Мемлекеттің пайда болуы , тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 17:25, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –теологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологы Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады.

Содержание

I-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
1.1 Мемлекеттің пайда болуының даму эволюциясы
1.2 Мемлекеттің функциялары

Работа содержит 1 файл

МАТЕРИАЛЫ К КУРСОВОЙ РАБОТЕ МАКОСЯ.doc

— 188.00 Кб (Скачать)

7. Міндеттемелік  құқық

 Міндеттемеге  сәйкес бір адам (борышкер) басқа  адамның (несие берушінің) пайдасына  белгілі бір әрекет жасауға,  атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс  орындауға, ақша төлеуге және  тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Міндеттемеде оның әр тарабы-несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады, яғни үлесті, ынтымақты немесе жәрдем берушілік міндеттеме пайда болады.

 Міндеттеме  қабылдаудың мақсаты - борышкерді  өз міндетін уақтылы және сапалы  орындауға тарту. Міндеттеме көбінесе оның орындалуымен аяқталады, ал орындалмаған жағдайда қарызды қарызбен жабады, екі жақ келіседі, заңды тұлғаларды жояды.

 Міндеттемелердің  пайда болу негіздері. Міндеттемелер  әртүрлі негізде туындайды. Бұл  негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.

 Пайда болу  негіздері: заңда көрсетілген  негіздер; заңда көрсетілмесе де, бірақ оған кайшы келмейтін келісімдер; әкімшілік актілер; жаңалықтар ашу, өнер табыстар, ұтымды ұсыныстар жасау, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасау нәтижесінде; басқа адамға зиян келтіру салдары, сондай-ақ жеткілікті негіздер болмаса да, адамның қаржысы есебінен мүлік иелену немесе жинау салдары; заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

 Міндеттемені  орындамау не тиісті дәрежеде  орындамау (мезгілінде орындамау,  тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау оның бұзылуы деп есептелінеді. Орындау мүмкін болмаған жағдайда тараптар бір-біріне шұғыл хабарлауға міндетті. Міндеттемені орындамағаны үшін жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.

8. Шарттың құқықтық  институт ретінде қалыптасуы  және шарттық құқық нормаларының  дамуы сауда айналымының дамуымен  етене байланысып жатыр. Шарт  зат алмасудың негізгі құқықтық  нысаны болып табылады, яғни тауар  бір меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады.

 Қолтаңбалар  мен мөрлері бар қағазды шарт  деп түсіну, аңғалдық болар еді.  Ол дұрыс емес.

 Шарт дегеніміз  тараптардың арасында туындайтын  өзара міндеттемелер жүйесі екенін  түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа  тіреп жүр. Шарт талаптары тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді әрі әр тарап өзін қысым көруші ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын дау-шарлардың көзі болады. Ал бұл жағдай шынтуайтына келгенде, шарт жасау кезінде оның талаптарын дайындауға шала-шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп қарау керек.

 Сонымен,  шарт дегеніміз не? Алдымен ұғымның  өзін қарастырайық.

 Барлық дамыған  елдерде шарт міндеттемелік құқықтың  негізгі институты болып табылады. Еуропа елдерінде - қатысушылармен  белгілі құқықтар мен міндеттер  белгіленетін келісім, ағылшын-американ  заңы бойынша бір тарап басқа  тұлғаға қатысты қабылдайтын уәде немесе кепілдік ретінде қарастырылады. Мұндай уәдеден құкықтық салдар туғызу үшін оны басқа тарап қабылдайтын болуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) 378 - бабында "екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы келісімі шарт болып танылады" деп айтылған. Сонымен, шарт-оның тараптарының арасындағы дербес еркінің актісі, бірнеше құжатпен бекітілген болса да, өзара келісімі болып табылады. Шарттың атқаратып қызметі, мақсаты - құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту немесе тоқтату.

