Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:04, курсовая работа

Описание работы

Рынок- әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі. Рыноктық қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар. Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын сауда - саттықты білдіреді. Екіншіден, рынок - бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері.doc

— 213.50 Кб (Скачать)
n:justify">      тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысы әлемдік рынокта саясаттың араласуы мен мемлекеттің тікелей басқаруы нәтижесінде жүзеге асады

      әлемдік рынокта өзіндік баға жүйесі - әлемдік баға қалыптасқан. Есептесу барысында әлемдік рынокта әрбір мемлекет өзінің валютасын қолданады

       Әлемдік рынок - әлемдік инвестициялық рыноктың ажырамас бөлшегі. Аты айтып тұрғандай, әлемдік тауар рыногында тауар мен шикізат сатылымы жүргізіледі. Қазіргі уақытта  әлемдік тауар рыногында шамамен 70 – ке жуық тауар түрі айналыста жүр. Бұл тауарларды төменде көрсетілген топтарға жіктеуге болады:

      — Көмірсутектер және энерготасымалдаушылар – газ, мұнай, мұнай өнімдері, көмір, мазут т. б. ;

     — Азық – түлік өнімдері – бидай, қант, кофе, какао, бұрыш, мақта, күріш, төрт – түлік т. б. ;

     — Бағалы металдар – алтын, қорғасын, күміс, платина, мыс, титан, никель, алюмини т. б. ;

       Алғашында әлемдік тауар рыногының басты мақсаты сатушылар мен тұтынушылардың тұрақты қарым – қатынас жасауы болды. Уақыт өте келе, биржалық сауда – саттықтың даму деңгейіне орай, тауарлардың түрлеріне стандарттар орнатылды, баға белгілеу ерекшеліктері қалыптасты.

       Соңғы кездері тауар рыногындағы көптеген тауар келісімдері шұғыл келісімшарт түрінде жүргізіліп жатыр. Дәлірек айтатын болсақ биржада тауарлар ұсынылмайды. Бірақ келісімшартта тауардың нақты маркасы, саны және жеткізілетін мерзімі көрсетіледі. Сатушы тауар рыногында тұтынушыға тауардың өзін емес, сол тауарға тиесілі құжаттарды береді.

       Әлемдік тауар рыногының негізгі биржалық алаңдары төменде көрсетілген:

            Чикага тауар биржасы (CME) – бұнда негізгі биржалық келісімдер ірі қара, кофе, какао, қант, бидай, дәнді дақылдарға жүреді;

            Чикага сауда – саттық палатасы (CBOT) – бидай және тұрмыстық май сатуға негізделген;

            Нью – Йорк тауарлы – шикізат биржасы (NYMEX) – негізгі тауар келісімдер түрлі – түсті металдар мен энерготасымалдаушылар;

            Халықаралық мұнай биржасы (IPE) – көмірсутек және энерготасымалдаушы өнімдерін сатумен айналысатын негізгі тауар биржасының түрі:

            Лондон металдар биржасы (LME) – металдарға шұғыл келісімшарт сатудың негізгі биржасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлемдік рыноктағы Қазақстанның үлесі

       Қазақстан көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша әлемде көшбасшылық шептерде тұр. Бұл, ең алдымен, стратегиялық маңызы бар бірқатар шикізат ресурстарының қоры мен өндіру көлеміне қатысты.

       Еліміз бүгінгі таңда экономикадағы даму тенденциясында тұрақтылыққа қол жеткізіп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кластерлік технологияны дамыта отырып, елдің экономикалық әлеуетін арттыруға мән беру керектігін,  сол арқылы әлемнің алдыңғы қатарлы 50 мемлекетінің қатарына қосылу стратегиясын жалпыұлттық міндет етіп қойып отыр. Бұл бағытта еліміз әлемдік алпауыт мемлекеттермен иық теңестіре сауда-саттық жасап келеді.

       Жалпы, минералдық-шикізаттық ресурстарды өндіру мен өңдеу 169 елде жүзеге асырылады. Жетекші өнім берушілер қатарында Қытай, АҚШ, Австралия, Канада, Ресей бар. Шикі­заттық қорларға ие мемлекеттердің бір де бірі, оның үстіне минералдық ресурстарға барынша бай елдердің санатына кіретін Қазақстан секілді мемлекет, оларды өндіруден, өңдеуден және тасымалдаудан бас тартпайды. Әлемде өндірілетін 11 млрд. тонна ми­нералдардан республикамыздың үлесіне 250 млн. тоннадан астамы келеді екен, мұның өзі оған 11 - ші орынды қамта­масыз етіп отыр. Осы өнімдердің 37 түрі бойынша ол 1 - шіден 19 - шы орынға дейін алады. Соңғы жылдары негізгі өнім берушілердің әлемдік клубындағы оның орны беки түсті.

       Жетекші экспорттаушылар қатарын­да Қазақстан шет елдерге жоғары сұранысқа ие минералдық - шикізаттық өнімдер жөнелтіп отыр, соның ішінде АҚШ - қа – мырыш, рений, бериллий, Германияға – мұнай, Ресейге қорға­сын, темір рудасын, түйіршіктер жібе­реміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарына сапары еліміз әлемдік рынокқа шығаратын өнімдер саны жаңа түрлермен молығып, бәсекеге қабілетті кәсіпорындар саны өсе беретінін анық көрсетті.

       Әлемдік рынокта Қазақстанның 17 компаниясы алғашқы орындарда келеді. “Жезқазғансирекмет” – әлемде радио­активті осмий шығаратын бірден-бір кәсіпорын, ол рений шығару жөнінен – 1-2-ші орындарда; Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі офлюсті темір рудасы түйіршіктерін өндіру жөнінен – 1 - ші; “Өскемен титан-магний комбинаты” АҚ титан губкасын шығару бойынша – 2-ші, алғашқы магний өндіру тұрғысынан – 8-ші; Үлбі металлургия зауыты бериллий өнді­ру­ден – 2 - ші, тантал өндіруден – 3 - ші; Дөң кен байыту комбинаты хром ру­дасын өндіру бойынша – 2 - ші; “Қаз­хром” феррохром шығарудан – 2 - ші, ферробалқыма шығарудан – 3-ші; “Қазақстан алюминийі” жоғары таза­лық­тағы галлий өндіруден – 3-ші, глиноземнен – 9-шы; “Қостанай мине­рал­дары” асбест шығару бойынша – 3 - ші; “Қазатомпром” ураннан – 4 - ші, отындық таблеткалар өндіру жөнінен – 15 - ші; “Қазақмыс” күміс бойынша – 4 - ші, шақпақ мыс өндіру бойынша – 10-шы; “ҚазТрансОйл” мұнай тасы­малы жөнінен – 4 - ші; “Қазақстан темір жолы” жүк айналымы бойынша – 5 - ші; Жәйрем кен байыту комбинаты марганец рудаларын шығару жөнінен – 5 - ші; “Южполиметалл” висмут өндіру тұрғысынан – 6-шы; “Қазцинк” шақ­пақ мырыш шығару жөнінен – 7-ші, күміс бойынша – 5 - ші; “Теміртау Миттал Стил” ақ қаңылтыр өндіру бой­ынша – 9-шы; “Богатырь Аксес Көмір” көмір бойынша – 11 - ші; Соколов-Сарыбай КӨБ темір рудасын өндіру бойынша 14 - ші орындарды нық ие­ле­ніп тұр.

       Дағдарыс басталған 2008 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 20 млрд. долларды құраған. Бүгінде екі елдің шекаралас аймағында 340 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресейдің қатысуымен бірқатар халықаралық жобалар жүзеге асырылуда. Қазақстан аумағы арқылы Батыс Еуропаны Қытаймен жалғастыратын көлік дәлізін салудың қолға алынуы – өзара тиімді ынтымақтастықтың дәлелі. Бұған қоса, ақпараттық және білім беру кеңістігіндегі байланыс та жалғасын табуда. Қазіргі уақытта 16 мың қазақстандық жас Ресейдің, оның ішінде, Мәскеудің жоғары оқу орындарында білім алуда. Тек президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғана Ресейде 300-ден астам қазақстандық жас талапкер оқып жатыр.

       Қазақстан энергия көздері рыно­гын­дағы өз мүмкіндігін тиімді пай­да­лануда, мұнда оған мұнай өндіруде 19 - шы, газ өндіруде 13 - ші, уран шығаруда – 3 - ші, көмір шығаруда 10 - шы орын тиесілі. Бұл ретте республика әлемдік өнім өндірушілер рейтингіндегі өз көрсеткіштерін жылдан жылға арттыра түсуде. Таяудағы кезеңде өндіру бойынша: мұнайдан – 9 - шы, газдан – 10 - шы, ураннан – 1 - ші, көмірден 9 - шы орын­дарға шығу көзделген. Мұндай жетістіктер елді энергия тасымалдаушыларды әлемдік жеткізіп берушілердің жетекшілері қата­рына шығарады.

       Республика ірі аграрлық әлеуетке ие болып отыр. Бұл саланың 30 өнімі бой­ын­ша ол әлемдік аграрлық рынокта 1 - ші­ден 35 - ші орынға дейін алса, соның ішінде 11 өнім бойынша алғашқы он­дық­қа кіреді. Астық, ет және сүт өнімдерін өндіру жөнінен Қазақстан аса ірі аграр­лық ел ретінде жақсы танылмақ. Жыл­қы­ның, қой мен ешкінің, сауын сиырлардың саны жөнінен де республика әлемдік көшбасшылардың ондығы қатарында.

       Еліміз қымыз бен шұбат өндіру жө­нінен әлемде 1 - ші орында, жылқы етінен – 3 - ші, қаракөл елтірісінен – 4 - ші, қарақұмықтан – 5 - ші, күнбағыс майы мен қарабидайдан – 9 - шы, қатты бидай, арпа және мал майынан – 10 - шы, жүн мен бидайдан – 13 - ші, сары май, сұлыдан – 14 - ші, мақта мен картоптан – 19 - шы, күріштен – 20-шы, маргарин, ал­мұрт пен жұмыртқадан – 21 - ші, алмадан – 22 - ші, көкөністен – 25 - ші, еттен 29 - шы, қант қызылшасынан 35 - ші орын алады.

       Қазақстандық бидайды экспорттау шегі айына 700 мың тонна. Жалпы 2010-2011 жылдары Қазақстан экспортқа 6-7 млн.тонна шығаруды жоспарлап отыр. Оның ішіндегі 2 млн. тоннасы  Орта Азияға жіберілмек.

       Өскемен титан-магний комбинаты – дүние жүзіндегі осы саладағы ең ірі металлургиялық өнеркәсіп орны. Еліміздің титан өндірісі қана­тын кеңге жайып, комбинат Франция, Корея елдерімен бірлескен кәсіпорындар құрып, эконо­микалық-қаржылық дағдарыстарға қарамастан өркендеп, даму үстінде. Жылына 11 мың тонна өнім өндіретін қуаты бар титан құймалары мен қорытпаларын шығара алады.

       Талдау көрсеткеніндей, респуб­ли­ка­ның қажетті агротехника, селекциялық жұмысты жақсарту, екпе дақылдар құрылымын білікті таңдау, ойластырылған инвестициялық саясат жағдайында әлем­дік рынокта өзінің орнын айтарлықтай нығайтуына, бәсекеге қабілеттілігін арттыруына барлық негіз бар.

       Қазақстанның көліктік әлеуеті де айтарлықтай. 10 мың шақырымнан асып түсетін газ тасымалдау желісінің жалпы өткізу мүмкіндігі 190 млрд. текше метрге дейін жетеді. Мұнай құбырының ұзын­дығы 7,4 мың шақырымнан асса, мұнай жөнелту көлемі 40 млн. тоннаға жақын­дады. “ҚазТрансОйл” және “ҚазТранс­Газ” компаниялары мұнай-газ ресурс­тарын тасымалдаушылардың әлемдік эли­тасына кіреді. Олар тиісінше 4 - ші және 11 - ші орындарда. Таяу жылдарда бұл көрсеткіштер өсе түсетіні сөзсіз. “Қа­зақ­стан темір жолы” жүк тасымалының кө­лемі жағынан АҚШ-тың, Қытайдың, Ресей мен Украинаның теміржол ком­панияларынан кейінгі бесінші орынды алады. 2010 жылы тасымал көлемі 423 млн. тоннаға жетіп, жолдардың ұзын­дығын ескергенде, жүк айналымы 298,7 млрд. т/км құрады.

       Байланыс саласында елеулі өзгерістер жүріп жатыр, мұнда ең жаңа техноло­гия­лар ендірілуде. Цифрлық жүйеге көшу аяқталып, республикалық оптикалық-талшықтық жүйе құрылды. Республика әлемдік коммуникациялардың барлық түріне қатысуда. “KazSat” жер серігінің ұшы­рылуы ұялы байланыс пен Интер­нет­тің дамуына өскелең серпін беретіні сөзсіз. Қазірдің өзінде ұялы байланысты 3,3 миллионнан астам адам пайдаланады.

       Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы қарқынды даму үстінде. Соңғы 5 жылда Қазақстан экономикасының даму көрсеткіші 10 % - ға жетті. Экономиканың серпінді дамуы құрылымдық өзгерістермен, жаңа басымдылықты салалардың, өндірістердің, өсу нүктелерінің қалыптасуымен жалға­сып келеді, мұның өзі толық мәнінде нарықтық ортаға тән болып табылады. Бәсекелестік аясын кеңейту – қоғамдық қызметтің барлық салаларына ынталан­дырғыш әсер ететін елеулі фактор.

       Инвестициялардың, халық табысының өсуі жиынтық сұраныстың қарқыны мен ауқымын арттырды. Соңғы бес жылда кедейшілік мәселесі 4 есеге, кедейшіліктің те­реңдігі 3 есеге, ең төменгі күнкөріс өлшемінен төмен табысы бар халықтың үлесі 2 есеге қысқарып, мұның бәрі елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруына ықпал етті. Осы кезеңде тауар айналымы 2,5 есе өсіп, 2010 жылы 2,1 трлн. теңгеге жетті. Тұтыну шығындарының құрылы­мында азық-түліктік емес тауарлардың үлесі озық қарқынмен ұлғайып келеді. Егер 2008 жылы осындай өнімдердің тауар айналымы азық-түліктік емес тауар айналымынан 1,54 есе артық болса, 2010 жылы бұл айырмашылық 2 еседен астамға ұлғайды. Халықтың банктердегі депо­зиттері 2008 жылғы 217,9 млрд. теңгеден 2011 жылы 341,8 млрд. теңгеге жетті. Халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың депозиттерінің жалпы мөл­шері 2010 жылғы сәуірдің аяғында 2 трлн. 856 млн. доллардан асып түсті.

       Отандық экономикада барған сайын байқалып отырған оң үдерістер қатарында тұрмыс деңгейінің, халық салымдарының тұтынуға кететін шығындардан асып түсуін, тамақтанудағы сапалық өзге­ріс­терді атауға болады. Академик Т.Шар­манов атап көрсеткеніндей, соңғы бес жылда азық-түліктік тауарларға кететін тұтыну шығындарының үлесі үздіксіз төмендеуі жағдайында тұтынатын өнімдер саны 2 есе өскен. Ұзақ мерзім пайда­ланы­ла­тын тауарларды сатып алу көбейіп ке­ле­ді. Көрсетілетін қызметтерге кететін шы­ғындар төрт жылда 2 есе өсіп, 800 млрд. теңгеге жеткен. Соның ішінде жеңіл ав­токөліктер сатып алу көбейіп, олардың саны 1300 мыңнан асып түскен. Әлемнің көп­теген жетекші сауда компаниялары Қа­­зақстанда өз өкілдіктерін ашып, қазір олардың саны 8 мыңнан артық болып отыр.

       Халық табысының артуымен бай­ла­нысты орныққан тұрмыстың жаңа сапасы тұрғын үй рыногын дамытудың жедел­деткішіне айналды. Мұның өзі құрылысқа қатысты басқа салалардың дамуын же­делдетті. Бүгінгі таңда құрылыс респуб­лика­дағы ең бір қажетті кластердің қалыптасуына жол ашты. Соңғы 3 жылда ғана пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 1,76 есе өсіп, 6,4 млн. шаршы метрге, соның ішінде тұрғын үй қоры 2,3 есеге өсіп, 5 млн. шаршы метрге жетті. Бүгінде құрылыс саласында жұмыс істейтіндер саны 360 мың адам болып, ол аса ірі жұмыс берушіге айналды.

       Шағын кәсіпорындар саны бес жылда 9 мыңнан асып түсті. Қазір ол еліміз бой­ынша 3-ші орында, ал жұмыс істеушілер саны жағынан 2-ші орынға шықты.

       Қарқынды құрылыс цемент, кірпіш, бояулар мен лактар, тұсқағаздар мен паркеттер, жиһаздар мен басқа да қажетті заттар өндіруді ұлғайтты. Сонымен бірге бұл салаға келетін инвестициялар өсе түсті. Екінші деңгейдегі банктерде кре­диттеу 2009 жылғы 15,8 пайыздан 2010 жылғы 19,7 пайызға дейін өскен. Ипо­тека, тұрғын үй құрылысының обли­га­цияларын шығару дамып, осы салаға тартылған тікелей шетелдік инвести­циялар 3,3 есе көбейген.

      

Дәреже

Ел атауы

Экспорт,

млрд. доллар

12

Ресей

352,5

51

Украина

49,3

52

Қазақстан

47,8

64

Беларусь

24,3

69

Әзірбайжан

19,5

84

Өзбекстан

9

87

Түркменстан

8,5

Информация о работе Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері