. Қазақстан
халқы мемлекетті нақ осы Конституция
арқылы құрды, оның басқару және құрылым
нысандарын, әлеуметтік-экономикалық
құрылысының негіздерін, адам мен азаматтың
мәртебесін анықтады.
Мемлекеттік
құрылымның біртұтастық нысаны, басқарудың
президенттік нысаны және аумақтық тұтастық
өзгертілмейді. Конституиияның тағы бір
маңызды ерекшелігі — ол, бір жағынан,
мемлекетгің, ал екінші жағынан, — қоғамның
негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі
мемлекеттік биліктің кай-нар көзі ретіндегі
және қоғамның әлеуметтік базасы (ұстаушысы)
ретіндегі халықтын, мәртебесімен байланысты.
Конституция мемлекетті барлық өзгеше
белгілерімен қоса құрады. Оны барлық
элементтерімен: аумағымен, жоғарғы өкімет
билігімен, азаматтығымен, дербес заң
шығарушылық кызметімен т.б. қоса баянды
етеді. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік
органдардың қоғаммен, қоғамдық институттары
мен өзара қарым-қатынасының негіздерін
қалайды. Ол қоғамдық құрылыетың экономикалық,
ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін
анықтайды.
4. «Конституция»
деген сөздің латыннан аудармасы
жарғы", "заң" деген мағыналарды
білдіреді. Ежелгі Римде император
билігінің кейбір актілері осылай
аталған. Ең бірінші конституция
дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып,
осы күнге дейін қолданылып келе
жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады.
Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы
Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның
басқа құқықтык нормативтік келсімдерден
мыңадай ерекшеліктері бар екенін айта
кету керек:
- қоғамдық қатынастардың
негізін қалайды;
- құқықтың негізгі
бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы
заңдылық күші бар;
- оның ерекше
тәртіппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
1991 жылдың желтоқсан
айында КСРО ыдырап, құрамына
кірген одақтас республикалар
егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер
құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы
деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан
Республикасы құрылған кезден
бастап бірталай құқықтық актілер
қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды
негізін қалай бастады. Оларға жататындар:
1. Қазақ ССР-нің
мемлекеттік егемендігі туралы
декларациясы.
2. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және
1995 жылғы Қазақстан Республикасының
Конституциялары.
Республиканың
бүкіл аумағына тікелей қолданылады.
Бейнелей айтсақ, бұл Конституция-мемлекетке
қоғамның құқықтық сенімі және
халықтың берген төл құжаты
деуге болады.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы
республикалық құрылыстың негізін,
мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан
мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.
Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын
Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы
деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет
етуі тиістігін атап көрсетеді.
5. Азаматтық
құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері,
объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған
өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер
болып табылады.
Азаматтық
кұкықтың субъектілері
Азаматтық
заңдармен реттелетін катынастардың
субъектілеріне: жеке және заңды
тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтың,
бөліністер жатады.
Жеке тулға
- Қазақстан Республикасының азаматтары,
басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз
құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру
үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі
болуы тиіс.
Заңды тұлға
жарғысында: ұйымның түрі, атауы,
тұрған жері; басшының өкілеттілігі,
басқару және бақылау органдары,
құрылу тәртібі мен олардың құзыреті,
жұмыс режимі; ұйым мүлкінің құралу және
табысты бөлу тәртібі; ұйымды қайта құру
және оның қызметін тоқтату ережелері
көрсетіледі. Жарғыда заңға қайшы келмейтін
басқа да ережелер болуы мүмкін.
Тағы да
бір маңызды мәселе, кіші кәсіпкерліктің
субъектісі болып табылатын заңды тұлға
өз қызметін, ҚР Үкіметінің 1998 жылдың қыркүйегінің
28 жұлдызында № 928 қаулысымен бекітілген
Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе алады.
Заңды түлғалар
әділет органдарында мемлекеттік
тіркеуден өтуі тиіс. Тіркеу тәртібі
Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылдың 17 сәуіріндегі заң күші бар "Заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы"
Жарлығымен реттеледі.
