Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 11:06, реферат
Шын мәніне келгенде, ешкім мұндай құбылысты, қасиет күшінің әсері себептерін анықтай алмай келеді. Құдайберді Шәкәрімүлы "Үш анық" еңбегінде отыз жыл бойы Шығыс пен Батыстың құпиялы ғылымын зерттеп, спиритизм (әруақпен сөйлесу), телепатия (аралықтан әсер ету) және магнетизм сияқты үш құпияға анықтама береді. Бұнда сөз етеріміз спиритизм жөнінде болмақ. Жоғарыдағы сиқырлы құпиялы әсер күштері о дүниедегі әруақтардың
Бұл жағдайды әдетте бірер сағаттық биологиялык өлім деуге болмайды. Ол қырқын да өткізіп қойған марқұм. Неге марқұм Юра өз досына елеспен көрінді? Мүмкін, досы А. Хайдактің бір уыс топырақ салмағанына ренжіді ме, әлде бір жағдаймен кездейсоқ қайтыс болса, саған әкелгенде мен тірі қалар ма едім деп, әруақ келді ме немесе сен дос болсаң ата-анамның қайғысына неге ортақ болмадың, "бізде сендей болғанбыз, сен де біздей боласың", – деп ескерткен де шығар Юра әруағы. Жалпы Құран Кәрімде ауырып жатқан адамның көңілін сұрау, кайғыға ортақтасып көңіл айту, ал өте жақының болса көмек аямау, өте сауапты іс ондай адамдардың Алла күнәсін кешеді. О дүниеде пейіштің есігі ашық, олар сұрақсыз пейішке кіреді деген Алланың сөзінің шындығының бір дәлелі сияқты.
5. 1992 жылы шілде айында Шымкентте болып, бұрынғы ескі "Әмбебап" дүкені жанындағы қонақ үйге орналастым. Қонақ үй әкімшілігі қызметкері мына ғажайыпты баяндады. "Бірер күн осында мұртты, толық денелі, қара торы, ет жеңді, бойы орташа әдемі киінген қазақ жігіті келді де: "Бір күн қонамын, маған "люкстен" орын бер, мен Шәмші Қалдаяқовпын" – дегені. Өзінің жасы отыздың арғы-бергі жағы. Құжатыңды көрсет десек: "Сен-сенбе, мен Шәмші Қалдаяқовпын" деп кетпей тұрып алды. Өзі өте сұсты, еш нәрседен тайсалар емес. Мәселе асқынған соң, қонақ үй директорын шақырдым, ол кісі келді. Жағдайды айттым. Әлгі жігіт болса айтқанынан қайтар емес. Директор: "сен жассың, ал Шәмші болса алпысқа келді" десе де көнер емес. Қонақ үйге бір-екі күн бұрын Шәмші аға орын алып орналасып, дем алып жатқанды. Жанында Шәмшінің досы, жазушы Оразбек Бодықов бар болатын. Ұят та болса, директор өзі барып Шәмші аға мен О.Бодықовты ертіп келді. Шәмші аға басын төмен салбыратып, О.Бодықовтың жанында тұр. Ыза болған директор: "Ей, жігітім, міне – Шәмші!", – деп еді әлгі жігіт "Композитор Шәмші Қалдаяқов – менмін", –деп масқара еткені. Бір уакытта әлгі жігіт Шәмші ағаға қарап: "Қартайып кетіпсің ғой, сені алпысқа толады деп еді, мені де тойыңа шақыр", – деп, кері бұрылды да, "сен, сенбе, мен – Шәмші Қалдаяқов", – деп конақ үйдің сырткы есігін ашып, далаға шығып кетті.Біз артынан жүгіре шықтық, әлгі жігіт зым-зия жоқ. Жер жұтты ма, оны біз қайтып көре алмадық, ал басқа жерде "Шәмшімін" дегенді естімедік, бұл не, аға?.. Сонда қонақ үй басшысы мен О.Бодықов ана жігітке бірдеңе айтуды Шәмші ағадан өтініп еді, Шәмші аға аузын ашпай, кейін шегініп, О.Бодықовқа: "Кетейікші, кетейікші", – дей берді. Ана жігіт далаға шығып кеткенде Шәмші аға тұрып: "Шәмші өлмепті ғой, Шәмші екеу екен ғой", – деп терең күрсінгенде оның бозғыл өңіне қан жүріп, өңі оңала, әрлене бастады. Шәмші ағаның иығы көтерілгендей болды. Ол аяңдап баспалдақпен жоғары көтеріліп, өз бөлмесіне кетті. Бұл кез Шәмші аға үшін ауыр кез болған екен. Өзі ауру, зейнет ақы да, атақ та жоқ, қатты қайғылы кезеңі екенін кейін білдік", – деп, қонақ үй әкімшілігі қызметкер әңгімесін аяқтады. Шәмші аға қайтыс болған соң қана атақтар алғанымен, оны өз қолымен алып, халқымен қайта құшақтасып табысуға Алла нәсіп етпеді. Ана жұмбақ "Шәмші жігіт" көп жыл өтсе де, әлі жұмбақ күйінде қалуда. Кім білсін, жанын шүберекке түйіп, уайым-қайғысын арқалап өз еліне сағына барғанда, бала Шәмші рухы қуат беріп, ұлы сазгерді бір уақыт болса да жігерлендірген шығар, оның о дүниеде де Алланың сүйікті құлы екенін ескерткен де шығар. Шәмші ағаның жаны жәннәттан, орны пейіштің төрінен болсын, – дейік, ағайын.