1. Бір тараптың  ғана ықтияры (іс-әрекеті) жеткілікті  болатын мәмілелер (шарттар) бір  жақты болып табылады. Бұл жағдайда  басқа тараптың оған деген  ықтияры болмайды. Мәселен, өсиетхат жазу, сенімхат, чек беру, мұрадан бас тарту және басқалары бір жақты шарт (мәміле) болып табылады. Бір жақты мәмілені (мысалы, өсиетхат) көбіне-көп бір ғана тұлға жасайды, дегенмен бір жақты мәмілелердің қайсыбірін, мәселен, ортақ сенімхат беруді, жұрт алдында награда беруге уағда етуді, меншік иелерінің (жалға берушінің) мүлік жалдау шартынан бас тартуын және тағы осындайларды бір тарап ретінде әрекет ететін екі немесе одан да көп тұлғалар бірлесе отырып жасауға хақылы. 

9. Құқықтың қатынастар  құқық нормасымен реттеген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар

 Отбасылық  құқық қатынастарының субъектілері:

1. ерлі-зайыптылар;

2. балалар;

3. басқа отбасы  мүшелері мен жақын туысқандары;

 заңмен белгіленеген  басқа да дамдар

 Әке мен  шешенің, өз балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері бірдей болады. Сондықтан егер ата-аналардың ортақ тегі болса, онда балалар сол текпен жүруі тиіс, егер олар ортақ текпен жүрмесе, балалардың тегі ата-ананың келісуі бойынша белгіленеді. Неке жойылған немесе некені заңсыз деп танылған жағдаида, балалар туған кезде алған тегін сақтайды.

 Баланың ұлты  ата-анасының ұлтымен белгіленеді.  Егер ата-ананың ұлты түрліше  болса, баланың ұлты оның қалауы  бойынша оған төлқұжат берген  кезде әкесінің немесе шешесінің  ұлтымен жазылады.

 Балалар жөніндегі  ата-аналардың міндеттері: балаларды  тәрбиелеу; балалардың күшқкуатын  дамыту; оларды міндетті түрде  оқыту; балаларды пайдалы еңбекке  үйретіп өсіру; жасы толмаған  балаларын және көмекке мұқтаж, еңбекке қабілеті жоқ балаларын  асырау.

 Ал көмек көрсетуден, алимент төлетуден бас тартқан жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.

 Жасы толмаған  балаларға мынадай мөлшерде алимент  өндіріліп алынады: бір балаға төрттен бірі, екі балаға үштен бірі, үш және одан да көп балаға әкесінің немесе шешесінің табысының тең жартысы.

 Қорғаншылық  пен камқоршылық ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған (мысалы, жетім  балалар) балаларды асырау, тәрбиелеу  және білім беру мақсатында, сондай-ақ олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Қорғаншылық - жасы он төртке толмаған балаларға, сондай-ақ ақыл-есі ауысуы немесе ақыл-есінің төмендігі салдарынан сот әрекет кабілеттілгі жоқ деп танылған кәмелеттік жастағы адамдарға белгіленеді;

2. Қамқоршылық  - 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасы  толмағандарға, денсаулық жағдайына  байланысты құкықтарын өздігінен  жүзеге асыра алмайтын жасы  толмағандарға, сондай-ақ спирт  ішімдіктеріне немесе есірткі  заттарға салынып кету салдарынан әрекет қабілеттілігі шектелген деп сот таныған азаматтарға белгіленеді. Негізгі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына ауылдық, селолық, поселкелік, аудандық, қала ішіндегі аудандық, қалалық әкімшіліктер жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. [1]

Мемлекеттің белгілері

мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады. 

Мемлекет түрлері 

Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады. 
 

Мемлекет басқаруы бойынша

Монархия (гр. μοναρχία — біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйенір жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге болады

Диктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді. 

Қызметтері 

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;

4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады; 

5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;

6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.

7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. 

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді. 

Информация о работе Мемлекеттің пайда болуы , тарихы