Мемлекеттің фискалды саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 20:29, курсовая работа

Описание работы

Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе кредит, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтады. Бұдан бұрын айтылғандай, кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі; ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы балып табылады.

Работа содержит 1 файл

Курсавой.doc

— 240.00 Кб (Скачать)

2.Мониторлық саясат  (ақша-несие)

Бұл формалары бойынша әр түрлі экономистердің пікірлері сәйкес келмейді. Кейбір экономистер қаржы теориясын тек фискалды саясаты деп, ал ақша теориясын монитарлы саясаттың нәтижелері тек мемлекеттегі ақша заңдылықтарына әсер етіп қана қоймай сонымен қатар басқа да экономиканың әлеуметтік жағдайының мақсаттарына әкеледі.

Фискалды саясат бұл  – мемлекеттік түсімдер, шығындар арқылы экономиканы реттеу мақсатындағы шаралар жиынтығы.

Фискалды саясаттың 2 бағыты бар:

  1. Ынталандырушы фискалды саясат
  2. Шектеуші фискалды саясат.

 

Құралдары:


Ынталандырушы           1. Салықтың кедендік                 Шектеуші фискалды саясат          

                                            ставкалары                                 саясат


                     2. Мемлекеттік жәрдем

                                     ақылар 


                 3. Субсидиялар                    


              4. Салықтық жеңілдіктер

 

Тікелей қаржылық реттеудің  процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:

  1. мемлекет шығыстарының көбеюі;
  2. салықтардың төмендеуі;
  3. мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Тежеушілік фискалдық  саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы  тиіс.

Артық сұраныммен және инфляция бойынша тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

  1. мемлекет шығыстарының азаюы;
  2. салықтардың көбеюі;
  3. бұл бағыттардың үйлесуі.

Дискредициялық емес фискалдық саясат акценті нарықтық зін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің  қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.

Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді.

Бұл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық  алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің  мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді, құлдырау кезінде керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді.

Минималды көлемде табыс алатын жұмысшылар, мемлекет шығынын қаржыландыруға және өзінің зейнеткерлік ресурсын жинақтауға қатыса алмайды және қатыспауы да керек. Мұндай тұжырымдамадан ақшаны өндіріп алу мағынасыз да, себебі олар бәрі-бір сол мемлекеттің есебінен жәрдем ақымен қамтамасыз етілетіндер жүйесіне кіреді.

 

                                   T


 

                                тапшылық                              артық


 G


 

 

                 O


                                 Q1                     Q2     Q3

 

                  Сурет 4. Бюджет тапшылығының өрлеу фазасы

 

Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы  өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.

Мониторлы саясат бұл – ақша айналысының, қарыз капиталының, қолма қолсыз есеп айырысудың көрсеткіштері арқылы шаруашылық канииктураны реттеу мақсатындағы шаралар жиынтығы.

Құралдары:

 


Қымбат ақша                  1.Ұлттық Банктің есеп          Арзан ақша саясаты                    саясаты немесе                        ставкасы                                   немесе рестрикция экспансия саясаты                  2. Резервтің нормалары                 саясаты


                                        ақылар 

                   3. Ашық нарықтағы                 


                         операциялар

 

Қазақстан республикасының  фискалды саясатын жүргізу органы –  Қаржы министрлігі.

Мониторлық саясатты жүргізу органы – Ұлттық Банк.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Мемлекеттің қаржы саясатының әлеуметтік жағдайға әсері

 

 

Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолданылған экономикалық саясаты макроэкономикалық зерттеудің негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық саясат ретінде қарастырылатын қаржы инструменттері: салық салу немесе ақша эмиссиясы, басқаша айтқанда ақша басып шығару тәсілі. Яғни, аталмыш қаржы инструменттерінің мемлекеттің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін анықтау маңызды. Атап айтқанда капитал ағымының, жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістің артуына монетарлық (ақша шығару) және фискалды саясаттың (салық салу) қаншалықты әсер етеді? Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайында осы екі саясаттың қайсысы қоғамға зиян-зардаптары анағұрлым аз болады? Зерттеуді бастамас бұрын бұл мәселе жөнінде жасалған еңбектерді қысқаша шолу жасаған жөн.

Эмпирикалық зерттеулер бойынша екі инструменттің де зиян-зардап келтірілетін жағдайлар  қарастырылады. Есептеулер негізінде  Қазақстандағы мәліметтер жасалған теорияларға сәйкес келеді, басқаша айтқанда егер инфляция мөлшері 12%-ден 10%-ке азаятын қоғамдағы ЖҰӨ-нің көлемі 0,22%-артады, ал осының нәтижесінде азайған мемлекеттің бюджеттік кірісі ЖҰӨ артуына байланысты салықтың да өсу салдарынан компенсацияланады [6-3б].