6. Ертеде таныс, көңілдері жақын адамдар қайтыс болғанда, мынадай тосын жағдайлар да өткен. Швеция королінің жұбайы Ульрика 1741 жылы қайтыс болады. Дәстүр бойынша құрметпен табытқа денесін салып, ко-рольдің сарайына койып, арнайы қатал күзет кояды. Ел коштасуға келген-де күзет басшысы құрметті қарауылдарды ауыстырып тұрады. Сарайға апаратын жол бойы аксүйектердің тобына толып кетеді. Мәйітті қоштасып шығуға келгендер мәйітпен жеке кіріп қоштасуға құқылы екен. Кезек статсдама графиня Штейнекке келіп, ол мәйітпен қоштасуға кіреді. Қай-тып шықпайды. Кешіккен соң қарауыл бастығы ақырын есікті ашса, өлген Ульрика тірі графиня Штейнекпен құшақтасып тұр екен. Бұны көрген қарауыл бастығы айғайлап жіберіп, есі ауып түседі. Назаға келгендер мұны естіп, жүгіріп келіп қарағанда, әлгілерді көріп, сол орында қозғала алмай, бәрі тастай қатып қалады. Қүшақтасқан екі дене де табытта буалдыр тартып, шөл даланың аптақ ыстығында пайда болатын сағымдай көлбеңдеп барып көзден ғайып болады. Ал тұман сейілгенде әлгі табытта Ульрика емес, графиня денесі жатқанын көреді. Бұл өтірік дейін десе, графиняны еш жерден таба алмайды. Бұдан кейін жар салып графиняны іздестірсе, ол сол күні со минутта қайтыс болғаны мәлім болады. Ой, сұмдық-ай, бүған ешкімнің ойлау қабілеті жетпейді!
Бұл шындық еді, өйткені архивте сақталған құжаттар нақ осылай болғанына күмән келтірмейді дейді негізгі анықтаушылар. Бұл қалай? Шындық па, елес пе?
Алдында қайтыс болған өлі дене рухының әлі биікке көтеріле алмауы – рухтың тәнді әлі қиып кетпегендігі болса, ал бұрынғыөлікпен қоштасу минутында қайтыс болған графиняның да рухы денесінен әлі толық шықпаған қиналыс пен арпалыс кезіне тап болғандықтан, көне досы Ульрика марқұмның рухы оған көмек еткен де болар. Мұның дәлелі Ульрика марқұмның табытынан графиня Штейнектің денесінің көрінуі. Мүмкін, өмірде бірге жақын болған екеуінің рухы да ғарышқа жұбын жазбай қосарлана ұшқан болар, дегенмен бұл құдіреттен адамзатқа тән достастық символы о дүниеде де жалғасатынын көрмесек те сезгендейміз. Тіршіліктегі мәңгі достықтың бақи да мәңгілік екеніне сеніммен қараған жөн болар.
7. 1991 жылдың наурыз айы. Осы бір кезде ел ішінде әруақтымын, емшімін дегендер көбейіп, бірін-бірі қолынан келсе жоюға да дайын екендерін кейбір пысықтары көрсете бастады. Өзіме де келіп, "саған біздің әруағымыз дем беруде, біз пәлен әулие-әмбебаптың ұрпағымыз", – деген-дер аз болмады. Осы бір кезде оларға қатты ренжіп, олардың сауатсыз-дығына таң-тамаша қалдым. Мен оларға: "Әруағыңның ен тамғасы бар ма? Егер әруағың мықты болса, көрсет!", – дегеніммен, тыңдайтын оларды көрмедім, айтатын сөздері тек осылай. Осындай ауыр күндердің бірінде таңға жуық ұйқымнан біреу оятқандай, оянып кеттім. Басымды көтеріп отыруға бір күш әсер еткендей болды.
