Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:04, курсовая работа

Описание работы

Рынок- әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі. Рыноктық қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар. Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын сауда - саттықты білдіреді. Екіншіден, рынок - бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

       Жоғары мектеп жалпы және арнаулы білім алуды, таңдап алған мамандықты игеру қабілетін қалыптастыруды қамтама­сыз етеді. Бұлар жұмыс орнының маман­дануы өзгерген жағдайда айрықша қажет. Жаңа мамандықтар бұрынғыға қарағанда барған сайын интеграцияланған бола түсуде, мұның өзі аралас мамандықтарға немесе қызметтің басқа саласына көш­кенде біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде елімізде 750 мыңнан астам студент жоғары білім алуда. Студенттер мен оқу орындарының көптігі олардың техникалық жарақтануына, түрлі оқу құралдарымен қамтамасыз етілуіне қатысты қиындықтар туғызуда. Кейбір оқулықтармен қамтамасыз етілу 15 пайыз шамасында болып отырғаны және жағдайдың жылдан жылға нашарлай түсуі алаңдаушылық туғызады. Жоо-лар кейбір оқулықтарды өздері шығаруда. Алайда іргелі білім беретін негізгі оқу құрал­дарының жетіспеушілігі, содан барып кейбір оқу орындарында студенттердің жадағай түсінік беретін оқулықтарды пайдалануы аз кездеспейді.

       Өндірістер мен олардағы технология­лардың жедел өзгеруі ғылыми, техноло­гия­лық және ағартушылық ақпараттың ескіру үдерісін айтарлықтай жеделдетіп жіберді. Көптеген оқулықтар баспадан шығу барысында моральдық ескіруге ұшырайды. Ал енді ақпаратты игеру тұрғысында артта қалушылық өндіріске толыққанды қатысуды қиындатады. Қазіргі кезде қашықтықтан оқыту жүйесін, бейне кітапханалар, журналдар жүйесін енгізу ғылым мен білімнің барлық саласындағы ең соны новация­ларға қол жеткізу мүмкіндігін арттырды. Алайда республика университеттерінің 23-інде ғана электрондық тұрғыдағы 832 оқулықтың бар екендігі алаңдаушылық туғызады.

       Жаһандық экономика өндіріліп жат­қан барлық өнімдерге сапасы, бағасы, дер кезінде жаңартылуы тұрғысынан өте қатаң талаптар қояды. Бұған қарсы тұрудың қажеті жоқ және ол мүмкін емес те. Сондықтан да тек қана бәсекелестерді емес, әріптестерді де табуға мүмкіндік беретін әлемдік рыноктың ережелері бойынша өмір сүруді үйренген жөн. Білім стратегиялық дамудың негізін, іргетасын жасауы тиіс. Әлемдік тәжірибені, Қытай, Ресей, басқа да жетекші елдер экономи­касын жан-жақты зерттеу сауда-саттық­тағы айтарлықтай бос орындарды табуға мүмкіндік беріп, отандық кәсіпкерлік үшін үлкен көкжиектер ашатыны анық. Қазақстанды әлемдік бәсекелестік ортаға кіріктіру ғылым мен білімнің дамуына арқа сүйеуі керек.

       Жаңа технологияларды дер кезінде игеру, жаңа тауарлар шығарып, жаңа қызмет түрлерін көрсету бәсекеге қабілеттіліктің айқындаушы факторына айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ашқан “Биохим” комбинаты сондай факторлардың бірі болып табылады. Мұнда дәнді дақыл­дарды терең өңдеу негізінде ТМД елдері бойынша теңдесі жоқ технология іске асырылды. Соның нәтижесінде қазірдің өзінде үлкен сұраныс туғызып отырған, жанар майдың октандылығын арттыратын биотұнба алынатын болды. Мұндай жаңашылдықты еліміздің қазір іске қосылып жатқан көптеген кәсіпорын­дарынан таба аламыз.

