Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 11:06, реферат
Шын мәніне келгенде, ешкім мұндай құбылысты, қасиет күшінің әсері себептерін анықтай алмай келеді. Құдайберді Шәкәрімүлы "Үш анық" еңбегінде отыз жыл бойы Шығыс пен Батыстың құпиялы ғылымын зерттеп, спиритизм (әруақпен сөйлесу), телепатия (аралықтан әсер ету) және магнетизм сияқты үш құпияға анықтама береді. Бұнда сөз етеріміз спиритизм жөнінде болмақ. Жоғарыдағы сиқырлы құпиялы әсер күштері о дүниедегі әруақтардың
Шын мәніне келгенде, ешкім мұндай құбылысты, қасиет күшінің әсері себептерін анықтай алмай келеді. Құдайберді Шәкәрімүлы "Үш анық" еңбегінде отыз жыл бойы Шығыс пен Батыстың құпиялы ғылымын зерттеп, спиритизм (әруақпен сөйлесу), телепатия (аралықтан әсер ету) және магнетизм сияқты үш құпияға анықтама береді. Бұнда сөз етеріміз спиритизм жөнінде болмақ. Жоғарыдағы сиқырлы құпиялы әсер күштері о дүниедегі әруақтардың ("полтер-гейс" дейді) әрекеті сияқты. Ешкім оны көрмегенімен әр түрлі ортада пайда болады. Тарсылдату, адамдарды түрту, ұру, ән салу мен билеу, заттарды бір орыннан екінші орынға көзбе-көз жылжыту т.б. әрекеттер болып отырады. Мысалы, маған бір танысым келіп, Талдықорған облысы (1996 ж.) Ақсу ауданының аты әйгілі бір ауылында туысы тұратынын, ол үйіне қарсы үйді сатып алғанын, бірақ екі жыл бойы кіре алмай жүргенін айтты. Онда тек қана студент баласы барып тұрады. Адам барғанда қағаздар ұшып, сықыр, дыбыс пайда болатынын, әр түрлі қарсы шара әсері оң нәтиже бермегенін айтты. Мен үйде тұрақтаған әруақты иесі барын айтып, шариғат жолы бойынша бірнеше шартты орындауды ұсындым. Ол айтқанымды орындапты. Содан бері тьшыш-тық. Иесі тұрып жатыр. Мұның себебін қалай түсінуге болады? Мүмкін бұрынғы иесі өз әруағын ренжітті ме немесе кейінгі бір жамандық іске барды ма, әйтеуір тыныш-тық болғанмен, жұмбақ-жұмбақ бойынша сол қалпы есте калды.
Алматы маңындағы жаңадан үй салып жатқандардың Бұрылдай жағындағы ауылынан үй алайын деп барып едім, – дейді Қарақалпақ-станнан келген жаңа танысым. Ерекше әсем салынған екі қабат үй сатылады әрі арзан деген соң көруге бардым. Үйде мін жоқ. Мұсылманның үйі. Салынғанына екі жылдай болған. Неге екенін белгісіз осы уақытқа дейін бірнеше адам бір-бірінен сатып ала берген. Мен де кейінгі үй қожасымен келісіп, сатып алуға уәделестім. Абырой болғанда менің бағыма біздің елден көшіп келіп, сол үй маңынан үй сатып алган дін адамы кездесті. Оған жақсылығымды қуана жеткіздім. Ол тыңдап болып, мен алатын үй тарихын маған баяндады. Сөйтсем, бірінші иесі үйді бітірген соң, аяқ астынан, үйге кірген күні ертесінде ауырмай қайтыс болған. Үй үрейлі. Тез сатылады. Әр сатып алған қожайын жогарыдағыдай қайтыс бола береді. Міне ашық шындық. Бұл қалай? Ол үй орны құрылыс болмаған. Мүмкін ертерек дүниеден өткен бір әулие, батыр иә діни адамның сүйегі сол жерде жатыр ма, әлде киелі жер ме, бұл да шешусіз қалуда.