Мәселеге байланысты жазылған еңбектердің басым бөлігі инфляция шығыны төңірегінде қозғалған. Атап айтқанда Дж. Дриффилдың «Монетарлық экономика анатомиясы», сондай-ақ Лукастың «Эконометрика» деп аталатын еңбектерінде инфляция шығыны және оның екі жақты әсері талқыланған. Лукас Бэйлидың жасаған теориясын растай отырып, инфляцияның нәтижесінде тұтынушы зиянын ақша сұранысы функциясы негізінде анықтауға болады. Лукас бірқалыпты даму моделі және Американың статистикалық мәліметтер негізінде номиналды проценттік ставкалврды 14%-тен 3%-ке азайтқанда нақты табыс тек 0,1%-тен аз мөлшерде артатыны дәләлдеген; сондай-ақ салық салудың аз мөлшерде ғана проценттік ставкалардың оптималды деңгейі 0-ге жуық сан екенін дәлелдеген.

Қорытындылай келе, Құрама Штаттары үшін монитарлық саясаттың анағұрлым қолайлы деген тұжырымға келеді. Ресейдегі жасалған еңбектер өзгеше нәтижелер берді. Мысалы, инфляцияның ЖҰӨ-мен 1992-1996 жылдар мәліметтері бойынша пропорционалды корреляциясы бар екені дәләлденген, яғни инфляция қарқынының бәсеңдеуі салықтың бірқалыпты болу жағдайында ақша массасының азаюына және өндірістің кемуіне себеп болған. Кейінгі жылдары инфляцияның зияны анағұрлым жоғары екені көрсетілген.

Біздің де есептеулер бойынша инфляцияның зияны салық  салуға қарағанда анағұрлым жоғары екені анықталды. Қаржы саясатының экономикаға әсері мәселесі бұрыннан пайда болған. Тобинның тұжырымы бойынша тұтынушы инфляциядан қорғану үшін капиталға салым жасауға, басқаша инвестициялауға ұмтылады. Кейінгі экономистер арасында салықтың және инфляцияның капитал немесе инвестицияның көлеміне әсері жөнінде тартыстар басталған. Олардың  келге қорытындалары бойынша инфляцияның өсуі ұзақмерзімді жоспарда капитал құнының төмендеуіне әсер етеді.

 Экономиканың өтпелі  кезеңінде инфляцияның капитал  өсіміне әсері Фишердың еңбегінде зерттелген. Осы зерттеу бойынша ақша ұсынысы (инфляция) жоғары болған сайын капитал аккумуляциясы немесе инвестициялар да артады. Бұл мәселе Турновскийдің жұмыстарында егжей-тегжейлі қарастырылған. Біздің еңбегімізде осы саясаттырдың тек салыстырмалы түрде эффективтілігі, сондай-ақ әрқайсысының қоғамға зиянын анықтауға тырысамыз.

Мемлекет экономикалық жағдайды реттеу және бақылау мақсатында мынадай салық түрлерін қолданылады: тұтынушыдан алынатын табыс және инфляция салығы, қосылған құнға салық, сонымен қатар кез- келген пайда көзіне салынатын салық.

Салықтың салынғаннан  кейін мемлекет қоғам тауарларының көлемін белгілейді. Бұл жерде  қаржылық саясаттың кері әсерінің мәні өндіруші, тұтынушы және мемлекет пайдасынан қалыптасады. Экономикада зиянды қалыптастыратын салық және инфляция әсерін талдауға болады. Сонымен қатар капитал, жұмыс күші, өндіріс көлемі, нақты ақша мөлшері бірқалыпты немесе тұрақты болған жағдайда екі саясатты қарастыру қажет.

Төменде келтірілген 1-ші кесте бойынша фискалды және монетарлы саясат параметрлерінің туынды белгілері көрсетілген. Осы есептеу негізінде өндіріс функциясы неғұрлым аз болған сайын қоғамның пайдасы да соғұрлым артады. Сондай-ақ осы жерден өте маңызды қорытындыға келуге болады: салық және ақша шығару эффективтілігі бюджет табысы және қоғам зиян-зардаптары тұрғысынан қарастырғанда пайдаға салық тиімді.

 Басқаша айтқанда  пайдаға салынатын салық еш  зиян келтірмейді және ең эффективті  қаржы инструменті болып табылады.