       Республика өзінің бәсекелік басым­дық­тарын нығайтып, геологиялық, тау-кен ісі, металлургия кешендерін барынша дамытуы тиіс, өйткені мұнда елеулі мүмкіндіктер бар. Минералдық ресурстар академиясының президенті, академик Ғ.Бекжановтың пікірі бойынша, Қазақ­станның жер қойнауындағы мол байлық жоғарыда айтқан салаларда өркендете беруге жағдай туғызады. Табысты реформалардың сенімді негізіне айналған осынау аса маңызды салаға назарды күшейтіп, оны ғылыми-технологиялық дамытуды жаңа тұрғыда қолға алу қажет.

       Қазақстан экономиканы сапалық жаңартудың жеткілікті әлеуетіне ие. Елімізде озық идеяларды талдап жасауға, соның негізінде осы заманғы технология­ларды туындатуға қабілетті ғылыми ұжымдар баршылық. Республикада кезін­де КИВЦЭТ, ПЖВ секілді көптеген әлем­дік технологиялар өмірге келген. Қ.Сәт­баев, Д.Қонаев, Ғ.Бекжанов, Д.Соколь­ский, Ж.Әбішев, С.Тәкежанов, А.Сағынов және басқа әлемдік деңгейдегі көрнекті ғалымдар мен инженерлер Қазақстанның бұл салада алдыңғы шепке шығуына және оның бәсекеге қабілеттілігін қалып­тас­тыруға айтарлықтай ғылыми-инженерлік қолдау көрсеткен болатын. Тау-кен ісі, Металлургия және байыту, Химия, Ор­ганикалық катализ және электр химиясы, Химиялық-металлургиялық және басқа бірқатар институттардағы қуатты ғылыми мектеп бүгінгі күнге дейін өзінің әлеуетін сақтап қана қоймай, оны елеулі түрде арттыра түсті. Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық тех­никалық университет, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті кен-металлургия кешенінің кадрлық негізін құраған инженерлер даярлауды қам­тамасыз етіп келеді. Кадрлар даярлау­дан, осы заманғы өндіріс саласын ғылыми ұластырып, әлемдік рынокқа шыққанға және онда алдыңғы қатарлы орындарға ие болуға дейінгі барлық буындар жасақ­талған. Қазақстанда әлемдік экономи­ка­ның алғы шептеріне шығудың, бәсекеге қа­білетті қуатты сала қалыптастырудың өз тә­жірибесі жинақталған, мұның өзі елі­міз­ге әлемде 11-ші орынды қамтамасыз етті.

       Ең бастысы – ғылыми өнімді жасау мен іске асыру тәжірибесін жинақтаған адамдар, шығармашылық ұжымдар. Қазіргі кезде 300-дей ұйым зерттеулермен және талдамалар жүргізумен айналысады. Ғылыми қызметкерлер саны 22 мыңнан асып түсті.

       Зерттеулер мен талдамалар жүргізуге кететін шығын бес жылда 3 есе ұлғайып, 14,5 млрд. теңге болды, ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі 18,5 млрд. теңгеге жетті. Соның нәтижесінде 74,7 млрд. теңгеден астам сомаға (ІЖӨ-нің 1,34%-ы) инновациялық өнім жасалды. 32 млрд. теңгеге дейін өскен технологиялық инновациялар шығыны негізінен (90,6%) кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

       Жаңа экономиканың аса маңызды компоненті – ақпараттық технология жедел дамуда. Оны пайдалану ауқымы барған сайын өсіп келеді. Әу бастан праг­ма­тизм өзек болған Қазақстанның ғарыштық бағдарламасы елдің ақпараттық ресурсын елеулі түрде күшейтуге мүм­кіндік береді. Бұл саланың серпінділігі, айқын құрылымы алғашқы Жер серігін ұшырғаннан кейінгі жерде ақпараттық қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне шығады деген сенім мол.