Бірде маған шымкенттік бір жас жігіт "Көке, Алматыда Рысқүлов көшесі бойында (Ковалев көшесі бұрышы) бір бос үй түр. Жері мол. Екі қабат. Иесі ертеде өз отанына көшіп кеткен. Жай емес, бұл үйде қайғылы адам өлімі көп бопты. Үйдің әйнектері өздігінен быт-шыт болып сынып кете берген. Ақырғы қожайын да ауыр қаражаттық шығынға ұшырап, өзімен өзі кеткен, - дей келе маған қорықпасаң сол үйге кіріп ал деді заң адамдары. Бірақ, жүрек дірілдегендей! Сіз соны көресіз бе?" - деп өтінді. Алдында бұл үй жөнінде "Караван" газетінен оқығам. Бардық. Үй тозған. Мен дұға оқып үйді аралап көрдім. Үй таза емес. Бірақ, бір кері энергия әсерін денем сезгендей болды. Өзімнің алып жүретін жай биоэнер-гетиканы өлшейтін құралыммен, үй іші мен сырт алаңын өлшегенде бұл жерде адамның миына бірден әсер ететін қатты "Қара күш" зұлым рухтардың барын айттым. Өзің біл, бұл ұяланып жанталасып биікке үша алмай мәңгі жерде қалган "Зұлым" әруақ ордасы дегенімде, ол да ат тонын ала кашты. Ондаған жылдар бойы бұл үй осындай құбылысты бастан кешіруде. Тек қана жаны, иманы таза адам ғана табиғаттың сұрқиялы әсерінен аман қалады. Бұндай жанталасып, тынымсыз ғұмыр кешкен әруақтар әрқашанда адамдарға тыныштық бермейді. Сөзге келеді. Тіпті қолына қалам, қағаз алдырып, адамды өз еркіне көндіріп, түсініксіз тілде сөз, сызба сызықтар, суреттер салғызады. Мұндайлардың талайының қолтаңбасы архиві-мізде сақтаулы түр. Зерттеліп оқылуда. Дегенмен бұндай әруақтар қандай түрде әсер еткенімен, адамдарга зияндық ете алмайды. Сонда да сақтық, беріктік керек.
Кейде адамның жанды денесіне аяқ астынан сурет белгісі таңба болып түскенін де көргенім бар. 1993 жылы Жамбыл қаласында бір емші жотасына, аяқтарына ай таңбасы т.б. сызықтар пайда болғанын елге көрсетті. Ал, 1992 жылы бір атақты емшінің сеансында жанымда отырған, қолайсыздана бастаған әйелдің жағында жазу пайда болып, біраз уақыттан соң жоқ болды. Бұл да сол белгісіз құбыжықтардың қолтаңбасы екені шындық. Тағы бір кездесуде бір адам денесіне сандар, белгісіз сурет түскенін көрдік. Қысқасы, белгісіз құбыжықтар жаман, лас жерлерде, асханаларда, әжетханаларда алғаш көз болып көрініп, кейін бейнелік тұлғаға енуі мүмкін. Мұндай жаман жағдайға алматылық бір жанұя душар болды. Түнде кейде үйді жауып кеткенде біреу үйде жүргендей болады. Оны көршілері де растайды. Бірде ақшасын әмияннан алып қойған. Бір рет қайтарып берген. Бергенде былай болтан. Үй иесі көршілеріне болған жайды айтып отырғанда, жоғалған ақшалары жеке-жеке ширатыл-ған бойы, үй еденіне түскен. Қалай ешкім сезбеген? Жағдай ұдайы қайталанады. Маған келіп көмек сұрады. Бардық. Үй тексерілді. Арнайы белгі жоқ. Үйдегі заттарды тексергенде тұмар табылды. Бұл тұмарды бұдан он жылдай бұрын, бір о дүниелік болған дін адамынан алғанын айтты. Тұмарды ашып көрсем, бір түсініксіз белгі мен сөздер жазылыпты. «Мынауың тұмар емес, кері әсер ету дұғасы ғой» – дедім. Мынаны өрте де, жанып жатқанда қара. Түтін бір бейнелерді беруі мүмкін" – дедім. Үйі тазаландырылды. Ата-баба әруақтарына дұға оқылды. Дін жолына түсуге кеңес берілді. Енді тыныштық болады деп біз жұмысқа кеттік. Ертесінде маған телефон арқылы мен кеткен соң тұмарды өртегенін, жанған қағаз түтіні ішінен адам басы қаңқасы сиякты будақ бейне шыққанын және түсініксіз бейнелі сурет тәрізді