Макроэкономикалық көрсеткіштер

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 11:06, реферат

Описание работы

Шын мәніне келгенде, ешкім мұндай құбылысты, қасиет күшінің әсері себептерін анықтай алмай келеді. Құдайберді Шәкәрімүлы "Үш анық" еңбегінде отыз жыл бойы Шығыс пен Батыстың құпиялы ғылымын зерттеп, спиритизм (әруақпен сөйлесу), телепатия (аралықтан әсер ету) және магнетизм сияқты үш құпияға анықтама береді. Бұнда сөз етеріміз спиритизм жөнінде болмақ. Жоғарыдағы сиқырлы құпиялы әсер күштері о дүниедегі әруақтардың

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 110.00 Кб (Скачать)

Жамбыл облысының Шу қаласы, Төле би ауылында 1994 жылдан бері Қытайдың Ганьсу өлкесінен көшіп келген, әруақпен сөйлесетін, көп қасиет иесі Әзиза Сайдоллақызы тұрады. Жасы қырықтың ішінде. Ә. Сайдоллақызы Қазақстанға көшіп келерден бұрын, отызға жетпей аяқ астынан бір қасиетке ие болады. Ол ұйқылы-ояу түрде бір ақсақал адамнан кәдімгі Құранды қабылдап алады. Өзі сауатсыз. Мешітке апарса Қытайдағы молдалар күтіп ұста, бұл – Құран  дейді. Өзінде жоқ Құранды ол қалай алды, әлгі көрінген ақсақал кім? Басы әбден қатады. Көп жылғы азабын артқа тастап, Әзиза сол елде жүргенде-ақ әруақпен тілдесіп, ем-дом, көріпкелдік, сынық салу, шөппен емдеу, дұғалық беру т.б. қызметті халқына аямайды. Ол араб әрпін танымайды. Соған қарамай-ақ, әруақтардың көмегімен кітап ашып, әркімнің жеке-жеке емдік аурулық дұғаларын оқып, аянмен көбінесе дүйсенбі, жұма күндері қабылдайды. Ми қызметінің күштілігі ме? Әзиза аян аяттарын ұмытпай, жекелей оқып, емін жалғастырады.

Спиритзм әдісін жақсы меңгерген Әзизаға науқас адамдардың көптеп баруы сондықтан да болар. Еміне кесімді баға қоймайды. Өз касиетіне, құпиясына өзі қожа. Мен оның қабілетін үш жылдай бақылағанда біртіндеп қасиеті артып бара жатқанына куә болдым. Өзім білетін көптеген әруақпен бұрын сөйлескендердің қазір қасиеті жоғалып бара жатқанын, олардың зұлымдық күштердің торына түскенін аңғардым. Оларға енді тек қана дін жолымен тазару қажет. Егер біз Әзиза Сайдоллақызын толық танығымыз келсе, ол ерекшелік Әзизаның ұстамдылығында. Жанының тазалығы. Құранға қарап, тәспих тартып, ойыңызды дәл табуы, оған көмектесетін Ақ ниетті әруақтардың әсері. Әзиза: "Қытайда жолдасым Әдібастың әкесі жазықсыздан ұсталып, артынан бір топ адаммен бірге атылды. Заң қатал, сүйегін бермек түгілі, көмген жерін де айтқан жоқ. Мен әруақтармен байланысқа шықтым. Маған Қытайдың бір шетінде атылған атамның денесі бір топ адаммен бірге көмілгенін көрсетті. Қандай қайғылы. Киімдерімен шұңқырға итеріп, беттеріне топырақты үйе салған. Атамның рухы маған: "балам, менің денемді алсаңдар, мына жерден бастап қазсын"- деп нұсқағандай болды. Мен сол әруақ аяны бойынша атамның сүйегі жатқан жерін қазып әкелушілерге қолдан сызып бердім. 

 

 

 


Информация о работе Макроэкономикалық көрсеткіштер