Бөлме есігі шиық етіп ашылған секілді болғанымен, ол шынында да жабық тұр. Есік менің төсегімнен бір метрдей жерде еді. Ой Алла, өз көзіме өзім сенерімді не сенбесімді білмей калдым. Қарсы алдымда бойлары екі метрдей ұзын (ең кішісінің бойы бір метрдей) адам тектес, үстілерінде денесінің терісіндей болып жабысып қалған қайыңның қабығындай резина киім киген мақұлық тұлғалар тұр. Бұл резина киімін басынан бастап қаптап кигендіктен, тек қана көзі мен аузы және тыныс жолы ғана көрінеді. Мен жаратқанға жалбарына сөйлесе бастадым. Олар маған тура қарап тұр. Мен кірпік қақпай қарап тұрмын. Бір уақытта ең ұзын бойлысы маған "Сен ешнәрседен қорықпа, біз сені қорғаймыз. Сен сенбейсің бе?", - деп екі қара тапаншаны екі жағыма лақтырып тастап, өздері сабырлық қалыппен кері айналып, есіктен сыртқа шыққандай болып, көзден біржола ғайып болды. Бірақ есік айқара ашылмады. Жаныма карағанымда екі тапанша екі жағымда, иық тұсында жатқандай әсер етті. Бұл әбден таң атқан кезде болған уақиға еді. Мен орнымнан тұрып кеттім.
Бұдан кейін менің қарсыластарым сиреп азая бастады. Өзімді де салмақты ұстайтын болдым. Әйтеуір бір күш мені алға бастап, имандылық жолыңа бағыт беріп тұрғанын көрмесем де, жаным мен тәнім сезіп тұрады.
Өмірдің жұмбақ сырларын өз өмірімізден алып (басқалардан көшірмей), ұлтымызға жеткізіп санасына жақсылық нұрын шашсақ шіркін, азаматтық борыштың бір өтеуі де, мына жарық дүниеде.
8. Заңды құжаты бар шведтік турист Свен Игелстром шіркеудегі тәу ететін тас мүсінді ұрлағаны үшін Кипр полицейлері қамауға алады. Кезекші полицей оның қолынан тас мүсінді, құжаттарын, ақшасы мен белдігін, қол сағатын, т.б. заттарын алып сейфке салып, өзін абақтыға қамайды.
Турист өзін өте көңілді ұстайды. Кешкі тамақты ішпейді. Ал таңертең полицейлер келіп абақты есігін ашса, әлгі турист жоқ. Жабулы түрме сол қалпы. Бұл да әлі түсініксіз. Сонда Свен кім – турист па, жоқ елес пе?
Ал ол адам болғанда, қалай жабық түрмеден шықты? Енді осыған байланысты қазақ жерінде болған сиқырлы құпияға тоқталайық.
9. Сарымолда деген әулиенің
сүйегі Атырау каласының дәл орта шенінде
жатыр. Зұлымдық билеген заманда (1928-32
ж.) осы өңірдегі ел ол кезде тірі әулиеге:
"Молдеке, мына Жайық тасып кетті, мал
жайылымсыз калатын болды", – дейді. Молдекең асықпаңдар
деп, түрлі дұға оқып, Жайық суын тоқтатып,
малды арғы бетке өткізіп, ал кеште тағы
да Жайық суы ағынын тоқтатып,
бергі бетке өткізіп алады екен. Осы әруақты
ата зұлмат жылы түрмеге жабылады. Сарымолда
әулие де дәл Свеннің әрекетін қайталайды.
Ертесінде Сарымолданың үйіне іздеуші
сақшы келсе, сегіз бірдей Сарымолда үйде
байсалды түрде шәй ішіп отыр
дейді. Көзі алақандай болған
сақшы, жағдайды басшыларына баяндайды.
Ақыры Сарымолда әулие өзі түрмеге
барса керек. Бұл швед Свен мен қазақтың
Сарымолдасының ұқсастық қасиетінде не
сыр бар? Мүмкін біз білмейтін ерекше қасиет
пе?