көрініс болғанын айтты. Содан бастап тыныштық орнады. Біздің түсінік бойынша, тұмар берген молда кері дұға жазып берген. Оның әсері ана адамды ауру етті. Ал о дүниедегі азабын тартып жатқан рухы (әруағы) қатал қысым көріп, өз күнәсінан айырылу үшін жерге оралып тұрған болуы керек. Жерде шешім табылды. Мүмкін, Алла тағала оған кешірім еткен шығар. Қалтадан ғана емес, үйдегі қос кілтті сейфтегі әмиян ішіндегі ақшаны да алып кеткені жөнінде "Жас Алаш" газетінде (16.07.1996 ж.) жазды. Ташкенттен көшіп келіп Алматының "Жұлдыз" мөлтек ауданынан үй сатып алып тұрып жатқан Күләш деген емші әйел дәл осындай жағдайға душар болған. Өзінің жұбайы мен бойжеткен қызының қалталарындағы ақшалары белгісіз жоқ болып кетеді. Онға толған ұлының ғана азын аулақ ақшасын алмайды. Жағдай болған соң ақшаны сейфке салады. Кілт қалтада. Сейфті ашсаақша жоқ. Содан газетке хабарлайды. Газет мақаласы-нан кейін теледидардан көрсетеді. Бұл екеуінен радио да калыспайды. Мен мақала бойынша бақылауға алдым. Түбі бір келу керек деп мақаланы оқып, кейбір жерін сызып қойдым. Уақыт өтіп жатыр. Бір күні тілші мен Күләш менің жұмыс орныма келді. Олар жағдайды маған баяндай бастады. "Уақытты көп созбайық. Мен сізді білемін, бақылауым-дағы емшісіз" – дедім. Күләш "Мен сізді бірінші көруім, бұл қалай" – деді. Сіздің менде есепте бар-жоғыңыздың қажеті жоқ. Біз мұндай да және баска жағдайды да қатал бақылап, есепке алып отырамыз дедім. Мен Күләшқа "Сіз ұят та болса дін қағидасынан айнып кетесіз-ау кейде, мынау соның қырсығы. Құран жолы ауыр. Шариғаттың шартын орында, енді сенде жаманшылық бола қоймас. Алла жар болсын" деп үйіне қайтардым. Осы күні оның газетке шыққанына жүз күн болған екен (16.XI.96 ж.). Күләш үйінде тыныштық орнағанын, тыныш өмір сүріп жатқанын, мен айтқан шарттарды орындағанын айтып, телефонмен маған хабарлады. Кім білсін, пенделікпен шарттарды толық орындалмады ма, Күләш тағы маған телефон арқылы байланысқа шықты (4.XII.1996 ж.). Күләштің үні өте мүңлы. "Аға, бір жеті болып қалды, тағы ақшасыз қалдық. Баяғы тарих құпиясы қайталануда, көршілер де ыңғайсыз, қорқынышты бола бастады. Енді қайтем? Бір көмек етсеңізші, аға", – деген үні сүйегімнен өтіп кетті. Мен бірден ойланбастан аузыма Алланың салған сөзі "Ол ақымақтар, қазір ақшаңды қойып қояды", – деп қоштаспастан телефон трубкасын орнына қоя салдым. Жанымдағы басқа ұйымның жауапты қызметкерлері "Зәке, не болды? Өңіңіз бұзылып кетті ғой, тыныштық па?"- десіп жатыр. "Құдай басқа салғанда көнесің. Менің емшісымақтармен алысқаным аз болғандай, енді көзге көрінбейтін бейнелі құбыжықтармен де алысуым қажет болып тұрғаны", – деп Күләштің жағдайын түсіндірдім. Олар сенерін де, сенбесін де білмей аң-таң. Сен деп жалынып тұрған мен жоқ. Біраз уақыт өте телефон құлағы шыр ете қалды. Мені сұрапты. Тыңдап тұрмын деп едім, арғы жақта таныс дауыс, бірақ қуанышты дауыс: "Аға, мен Күләш қой. Өз бөлмеме кірсем, жоғалған ақшамның бәрі төсегімнің үстінде жатыр. Сізге рахмет!", – деп жатыр. Мен: "Маған емес, рахметті Аллаға айтыңыз", – деп күліп жібердім. Келесі күні күн бейсенбі еді. Күләш хабарласып: "Аға, үйге келіп әруақтарға дұға оқып беріңізші, үйімнің мекен-жайы мынау", – деп сұранды. Келістім. Жалғыз барғанша деп радиодан бір қызметкерін ертіп алып, Күләштің үйіне келдік.