 Басқа салықтарға  келетін болсақ Қазақстанның мәліметтеріне сүйене отырып мынадай қорытындыға келуге болады: қазіргі Қазақстанның белгілі инфляция мөлшерінде салық салу (табыс салығы және қосылған құнға салық) ақша эмиссиясына қарағанда әлде-қайда тиімді болып табылады [6-22б].

Лукас Бэйлидың жасаған теориясын растай отырып, инфляцияның нәтижесінде тұтынушы зиянын ақша сұранысы функциясы негізінде анықтауға болады.

Лукас бірқалыпты даму моделі және Американың статистикалық мәліметтер негізінде номиналды проценттік ставкалврды 14%-тен 3%-ке азайтқанда нақты табыс тек 0,1%-тен аз мөлшерде артатыны дәләлдеген; сондай-ақ салық салудың аз мөлшерде ғана проценттік ставкалардың оптималды деңгейі 0-ге жуық сан екенін дәлелдеген.

 

Кесте 1.

                 Мемлекеттік саясаттың туынды белгілері (r>0, s>0)

 

х

х

х

х

 K

L

M

C

 ω

F-δk

G

E

< 0

< 0

< 0

-

≥ 0

< 0

-

> 0

< 0

< 0

< 0

-

< 0

< 0

-

> 0

0

0

0

0

0

0

≥ 0

0


 

Өндірушілер бағасын  кейде көтерме сауда бағасы, ал тұтынушы бағасын жекелеп сату бағасы деп атайды. Мемлекетке және бюджетке байланысты барлық көрсеткіштерді атағаннан кейін қоғамның шығындарын төменде келтірілген формуламен анықтауға болады:

 

gs = τ[wls+rk k s+(1-α)П-q1 gc]+ + β(F(kd , ld ,gp )-                 [1]

δk d )+ αП+ηms + +qc gc + qpgp

 

Осыған байланысты Қазақстанның мәліметтеріне негізделе отырып, мынадай көрсеткіштерге есептеулер жасауға болады:

α - пайдаға салынатын салық мөлшері немесе ставкасы;

β - қосылған құнға салық мөлшері;

τ - табысқа салық мөлшері;

π - инфляция мөлшері (2007-2008 мәліметі).

Қазақстандағы проценттік ставкалардың мөлшері бұл жұмыста қарастырмаймыз, себебі ол үшін жаңа мәселелерді қозғау керек болады. Мысалы, мемлекеттік қазына билеттерінің пайыздық мөлшерлемесі 9% құрайды. Басқаша айтқанда нақты проценттік ставкасы-3% тең деген сөз. Алайда көптеген құнды қағаз қорларының проценттік ставкасы 30% құраған. Сондықтан мемлекет бойынша тек бір проценттік ставка ретінде Қазақстан Ұлттық банктің проценттік ставкасы жуығымен 18% құрайтыны белгілі.

ЖҰӨ-нің көрсеткішін  негізге алғаннан кейін мынадай  мәліметтерге ие боламыз: k=2.499, c=0.497, w=0.450, m=0.146.

Өндіріс функцисы үшін берілген параметрлер болса: x1=0.797, x2=0.408, x3=0.368

Өндіріс функциясының өзгеруінде жұмыс күшінің үлесі 0,408 ал капиталдың үлесі болса 0,368 құрайды сондықтан  да өндіріс функциясы гомогенді емес деуге болады, себебі өнімнің өсу көрсеткіші және осының негізінде жұмыс күшінің өсуі нольге тең деп алуға болады. Сонымен, осы мәліметтер негізінде біз бастапқыда жасаған тұжырымның дәлелін келтіруге болады. Себебі:

мәліметтер негізінде инфляция өндіріс көлемі, бюджет табысы және сеньоражға әсері маңызды емес, сондай бола тұрып ақша массасы инфляция нәтижесінде едәуір артқан.

Келесі кестелердің  мәліметтері негізінде жалпы  экономикадағы көрсеткіштердің  инфляция мен салық ставкаларының  өзгерісіне тәуелділігі сипатталады. Экономиканың жалпы жағдайын сипаттайтын енгізгі 6 параметр алынған, соның ішінде ұлттық өнім, яғни елдің өндіру көлемі; ақша массасы; ақша базасы, сондай-ақ тұтыну және көтерме сауда бағалары.

Берілген кестелерде инфляцияның көлемі, бюджет кірісінің және сеньораждың артуына үлесі аз, дегенмен ақша базасының өзгеруіне әсері үлкен мәні оң және инфляцияның артуына қарама-қайшы төмендеп отырады. Үшінші кестеде көрсетілгендей салық ставкаларының инфляциямен салыстырғанда экономикаға әсері оңтайлы деуге болады.

Информация о работе Мемлекеттің фискалды саясаты