Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 16:47, доклад
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу және талдау жасау дағдарысты экономикалық жағдайдағы Үкімет қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін байқатады. Статистика атқарушы биліктің мемлекеттің қаржы-экономикалық жағдайындағы келеңсіз үрдістердің тереңдеуіне қарсы тұру мүмкіндігінің бар екендігін көрнекі түрде көрсетіп берді. Сонымен қатар қоғам өмірі деңгейінің шынайы өлшемдері, дағдарысқа қарсы қолданылып отырған шаралар туралы оның ашық пікірі, азаматтардың әлеуметтік ахуалына әсер ету дәрежесі көрініп тұр. Үкімет және жергілікті билік органдары әлемдік қаржы дағдарысы басталғалы бері оның салдарларын жұмсарту үшін қолданып отырған іс-шараларының тиімділігін, пәрменділігін халықтың бағалауы дағдарысқа қарсы басқару жағдайларындағы атқарушы биліктің тиімді қызметі жүйесінің тепе-теңдігін көрсетеді.
Көңіл күйі жабырқау
адамдарға қарағанда жағымды
жаңалықтар күтетіндердің көп болуы
оң әсер қалдырады. Қазіргі жағдай қалай
дамиды деген сұраққа респонденттердің
басым көпшілігі — 58,2%-ы жақсарады деп
жауап берген. Сұралған азматтардың 5,2%-ы
жағдайдың төмендеуін күтеді. Сұралғандардың
көпшілігі ешқандай өзгерістерді сезбейді,
ештеңе өзгермейді деп есептейді (19,6%)
немесе жағдайдың дамуын болжай алмайды
(17%). Сондай-ақ пессимистік көңіл күйдегі
адамдарға қарағанда тұрақты әлеуметтік
оптимизмге ие адамдар саны көбірек
(23%-ға қарсы 58%). Өңірдегі қазіргі жағдайға
төзуге болады, жақсылық күтеміз деп есептейтіндер
— 1,6%, ал 17,4%-ы қазіргі жағдайды қолайлы
деп есептейді.
Объективті қиындықтарға
қарамастан ақтөбеліктердің көпшілігі
әлеуметтік- экономикалық жағынан оң
сипатты баға береді. Айта кетерлік
жайт, сұрау салынған респонденттердің
көпшілігі қазақтар. Олар өзінің өмір
сүру деңгейіне оптимистік көзқараспен
қарайды. Олар тек қиын сәтте ғана жағдайын
айтуы мүмкін. Сондықтан да сауал барысында
өзінің тұрмысына шүкіршілік ету деңгейінің
жоғары болуы осыдан болса керек. Орташа
баға беру жағдайында қала тұрғындарына
қарағанда ауыл халқы өздерінің тұрмыс
дәрежесіне жоғарылау баға береді, мұның
өзі жалпы ауылдықтардың әлеуметтік көңіл
күйі индикаторы болып табылады. Өз өміріне
қанағаттану деңгейінің жоғары болуына
объективті жағдайлар да ықпал етуде.
Экономикалық күйреудің алыс екендігін
бәрі де түсінеді. Тұтастай алғанда дағдарыс
өзінің өмірінде бұдан да зор қиындықтарды
көрген тұрғындардың көпшілігі үшін ерекше
әсер ете қойған жоқ. Сондықтан да әлеуметтік
оптимизм мен болашаққа деген сенім жоғары
болып отыр.
Қазақстанда дағдарысқа
қарсы шараларды жүзеге асыруға
қатысты өзекті проблемалар, сондай-ақ
Елбасының жыл сайынғы халыққа
Жолдауында көтеріліп жүрген республиканы
индустриалды-технологиялық