"Жұлдыз" мөлтек ауданындағы көп қабатты үйден екі бөлмелі пәтер алыпты. Үй таза. Ерекше құбылыс жоқтай. Дегенмен, бір кері күш болуы мүмкін деп үйін тексердім. Үйінен өзі табынып жүрген "Әулие" емшісінің суретін алып тастаттым. Иілген шеге табылды. Бұл екі заттың көзі толық құртылды. Сейф екі кілтті. Сейф тұрған бөлмеде, қайдан түскенін аңғара алмадық, бүктелген 50 теңге ұшып, алдымызға түсті. Бұдан кейін үйді дұғамен тазаладық. Әруақтарына дәм арнап, дұға оқылды. Содан бері он жылдан аауақыт өтті. Күләштің ақшасы өз басшылығында жұмсалуда. Мұндай өзімізде бар мәліметтерді жаза берсек, бірнеше том болар еді. Дегенмен кездейсоқ пайда болған үй, дала қожайындары жөнінде, аз да болса түсіндіруді міндет еттік. Бұндай құбылыс иелерін "Зұлым" рухтар деп айта беру бір жақтылық сияқты. Қасиетті Құран Кәрімде жазылғандай, адамды аздыратын, қорқытатын, ауру туғызатын арнайы Жын-пері, шайтан деген көзге көрінбейтін "қара күш" иелері болады. Осылар жаманшылыққа көп барады. Бұлар көбінесе әйелдерді, жас балаларды және санасы таяз сырқат жандарды көптеп иемденеді. Бұның барлығы да бір сыртқы құдірет күші, Алланың әмірімен ғана орьындалады. Бақыланады. Бұл Алланың өзіне аян. Ал жоғарыдағы әр түрлі атпен аталған құпия күштердің көбі бүлдіруші емес. Олар әртүрлі белгі арқылы, мысалы, жерді тықылдатып, сан жобасы бойынша өз әрекетін жүзеге асырады. Олардың шақыратын, хабаршы аттары да бар. Олар кейде жердегілерден хабар алуға, жердегіге о дүниедегі ата баба, туыс ағайынынан, кейде басқа да білетіндерге сәлем хабарын жеткізуге келетіндері де болады. Тіпті ешқандай мазаңызды алмай-ақ, өмірі жаныңызда сізді корғап жүретін, дыбыс беретін, кейде риза болса сізге төбеңізден қуат нұрын төгетін нәзік бейнелер де баршылық. Бұлар көбінесе әр түрлі өңді (көк, қызыл, жасыл, т.б.) болып құбылып та белгі береді. Олар аспанда, ұшақ ішінде, поезда т.б. көліктермен жүргенде де, әркашан "жаныңыздамын" деп сезім мүшеңізге белгі береді. Бұндай құбылыс өзімнің тікелей жеке басымда болады. Еркін бақылаймын. Облыстан облыс шекарасына өткенімде, кәдімгі жарық сәуле белгісінде екі түрлі жарық бір-біріне белгі беріп, өткізу мен қабылдау ережелерін орында-ғандай болғанын, Қызылорда мен Ақтөбе шекарасында поезд ішінде (1993 ж.) және аспанда ұшақ ішінде айқын бақыладым. Қысқасы, құдіретті күшке сену, ол бақытыңызды ашқандық. Біз Жаратушы иенің мәңгілік сынағындамыз. Біз бақылаушы күштер әсерімен өмір сүреміз. Біз діни сауатымызды анық ашқан сайын, белгісіз қонақтар жөнінде жаңаша көзқараспен қараймыз. Қасиетті Құран Кәрімде құпиялықтың шешуі, кілті, әсері, қорғаушы періштелері барына сенген артық емес. Ғарыштық сананың жоғары сатылы болып қалыптасуы үшін Аллаға құлшылық, ата-баба әруағына құрмет етейік.
3.8 КӨРІНІП КӨЗГЕ - ЖОҚ БОЛДЫ БЕЙНЕ
Өмірімізде кездесіп жататын ғажайыптардың ішінде сенуге де, сенбеске де болатын жағдайлар бұрын да және қазір де болып келеді. Бұндай ғажайыптар жер бетіндегі адамдардың өмірінің қоғамдық өзгеріске байланысты кезінде көп болатыны байқалуда.Коммунистік партия кезінде әртүрлі ерекше ғажайыптарды айтпақ түгілі түсімізді де айтуға және Құдай атын, Құран атын атауға қорықтық. Еркіндік елге жетті. Біз білетін көп ел егемендігін қолына алды, біз де басқаша ойланып сөйлеп, жаңаша көзбен қарап, әртүрлі ғажайыптарға бұрынғыдай одырайған, аңдыған көзбен қарамай, нағыз бір сенімдік материалдық идеалистік көзқараспен қарау дәрежесіне жеткендей болдық. Бұған да тәубе дей келе, тірі пенделердің бәріне емес ішінара көздеріне кездейсоқ көрініп жоқ болатын, тарсыл, бір затты сындырғандай дыбыс жасап көрінетін, аян беріп жоқ болатын және тірі пенде болып келіп ортада бірге болып, қайтадан ғайып болатын т.б. құбылыстық елестерді де білу артықтык етпейді. Адамның ойлау жүйесі оянып, санасы ақылдылықтың парасына қарай ұмтылғанда таң қалу емес, қайта соны анықтау үшін сұрау салып, өздігінен ізденіске түсетін сияқты. Осы бір құбылыстар жөнінде шет елдерде көп жазады. Бізде соларды өз тілімізге аударып, қайтадан баспадан басып шығарады. Бұл да ғарыштық санасы бізден озық елдердің ғылымына, ұлтына деген құрмет шығар немесе қараңғылыктың торынан шыға алмай жатқандардың санасын ояту болар, бәрін де дұрыс қабылдаған жөн.