Әлде бір құпия оқудың сыры ма, қысқасы адам баласының қабілетінің шексіздігін дәлелдейтін шындық екені анық.
10. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын
болған бір құпиялы жағдай есімнен кетер
емес деді. Өзі оқымысты, өтірік дегеннен
жаны аулақ бір танысым онда мұндайды
айтудан қорқасың. Қазір шіркін демократия
ғой. Алматы-Мәскеу пойызына отырып, батысқа
қарай жол сапарына шықтым.
Менімен бір купеге қара өңді,
арықтау жасы 70-тен асқан қария келіп жайғасты.
Сөйлемейді. Ешкімге жақындамайды. Жол
жөнекей станца аял-дамаларына поезд тоқтағанда
түспейді. Қысқасы өзімен-өзі. Былай қара-саң,
дені сау, есі дұрыс сияқты. Бір рет сөзге
тартып едім, е деді де, кайтып сөйлемеді.
Мен секем ала бастадым. Жарты жолда кәрияға
шәй ішейік дедім. "Е, болады ішуге",– деп, дастарқан басына келді.
Үн жоқ. "Тамақ алыңыз", – дедім. "Е, бар ғой", – деп өзінің бір қағазға оралған
тамағын алды да, ашты. Кәдімгі тауықтың
жұмыртқасы. Содан екеуін аршып жеді де,
шәй ішіліп болған соң шал жұмыртқа қабығының
бір түйірін де таста-май жинап алып, әлгі
қағазға орап, тор дорбаға салды. Өзі үнсіз
орнына барып жатты. "Кәрия, қайда барасыз", – деп едім, "Түркістанға", – деп шолақ жауап берді. Түркістанға
келгенде кәрия: "Қош, әлі кездесерміз", – деп түсіп қалды. Мен оның ақырғы
қоштасар сөзін естігенде, денем дір етіп,
бір ыстық толқын ұрғандай болды. Содан
бері жыл өткен сайын сол кәрия көз алыма
келеді де тұрады, бұл неге, Зеке?" – деді.
Шындық елестің де елесі барын, белестің-белесі барын халық ұрпағы білсе артық емес. Алланың пендесін тексертуге жіберген, қасиетті жер Түркістанды аралап жүрген "Қызыр Ата" ма? Мұндай көзге көрініп жоқ болатын елестік бейнелер көбеюде. Бұл діншілдік мен дінсіздік ара-сындағы күрес дамығанда көбейетін құбылыс. Ғарыштық "Ақтық жолы" мен "Зұлымдық" жолы күштері арасындағы шайқас күшейгенде, Алла тағала соларды да бақылауға бақылаушыларын жіберіп, олар адамдарға көрініп, сабыр сақтатып, қоғамымыздың жақсылық бағытында дамуына көмектесетін сияқты. Дегенмен, мұндай бейнелік елестік көріністен сеске-ну, қорқудың қажеті жоқ. Олар өздігінен адамға жамандық ете алмайды. Діннің шариғаттық шарттарын орындағанда ғана өз жолыңызды дұрыс бағыттай аласыз. Қазақ – қасиетті халық, Жері киелі. Оның жері мен елі ғарыштық жақсылық тарату ордасы. Ақтаң аппақ боп шапағат нұрын шаша атып келеді. Елімізде болатын алдағы жақсылықтың, мейірбандық пен қайырымдылықтың елесі көрінуде. Алла тағала бәріңізге сол елесті нәсіп етсін.