Мемлекеттік
тіркеу құрылып жатқан заңды
тұлғалардың құрылтай құжаттарын
заңға сәйкестігін тексеруді,
оларға тіркеу нөмірін бере отырып, тіркеу
куәлігін берілуін, заңды тұлғалар туралы
мәліметттерді бірыңғай Мемлекеттік рестрге
енгізуді қамтиды. Мемлекеттік тіркеуге,
құрылу мақсатына, өз қызметінің түрі
мен сипатына, қатысушыларының құрамына
қарамастан Қазақстан Республикасы аумағындағы
барлық заңды тұлғалар жатады. Олардың
филиалдары мен өкілдіктері, заңды тұлға
құқығы берілмей-ақ есептік тіркеуге алынады.
Мемлекеттік
тіркеу, кажетті құжаттар тіркеліп,
арыз берген кезден бастап 15 күннен
кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік
қауіпсіздікті, құқық тәртібін
қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны,
азаматтардың меншігін, өмірі мен
денсаулығын қорғау мақсатында
тауарлардың, жұмыстың немесе
қызметтің кейбір түрлерін өндіру
мен сату істері мемлекеттік
лицензиялар арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия
дегеніміз шаруашылық жүргізуші
субъектінің белгілі бір қызмет
түрімен айналысуға немесе белгілі
бір іс-әрекет жасауға құзырлы
мемлекеттік орган беретін рұқсат.
Лицензиялар беру тәртібін, жоғарыда
айтылған тауарлардың, жұмыстың
немесе қызметтің тізбесін Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы
17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы"
заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
6 Азаматар азаттық
құқықтың субъектілері ретінде
Азаматтық
кұқық қатынастарының негізгі
субъектілері ретіндегі азаматтардың
құкықтық жағдайы, олардың құқық қабілеттілігі
мен әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады.
Азаматтық
құқық қабілеттілігі дегеніміз
— азаматтардың азаматтық құқықтарға
ие болу және азаматтық міндеттерді
атқару қабілеті. Ол барлық азаматтарға
бірдей деп танылады. Азаматтардың тең
құқықтығы экономикалық, саяси, әлеуметтік
және мәдени өмірдің барлық салаларында
қамтамасыз етіледі. Республикадағы шетел
азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың
заңмен көзделген құқықтары мен бостандықтарына
кепілдік беріледі.
Азаматтардың
құкықтық қабілеттерінің мазмұны
құқықтың мейлінше кең шеңберін
қамтиды. Азаматтың ҚР шегінде
де, одан тыс жерлерде де мүлікті,
соның ішінде шетел валютасын
меншіктенуге; мүлікті мұраға алып,
мұраға қалдыруға; республика
аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты
жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге
еркін шығып кетуге және оның аумағына
қайтып оралуға; заң кұжаттарында тыйым
салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
дербес өзі немесе басқа азаматтармен
және заңды тұлғалармен бірігіп занды
тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым
салынбаған кез келген мәміле жасасып,
міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға
ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына,
санаткерлік кызметтің өзге де туындыларына
санаткерлік меншік құқығы материалдық
және моральдық зиянның орнын толтырады
талап етуге; басқа да мүліктік және жеке
құқықтарды төленуге құқылы (АК-тің 14-бабы).
Азаматтардың құқық қабілеттілігі заңмен
қорғалады. Мысалы, бас бостандығынан
айрылып, сотталған азамат жазасын өтеп
болғанша, кейде соттылығы жойылғанша
не алынғанша тиісті заңдардан көзделген
белгілі бір құқықтарынан айрылады. Алайда,
азамат тек жекелеген субъективтік құқықтарынан
ғана айрылуы немесе оның құқық қабілеті
жартылай ғана шектелуі мүмкін. Ал, тұтастай
алғанда ол құқық қабілетінен ажырамайды.
Азаматтық құқық қабілеттілігі қылмыстық
заңда көзделген белгілі бір мерзімге
дейін ғана қатаң шектелуі мүмкін. Сондай-ақ
АК-тің 18-бабы бо-йынша құкық қабілеттілігін
немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге
бағытталған мәмілелер де жарамсыз деп
табылады. Азаматтық құқық қабілетгілігі
азамат туған кезден басталып, қайтыс
болғаннан кейін тоқтатылады. Осы сияқты
занда әлі тумаған баланың, болашақ азаматтың
құқығын қорғау жағдайы да кезделген,
осы секілді жәйттер АК-тің мұрагерлік
құқыққа қатысты VI бөлімімен реттеледі.