1998 жылы каңтар айында "Түркістан" газетіне (№ 3), "Жаратушымыз жер бетінде жүр ме?" атты мақаланы оқыған қандастарымыз: "Ойпыр-ай, қолдан Құдай жасағанды қашан қоясыңдар, өз ұлтымыз ішінде басымызды қатырғандарға нақты жауап беретін, ғарыштық құпияны білетін бір адам жоқ болғаны ма?", – деп жауап жазғанда төбе шашым тік тұрды. Пархат сияқты "Құдаймын" дегенге карсы пікірді жаздық та, әрі радио торабынан сөйлеп халыққа түсіндірдік те. Дегенмен, баспа архивінде мәңгі сақтала-тын жақсы мейлі жаман мақалалардың орны бөлек, келешек ұрпаққа зияны болмасын деген мақсатпен осы мақаланы жазуды ұйғардым. Осыған байланысты көбінесе "Көзге көрінетін елес" жөнінде, өзім естіген, өзім де көрген немесе мен туралы да елдің айтқан (емшілер мен емделушілердің) елес көріністерімді арқау етіп баяндамақпын. 1. Мен 1992 жылдың қараша айының басында Қарағандыда болдым. Мақсат – жаңа құрылған халық емшілерінің қауымдастығы-ның облыстық ұйымын ашу, тілек білдірген емшілердің білімін жетілдіріп оқыту еді. Жоспарлы жұмыстар орындалуда. Емшілер де білім алуда. Кезекті сабақ кезінде біраз тыңдаушы емшілердің де әртүрлі қасиеттері ашылуда. Әрине, оның бәрін оң қабылдау да дұрыс емес. "Жүзден жүйрік", –дегендей, оқу аяқтала кімнің қандай қасиетке ие екені анықталып жатты. Тыңдаушы емшінің ішінен екеуі қатарынан қолын көтерді. Иә, не айтасыңдар, – дедім. "Ағай, біз бірнеше күннен бері сіздің жаныңыздан неше түрлі бейнелі ғажайыптарды көреміз", –деді әлгі екеуі. "Қандай ғажайып?" – дедім мен. "Сіз осында кіріп сөйлеп, сабақ өте бастағаннан-ақ, оң жағыңызда бойы ұзын, әрі жіңішке әппақ киімі бар әйел адам қорғап тұрады. Бір ата да алақанын жайып бата беріп тұр. Кәдімгі мешітті көреміз. Сіздің бейнеңіз сол мешіт ішінде бізге көрінді. Ал қазір ғана сіздің 5, 12, 18, 25, 32, 40 жастағы бейнеңізді көрсетіп, міне бұл кісі осындай болған деді. Тағы да басқа ғаламаттарды көрдік", – деді басқалары. "Елес немесе қорғаушы құдірет күш иелері деген солар. Оны кейде әруақ дейміз. Әр адамның өз құдіретіне қарай, қорғаушы, қолдаушы, бақылаушы иелері болады. Сондықтан, адал болыңдар",— деп қорытындыладым сөзімді. Енді басқа жерде болған мына елесті қалай дейміз? Сабрин деген азамат Өскемен-Лениногор жолында автомашинасымен зулап келе жатады. Бір уақытта қалғып кетеді де, қайта оянады. Көзін ашса, о тоба, жол жиегінде оның бұдан бірнеше жыл бұрын дүние салған шешесі, көз алдында "Тоқтаңдар", – деп қол бұлғайды. В. Сабрин жүргізушіге машинаны тоқтат дейді. Ол тоқтайды. Машинадан түсе сала, шешесіне қарай жүгіріп шықса алдында ол жоқ. Содан "Жигулидің" артқы доңғалағына көзі түседі. Ол ұшып кетердей орнында әрең-әрең түр екен. Жөндеп алады. Үйіне келсе қарындасы: "Өңің қашып кетіпті ғой, жолда бірдеңеге ұшырағаннан сау-сың ба?", – деп сұрайды. Ағасы оған: – Қайдан сездің, – дейді. Сөйтсе, қарындасы қайтыс болған шешесін түсінде көріпті. Шешесі қызына: "Вик-торға қазір қауіп төніп тұр, бірақ қорықпа, аман-есен үйге оралады",– депті. Бір ғажабы Виктордың қарындасының түсі автомобиль апаты қатерімен бір мезгілде болған. Міне қорғаушы, демеуші ата-баба әруағы да өзінің ұрпағын осылай қорғай алады екен. Ал ана Викторға қол бұлғаған анасының астралды денесінің көшірмесі ме, әлде ментылды тұлғалық жұқа бейне ме, бұл ғаламның ғажайыбы, тылсым дүние құпиясы болар, сірә.
Дәл осыған ұқсас құбылыс өз басымнан өтті. 1995 жылы 18 маусымда өзімнің "Жигулиіммен" жаныма жұбайым Түймекүл мен кенжем Нұршатты алып, елге Нарынқол жаққа бір жақын туыстың келін алу тойына баруға шықтым. Алматы-Шелек бағытымен орташа жылдамдық-пен жүргізіп келемін. Жүзінші шакырымнан асқанда жолдасым Түймекүл қалғып кеткенін байқадым. Ұйықтағандай да болмады көзін тез ашты. Қатты терлеп кетіпті, өңі сұп-сұр. Не болды, бір жерің ауырды ма, өңің неге қашып кетті, – дедім.
– Жоқ, машинаңды ақырын айдашы, – деп маған карай берді. Өзім де 60-70 шақырымнан асырмай келемін ғой, енді трактор аяңына бас демесең, – деп өзім де бір нәрседен секем алғандай сезіндім. Машина жылдамдығын тежеп, бір оншақты шақырым жүргенде, машинаның арт жағы бұлғақтағандай белгі берді. Тоқтатып, машинаны тексердім, дін аман. Қайтадан жолға шықтым.
Кенет 20-30 шақырым жылдамдықта "Жигули" бірден өздігінен тоқтауға ыңғайланды. Тоқтадым. Машинаны от алдырдым. Бәрі дұрыс. Айыбы орнынан қозғала алмай қалды. Сцеплениесі істен шыққан, тетікті қоспай-ды деп жорамалдадым. Жол-жөнекей бірлі-жарым жүргізуші тоқтап, жи-гулиден ешқандай тетіктік ақау таба алмады. Содан бір машина келіп тоқтап, жигулиімді алдыңғы жақтағы машина жөндейтін жерге апарып тастауға келісті. Машинаны оның машинасының артындағы тіркейтін тетігіне, арқанмен тіркеп, ал тарт дедім. Машина моторы істеп тұрса да орнынан қозғалып барып, арқанды үзіп жіберді. Түсіп машинаны карасам, оң жақтағы артқы доңғалақ жоқ. Аң-таң болдық. Артқы өсі үзіліп кеткен. Донғалақты 150-200 метрдей жерден әрең таптым. Той жайында қалды. Бас қатты, ешкімнен көмек жоқ. Осындай күйгелектеп жүргенде жұбайым Түймекүл: "Е, құдай бір сақтады", – ғой дегені. Қалай десем, жаңа мен жолда бір күш әсерімен қалғығанда, сенің осыдан он бес жыл бұрын қайтыс болған апаң аян берді. Апамыз: "Түймекүл, сендер Нарынқолға жетпек түгілі, мына машинада сүйектеріңді де таба алмай қалады. Қайтың-дар!", – деп еді дейді. Неге бірден айтпадың десем, кім біледі, сен ренжи ме деп едім, әйтеуір аман қалдық қой дегені. Бір елестің құдіретімен бізде осылай аман калдық.
4. Тольятти қаласының тұрғыны дәрігер-реаниматолог Анатолий Хайдак "Бұдан он жыл бұрын менің бала досым Юра қайтыс болды. Оның қайтыс болғанын бір жарым айдан кейін естідім», – дейді. Жаз айы мен түнгі кезекте "Реанимация" бөлімінде кезекші болып отырдым. Осы кезекші бөлмесінде түнгі сағат үш жарымдарда қалғып кеттім. Таң біліне бастапты, оянсам, қарсы алдымда Юра тұр. О, тоба, ол көз алдымда анық тұрды. Өзім дінге сенбесем де, шоқына бастадым. Әлден уақыттан соң Юра кері айналып есіктен шығып кетті. Мен бұдан кейін тағы да жаттым. Юраның келе жатқандай дыбысы естілді. Көзімді ашсам көз алдымда Юра, тағы Юра тұр. Терезеден жарық түскен кез еді, мен досымды анық көріп тұрмын. Менің аузыма: "Юра койсаңшы. Юра қойсаңшы..." деген сөздер түсті. Ол тіл қатпастан тағы да бұрылып шығып кетті. Таң атқан соң оны еске алдым, содан кейін мен досымның мазалауынан құтылдым", – дейді дәрігер реаниматолог А. Хайдак.