3.10 РУХТАРМЕН СӨЙЛЕСУ
Қазақ халқы өзінің жаратылысынан тысқары әлемде болып жататын және тысқары басқарушы қуат күштерінің әсерін әрқашан да бақылап отырған. Өзінің өмірінің отыз жылын (1898-1928 ж. аралығы) Жаратылыстың тылсым дүниелерін зерттеуге арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің "Үш анық" кітабында өзі тексеріп, танысып және тұжырымдаған шығыс пен батыс ғұламаларының құпия еңбектерін жоғары бағалады. Өзінің осы еңбектердегі көрсетілген спиритзм, магнетизм және телепатия жөнінде айтарлықтай ойын түйіндеп жазып дәлелдеді. Соның ішінде біз сөз етіп отырған спиритзм (әруақпен сөйлесу) қазіргі уақытта білуге өте қажет ғылыми таным және халыққа қажетті жасырын сыр болып табылады. Әрине, бұған дейін әруақпен сөйлесуді айту күлкілі еді. Бұдан бұрын да жаратушы бар деген Сократ басына таяқ болып тисе, ал Галилей жерден үлкен планета бар дегені үшін қуғын көріп, аз-азап тартпады. Діні емес тілі, дәстүрлік өнер саласы жойылғандар мен жойылуға аз қалғандар да бұндай жабайы атаудан ат тонын ала кашты. Құдірет күші күшті жұрттар үстемдігін қолына алып, жаңаша танымдық ұғымға қарай біздің санамызды бұруға ықпал етуде. Дегенмен, Еуропаның біраз дамыған елдерінде (Франция, Англия және т.б.) және Америка, Үндістан сияқты елдерде спиритзм құпиясын үйреніп дәлелдеудің өзі XVIII-XIX ғасырда басталды. Парижде спиритзм мектебі ашылды. Оны оқығандар рухпен (жан) байланысқа шығатын. Кейде байла-нысатын рухтың аты да болған. Сол мектептің түлегі Хасан Марзух рух-пен байланысқанда, "Жақсаза" деген рухтан түрік сұлтаны Ғабдул-Хамиттің зұлымдығын халқы қанша уақыт көреді дегенде: "Оның патшалығы отыз үшінші жылдың тоғызыншы айында тақтан түседі", – деп берген жауабы дәл келген. Міне, осыған орай біздің де ортамызда әруақпен тіке-лей байланысқа шығатындар бар солар арқылы толық болмаса да, қанағаттанарлық хабарлар алудамыз. Олар өз ұлтымыздың таза жанды киелі адамдары. Бұған қарап әруақпен сөйлестім дегендердің бәріне сене беру қапыда қалдыратынын білген дұрыс. Жүздің жүйрігі, мыңның тұлпары ғана осындай қасиетке ие болуы мүмкін. Ол жағы өте құпия. Әрине, әруақпен сөйлесу жауапты жұмыс. Егер адал күш қожайыны торына ілінсең жақсы, ал арам pyx колына жемтік болсаң сорыңның қайнағаны. Кейінгі кездегі бақылауымда ғарыштан он сегіз түрлі (одан да көп шығар) хабар бір уақытта, бір диапазонда қатарласа параллелді бағытта келетіндей. Кейде спираль, бұранда, шашыранды, үзіліспен, жоғалып барып немесе бір реттен кейін жоқ болып, бірнеше күн, ай өткенде қайта байланысқа шығады. Белгілері: дыбыс, дыбысты сөз, тықыл, дүрсіл, айғай, тоқылдату, жылы салқын толқын, жарық, неше түрлі, тұманды автоматты тетікті құралдық қосылыс, атылған оқ сияқты, денені сипап өту т.б. әсерлер болғанда, адам өзінің ішкі жан дүниесінің ашылмаған тканьдарын оятып, қажетті тетіктер сыртқы байланыс жүйесіне автоматты түрде іске қосылады. XIX ғасырда Үнді мүхитында Францияның мамандары спиритзм жөнінде сынақ жасағанда, рухты шақырып сөйлескенде бұрын өлген өздерінің бір жолдастарының жаны келіп, мен өлмей тұрып кеме бастығы капитаннан бес франк, жиырма бес су ақша қарыз алып, соны төлей алмаған едім. Сол маған қиын болып жүр. Соны сендер мархаббат етіп, төлеңдерші, – дейді. Капитаннан сұраса есіне түсіре алмайды. Тіркеу кітапшасынан қараса, дұрыс шығыпты. Жолдастары капитанға алашағын беріп, о дүниелік жолдастарының рухын тыныштандырған. Өмірде адал болғанға не жетсін! Ұмытса да, арамдық пен зұлымдық істесе де, әр адам бұл дүниеде аман болғанымен, о дүниеде жауап бермек. Не үшін бізбен әруақтар байланысқа шығады? Немесе біз неге оларды мазалаймыз? Сонда әруақтардың қандай жақсылығы болады? – деген сұраулар да заңды. Әруақтар бізге бір қауіпті, қатерді немесе жақсылықты ескерту үшін байланысқа шығады. Олар да Жоғары билеушінің кезекшілері, билеушінің тапсырмаларын жеткізуші ғана. Осымен әруақтар қызметін аяқтамақ. Бұдан басқа бізді бақылаушы, корғаушы, куат беруші, бұйырушы және жазалаушы рухтар да бары шындық. Рухты арнайы атап шақырады. Кейде бөтен рух та араласып кетеді. Немесе мен солмын дейтін рух та бар. Мысалы, 1993-1994 жылдары "Караван" газеті қосымшасы "Аруана" газетінде көбінесе о дүниелік өнер мен мәдениет адамдарының рухымен сөйлесетін "Ақсақ әулие" – Серік Құмарды дірілдете жазды.
Біз екі жылдан бері бұл "сәуегей әруақпен тілдесушіні" жоғалтып алдық. Ол Алматыда тұрады. Уақыт өтті, бітті дегенмен, бұндай "әуесқой-лықтың" қоғамға зияны, халықтың болашағына қырсығы тиері және жеке азаматтардың басын катыруы шындық демекпіз. Өмірде тірі пенде жарқы-рап шыққан жалынының қасиетін корғап, оны ары дамытуға мықтымын дейтін көптеген "Сәуегейлер" адал қасиет иелерін де халық алдында ұятқа қалдыруда.
Әруақпен сөйлесу үлкен рухани, ғылыми және жан-жақты дайындықты қажет етеді. Мысалы, 1992 жылы "Ақтар" ұйымымыз, "Мен –Исамын, Мариямын" дегендер елдің зәресін алды. Естеріңізде ме, көшелерде үйлер мен мекемелер қабырғасында "Мария" ана суреті ілініп қаптағаны.
Бұл теріс пиғылдағы ұйым 1992 жылы "23 қарашада өмір бітеді" – деп халықтың зәресін алды. Түсінбегендердің алды қазан айынан бастап бір-бірімен қоштасып жатты. Бүкіл дүние жүзі халқы тебіреністе еді? Құдай оңдап, Алматыда қазанның 18-21 аралығында, "Рухани бірлік келісімі" халықаралық конгресі өтті. Әлемнің жетпіске жуық елінен ғалымдар, дін басшылары, емшілері, көріпкелдер, тарихшылар, басқа ілім уәкілдері болды.
Мен 20 қазанда емдік сеанстардың байқауына шықанда бірден дүға оқыдым. Бата жасап жатқанда маған ғарыштық хабар "Сен айт, 23 қарашада жаманшылық болмайды", – деді. Мен осы сөзді емдік сеансым басталар алдында айтқанда, Республика сарайында отырған төрт мыңнан артық адамдардың өзіміз бен шеттен келгендердің қуанғаны әлі көз алдымда. Залда қуаныштан көзіне жас алғандар да аз болмады. Сол кезде түсірілген, шындықты дәлелдейтін видеофильм сақтаулы. Келер жылы қазанның 2-9-ында (1993 ж.) Қазақстаннан отыз адам Қырымның (Украина) Гурзуф қаласында өтетін дүние жүзілік "Дәстүрлі емес халық медицинасының" бірінші Конгресіне қатыстық. Сапарымыз өте нәтижелі болды. Біздің делегаттар сол елдің "Мариясы" немесе "Ақтар" ұйымы жөнінде арнайы орынның адамына сұрау салды.
Олар: Сіздер Конгрестен соң көп кешікпей олар жөнінде ("Ақтар") естисіздер", – деді. Біз елге оралдық. Баяғы әлем елдерінің тынышын алған "Ақтар" басшылары ("Мариясы" да) түрмеге жабылды. Кейін ұзақ мерзімге сотталғанын естідік. Айтайын дегенім, өзімді мақтау емес, іс-тәжірибем мен көрген-білгеніме сүйеніп, "ғарыштық зұлым күштер" торына ілінгендердің Алла алдында жазасын алуымен, қоғам мен адам санасындағы қара торлардың жойылып тазаруы еді.
Адамның миындағы ерекше таңғажайып процестерді ғалымдар да шеше алмай қиналуда. Ми бүгінгі компьютерден де артық деуге болады. Себебі, компьютерді де ойлап тапқан, бағдарламасын жүйелеген адам. Ал ойлау жүйесінің қожасы – ми. Мидың 12 пайызы ғана жұмыс істейтінін, ал қалған бөлігі демалыста екенін биолог ғалымдар қапысыз дәлелдеген. Сонда тоқсан пайызға жуық мидың ұйықтап жатқан клеткаларын, оның тканьдарын біртіндеп оятуға, іске қосуға болатынын біз ғана емес, ғылым да дәлелдеуде. Адамның мүмкіндігі мол. Өз қабілетін білмейтіндер қаншама. Ал білгендер – бақыттылар. Бізде де бір уақытта бір неше шаруа тындыратындар жетіліп келеді.