       Жаңа экономиканың дамуында ядролық кластердің маңызы айрықша. Уранның қоры бойынша 2-ші, оны өндіру жөнінен 3-ші, отандық таблеткалар шығару бойынша 15-ші орын алатын Қазақстанның қосымша өндірістер, жетіспейтін буындар құру мүмкіндіктері баршылық. Еліміздің радиофармпрепарат­тар шығаруды жолға қойып, жан-жақты талқылаудан кейін атом энергиясын өндіруге кірісу мүмкіндігі бар екені де белгілі.

       “Қазатомпром” әлемдік уран өнер­кәсібінде ірі өнім берушіге айналды, ол жаңа технологиялар енгізу жөнінен жетекші орындарда келеді. Осындай жағдайда компания әлеуетін шектеуге ұмтылатын бәсекелестер тарапынан келеңсіз баға берушілік көбейіп отыр. Алайда осы заманғы экономика дегеніміз – бұл бәсекелестік күресте жеңіске жететін экономика екенін ұмытуға болмайды. “Қазатомпромның” ақылға сыйым­ды, мұқият талдаудан өткен өнді­ріс­тік, инвестициялық және иннова­циялық саясаты, әлемдік рынокта өзінің орнын бекемдей түсуі – бәсекелік басымдықтың барлық формаларын кең ауқымда іске асырудың жарқын өнегесі.

       Қазіргі кезде отандық өндірісті ин­но­вациялық дамыту проблемасы ба­рынша өзекті болып отыр. Нақ осы та­лап оған бәсекеге қабілеттілік қасиетін дарытып, жаһандық экономикаға қатысуын ұлғайтуды міндет етіп қойып отыр.

       Еуропа, АҚШ, Азия – әлемдік даму орталықтарының дәйекті буындары. Соңғы онжылдықта Азия өңірінің, әсіресе Қытай, Үндістан секілді елдердің ма­ңызы күрт арта түсіп, жапон эконо­микасының серпінділігі қалпына келуде, Вьетнам жақсы қарқын алып отыр. Жалпыға ортақ мойындау бойынша негізгі локомотив ҚХР болып табылады. 1 трлн. долларға жуықтаған шетелдік ин­вес­тициялар Қытай экономикасын көтер­геннен кейін нәрлендіруші елдерге бумеранг секілді қайта оралатын жаңа үрдіс байқалуда. Сарапшылардың есептеуіне қарағанда, қытай өндірісіндегі нақты “қытайлық” құрамдастық 15 пайыз­ды ғана құрайды екен. Басқасының бәрі – әлемдік сауда-саттыққа тауарлық түрде технологиялардың, инвестиция­лардың кері қайтуы болып табылады.

       Тұтастай алғанда әлемдік экономи­каның құрылымы, оның бейнесі жедел жаңару үстінде. Дамыған елдердің өзінде бәсекеге шыдамаған көптеген өндірістер жабылуда немесе басқа­лар­мен бірігуде. Көптеген мемлекеттер бірқатар салаларда өндірістердің қыс­қаруына елеулі алаңдаушылық танытып отыр. Мәселен, АҚШ-та, Еуропада аяқ киім өнеркәсібінің көлемі айтарлықтай қысқарған. Бұл рыноктарда Қытай үстемдік танытып, Вьетнам белсенді түрде кірігуде. Жүз мыңдаған еуро­палықтар көптеген салаларда, соның ішінде дәстүрлі салаларда жұмыстарын, мамандықтарын ауыстыру қажеттігімен бетпе-бет келіп отыр.

       ЕО-дағы тауар өндірушілерінің басым көпшілігі шағын және орта биз­нес саласында жұмыс істейді. Компа­ния­лардың 86 пайыздан астамында істейтіндер саны 9 адамнан көп емес. Бұл компаниялардың 80 пайызы инно­вацияшыл болып табылатындығы осы бизнестің бір ерекшелігі. Олар ірі өндірістерге қарағанда инновацияны 25 есе көп ендіреді. Ал ірі кәсіпорындар іс жүзінде өз өндірістерінде мыңдаған осындай ноу-хаудың нәтижелерін жинақтап отыр.

