Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:04, курсовая работа

Описание работы

Рынок- әлемдік өркениеттің жетістіктерінің бірі. Рыноктық қатынастар мәнін анықтауда рынок түсінігінің екі жақты маңызы бар. Біріншіден, рынок (market) өз мағынасында айырбас, айналым сферасында іске асырылатын сауда - саттықты білдіреді. Екіншіден, рынок - бұл өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

       Тұтастай алғанда, экономикада соңғы үш жылда 158 тауардың түрі бойынша серпінді өсу байқалып отыр. 2011 жылы ет қалбырларын шығару 155 пайызға, сары май – 140,9, сусындар – 127,5, мата – 155,9, аяқ киім – 177,3, қағаз бен кар­тон 138 пайызға өскен. Сұйытылған газ шығару – 1,7 есе, мазут – 131 пайыз, газ – 174, мұнай өндіруге қатысты қызметтер – 126,8, мұнай өнімдері – 246 пайызға, пластмасса тұрбалар – 2,5 есе, пластмасса табақшалар – 153, подщипниктер – 128,5, аккумуляторлар 125,5 пайызға ұлғайған. Басқа да өнімдер мен бұйымдар бой­ынша осындай көрсеткіштерді келтіруге болады.

       2010 жылы мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 11 пайызы мұнай саласынан түскен қаржының үлесіне тиген. Ал тауарлар мен қызмет көрсету бойынша жалпы экспорттың 57 пайызын мұнай экспорты құраған. Қазақстандағы барланған мұнай қоры 40 миллиард баррельге тең

       Экономиканың өсуімен бірге экспорт көлемі ұлғайып отыр. Соңғы бес жылда қант пен күкіртті жеткізіп беру 22 есе, темір рудасы мен табиғи газ жөнінен – 10, дизель отыны бойынша – 5, уран мен ұн бойынша 3 есе өсе түскен.

        Өңделмеген алюмини импорты 4 еседей азайып, 2009-шы жылғы 496 тоннаға қарағанда, 2010-шы жылы 105,1 тонна болды. Тазартылған мыс пен өңделмеген мыс импорты 50% азайды. 2009-шы жылы ол 955,1 тонна, 2010 г – 615,3 тонна болды. Өңделмеген қорғасын импорты 18% азайып, 2009 ж  – 465,9 тонна,  2010 жылы – 392,4 тонна болды

       Өнеркәсіпте шикізаттық өнімдермен қатар кір жуатын мәшинелер, компью­терлер, трансформаторлар, сораптар, энергия өлшеу құралдарын шығару тез өсіп келеді. Полиграфияда, баспа ісінде елеулі ілгерілеушілік байқалып, жылдық өсім 128,8 пайызды құрап отыр. Бұл ретте кітаптар мен кітапшалар шығару 2 еседен астамға, газеттер мен журналдар шығару 2,2 есе ұлғайған. Мұның бәрі барған сайын ашық бола түскен ел рыногындағы қатал бәсеке жағдайында қалыптасып отыр.

       Ішкі рыноктың шетелдік өнім беруші­лер үшін қолжетімділігі оны әлдеқашан әлемдік рыноктың бір бөлігіне айналдыр­ды. Соған қарамастан, ең жаңа техно­логияларды ендіруге, өндірісті халықара­лық стандарттарға сәйкес ұйымдастыруға баса назар аудара отырып, қатал бәсекелестік жағдайында өз орындарын жеңіп алған отандық бизнестің жетістік­тері қуантады. Әрине, өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің үлесі әлі де аз, алайда оны кеңейту мақсатындағы нақты қадамдар маңызды болып отыр.

       Теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ Қазақстан көлік шығындарына көп қаражат жұмсайды, мұның өзі отандық өнімнің қажет болу деңгейін төмендетеді. Солай болса-дағы республиканың бірден екі “экономикалық мұхитқа” – қытай және ресейлік орасан зор рыноктарға шы­ғудың артықшылығына ие болып отыр. Болашағы зор Орталық Азия рыногының да резервтері айтарлықтай. Халық санының аздығын, отандық өндірістің ауқымдылығын ескерер болсақ, еліміздің жаһандық рыноктың осынау жедел даму үстіндегі сегментінде өз қатыстылығын белсенді ете түскенін атап өткен жөн.

 

Ел атауы

Экспорт үлесі

ЖТӨ, %

Импорт үлесі

ЖТӨ, %

Қазақстан

47%

32%

Әзірбайжан

27%

9%

Беларусь

23%

27%

Түркменстан

18%

9%

Ресей

17%

10%

Украина

15%

19%

Өзбекстан

14%

8%


 

       Бәсекеге қабілеттілік – бұл экономи­каның сапасы ғана емес, сонымен бірге номенклатурасы, сапасы мен бағасы бойынша жаһандық рынокқа қажетті өнімді өндіре білу қабілеті де. Әлемдік рыноктың үрдістерін, оның сегменттерін тұрақты зерттеу, салыстырмалы түрде айтқанда бос орындарды жедел игеру кәсіпорындардың сыртқы рыноктарға енуіне кепілдік береді. Жоғары икемділік, жеделдік, инновацияшылдық компания­лар­дың әлеуеттік мүмкіндіктерін кеңейтіп, өндірістік және сауда-саттық қатынас­тарына өзара тиімділікпен қатысуды қамтамасыз етеді.

       Қазақстан өз да­муы­ның жаңа белес­теріне кө­терілді. Эко­номикалық өсу­дің жоғары қарқыны көптеген әлеуметтік мәселелердің ше­ші­луін жеделдете түсті. Дамудың жаңа тұ­жы­рымдамасында сапалық көрсеткіш­тердің мәні артып, әлемдік деңгейге бағдарланған тұрмыстың әлдеқайда жоғары стандарттары басымдылыққа ие болған.

       Барынша биік мақсаттарға қол жеткізу қалыпты бола бастады. Әлемдік тәжірибе ресурстық, ғылым мен білім­нің, индустриялық әлеуетті жұмылдыру шаруашылық жүргізу ортасының жа­ңар­уын жеделдетіп, бәсекеге қа­бі­леттілік деңгейінің артуын, Қазақ­станның әлемдік шаруашылық жүргізу үдерістеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз ететінін дәлелдеп берді.

       Еліміз Президенті “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты биылғы Жолдауында “Біз Қазақ­стан­ның жаһандық экономикалық үрдіс­терге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – ин­но­вациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның әлемдік рыноктағы тауарларының сапасын арттыру

       Әлемдік шаруашылықтың жаһандық жүйесі – өзінің ережелері бойынша жұмыс істейтін қалыптасқан әрі орнықты тетік. Біз де осы ережелерге сай жұмыс істеуіміз керек. Әлемдік рынокта бізді күтіп тұрған ешкім жоқ, бірақ біз онда қажеттігімізді танытып, іргемізді бекітіп алуымыз қажет. Ол үшін бізге мыналар қажет:

       Біріншіден, Қазақстан экономикасының сыртқы рыноктарға шығатын негізгі салаларына олардың экспорттық табыстылығының деңгейі мен соны айқындайтын факторлар тұрғысынан жүйелі талдау, мониторинг және бағалау жүргізу. Мұның өзі, ең алдымен, жоғары өнімділік, жұмсалатын шығындардың төмендігі, басқа елдердің қолы жетпейтін ресурстар мен материалдардың болуы, біліктілігі жоғары білікті жұмыс күші, дербес технологиялар және т.т. Әзірге мұндай жұмыс толық көлемінде орындалмай отыр.

       Екіншіден, басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық рыноктарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізу; қазақстандық экспорттаушылар мен экономика секторларының кейіндеп қалуына әкеліп соғатын немесе, керісінше, оларға салыстырмалы артықшылықтар жасайтын факторларға баға беру.

       Үшіншіден, нақты экспорттық салалардың оң және теріс тұстарына баға беру және қолдағы артықшылықтарды қай жерде қолдану, ал керек жерінде орын алған проблемаларды жоюдың бағыттарын айқындау.

       Бұл ретте біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі рынокты дамыту жөнінде жасалған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыруымыз қажет.

       Төртіншіден, осындай жүйелі талдаудың негізінде біз өнеркәсіптің құрылымын өзгертуге қабілетті әрі едәуір қосымша құнға ие еселемелі тиімділігі, экспорттық және ресурстар үнемдеуші әлеуеті бар серпінді ауқымды зор жобалар әзірлеуіміз қажет.

       Бесіншіден, Қазақстан бизнесінің сыртқы рыноктарға шығуы үшін нысаналы жүйелі қолдауды ұйымдастырудың маңызы зор.

       Осы заманғы білім әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің басты факторына айналға­нын баршаның мойындап отырғаны белгілі. Жабдықтардың, технологиялар­дың моральдық тозуы ауқымының, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ұлғаюы жағдайында өндірісшілер өндірісті жедел қайта құрып, басқаруды және бизнес қызметінің тетіктерін жаңартуы тиіс. Сондықтан да өнім шығаруды жедел игеріп, жолға қою, рыноктың басқа сегменттеріне дер кезінде бетбұрыс жасау қабілеттеріне ие білікті менеджерлерге, инженерлерге, технологтарға, маркетолог­тарға деген сұраныс өсе түсуде.

       Кең бейіндік әзірліктің және сонымен бірге әлдеқайда нақты маманданудың қажеттігі диалектикалық өзара ықпалдас­тықта болып, ағартушылық-техникалық қарама-қайшылықтың негізін құрайды. Өндіріс неғұрлым серпінді де саналуан болған сайын солғұрлым мамандықтар көбейе береді. Кейбір мәліметтерге қара­ған­да, АҚШ-та олардың саны 22 мың­нан аса­тын болып шықты. Бейіндер мен олар­дың құры­лымдық элементтерінің саны үнемі өзгеріп, бірі пайда болып, екіншісі қажетсіздікке айналып жататынын ескерген жөн.

       Отандық экономиканың қайта дәуір­леуі мен жаңаруын өндіріске жаңа тех­нологиялардың белсене ендірілуі қамта­масыз етуде. Ал жаңа технологиялар ескірген әдістер мен әдістемелер бойын­ша білім алған мамандардың қажеттігін азайтады, бірте-бірте жоққа шығарады. Мұндай мамандардың өз білімін дер кезінде жетілдірмеуі экономиканың серпінді дамуына, прогресшіл құрылым­дық ілгерілеулерге кедергі келтіреді. Өзінің бәсекелестік ұстанымдарын нығайтуға бағдарланған кәсіпорындар білікті мамандардың жоқтығынан жаңа технологияларды игеруде, қажетті өнімдер шығаруда елеулі қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте еңбек рыногынан кадрлар іздеудің бұрынғы әдістері дұрыс нәтиже бермеді.

       Бір де бір оқу орны салалар мен өн­дірістер бейінінің, кәсіпорындардың техникалық-технологиялық деңгейінің өзгеруін толық мәнінде ескере алмайды. Қажетті ақпаратты алу қиындық туғызып отырғанда республиканың жоғары оқу орындарында мақсатты тұрғыда оқытуды жолға қоймау жұмыспен қамтылмаған жастар санын ұлғайтатыны анық.

       Дамыған елдерде бұл проблеманы шешу үшін өндіріс пен бейіндік оқу ара­сындағы өзара қатынастың жаңа фило­софиясына көшкен. Оқу орындары техно­логиялық дамудың осы заманғы үрдісін, болашақ нұсқаларын ескере отырып, кадрларды кең тұрғыдағы бейіндік даярлауды мақсат еткен. Бір мезгілде студенттер болашақ мамандықты модель­деуге қатысу ғана емес, сонымен бірге кредиттік технология арқылы өздерінің оқу бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға араласу мүмкіндігіне ие болады.

       Қазіргі кезде колледждермен және ЖОО-лармен ықпалдасатын жүздеген кәсіпорындар жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу мен ендіруге қатысады. Мұндай жұмысты кәсіпорындармен тығыз ынты­мақтастықта атқаратын оқу орындарының тәжірибесі үлгі етерлік. Ғылыми кеңес­тердің қызметіне мемлекеттік комиссия­лардың төрағалары, дипломдық жобалар мен еңбектердің жетекшілері, өндірістік практикаларды ұйымдастырушылар ретінде кәсіпорындардың басшылары, жетекші мамандары қатысуда. Оқу орын­дарындағы зертханаларды кәсіпорын­дар­дың күшімен және солардың қаражаты­мен жарақтандыру мен қайта жабдықтау­дың тәжірибелері баршылық. Мұндай өзара ықпалдастық кадрларды мақсатты даярлауды, оқу мен болашақ жұмыстың байланысын қамтамасыз етуге, диплом­дық жобалар мен ғылыми еңбектерді өндірістің нақты проблемаларына бағыт­тауға, олардың қажеттілігін арттыруға, мұндай еңбектерге қорғау кезінде баға берудегі формализмді еңсеруге мүмкіндік туғызады.

       2009-2010 оқу жылында 102 универ­ситет пен институттың студенттеріне 250 кәсіпорынның тарапынан 7345 грант бөлінген, олардың ішінде “ҚазМұнайГаз” АҚ – 2000, “Теңізшевройл” – 1200, “Қазақтелеком” – 750, “Богатырь Аксес Көмір” – 400, “ҚТЖ” – 400, Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі – 300, Агроөнеркәсіптік кешен – 300, “Қазатомпром” 200 грант бөлген.

Информация о работе Әлемдік тауар рыногы және Қазастанның қатысу мәселелері