       Қазақстанда 2007 жылы тіркелген 350 мың кәсіпорынның 215 мыңы шағын кәсіпкерлікке жатады. Олардың саны өңдеу өнеркәсібінде 15,6 мың, компьютерлік қызмет көрсетуде 15,4 мың, білім беру саласында 8,7 мың болса, сауда-саттықта, автокөлік, тұр­мыстық бұйымдарды жөндеуде 71,1 мыңға жеткен. Алайда біздегі шағын кәсіпорындар инновация енгізумен енжар айналысады. Солай болса-дағы елімізде шағын инновациялық биз­нес­тің “Антиген” ЖШС секілді бірегей үл­гілері баршылық. Мәселен, ғалым­дар­дың күшімен құрылған бұл компания ішкі де, сол секілді сыртқы да рынок­тарда бәсекеге шыдас беретін биотех­нологиялық өнім шығарып келеді.

       Даму институттарының алдында шикізаттық фактордың рөлін біртіндеп төмендетуге бағытталған экономика­да­ғы, өнеркәсіптік өндірістегі құры­лым­дық ілгерілеуге қатысты маңызды міндет тұр. Бұл үшін өзгерістер ауқымы кем дегенде 2 млрд. долларға жетуі тиіс. Ал бұл компьютерлік техника, құрылыс материалдары, балқымалар, ветеринар­лық және фармацевтикалық препарат­тар, токтың химиялық көзі, ауылшаруа­шылық, көліктік, тау-кен мәшинелері мен аспаптары өндірісі секілді салалас бағдарламаларды іске асырған жағдайда мүмкін бола алады.

       Талдау бұл жұмыстарға жас ғалым­дар мен мамандарды, студенттерді тар­ту­дың тиімді болатынын көрсетеді. Мә­селен, АҚШ-та жыл сайын студенттер 50-70 мың жаңа, инновациялық кәсіпорындар құрады екен. Көптеген венчурлық, инновациялық қорлар тек осы бағытта жұмыс істейді. Қазіргі кезде Ресейде 40 мыңнан астам шағын инновациялық кәсіпорындар бар, бұл Қазақстандағыдан 300 есе артық. Ресейдегі бұл бизнестің белсенділігі 70 технопарктің, 40 инновациялық-технологиялық орталықтың қызметінен танылып отыр. Мұндай компаниялар­дың туындауына зерттеу университет­тері жағдай жасайды. АҚШ-та олардың саны 250-ге жетеді екен. Мұндағы оқу зерттеу қызметімен ұластырылған, ал олардың нәтижелері бірден өндіріске жі­беріледі. Сөйтіп, идеядан дайын өнім­­ге дейінгі жол айтарлықтай қысқарады.

       Бүгінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұ­мылып отырғанда, бұл тұрғыда жақсы бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты болады. Эко­номиканы жаңарту үшін мықты кадрлар керек, сол жаңартуға негіз болатын жаңа технологиялар мен инновациялар керек. Ал бұлар өз кезегінде ғылым мен білімді дамытуды талап етеді.

       Елдің бәсекеге қабілеттілігі – көптеген құрамдастардан тұратын күрделі феномен. Қазақстандықтар өз елдерінің қабілетті де серпінді даму үстіндегі елдердің бірі екенін, ал Қазақстан халқы қандай да жоғары мақсатқа жете алатын халық екенін талай рет дәлелдеген. Мемлекет бас­шысы өз Жолдауында тұжырымдаған міндетке қол жеткізуге болатыны анық. Бұл жолда экономиканы жаңартуға, оған инновациялар енгізуге қатысты барлық буындардың айқын да үйлесімді жұмысы қажет.

6

 



Информация о работе Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері